PodosphaeraleucotrihaSalm

Жеміс ағаштарындағы ақ -ұнтақ ауруын анықтау үшін 5 га алқап тексерілді. Тексеру кезінде Ақтоған ауылдық округінде ЖШС Тілеміс-батыр шаруашылығында және Жамбыл ауылдық округ шаруашылықтарында ақ ұнтақ ауруы анықталмады. Қорытындысы №123-кестесінде көрсетілген.

Кесте

Жеміс ағаш алқаптарында ақ ұнтақ ауруының дамып таралуы туралы мәлімет. (мың. га)

Ауылдық округтері Тексеріл гені   Залалданғаны
барлығы оның ішінде дәреже саны Таралуы, % Дамуы, %
Төм Орт Жоғ ЭЗШ-жоғары
Жамбыл а/ош-қ 0,0025              
ЖШС Тілеміс-батыр 0,0025              
Барлығы 0,005              

 

2015 жылы жеміс-жидек дақылдарында ақ ұнтақ ауруының таралуы қыстаған инфекция қорына және ауа -райы жағдайына байланысты болады.

Жеміс шірігі.

Монилиоз.

Mоnilia laxa

Монилиоз ауруы. (Монилиальный ожог) анықтау үшін 5 га алқабы тексерілді. Тексерілген алмұрт ағаштарында ауру төмен дәрежеде екені анықталды. Аурудың таралу 8 пайызы, даму 0,08 пайызы болды. Қорытындысы №124 кестесінде көрсетілген.

Кесте

Жеміс ағаш алқаптарында монилиоз ауруының

дамып таралуы туралы мәлімет.(мың. га)

Шаруашылықтың аты -жөні Тексерілгені мың,га Зақымдалғаны,мың га Оның ішінде дәреже бойынша, мың,га Таралуы,% Дамуы,%
Төмен орташа жоғары
ЖШС Тілеміс батыр 0,005 0,001 0,001     0,08
Барлығы 0,005 0,001 0,001 0,08

 

 

Жапырақтарында жиналған инфекция қоры көктемге дейін сақталады. 2015 жылы монилиоз ауруының таралуы және дамуы көктемгі-жазғы ауа -райының жауын-шашынды болуына байланысты болып, барлық бақтарға қауіп туғызады, сондықтан күрес шараларын жүргізу керек.

Орман зиянкестері

 

Актоған а/о, Жаңатоған а/о, Меркі а/о қарасты жол бойындағы орман алқаптарында зиянкестердің шығуына тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде сақиналы жібек көбелегінің жұлдызқұртты 10 талда 1 дана байқалды. Басқа зиянкестер байқалған жоқ. Қорытындысы №125-кестесінде көрсетілген.

Кесте

Орман алқаптарында зиянды жәндіктердің қоныстануын

тексерудің кестесі (көктемгі)

№ р/с Аудан аттары Тексерілгені Қоныстанғаны Өңдеуге жататын көлем
барлығы о.і. дәрежесі бойынша
төмен орташа жоғары
Ақтоған а/о 0,01 0,002 0,002      
Жаңатоған а/о 0,005 0,001 0,001
Меркі 0,005 0,001 0,001      
  Барлағы 0,02 0,004 0,004      

Меркі а/о, Ақтоған а/о қарасты жол бойындағы 3 га орман алқаптарында зиянкестердің шығуына 30-ші сәуір жне 11-ші мамыр күні тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде алқап бойынша 10 талдан қаралды әр талдың 4 жағынан 1 п/м бұтақтар тексерілді. Тексеру кезінде төмендегі зиянкестер бар екені байқалды Сақиналы жібек көбелегінің 1 жас аралығындағы жұлдызқұрты, орташа санмен 1 п/м 0,5 дана, долана көбелегінің жұлдызқұрты 3- жас – 25% 4- жас 65%, 5 жас- 10% орташа санмен 1 п/м 0,5 дана, 2-3 жас аралығындағы қалақай көбелегінің жұлдызқұрты орташа санмен 1 п/м 1 дана, 2 жас аралығындағы мұр көбелегінің жұлдызқұрты орташа санмен 1 п/м 2 дана, 1-жас аралығындағы жапырақ ширатқыш жұлдызқұрты орташа санмен 1 п/м 1 дана, жапырақ жегісі бізтұмсық қоңызы орташа санмен 1 п/м 1 дан. Зиянкестердің орман ағаштарына келтірген зияндылықтары 2 % байқалды. Зиянкестердің қоныстануы төмен дәрежеде екені анықталды.

