Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығ ы

ОҚУ тәжірибесінің есеБІ

 

Мемлекеттік мекеме « Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміні »

(тәжірибе өту орны)

 

 

ГУ-209 тобы студенті : Жұмабайқызы Ж.

 

 

Университеттен жетекші_______________________ Темиргалиева А.С

 

Кәсіпорыннан жетекші______________________Мухаметкалиева А.Е

Комиссия мүшелері ___________________________ ________________________

(қолы, мерзімі) (Аты-жөні)

___________________________ ________________________

(қолы, мерзімі) (Аты-жөні)

___________________________ ________________________

(қолы, мерзімі) (Аты-жөні)

 

___________________

(баға)

 

Семей 2015 ж.

 

Кіріспе

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны мен мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен бюджет саласындағы реформалар шегінде ҚР орталық мемлекеттік органдары алғаш рет өздерінің стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын нәтижеге бағытталған бюджеттендіру ( бұдан әрі НББ ) қағидалары негізінде және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген және 2008 жылдың 25 наурызында Қазақстан республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес дайындайды. НББ және осы тұжырымдамаға байланысты рәсімдерді енгізу үшін ҚР мемлекеттік органдары НББ қағидалары мен талаптарын айқын түсінуі қажет. Ол үшін НББ негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі кешенді әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу, оқу тренингтерін жүргізу, енгізілетін жүйелердің тиімді жұмыс істеуіндегі әрбір мемлекеттік органның рөлі мен орны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ҚР Мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларының жобалары мынадай құрылымда жасалуға тиіс:

1. Миссия және көрініс

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері

5. Бюджеттік бағдарламалар

Экономикалық дамудың негізі ретінде көптеген өндіріс саласында жұмыс істейтіндерге, тауарлары мен қызметтерінің импорттайтын кәсіпорындарга, энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындарга арнайы мемлекеттік бағдарламалар болады. Тау-кен саласымен бірге машина жасау, металл өндіру, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру интенсивті түрде дамиды.

Өндірістік тәжірибе базасы болып «Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі табылады.

«Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Семей қаласы аумағында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту негізгі міндеті болатын, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындайтын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Бөлім Семей қаласының қалалық әкімиятының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №239 қаулысымен құрылды. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес жүзеге асырады.

Тәжірибе есебін орындау барысында Бөлімнің Ережесі, бөлімнің қызметін реттейтін негізгі заңнамалық, нормативтік-құқықтық құжаттар, бөлімнің 2011-2014 жж. арналған стратегиялық бағдарламасы, статистикалық мәліметтер, ҚР заңдары, оқулықтар, оқу құралдары, мақалалар қолданылды.

 

 

Бөлім 1.

1.1. Ұйымның жалпы сипаттамасы

1.2. Бөлімнің негізгі функциялары мен мақсаты

1.3. Бөлімнің ұйымдық құрылымы

Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

«Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Семей қаласы аумағында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту негізгі міндеті болатын, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындайтын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Бөлім Семей қаласының қалалық әкімиятының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №239 қаулысымен құрылды.

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, экономикалық және бюджеттік саясатта басшылық ету, қаланың бәсекеге қабілеттілігінің жаңа сапалы деңгейге жетуіне және тұрақты әлеуметтік - экономикалық өсуге мүмкіндік беретін нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген деңсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветиринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызметтер ұсыну.

Бюджеттік жоспарлау — әр түрлі статистикалық , экономика- математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Негізінде бюджет- толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындарын басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджетбрутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егерде бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.

Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың ролі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен олардың негізгі мақсаттарда , яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге , білім мен денсаулық сақтауды дамытуға , индустриалды- инновациялық дамуға , аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіндіктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процесінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті- экономикалық даму бвғдарламасы табылады.

Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны- бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар , қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың ролі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірісі мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттермелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпы мемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арсындағы қаржылық және бюджетаралық қатынгастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен , бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктермен өзара талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағанасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен түсімдердің түсуін болжамдау , талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету , бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалад

Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығ ы

Алтынбекова Гүлжан Қайырханқызы

1960 жылы туған. Қазақ. Білімі жоғары, Жамбыл технологиялық институтын экономика мамандығы бойынша, Көкшетау университетін қазақ тілі және әдебиет бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында экономист, «Большевичка» Семей өндірістік тігін бірлестігінің бас бухгалтерінің орынбасары, облыстық атқару комитетінің жоспарлау-экономикалық басқармасының бас экономисі, Семей облысы бойынша салық инспекциясының бас маманы, бас бухгалтердің орынбасары, ІІБ қаржы-экономикалық жұмыс бөлімшесінің бастығы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маман - бас бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау басқармасының бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменті бастығының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысының қаржы департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің орта білім департаментінің мектепке дейінгі және орта білім мен аймақтық ынтымақтастықты дамыту мониторингі басқармасының бастығы, «Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ бастығы, «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы, «Семей қаласының білім бөлімі» ММ бастығы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалған.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

ü қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, нeгiзгi бағыттарын қалыптастыру;

ü аймактық әлеуметтік-экономикалық дамуыньң басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста фискалдық және бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің актісіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының заңдарына, мәслихат шешімдеріне, қала әкімдігінің қаулыларына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және қазіргі Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөpi мен мөртаңбаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде есеп-шоттары болады.

