Тема 13 Банктердiң халықаралық операциялары

Мақсаты: банктердiң халықаралық операцияларымен танысу

Есебі:

¨ Берiлген тақырып бойынша негiзгi түсiнiктер мен терминдермен таынсу;

¨ Халықаралық төлем жүйесi туралы түсiнiк алу.

 

Сұрақтар:

1. Мемлекеттiң төлемдiк жүйесiнiң түсiнiгi.

2. Халықаралық төлем жүйесi.

3. Сыртқы экономикалық қызметтi несиелендiру.

4. Халықаралық ұзақ мерзiмдi несие.

5. Банктердiң корреспонденттiк қарым-қатынастар негiзi.

6. Банктiк аударымдар.

7. Чектермен операциялар.

8. Құжаттық инкассо және аккредитивтер арқылы есеп-айырысу.

9. Пластикалық карточкалар.

 

Коммерциялық банктердiң халықаралық оперцияларына мыналар кiредi: халықаралық саудаға қатысушы клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан қызмет түрлерiн көрсету, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығындағы инвестициялық қызмет; шетел бағалы қағаздары, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкассо қою үшiн чектердi, вексельдердi, банк акцептерiн қабылдау.

Банктердiң халықаралық оперциялардан алатын табыстарының басым бөлiгi несие беруден түседi. Банк несиесiн берудiң халықаралық саудасы тауарларға, тауар құжаттарына кепiлдiкке ссудалар беру, векселдiк және акцептiк несиелер, банк ссудалары формасында қатысады. Лизинг, факторинг, форфейтинг сауданы несиелендiрудегi өзгеше жаңа формалары болып саналады. Орта және ұзақ мерзiмдi халықаралық банк несиелерi сондай-ақ еуронесиелер формасында берiледi.

Банктердiң халықаралық операциялары бiр валютаны екiншi валютаға айырбастаумен байланысты. Мұндай операциялдар валюта операциялар деп аталады. Оларды жүргiзудiң қажеттiлiгi, халықаралық несие беру мен сыртқы сауда және қызметтер көрсету бойынша есеп-айырысу кездерiнде халықаралық айналым құралы түрiнде пайдалануға болатындай бiртұтас төлем құралдарының болмауынан туындайды,

әртүрлi валюталық операциялардың жиынтығы ссудалық капиталдардың әлемдiк нарығының бөлiгi болып саналатын валюта нарығын құрайды. Валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс шоғырландырылады. Ұсыныс ең алдымен, сатылған сауарлар мен қызметтер үшiн валюталық түсiм алған экспорттаушылардан болады, ал сұранысты сатып алған тауарлар мен қызметтердi, капиталдар мен несиелердi төлеу үшiн шетел валютасын қажетсiнетiн импорттаушылар туғызады.

Валюта нарығындағы операцияларды банктер, жекелеген компаниялар мен жеке тұлғалар жүзеге асырады. Биржалық және биржадан тыс валюталық нарықтарға ажыратылады. Бүкiл валюталық операциялардың басым көпшiлiгi биржадан тыс коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Банктер валюталық операцияларды (тiкелей немесе делдалдар арқылы) банкаралық валюта нарығында бiр-бiрiмен, өздерiнiң клиенттерiмен жүргiзедi, сондай-ақ биржаларда да операциялар жасайды. Валюталық келiсiмдердiң негiзгi бөлiгiн банкаралық валюта нарығында коммерциялық банктер бiр-бiрiмен жүргiзедi.

Валюталармен операцияларды банктер өз есебiнен, сондай-ақ өз клиенттерiнiң (делдалдық бастаулар негiзiнде) есебiнен жүзеге асырады. Шетел валютасымен көрсетiлген аударымдар арқылы жасалатын төлем құралдары: банк депозиттерi, чектер, вексель мен аударымдар, негiзiнен, валюталық келiсiм құралдары болып саналады. Қолма-қол шетел валюталармен (банкноттар, монеталар) жасалатын келiсiмдер көлемi соншалықты көп емес.

 

Студенттер төмендегi сұрақтардың жауаптарын конспектiлеуi жөн:

1.Төлем жүйесiнiң негiзгi элементтерiн атаңыз.

2.Халықаралық төлем жүйесiне сипаттама берiңiз.

3.Сыртқы экономикалық қызметiн несиелендiру түсiнiгiн берiңiз.

4.Халықаралық ұзақ мерзiмдi несие дегенiмiз не?

5.Банктердiң корреспонденттiк қарым-қатынастардың негiзi не болып табылады?

6.Банктiк аударымдар дегенiмiз не?

7.Құжаттық инкассо мен аккредитивтер бойынша есеп-айырысулар ненi бiлдiредi?

8.Жол чектерi дегенiмiз не?

9.Пластикалық карталарға сипаттама берiңiз?

10.Пластикалық карточкаларды бiздiң елiмiзде және шетелде тәжiрибеде қолдану ерекшелiктерiн атаңыз.

 

Әдебиеттер: 1(с.297-364), 2(363-454), 3(с.286-341), 4(с.485-503), 5(с.320-347),

7,13,31(с.65-80)