Меркі а/о, Ақтоған а/о қарасты жол бойындағы 3 га орман алқаптарында зиянкестердің қоныстанған түрлеріне тексеру 19-ші 20-ші мамырда жүргізілді. Тексеру кезінде алқап бойынша 10 талдан қаралды әр талдың 4 жағынан 1 п/м бұтақтар тексерілді. Тексеру кезінде төмендегі зиянкестер бар екені байқалды Сақиналы жібек көбелегінің 1 жас аралығындағы жұлдызқұрты, орташа санмен 1 п/м 0,5 дана, долана көбелегінің жұлдызқұрты 5 жас- 60% қуыршақтану 40 % орташа санмен 1 п/м 0,5 дана, 2-3 жас аралығындағы қалақай көбелегінің жұлдызқұрты орташа санмен 1 п/м 1 дана, 2 жас аралығындағы мұр көбелегінің жұлдызқұрты орташа санмен 1 п/м 2 дана, 1-жас аралығындағы жапырақ ширатқыш жұлдызқұрты орташа санмен 1 п/м 1 дана, жапырақ шегісі бізтұмсық қоңызы орташа санмен 1 п/м 1 дан. Зиянкестердің орман ағаштарына келтірген зияндылықтары 4 % байқалды. Зиянкестердің қоныстануы төмен дәрежеде екені анықталды. Қорытындысы №126-кестесінде көрсетілген.

 

 

Кесте

Орман алқаптарында зиянды жәндіктердің қоныстануын

тексерудің кестесі(көктемгі-жазғы)

№ р/с Аудан аттары Тексерілгені Қоныстанғаны Өңдеуге жататын көлем
барлығы о.і. дәрежесі бойынша
төмен орташа жоғары
Ақтоған а/о 0,02 0,01 0,01      
Жаңатоған а/о 0,02 0,01 0,01
Меркі 0,01 0,005 0,005      
  Барлығы 0,05 0,025 0,025      

Меркі а/о, Ақтоған а/о, Жанатоған а/о қарасты жол бойындағы 20 га орман алқаптарында зиянкестердің қоныстанған түрлеріне тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде алқап бойынша 10 талдан қаралды әр талдың 4 жағынан 1 п/м бұтақтар тексерілді. Тексеру кезінде төмендегі зиянкестер бар екені байқалды Сақиналы жібек көбелегінің 4-5 жас аралығындағы жұлдызқұрты, орташа санмен 1 п/м 0,5 дана, 5 жас аралығындағы және куыршақтана бастаған қалақай көбелегінің жұлдызқұрты анықталды, орташа санмен 1 п/м 1 дана, 5 жас аралығындағы мұр көбелегінің жұлдызқұрты орташа санмен 1 п/м 2 дана. Зиянкестердің орман ағаштарына келтірген зияндылықтары 4 % байқалды. Зиянкестердің қоныстануы төмен дәрежеде екені анықталды. Қорытындысы №127-кестесінде көрсетілген.

Кесте

Орман алқаптарында зиянды жәндіктердің қоныстануын

тексерудің кестесі(жазғы)

№ р/с Аудан аттары Тексерілгені Қоныстанғаны Өңдеуге жататын көлем
барлығы о.і. дәрежесі бойынша
төмен орташа жоғары
Ақтоған а/о 0,01 0,002 0,002      
Меркі 0,01 0,002 0,002      
  Барлығы 0,02 0,004 0,004      

Орман алқаптарында зиянкестердің қыстауға кеткен жағдайын анықтау үшін Ақтоған а/о, Жаңатоған а/о 0,02 га орман алқабы тексерілді. Тексеру кезінде төменгі зиянкестер байқалды. Жапырақ жегіс жұмыртқалауы орташа санмен 1 п.м 2 дана, долана көбелегінің ұяшығы орташа санмен 1 талда 0,6 дана, қызыл кене 4 дана, Мұр көбелек қуыршағы орташа санмен 0,5 жоғарғы саны 3 дана байқалды.Тексеру қортындысы № кестеде көрсетілген

Қыстауға кеткен зиянкестердің саны өткен жылмен салыстырғанда көп болып тұр..