Бөлім өз атынан азаматтық құқықтық қатынасқа түседі және де, егер ол заңнамаға сәйкес осыған өкілетті болса, қала әкімшісінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болып түсе алады.

Бөлімнің штат санының лимитін қала әкімдігі белгілейді.

Жергілікті мемлекеттік органның толық атауы - «Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

«Семей қаласының экономика және бюджетттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 8.

Бөлімнің Құрылтайшысы қала әкімдігі болып табылады. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар қала әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

Бөлімнің кызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Қаржы бөлімінің функциясы болып келетін кәсіпкерлер субъектісімен қарым-қатынас шарттарына кіріп ic-әрекет міндеттерін орындауға қалалық бөлімге тыйым салынады. Kipic әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқықты заңдылық актілерін ұсынғанда, осындай кызметтен алынған кipic түcipiлiмiн жергілікті бюджет кірісіне бағытталады.

Бөлімнің негізгі функциясы мен құқығы:

Бөлiм заңнамада белгіленген тәртіппен:

- әлеуметтік-экономиканың непзгі бағыттарын әзipлeyдiң үйлecтipyiн жүзеге асыру;

- басымды бюджeттiк инвестицияльқ жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;

- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеу;

- қаланың орта мepзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзipлey;

- тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет, бюджетке езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешім жобасын әзірлеу;

- тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы заңды іске асыру туралы кала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

- қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;

- бюджеттік инвестициялардың жүзеге асырылуын әдістемелік әзірленуін ұйымдастыру;

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардьң icкe асырылу барысы жиынтьқ акпаратты жасау және оны қала әкіміне ұсыну;

- қала дамуының орта мерзімді басымдьқтарын есепке ала отырып, мемлекеттік кәсіпкерлердің даму жоспарларын қарау және келісу;

Бөлім бюджеттік саясатты іске асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу;

- экономикалық талдауды және макроэкономикалық болжауды жүргізу;

- жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;

- аймактык бағдарламаларды, бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік инвестицияларды icке асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауды жүргізу;

- жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестелерін талдауды жүзеге асыру;

- қолданыстағы және әзірленетін аймақтық бағдарламалар тізбесін қалыптастыру және одан әрі жүргізу;

- аймақтық бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру.

Бөлім экономикалық қызмет көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- жергілікті бюджеттік инвестицияльқ жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргізу.

Өзіне жүктелген міндеттерді icкe асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

- қала әкімдігіне мемлекеттік әлеуметтік-экономикалык саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

- мемлекеттік органдардың орта мерзімді жоспарлардың icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарларын icкe асыруының мониторингін жүзеге асыруға;

- әкімдікке аймақтық бағдарламаларды одан әpi icкe асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгізуге;

- өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің катысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.

Негізгі және айналым жабдықтардан тұратын бөлімнің теңгерімінде көрсетілетін құны, бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Бөлімге бекітілген мулік, қаланың коммуналдьқ меншігіне жатады.

Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және егер заңнамалык кесімде өзгеше
белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат ece6iнен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жок.

Бөлімнің бастығын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын қала әкімі.

Бастықтьң орынбасары болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, орынбасарды лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды жүзеге асырады.

Бастық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті жөніндегі белгіленген жеке жауапкершілік міндеті бөлім бастығына жүктелсін.

Бөлімнің бастығы осы мақсаттарда:

- өзінің орынбасарын, секторлар меңгерушісі міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, бөлімнің қызметшілерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

- заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

- бөлім бойынша бұйрықтарына қол қояды;

- қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген, лимиттік штаттық саны шегінде бөлім штат санын бекітеді;

- бөлім өз құзыретінде барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсынады;

- бөлімнің бастығымен немесе міндетін атқарушы тұлғамен қабылдаған шешімдер бұйрықтармен ресімделеді.

Бөлімнің қызметіне тексеріс жасауды ішкі бақылау қызметі мен қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясымен жүргізіледі.

Бөлімнің қызметің ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін белімшелердің құзыреті мен өкілеттігі бөлімінің жұмыс регламентімен және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі:

- 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясы»;

- ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-2 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ҮІ Бюджет Кодексі;

- ҚР 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»;

- ҚР 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодекс);

- ҚР 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс Кодексі»;

- ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;

- ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

- ҚР 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы;

- ҚР 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 «Қазақтан Республикасының тіл туралы» Заңы.

