Тақырып 5. Несиелік процесс және несиелеу жүйесінің элементтері

Мақсаты: несиелік процесс және несиелеу жүйесінің элементтерімен танысу

Есебі:

¨ Берілген тақырып терминімен негізгі түсініктерін білу;

¨ Несиелік саясат жөнінде түсініктеме алу;

¨ Несие алу үшін қажетті құжаттардың топтасуын білу;

 

Сұрақ:

1.Несиелеу объектілері және несие субъектісі

2.Банктің ссуданың топтасуы

3.Несиелеу принципі

4.Несиелеу кезеңі

 

Банк – көне ұғым болып саналады және оның көрiнуiне ақшаны айырбастау, қарызға ақша беру, өзгелердiң ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда болуымен байланысты болады. “Банктi” сөзбе сөз аударғанда, ақшамен операция жасалған “тақтайша орындық” (“скамья”) ұғымын бiлдiредi.

Көптеген өзгерiстер мен қайта құруларды басынан өткере отырып, банктер капитализм дәiрiнде неғұрлым айқын ұғымға ие болады. XV-XXғасырлардағы көптеген елдердiң экономикалық тарихы банктердiң пайда болуын және олардың қызметтерiнiң толыға түсуiн, банктердiң сыртқы жағдайлар мен факторларға тәуелдiлiгiн, сонымен бiр мезгiлде олардың елдердiң экономикасына, операциялардың ұлғая түсуi мен банктер рөлiнiң артуына өлшеусiз әсер етуiн дәлелдей түседi.

Банк – делдал кәсiпорын ретiнде өз операцияларының сыртқы белгiлерi арқылы емес, қызметтерiнiң маңыздылығымен ерекшеленедi. Ақша қаражаттарын сақтау үшiн клиенттердiң бүкiлiне есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарын аша отырып, банк ресурстар шоғырланатын “сыйымды ыдысқа” айналады.

Банк – коммерциялық кәсiпорын ретiнде өзiнiң сауда, делдалдық, несие беру операцияларын жүзеге асырып, есептi кезеңге баланс жасап, табыс алуға деген өзiндiк мүддесiн таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделi болып саналады.

Бүкiл әлемдегi банктер нарықтық экономика жағдайында өздерiнiң функционалдық қызметтерiнде банктер жүйесiнiң жалпы қағидаларына сүйенедi.

Әлемдегi қазiргi заманғы банк жүйесi күрделi, көп буынды құрылым болып саналады. Клиентке көрсетiлетiн қызмет сипатының базалық ұқсастығы, мемлекеттiң қаржы саясатымен өзарабайланыстылығы оның негiзi болып қызмет етедi.

1.Ақша эмиссиясына құқығы бар мемлекеттiң орталық банкiсiнiң мiндеттi түрде болуы.

2.Қызмет көрсету сипаты мен даму деңгейiнiң көптеген белгiлерi бойынша топтастырылған коммерциялық банктер.

3.Әртүрлi қаржылық топтарды, компанияларды, ұсақ салым орталықтарын енгiзетiн мамандандырылған қаржы институттары.

Банк жүйесi - бұл банк заңдылықтары негiзiнде банктердi құру мен оны дамытудың, олардың қызметi мен операцияларының барлық қыры қамтитын кең ауқымды ұғым болып саналады. Банк жүйесi отандық (ұлттық) аймақтық және әлемдiк болып ажыратылады. Онсыз банктiң қызмет iстеуi мүмкiн емес, жалпыға бiрдей танылған қызметтiк белгiлер мен қағидалар жүйесiнiң негiзi болып қызмет етедi.

Әр елдегi банк жүйесi сол елдiң экономикасымен, қоғам бағытымен өзара байланыста дамиды және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын басқарудың маңызды элементi болып қатысады.

“Несие” экономикалық категориясы әрқашада мүдделi тараптар қатысатын, несие беру процесiн ұйымдастыруды болжайды.

Несие беру – бұл тараптардың барлық жағдайларды мiндеттi орындауын, несие берушiден қарыз алушыға дейiнгi ссуданың қозғалуын бiлдiретiн процесс. Несие беру жүйесi үш өзара байланысты элементтерге негiзделедi:

- несие субъектiсi (несие берушi және қарыз алушы);

- несие беру объектiлерi (материалдық құндылықтар, шығындар, мiндеттемелердi орындау (жабу));

- несие берудi қамтамасыз ету (ссуданы қайтару үшiн нақты жағдайлар жасау).

Несие беру жүйесiнiң толық көрiну позициясы тұрғысынан атап көрсетiлген элементтердiң тұтастықта қатысуы маңызды болып саналады.

Несие процесiнiң субъектiлерi болып мыналар қатысады:

1.Мемлекеттiк несие- мемлекет және халық; мемлекет және банктер, кәсiпорындар; банк және мемлекет.

2.Коммерциялық несие – шикiзат пен тауарларды жеткiзулер және тауарларды сатып алушылар.

3.Тұтыну несиесi – банк және халық; сауда формалары және халық. Банк делдал болып қатысады.

4.Халықаралық несие – кез кеоген банк, мемлекет, кәсiпорын атынан шетел өкiлi (субъект) қатысады.

5.Банк несиесi – банк және кәсiпорындар; банк және жеке кәсiпкер.

Несие беру жүйесiнде элементтердiң тағы бiрi – несиелердiң түрлерi бөлiп көрсетiледi. Несие беру субъектiсiне, нақты несие қатынастарын айқындауға қатысты: ақша формасындағы несиелер, тауар формасындағы несиелер, кепiлдiкке несие беру, бланкiлiк несие беру, несие мерзiмдерi бойынша несие беру, есептен шығару мен ақшаларды аудару формалары бойынша несие берудiң аражiктерi ажыратылады.

Несие беру жүйесiнiң негiзгi элементтерi: субъектiлердi, объектiлердi және несиенi қамтамасыз етудi қарау олардың мiндеттiлiгiн және оны тануды көрсетедi. Несие берудiң жалпы ұйымдастыру – экономикалық негiздерiндегi несие беру жүйесi, өзiне несие қатынасының субъектiлерi, несие беру объектiлерi, несиелердiң түрлерi, несие беру әдiстерi мен ссудалық есеп шоттардың формалары, несие құжаттамалары, несиенiң қайтарылуын бақылауды енгiзедi.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Несиелеу жүйесінің элементтерін атаңдар

2. Несие субъектісі кім болып табылады?

3. Несиелеу объектісін атаңдар

4. Несие берудің жалпы элементтерін атап өтіңдер.

 

Әдебиет: 1(с.183-298), 2(с.243-268), 3(с.77-173), 4(с.246-286),7,17,19