127-кесте

Орман алқаптарында зиянды жәндіктердің қоныстануын

тексерудің кестесі(күзгі)

№ р/с Аудан аттары Тексерілгені Қоныстанғаны Өңдеуге жататын көлем
барлығы о.і. дәрежесі бойынша
төмен орташа жоғары
Ақтоған а/о      
Жаңатоған а/о      
  Барлығы      

 

Орман алқаптарында зиянды жәндіктердің қоныстануын

тексерудің мәліметі(жазғы)

мың. га

    Шаруашылық Тексерілген мың.га Табылған мың.га 1п метерде
жапырақ жегіші Сақиналы көбелек жұлдыз Қызыл жеміс кенесі Қаптану күйесі жұлдызқ Жапырақ егеуіш Долана көбелегі жұлдызқұрт бізтұмсық
орт жоғ орт жоғ даму дәреж орт жоғ орт жоғ орт жоғ орт жоғ
Жол бойы 0,02 0,004         аз        
Барлығы 0,02 0,004         аз    

Цитоспороз.

Cytospopa.

Жол бойы ағаштарының цитоспороз ауруларымен зақымдалғанын анықтау үшін 50 га алқап тексерілді. Тексерілген алқаптарда ауру анықталған жоқ. Қорытындысы №128 кестеде көрсетілген.

Кесте

Жол бойындағы орман ағаштарының цитоспороз ауруымен зақымдалғаны туралы кестесі. (мың. га)

 

Ауылдық округтері Тексеріл гені   Залалданғаны
барлығы оның ішінде дәреже саны Таралуы, % Дамуы, %
Төм Орт Жоғ ЭЗШ-жоғары
Ақтоған а/о 0,02              
Меркі а/о 0,016              
Жаңатоған а/о 0,014              
Барлығы 0,05              

 

2015 жылы орман алқаптарындағы аурулардың таралуы жүргізілген механикалық іс шаралардың (қураған бұтақтарды жою, түбін қопсыту, әктеу) жүргізілуіне, ауа-райына байланысты болады, ылғалдылық жоғары болғанда аурудың дамып таралуы мүмкін.


2013 - 2014 жылдың есеп беру мерзіміндегі арам шөптердің

тіршілік кезеңіндегі дамуы мен өсуіне сипаттама.

Ауыл шаруашылығының дамуына әр түрлі зиянкестер мен аурулармен қатар арам шөптер де көптеген зиян келтіреді. Олар топырақтағы қоректік заттар мен ылғалды мол пайдаланады да, мәдени өсімдіктердің өсуіне кедергі жасайды.

Арам шөптердің әсерінен ауылшаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы айтарлықтай кемиді. Арам шөптермен күресу шаруашылыққа қосымша жұмыс күшін және қаражатты қажет етеді. Арам шөптер зиянкестер мен аурулардың негізгі қорегі және ауру түрлерінің ошағы болып табылады. Арам шөптердегі зиянкестер мен ауру түрлері мәдени өсімдіктерге таралып, көп зиян келтіреді.

Арамшөптер дәнді дақылдардың ақуызын, майлы дақылдардың құрамындағы майдың мөлшерін, қант қызылшасының қантын және басқа дақылдардың сапасын айтарлықтай төмендетеді. Егістікті арамшөптерден толық тазарту үшін агротехникалық және химиялық шараларды комплексті түрде жүргізген тиімді. Сонда ғана егін алқаптарын аса залалды арамшөптерден тазартып, егіншілік мәдениетін көтеруге және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын жоғарылатуға мүмкіндік туады.

Арамшөптермен күресу үшін олардың биологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінің бірі - олардың шала піскен тұқымы толық піскен тұқымына қарағанда жақсы жетіледі. Дала шырмауығының, егістік ярутканың, жұмыршақтың және басқаларының толық пісе қоймаған тұқымы топыраққа себілгеннен кейін жылдам көктеп шығады. Арамшөптердің тұқымы тез тарағыш келеді. Кейбіреулерінің тұқымы жеңіл болғандықтан (егістік қалуен, қызғылт қалуен) желмен тарайды.