Бөлімнің бас маманының негізгі функционалдық міндеттері:

- бюджеттік инвестиция саясаты саласында аймақтың әлеуметтік экономикалық ахуалына талдау жасау, бюджеттік инвестицияның тиімділігін бағалау және жүзеге асырудың мониторингін өткізу;

- облыстық басқармалар мен ведомстволардың, қала және аудан әкімдері аппаратарының материалдары негізінде мемлекеттік орғандарға жол құрылысы, экология, туризм және спорт бойынша инвестициялық саясат саласында стратегиялық, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлар әзірлеу;
-заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттырып және қалыптастыруға қатыстыра отырып бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) менбюджеттік инвестицияларды жоспарлау;

- инвестициялық ұсыныстар мен жобаларға және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптамалар бойынша келіп түскен материалдарға, сонымен қоса басшылық ететін салаларда республикалық бюджеттен кредиттер мен дамытуға мақсатты трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобаларға талдау жасау;

- бюджеттік инвестициялық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзерлеу, бөлім жұмысындағы экономикалық дамыту сұрақтары бойынша облыс әкімінің аппаратына, Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда Министрлігіне, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіне, басқа да жоғары тұрған ұйымдарға құжаттар дайындау.

 

1.2 «Бөлімнің негізгі функциялары мен мақсаты

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ функциялары:

- қаланың өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеудің салааралық үйлестігін жүзеге асыру;

- стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

- әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамын, аймақты және алдағы жоспарлы мерзімге жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын дамыту бағдарламаларын әдістемелік әзірлеуді қамтамасыз ету;

- бюджеттік үрдістің әдістемелік басқарылуы;

- алдағы жоспарлы мерзімге Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму Болжамының жобасын әзірлеу;

- Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде бес жылдық мерзімге аймақты дамыту Бағдарламасын әзірлеу;

- әлеуметтік-экономикалық Болжамды есепке ала отырып, бюджет түсімдерін болжау;

- басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін қалыптастыру және қарау;

- тиісті жоспарлық мерзімге арналған бюджетті бекіту туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және оны қаланың бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну;

- тиісті жоспарлық мерзімге қаланың бюджетін бекіту туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қала әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеу;

- бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және қаланың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу үшін қорытындыларды әзірлеу;

- бюджеттік комиссия отырысына материалдар әзірлеу;

- тиісті жоспарлық мерзімге арналған қала бюджеттің нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

- жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін әзірлеуді, мониторингілеуді және жүзеге асуын бағалауды ұйымдастыру;

- 15 аумақты бес жылдық мерзімге дамыту Бағдарламаларының жүзеге асуына мониторинг жасау және бағалау;

- қаланың және экономика салаларының әлеуметтік-экономикалық даму, рейтингтік бағалау көрсеткіштер және инфляциялық үрдістер мониторингісін жүргізу;

- ауылдық елді мекенге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде жоспарлы мерзімде Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу;

- Бөлім өзіне жүктелген міндеттерден туындайтын және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де функцияларды орындай алады.

 

Бюджеттік жоспарлау бөлімінің келесідей негізгі мақсаттары бар:

v орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;

v бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;

v қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;

v салалар , іс- әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әртүрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;

v бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.

Бюджетті жоспарлау мен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағалау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.

Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды , нақты әлеуметтік- экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып , бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы – бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

Бюджетті жоспарлау мен болжау бөлімі келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс атқарады

кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингентердің болжамдық мөлшерін анықтау ;

әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;

қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандыруды теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты дайындау.

Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс- әрекеттің негізгі шарты- ол жалпы мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамамсыз ету.

Бюджеттік жоспарлау бірлестік , жалғастырушылық , басымдылық , теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.

Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджеттін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын бюджеттік бағдарламалар тізімін қалыптастыруға , бюджеттер деңгейлер арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.

Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамасыз етіледі.

Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті- экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлау мен қамтамасыз етіледі.

Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

Бюджетті жоспарлағанда аймақта арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуеті-экономикалық ерекшеліктері есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті кодекске сәйкес натуралды нормативтер-ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланылатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.

 

 

1.3 Бөлімнің ұйымдық құрылымы

 

Бөлім басшысы – Алтынбекова Гүлжан Қайырханқызы  
Бөлім басшысының орынбасары- Кузнецова Елена Витальевна  
1.Экономикалық саясат және жоспарлау секторы
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау секторы
3.Инвестициялық саясат және жоспарлау секторы
Сектор меңгерушісі Қасенова Сәуле Ерғазықызы
Сектор меңгерушісі Жұматова Әсем Әлібекқызы

 


 

3 бас маман
Сектор меңгерушісі Қалиев Азамат Тұрсынқанұлы
4 бас маман
3 бас маман



/cgi-bin/footer.php"; ?>