WORDPAD МӘТІДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

WordPad мәтіндік редакторы карапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі каріпті колдануға,сонымен катар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск => Программы => Стандартные => WordPad (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уакыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын кызметін көрсетеді.

WORDPAD-та құжат құру

WORDPAD құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
  2. Мәтінді енгізу және редакциялау
  3. Мәтінді пішімдеу
  4. Құжатты сақтау және ашу
  5. Баспаға шығару

Осы сатыларды қарастырайық:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.

Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.

Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.

2. Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:

Enter – жаңа жолға көшу

Shift – бас әріптерді теру

CapsLock – бас әріптер режиміне ауысу

Backspace – меңзердің сол жағындағы символарды өшіру

Delete – меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3. Мәтінді пішімдеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К – курсив, Ч – асты сызылған, Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.

Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

4. Құжаттарды сақтау және ашу:

WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады.

Сақталған құжатты ашу үшін: Файл – Открыть командасын орындаймыз

Жаңа құжат құру үшін: Файл – Создать командасын орындаймыз

Құжаттарды басу:

Құжат құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжатты баспаға басу әрекеттері:

  1. Файл – предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)
  2. Файл – Печать

 

 

Фрейм мен пішіндер қолдану

Пішін дегеніміз не?

Пішін, басып шығарылған немесе желідегі болмасын, стандартты құрылымы және ақпарат алуды, реттеуді және өңдеуді оңайлататын пішімі бар құжат болып табылады.

  • Басып шығарылған пішіндердің құрамында нұсқаулар, пішімдер, белгілер және деректерді жазуға немесе теруге арналған бос орындар бар. Басып шығарылған пішіндер жасау үшін, Excel бағдарламасын және Excel үлгілерін пайдалануға болады.

Excel үлгілері туралы қосымша мәліметтерді Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

  • Желідегі пішіндердің құрамында басып шығарылған пішіндермен бірдей мүмкіндіктер бар. Одан басқа, желідегі пішіндер басқару элементтерін қамтиды. Басқару элементтері деректер көрсететін немесе пайдаланушылардың деректер енгізуін немесе өңдеуін, қандайда бір әрекетті орындауын немесе таңдау жасауын оңайлататын нысандар болып табылады. Жалпы алғанда, басқару элементтері пішіннің пайдаланылуын оңайлатады. Жалпы басқару элементтерінің мысалдарына тізімді жолақтар, параметрлік түймешіктер және басқару түймешіктері кіреді. Сондай-ақ, басқару элементтерін макроc тағайындап, Бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) кодын іске қосу арқылы тінуір түймешігімен нұқы сияқты оқиғаларға жауап беруге болады.

Басып шығарылған немесе желідегі пішіндерді жасау үшін, Excel бағдарламасын бірнеше жолмен пайдалануға болады.