Ауылшаруашылық дақылдары егілген алқаптарда ерте көктемнен бастап тексеру жұмыстары жүргізілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы жауын – шашынның мөлшері төмен болуына байланысты арамшөптердің өсіп өнуіне қолайлы жыл болмады. Сондықтан биыл ауыл шаруашылық дақылдарын тексеру кезеңінде орта және жоғары ластанған алқаптар өткен жылғы алқаптармен салыстырғанда орташа дәрежесімен тең болды.

 

Наурыз айындаалқаптарда қар жатқандығына байланысты арамшөптерге тексеру жүргізу жұмыстары сәуір айында басталды

Сәуір айында арамшөптерге жүргізілген тексеру және олардың жағдайы:

Биыл көктем өткен жылғыға қарағанда бір айға кешігіп егін алқаптарындағы арамшөптердің өскіндерімен ластанғанын анықтау жұмыстары сәуір айында жүргізіле басталды. Сәуір айының бірінші он күндігінде Ақтоған ауылдық округінде - 50 га күздік бидай алқабы, Жамбыл ауылдық округі жеке шаруашылықтардан 30 га күздік бидай алқабы, 20 га жоңышқа алқабы, Сарымолдаев ауылдық округі «Жылы-бұлақ» ЖШС-ң 150 га күздік бидай алқабы, тексерілді. Тексеру барысында алқаптарда арамшөп өскіндері аз дәрежеде таралып жатқандығы анықталды. Себебі көктемде жауын шашын аз жауып және күн салқын болды. Сәуір айының ауа райының жағымды температурасы өткен жылдан 2,8 ОС төмен және түнгі ауа температурасы -3ОС-қа дейін төмендеп тұрғандықтан арамшөптердің дамуына өткен жылғыдан 10-15 күн кеш болды. Сәуір айында негізгі таралған арамшөптердің 1 ш/м ішіндегі түп саны төмендегіше болды.

Оның ішінде 1 ш.м жерде бір жылдық астық тұқымдас арамшөптер:

Тамыр өркенді арамшөптер:

Егістік қанат жемісі - 2-3 дана

Жабысқақ – 1-2 дана

Жұлдызшөп – 2-3 дана

Айдың екінші он күндігіде салқынды болып арамшөптердің дамуы баяу жүрді.

Негізгі таралған арамшөптер және олардың 1 шм ішіндегі түп санымен даму фенологиясы:

Кәдімгі дала шырмауығы - биіктігі 2-3 см, даму фазасы-сабақтану, 1.ш.м орташа саны 1-2 дана

Дала қанатжемісі - биіктігі 2-3 см, даму фазасы-сабақтану, 1.ш.м орташа саны 3-4 дана

Жұмыршақ – биіктігі - 1-2 см, даму фазасы - сабақтану, гүлдеу, 1 ш.м орташа саны 2-3 дана

Сары қалуен - биіктігі 3-5 см, даму фазасы - өскін ,сабақтану 1.ш.м орташа саны 1-2 дана

Сүттіген – биіктігі- 2-3 см, даму фазасы - сабақтану, 1 ш.м орташа саны 1-2 дана

Бақ-бақ - биіктігі 1-2 см, даму фазасы - сабақтану, 1.ш.м орташа саны 2-3 дана

Түркістандық шпинат- биіктігі 8-10 см сабақтану. Орташа 1.ш.м 5-6 дана

Кәдімгі далалық қалуен –биіктігі 2-3 см , даму фазасы - сабақтану. 1 ш.м орташа саны 1-2 дана.

Жабысқақ – биіктігі 2-3 см, сабақтану фазасында. 1 ш.м орташа саны 2-3 дана

Жұлдыз шөп - биіктігі - 2-3 см, даму фазасы - сабақтану, 1 ш.м орташа саны 1-2 дана

Мамыр айында арамшөптерге жүргізілген тексеру және олардың даму жағдайы: Мамыр айында жауған жауын мөлшері аз болғандықтан арамшөптердің тұқым қоры толық өніп шығуына кері әсерін тигізді. Жүргізілген тексеру кезінде 1 ш.м. ішіндегі арамшөптредің саны және өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды.

