Тақырып 15 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін

Басқару

Мақсаты: коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін басқару түсінігін ашу

Есебі:

¨ Берілген тақырып терминімен түсінігін аша білу;

¨ Коммерциялық банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігін талдау жөнінде түсініктеме;

¨ Коммерциялық банк өтімділігі мен төлемқабілеттілін анықтайтын факторларды білу;

 

Сұрақтар:

1.Банк өтімділігі жөніндегі түсінік

2.Төлемқабілеттілік түсінігі.

3.Банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігінң негізгі көрсеткіштері.

 

Халықаралық банк терминологиясынан өзгешелiгi, отандық экономикалық әдебиеттерде екi ұғым – банк балансының өтiмдiлiгi мен соңғының төлемқабiлеттiлiгi жиi түрде араласып кетедi. Егер алғашқыны үлкен дәрежедегi банктiң өз iсi деп санайтын болсақ, онда банк белгiленген қалыптар деңгейiнде өзiнiң өтiмдiлiгiн ұстап тұру тәсiлдерiн өзi таңдайды, ал екiншiсi, негiзiнен, Ұлттық банкi атынан мемлекет орындайтын қызметке жатады.

Сөзбе сөз алғанда “өтiмдiлiк” терминi өткiзудiң, сатудың, материялдық құндылықтардың ақшаға айналуынын жеңiлдiгiн бiлдiредi. Банк активтерi олардың ақша формасына жеңiл айналушылығына қатысты өтiмдi немесе өтiмдi емес қаржы ретiнде анықталады. Банк активтерiн олардың өтiмдiлiк дәрежесi бойынша үш топқа бөлуге болады: 1. Тез арада дайын болатын өтiмдi қаржылар немесе бiрiншi сыныпты өтiмдi қаржылар. Оларға жататындар касса, қор, есеп шоттағы қаржылар, бiрiншi сыныпты векселдер және мемлекеттiк бағалы қағаздар. 2. Ақшаға айналуы мұмкiн банктiң иелiгiндегi өтiмдi қаржылар. Биржада тiркелген, бағалы қағаздар түрiнде шартты түрде өткiзiлетiн, банктiң пайдасына таяудағы 30 күн iшiнде орындалуы тиiс. Несиелер мен өзге құндылықтар мен төлемдер. 3. Өтiмдi емес активтер – бұл кешiктiрiлген активтер мен қайтарылуы белгiсiз қарыздар, негiзгi қорларға жататын банктiң иелiгiндегi ғимараттар мен құрылыстар.

Баланс өтiмдiлiгi. Егер оның жағдайы актив бойынша қаржыларды тез өткiзу есебiнен пассив бойынша шұғыл мiндеттемелердi жабуға мүмкiндiк беретiн болса, баланс өтiмдi деп саналады. Өзiнiң мiндеттемелерiн орындау ұшiн банк активтерiнiң ақша формасына тез айналу мүмкiндiгi, бiрқатар факторлар арқылы алдын ала анықталады. Олардың iшiнде қаржыларды орналастыру мерзiмiнiң ресурстарды тарту мерзiмiне сәйкес келушiлiгi шешушi фактор болып саналады.

Баланстың өтiмдiлiгiне оның активтерiнiң құрылымы әсерiн тигiзедi: активтердiң жалпы сомасындағы бiрiншi сыныпты өтiмдi қаржылардың үлесi неғұрлым көп болса, банктiң өтiмдiлiгi соғұрлым жоғары болады. Халықаралық банк тәжiрибесiндеi кассадағы ақша ғана емес, сонымен бiрге аталмыш несие институтының банктегi ағымдық есеп шотында болатын ақша қаражаттары да кассадағы қол ақша болып саналады. Банк ұлттық банкте мемлекет кепiлдiк берген бағалы қағаздарды қайта есепке алуы мүмкiн бiрiншi сыныпты қысқа мерзiмдi коммерциялық векселдер нарықтық экономикалы елдерде өтiмдi баптар болып саналады. Ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздар түрiндегi банк инвестицияларының өтiмдiгi неғұрлым аздау, оның себебi қысқа мерзiм аралығында оларды өткiзу әрқашанда мүмкiн бола бермейдi. Ұзақ мерзiмдi ссудалар мен қозғалмайтын мүлiк салымдары өткiзуi қиын активтер ретiнде қарастырылады.

Одан басқа, банк өтiмдiлiгi жекелеген активтi операциялардың тәуекел дәрежесiне де байланысты болады: банк балансында тәуекелдi активтердiң үлесi неғұрлым жоғары болса, оның өтiмдiдiгi соғұрлым төмен болады. Мәселен, қалыптасқан тәжiрибеде сенiмдi активтерге қолма-қол ақша қаражаттарын жатқызу қабылданған, ал жоғары тәуекелге – банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары жатқызылады.

