Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта ресрублика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады

Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б,) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тимді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу олардың дамуының қажетті шарты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.

- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

- индустриялық дамыған;

- агроөнеркәсіптік;

- дағдарыстық.

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

v минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;

v отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;

v ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

v Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

v шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;

v жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;

v нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

v Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

v ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;

v ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану,

v тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.

Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

§ экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;

§ осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

§ қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;

§ шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:

§ өндіріс қарқынының төмендеуі;

§ халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);

§ жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);

§ демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.