Негізгі мамыр айында таралған арамшөптер және олардың 1 шм - ішіндегі түп санымен даму фенологиясы :

Жабайы қара сұлы даму фазасы - сабақтану, биіктігі 25-30 см , 1 шм-де 2-3 дана

Егіс қышасы даму фазасы - сабақтану, биіктігі 15-20 см, 1 шм-де 4-5 дана

Шырмауық таран даму фазасы - сабақтану, биіктігі 25-28 см, 1 шм-де 2-3 дана

Көкпек даму фазасы - сабақтану, биіктігі 25-30 см, 1 шм-де 3-4 дана

Дала шырмауығы даму фазасы – сабақтану, биіктігі 28-30 см, 1 шм-де 3-4 дана

Дала қалуені даму фазасы – сабақтану биіктігі 32-35 см, 1 шм-де 2-3 дана

 

Маусым айында арамшөптерге жүргізілген тексеру және олардың даму жағдайы. Аудан бойынша биыл егілуі тиіс болған барлық егіс түрлері толық егіліп, олардан диқандар бір тегіс көшет алуға толық ерісті. Дегенменен биылғы жаз айларында жауын-шашынның мүлдем болмауынан және ауаның температурасы күрт жоғары болып, ауылшаруашылық дақылдарының дамуы нашар болды. Дақылдар өсуін тоқтатып шанақ ішінде дән аз болды. Осының нәтижесінде өнімнің биыл төмен болатындығы белгілі болды. Себебі маусым айында орып-жиналуы тиіс болған ауыл-шаруашылығы дақылдары, соның ішінде күздік бидай және арпа дақылдарының бой биіктігі төмен болып - 60-70 см-ден аспады. Сонымен бірге ауа райының осылай болуы арам шөптердіңде дамуына кері әсерін көрсетті, егін алқаптарындағы арам шөптердің биіктігі, сабақтануы өте төмен болғандықтан тұқым саныда төмендей түсті.

Қара бидай арпабасы даму фазасы –гүлдеу, биіктігі 30-32 см, 1 шм-де 4-5 дана

Жабайы қара сұлы даму фазасы - гүлдеу, биіктігі 28-30 см, 1 шм-де 2-3 дана

Дала шырмауығы даму фазасы – шанақтану, биіктігі 32-33 см, 1 шм-де 4-5 дана

Шілде айы аралығындаауа райы жағымды температурасы күрт жоғарылап ауыл шаруашылық дақылдарының, соның ішінде күздік және жаздық астық дақылдарының дәні толық толмай уақытынан ерте пісіп кету жағдайы болды. Ауа райы ыстық, ауа ылғалы төмен және жауын–шашын болмады. Дегенменде астық дақылдарының ішіндегі кейбір арамшөптер мысалы: жабайы қарабидай арпабасы, қызыл гүлді мия, қамыс, дала шырмауығы, дала қалуені жақсы дамып, қамыс сабақтану, ал қалғандары толық ұрық салу және ұрық шашу дәрежесіне жетті. Ал бір жылдық арамшөптердің көп түрлері толық ұрық салу және ұрық шашу дәрежесіне жетіп, астық дақылдарын ластап зиян келтірді.

Негізгі шілде айында таралған арамшөптер және олардың 1 шм ішіндегі түп санымен даму фенологиясы:

Жабайы қара сұлы – толық пісіп жетілу. Биіктігі 60-70 см.

Қара бидай арпабасы - толық пісіп жетілу, биіктігі 70-80 см.

Қызыл гүлді мия - ұрықтану, биіктігі 50-60 см.

Қамыс - сабақтану , биіктігі - 60-70 см.

Дала шырмауығы - ұрықтану, ұрық шашу. Биіктігі 70-80 см .

Кәдімгі гүлтәжі - ұрықтану, ұрықтың жетілуі. Биіктігі 50-60 см.

Ақ алабота - ұрықтану, ұрық алды пісуі, биіктігі 70-80 см .

Ошаған - ұрықтану, ұрықтың жетілуі, биіктігі 60-70 см.

У кекіре - ұрықтану . Биіктігі 40-50 см .

Арам сояу - ұрықтану.

Жантақ - гүлдеу . Биіктігі 30-40 см .

Тамыз айы аралығында ауа райы жағымды температурасы жоғары дәрежеде болып, жауын-шашын болмады. Арамшөптердің барлық түрі толық пісіп, тұқым шашты.