Сонымен, өзiнiң ақша қаражаттарының сомасы банкке өзге көздерден тез жұмылдыру арқылы пассив бойынша мiндеттемелердi уақыттылы орындауға мүмкiндiк беретiн болса, онда банк өтiмдi болып саналады. Мынаны атап өту көзделедi: өзiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк ақша нарығының, клиеттiң, әрiптес банктiң қаржылық жағдайының өзгеруiмен байланысты туындауы мүмкiн алдын ала болжап бiлмеген жағдайларды түзеуi үшiн белгiлi өтiмдi резервке ие болуы қажет.

Банк балансының өтiмдiлiгi активтер мен пассивтердiң арақатынасынан, активтердiң құрылымын көрсететiн арнайы көрсеткiштердi есептеу арқылы бағаланады. Халықаралық банк тәжiрибесiнде бұл мақсаттар үшiн жиi түрде өтiмдiлiк коэффициенттерi пайдаланылады. Өтiмдiлiк коэффициенттерi пассивтердiң белгiлi баптарымен немесе керiсiнше пассивтердiң активтермен несие беру мекемесi балансы активiнiң әртүрлi баптарымен арақатынасын бiлдiредi. Негiзiнен өтiмдiктi бағалау үшiн қысқа мерзiмдiк және орта мерзiмдiк өтiмдiк коэффициенттерi қолданылады, олар қысқа мерзiмдi өтiмдi активтердiң немесе пассив мерзiмдерi бойынша тиәстi орта мерзiмдi активтердiң қатынасы ретiнде есептеледi. Нарықтық экономикалы бiрқатар елдерде банктер өтiмдiк коэффициенттерiн өтiмдiк қалпының белгiлi деңгейiнен төмен түсiрмей ұстап тұруға мiндеттi болып саналады.

Бұл елдердегi өтiмдiк қалыптарын банк пен валюталық бақылау органдары белгiлесе, екiншi бiр елдерде банк заңдылықтарымен белгiленедi, олардың мөлшерi жинақталған тәжiрибе мен нақты жергiлiктi жағдайларды ескере отырып анықталады.

Төлемқабiлеттiлiк банк өтiмдiгiнiң негiзi болып қызмет етедi. Төлемқабiлеттiлiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша қажеттi мерзiмде және толық сомада жауап бере алатын банктiң қабiлеттiлiгi ретiнде түсiндiрiледi. Дегенмен, ол баланстың өтiмдiгiне ғана емес, сонымен бiрге бiрқатар өзге факторларға да тәуелдi болады. Олардың қатарына жататындар: елдегi немесе аймақтағы саяси және экономикалық хал-ахуал, ақша нарығындағы жағдай, ұлттық банктiң қайта қаржыландыру мүмкiндiгi, бағалы қағаздар нарығының дамуы, кепiлдiк және банк заңдылықтарының болуы мен жетiлдiру,банктiң меншiктi капиталмен қамтамасыз етушiлiгi, клиенттердiң және әрiптес банктердiң сенiмдiлiгi, банктегi менеджмент деңгейi, аталмыш несие мекемесiнiң мамандануы мен көрсетiлетiн банк қызметiнiң алуан түрлiлiгi және өзге де факторлар.

Қазiргi жағдайдағы банктердiң коммерциялық қызметi елдегi ресiмделген ақша нарығының жоқтығынан, клиенттер мен мамандардың несие мекемелерi жұмысының жаңа мазмұнына дайын еместiгiнен қиындықтарға кезiгуде.

Баланстардың өтiмдiгiн коммерциялық банктердiң ұстап тұруы мақсатында мынадай көрсеткiштер белгiленген: банктердiң (К1) мiндеттемелерiн шектеу, азаматтардың салымдарын (К2) шектеу, банк балансының ағымдағы өтiмдiк коэффициентi (К3).

Банктiң меншiктi қаржысы мен оның мiндеттемелерiнiң (К1) арақатынасы өзiнiң экономикалық мазмұны бойынша банктердiң өзiне қабылдайтын мiндеттемелерiнiң көлемi мен оның капитал сомасы арасындағы тәуелдiлiктi белгiлеуiн бiлдiредi: соңғының мөлшерi неғұрлым көп болса, мiндеттемелер сомасы соғұрлым көп болады.

Банктердiң қаралған өтiмдiк көрсеткiштерi талаптарының сақталуы ҚР Ұлттық банкiнiң, сол сияқты коммерциялық банктердiң өздерi қабылдайтын әртүрлi әдiстерi мен тәсiлдерi қамтамасыз етiледi.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Банк өтімділігі дегеніміз не?

2. Банктің өтімділік көрсеткіштерін атаңдар

3. Банк төлемқабілеттілігі дегеніміз не?

 

Әдебиет: 1(с.413-434), 2(с.140-168), 3(с.419-440), 4(с.212-242), 7,25(с.89-95), 31(с.113-125), 38(с.98-115), 46(с.50-56)