Тақырып 3. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты

 

Мақсаты: коммерциялық банктің депозиттік саясатын білу

Есебі:

¨ берілген тақырып терминімен түсінігін білу;

¨ ҚР депозиттік саясат ерекшелігін білу.

 

Сұрақтар:

1. Депозиттік саясат және депозиттік нарық ерекшеліктері

2. Талап ету депозиттері

3. Салымшыларды қорғау жүйесінің ұйымы

 

Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

- банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;

- депозиттiк операциялар әрекет ету керек;

- банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;

- банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар аударылуы қажет, депозиттiк операциялармен қарыздарды беру боцынша операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

- депозиттердi тартуға әрекет ететiн банктi қызметтердi дамытуға шаралар қолдану.

Шетелдiк банктiк тәжiрибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейiнгi депозиттер, мерзiмдi және жинақ салымдары деп ажыратылады.

Талап еткенге дейiнгi депозиттер- белгiсiз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банктi алдын ала ескертусiз кез-келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкiн. Әдетте банк талап еткенге дейiнгi салымдар бойынша ең төмен процент төлейдi, ал кейбiр жағдайларда олар бойынша ең төмен процент төлейдi, ал кейбiр жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейдi. Кейбiр мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртiппен тыйым салынған. Талап еткенге дейiнгi депозиттер бiрiншi кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн арналған. Шот иесi оларды әр түрлi формаларда- қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргiзе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзiнiң төлем операцияларын техникалық жүргiзуге сенiм бiлдiредi. Банктерде күнделiктi төлем операцияларын жүргiзу бiраз шығындарды талап етедi, алайды ЭЕМ-дi, компътерлiк техникаларды қолданумен ол бiршама азайды, әйтседе ол банктерiнiң шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттiң шоты бойынша күнделiктi банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлiк өткiзбелер жасалынады. Талап еткенге дейiнгi шоттарды иеленушi клиенттердi жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшiн толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияланадырады. Банктiң коммерциялық мақсаттары үшiн банкiмен пайдалынатын тұрақты қалдық қалады, слндай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берiлуi мүмкiн. Ол банктiң көптеген клинттерi өздерiнiң ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемi алып және оны бiрнеше күннен немесе аптадан кейiн қайтадан толтырып отырулары нәтижесiнде қалыптасады. Бiрақ көптеген клиенттер өз мiндеттемелерiн төлеу үшiн салымның бүкiл сомасын алмайды. Бұл экономиклық айналымдық сипатына негiзделедi. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейiнгi шоттар есебiнен банктер күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Талап еткенге дейiнгi салымдар деплзиттiк немесе контокорренттiк шоттарды орналастыруы мүмкiн. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттiк шот жағдайында клинт шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкiн, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттiк есеп шоттарда терiс немесе оң қалдықтар болуы мүмкiн. Клент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгiлi бiр уақытқа несие алуы мүмкiн. Алайда, тәжiрибеде бұл айырмашылық бiрте-бiрте шегерiледi. Қазiргi кезде клиент келiсiм бойынша депозиттiк шоттардан несие алуы мүмкiн. Бұл шоттар АҚШ- та трансакциялық немесе чектiк шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берiлуi мүмкiн.

Бұл шоттардың жоғары өтiмдiлiгi, төлем құралы ретiнде оларды үздiксiз пайдалану мүмкiндiктерi олардың басты артықшылығы болып табылады, негiзгi кемшiлiк –шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудiң жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелiгi банк мерзiмдi салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгi резервтердi көбiрек сақтауға мiндеттi және ол шоттардың иелерi шотты пайдаланғаны үшiн банкке комиссия төлейдi.

АҚШ- та талап еткенге дейiнгi шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттiк шоттың жаңа түрiн салымшыларға ұсынады, ол бiр жағынан жоғары өтiмдiлiк деңгейiн, шоттарды есеп айырысу үшiн пайдалану мүмкiндiгiн қамтамасыз етсе, ал екiншi жағынан салымшыларға белгiлi бiр табыс алуды қамтамасыз еттi. Бұл шот- наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшiншi тұлғаға төлемдер үшiн пайдалануы мүмкiн есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозиттi шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрiнде табыс алуға болады. Жылдан бастап заң арқылы АҚШ –тың бүкiл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етiлдi.

Депозиттердiң екiншi тобын мерзiмдi салымдар құрайды. Терминнiң өзiнен көрiнiп тұрғандай, мерзiмдi салымдар белгiлi бiр айдан жоғары мерзiмге орналастырылады. Салымшы үшiн ақшаларды ұзақ мерзiмге салудың мәнi жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшiн бұл депозит тиiмдi, өйткенi ол жоғары пайыз табумен қандай да бiр қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшiн осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзiмдi салымдар талап еткенге дейiнгi шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшiн пайдаланылмайды. Мерзiмдi салымдар меншiктi мерзiмдi салымдар және керi алу туралы ескертуi бар мерзiмдi салымдар болып бөлiнедi. Меншiктi мерзiмдi салымдар шот иелерiне алдын ала белгiленген күнi қайтарылады, ал осы күнге дейiн банк оларды өз қалауы бойынша иемденедi. Егер шот иесi белгiленген күнi соманы керi алмаса, онда оны сол күннен кейiн ағымдағы шот секiлдi пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесi күндерде керi ала алады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Депозиттік саясат дегеніміз не?

2. Мерзімді салымдарға не жатады?

3. Депозиттік салымдар түрлерін атап өтіңдер?

 

Әдебиет: 1(с.136-159), 2(с.86-93,213-221), 3(с.49-67), 4(с.156-180)