Негізгі тамыз айында таралған арамшөптердің даму фенологиясы :

Жабайы қара сұлы - толық пісіп жетілу, биіктігі 60-70 см.

Қара бидай арпабасы - толық пісіп жетілу, биіктігі 70-80 см.

Қызыл гүлді мия - ұрықтану, биіктігі 50-60 см.

Қамыс - сабақтану , биіктігі - 60-70 см.

Дала шырмауығы - ұрықтану, ұрық шашу. Биіктігі 70-80 см .

Кәдімгі гүлтәжі - ұрықтану, ұрықтың жетілуі. Биіктігі 50-60 см.

Ақ алабота - ұрықтану, ұрық алды пісуі, биіктігі 70-80 см .

Ошаған - ұрықтану, ұрықтың жетілуі, биіктігі 60-70 см.

У кекіре - ұрықтану, ұрықтың толық пісіп жетілуі. Биіктігі 40-50 см .

Арам сояу - ұрықтану, ұрық алды пісе бастауы.

Жантақ- гүлдеу , ұрықтану. Биіктігі 45-50 см .

Меркі ауданы бойынша есеп беру мерзіміне дейін арам шөптерді анықтау үшін 8460 га жер көлемі қаралып, соның ішінде 6106 га алқап арам шөппенен ластанған. Оның ішінде 1874 га алқап төмен дәрежеде, 2576га орташа дәрежеде, 1656 га алқап- жоғары дәрежеде арамшөптермен залалданғаны анықталды.

Күздік бидай егістігі.

2420 гакүздік бидай алқабы тексерілді, оның ішінде 2120 га егістік көктемгі-жазғы тексеруде, ал 300га алқап науқан алдында тексерілді. Барлық ластанған алқап көлемі - 1942 га. Соның ішінде 500 га алқап нашар дәрежеде, 821 га орташа дәрежеде, 621 га жоғары дәрежеде арам шөптермен ластанғаны анықталды. Көктемде алқаптағы жаңа шыққан өскіндерден жұлдызшөп, дала қанатжемісі, қара сора, дала шырмауығы, ал жаз айларында егістік (сары) қалуені, ақ алабұта, гүлтәжі, қамыс басым болды.

Бидай алқаптарында арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 5600 га алқапта «Финес-лайд» химиялық препаратымен жүргізілді. Оның ішінде 5000 га егістікте өңдеу жұмыстары толығымен әуе ұшақпен жүргізілді.

Арамшөптер көбіне күздік бидай алқаптарында жақсы дамып , арамшөптерге "Сұрат" ауылдық округіне қарасты "Сыпатай -батыр " ЖШС-гі 1500 га күздік бидайға "Финес-лайт" химиялық препаратымен , Сарымолдаев ауылдық округі "Жылы бұлақ " ЖШС-гі 1200 га күздік бидайға "Финес лайд" химиялық препаратымен , Меркі АТЗ 2000 га күздік бидайға «Финес лайд» химиялық препаратымен, Тілеміс-батыр ЖШС-гі 100 га күздік бидайға «Финес лайд» химиялық препаратымен, Андас-батыр а/о Нұр-П ш/қ 300 га күздік бидайға «Финес лайд» химиялық препаратымен өңдеу жүргізді. Өңдеу жүргізілген алқаптар. Қортындысы төменде № 129 - 133кестеде көрсетілген

Арамшөптің тұқымының қоры өткен жылғыдан аз болғанымен, толық дамымаған тұқымдары толық дамығанына салыстырғанда күшті дамитындығына байланысты келесі жылыда арамшөптер көп болуы мүмкін. Сол себепті агротехникалық шаралар және ауыспалы егістік ережесі сақталмаса, 2014 жылы арам шөптер көп болуы мүмкін.

Жаздық арпа егістігі.

2380 га жаздық арпа егістігі тексерілді, соның ішінде 200 га алқап науқан алдында тексерілді. Тексерілген барлық алқап ішінде ластанғаны 1245 га, соның ішінде нашар дәрежеде 380 га алқап, орташа дәрежеде 655 га, жоғары дәрежеде 210 га арам шөптермен ластанған, көктем айларында басым болған арам шөптер: жұлдызшөп, дала қанат жемісі, жабысқақ, шырмауық таран, қара сора, ақ алабұта, дала шырмауығы. т. б. Жаз айларында кең таралған арамшөп түрлері: далалық қалуен, тікенді сары қалуен, дала шырмауығы, гүлтәжі, ақ алабұта, қызыл гүлді мия арамшөптері көп болды.

Арамшөптердің тұқымының қоры көп болуына байланысты, ауыспалы егістік ережесі сақталмаса 2014 жылы арамшөптер арпа дақылының өскіндерін залалдауы мүмкін.

 

Майлы дақыл – мақсары егістігі

680 га мақсары алқабы тексерілді, ластанғаны 560 га. Соның ішінде нашар дәрежеде 190 га алқап, орташа дәрежеде 250 га, жоғары дәрежеде 120 га арам шөптермен ластанған, басым болған арам шөптер: жабысқақ қызыл бояу, дала шырмауығы. Жаз айындағы далалық қалуен, тікенді сары қалуен, дала шырмауығы. арамшөптері басым болды.

Жүгері егістігі.

400 га жүгері алқабы тексерілді, ластанғаны 377 га. Соның ішінде төмен дәрежеде 98 га, орташа дәрежеде 79 га алқап ластанған болып, жоғары дәрежеде 200 га алқап ластанғаны анықталды. Басым болған арам шөптер: ақ алабота, мысық құйрық, егістік қанат жемісі, дала шырмауығы. Жаз айындағы арам шөп түрлері: далалық қалуен, тікенді сары қалуен, дала шырмауығы, соражырық, ақ алабұта, гүлтәжі. Жүгері дақылына 400 га алқапқа толығымен негізінен диален химиялық препараты қолданылды.Қорытындысы төменде № 131 кестеде көрсетілген

 

 

Жоңышқа алқабы.

710 га жоңышқа алқабы тексерілді, ластанғаны 621 га. Соның ішінде нашар дәрежеде 221 га алқап, орташа дәрежеде 260 га, жоғары дәрежеде 140 га алқап арам шөптермен ластанған. Басым болған арам шөптер: ақ алабота, жабысқақ, дала шырмауығы. Екінші шабықтан кейінгі шыққан арам шөптер ақ алабота, мысыққұйрық. Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

 

Қант қызылша егістігі

320 га қант қызылша алқабы тексерілді, ластанғаны 245 га, Соның ішінде нашар дәрежеде 130 га алқап, орташа дәрежеде 75 га алқап, жоғары дәрежеде 40 га алқап арамшөптерменен ластанған. Өткен жылы қант қызылша алқаптарында арамшөптерге қарсы күрес шараларын жақсы сақтағандықтан жоғары дәрежеде ластанған алқаптар болған жоқ. Басым болған арам шөптер: ақ алабота, дала шырмауығы, гүлтәжі.

Химиялық өңдеу жұмыстары Сұрат а/о «Сыпатай-батыр» ЖШС-де Дуал голд 960 к.э. химиялық препаратымен 205 га алқапта жүргізілді және қолмен отау жұмыстары жиі жүргізіліп тұрды. Кеңес а/о Нұржан шаруа қожалығында 40 га алқапта химиялық өңдеу жүргізілді. Қорытындысы төмендегі № 130 кестеде көрсетілген

Картоп егістігі

30 га картоп алқабы тексерілді, ластанғаны да 30 га. Соның ішінде нашар дәрежеде 30 га алқап арам шөптермен ластанған, негізгі кездескен арам шөптер: ақ алабұта, мысыққұйрық, гүлтәжі, дала шырмауығы. Жаз айындағы арам шөп түрлері:, соражырық, ақ алабұта, гүлтәжі. Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жоқ

 

Пияз егістігі

20 га пияз алқабы тексерілді, ластанғаны 15 га. Соның ішіндегі нашар дәрежеде - 14 га алқап, орташа дәрежеде 0,001 га алқап арам шөптермен ластанған, басым болған арам шөптер: дала шырмауығы, ақ алабұта, гүлтәжі. Химиялық өңдеу жұмыстары 20 га алқапта Стомп 5 кг/га, гербицидімен жүргізілді. Қорытындысы төменде № 132 кестеде көрсетілген

Көкөністер егістігі

1500 га көкөніс алқаптары тексерілді, ластанғаны 1071 га болып, нашар дәрежеде ластанғаны 311 га, орташа дәрежеде 435 га, жоғары дәрежеде 325 га ластанғаны анықталды.Басым болған арам шөптер: ақ алабұта, мысыққұйрық, дала шырмауығы. Жаз айындағы арам шөп түрлері: соражырық, ақ алабұта, гүлтәжі.

 


Арам шөптердің өсіп-дамуының фенологиялық картасы

Тексерілген жер:

Күздік бидай алқабы.

ЖШС. «Сыпатай батыр» 2014 жыл

 

Арамшөптер аты-жөні Айлар
ақпан наурыз Сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан Қараша
Жұлдызшөп             - ٨ > c + # #                          
Көкнәр               - ٨ > c + #                      
Егістік қанатжемісі               - ٨ ٨ > c + #                        
Далалық шырмауық             - ٨ > c + + #                    
Дала қалуен                 - - ٨ ٨ > + + # #                  
Ақ алабұта           - - ٨ ٨ > c + + # #              
Жабысқақ           - - ٨ ٨ > c + # #                  

 

Шартты белгілері:

- Тіршілік кезеңі

٨ Сабақтану

> Алғашқы гүлдеуі

○ Толық гүлдеуі

● Гүлдеудің шегі

c Гүлдеп бітуі

+ Өсу кезеңінің соңы, тұқымның толық пісуі

# Пісіп түсуі

≈ Өсу кезеңінің соңы

 

Арам шөптердің өсіп-дамуының фенологиялық картасы

Тексерілген жер:

Күздік бидай дақылы

ЖШС «Жылы –бұлақ» 2014 жыл

 

 

Арамшөптер аты-жөні Айлар
ақпан наурыз Сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан Қараша
Егістік қалуен                 - - - ٨ > c # #                      
Далалық шырмауық               - - - - ٨ > # # #                    
Далалық сары қалуен                 - - ٨ > > с # #                      
Егіс қанатты жеміс                 - - - ٨ > c + # #                    
Сүттіген                 - - ٨ > > c + #                      

 

 

Шартты белгілері:

 

- Тіршілік кезеңі

٨ Сабақтану

> Алғашқы гүлдеуі

○ Толық гүлдеуі

● Гүлдеудің шегі

c Гүлдеп бітуі

+ Өсу кезеңінің соңы, тұқымның толық пісуі

# Пісіп түсуі

≈ Өсу кезеңінің соңы

 

Арам шөптердің өсіп-дамуының фенологиялық картасы

Тексерілген жер:

Жүгері егістігі

«Сарымолдаев» ауылдық округі 2014 жыл

 

Арамшөптердің аты Айлар
ақпан наурыз Сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша
Тауық тарысы                           - - ٨ > > c + #            
Итқонақ                         - ٨ > c + #                
Ақ алабұта           - ٨ ٨ > c + + # #              
Гүлтәжі                     - ٨ ٨ > c c + + #              

 

Шартты белгілері:

 

- Тіршілік кезеңі

٨ Сабақтану

> Алғашқы гүлдеуі

○ Толық гүлдеуі

● Гүлдеудің шегі

c Гүлдеп бітуі

+ Өсу кезеңінің соңы,тұқымның толық пісуі

# Пісіп түсуі

≈ Өсу кезеңінің соңы

Арам шөптердің өсіп-дамуының фенологиялық картасы

Тексерілген жер:

Қант қызылша егістігі

«Сұрат» ауылдық округі 2014 жыл

 

 

Арамшөптердің аты Айлар
ақпан наурыз Сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша
Ақ алабұта           - ٨ ٨ > c + + # #              
Гүлтәжі                     - ٨ ٨ > c c + + #              
Далалық шырмауық                     - - ٨ > # # #                
Егістік қалуен                   - ٨ > c # #                      
Көкнәр             - ٨ > c + #                      

 

Шартты белгілері:

 

- Тіршілік кезеңі

٨ Сабақтану

> Алғашқы гүлдеуі

○ Толық гүлдеуі

● Гүлдеудің шегі

c Гүлдеп бітуі

+ Өсу кезеңінің соңы,тұқымның толық пісуі

# Пісіп түсуі

≈ Өсу кезеңінің соңы

Арам шөптердің өсіп-дамуының фенологиялық картасы

Тексерілген жер:

мақсары егістігі

«Жаңатоған» ауылдық округі 2014 жыл