Адамның тікелей іс-әрекеттерден болатын апаттар

Аталған төтенше жағдайлардан басқа адамның тікелей іс-әрекеттерден болатын апаттар да бар.

1. Автокөліктер апаты жол тәртібін, техникка қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда әр түрлі жолдар бойында (теңіз, темір және тасжолдар, т.б.) болады.

2. Ұшақтар апаты. Жолаушы, жүк тасымалдау, ғылыми мақсаттар, сынақ кезінде ұшақ, тікұшақ, ғарыштық зымырандар, реактивті ұшақтар апат болуы мүмкін. Бұл апаттар аумақты жерлерді қамтып, табиғатқа әр түрлі деңгейде шығын әкеледі. Әсіресе Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын ғарыш кемелері мен Жер серіктерінде болатын қаупі екерше. Мысалы, 1999 жылғы Протон* , 2006 жылғы Днепр* ғарыш зымырандарының апаты кезінде қазақ жеріне зор зиян келтіргені белгілі.

3. Өнеркәсіп орындарындағы апаттар. Бұл апаттар технологиялық процестердің бұзылуы, техникка қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, техниканың ескілігі салдарынан болады. Әсіресе химия, мұнай, уран, атом энергиясын өндіретін өнеркәсіптегі апаттар өте қауіпті. Олардан ауаға, суға, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарылып, бүкіл тіршілік атаулыны жоюы мүмкін.

 

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 05.07.97. ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруа-шылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекөттік саясат жүргізуде басым салала-рының бірі екендігі атап көрсетіледі.
Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бүзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтөнше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмүндалған.
Зілзала бүл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.
Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.
Авария - технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бүзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі өрежесін бүзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың қүлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мүнай өнімдері, түтанғыш сүйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.
Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.
Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшыраған аумақ.
Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
- табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);
-жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).
Табиғи:
1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты
ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан
болған өрт, жер сілкінісі).
З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы, су басу).
4. Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс).
Жасанды:
1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз, өзен,
темір жол).
2. Әндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,
термикалық).
3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).
4. Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік,
терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).
Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.
Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бүл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Табиғаттағы тосын жағдай
Табиғаттағы тосын жағдай - бүл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.
Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар.
Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.
Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бүған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады.
Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялык, жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу қүралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.
Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық қүралдардың болуы) және климаттық - географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, үшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей, тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді.
Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды.
Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір~ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен қүстардың арасында аштан өледі. Түрпайы түрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілім етеді. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенің, тамақ пен түрақ табу және адамдарға оралу керектігін үғуына тиіс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінөді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.
Авария - орны (бақытсыздық болған климаттық-географиялық аймақ). Нақ осы фактор тірі қалудың бүкіл стратегиясы мен практикасын анықтайды.
Шөлейт (құрғақ дала). Жартылай шөлейтте үзақ уақыт тірі қалу өз бетімен елді мекенге төмір жол мен тас жолға, қар қалың жатқан жерлердегі - ойпаттағы, жырадағы, сайдағы және басқа қатпарлы жерлердегі қардан жасалынған қорғанға кез болғанда ғана мүмкін.
Шөл. Шөлде қысқа мерзімде тірі қалу үшін жақын елді мекенге баруды ойластыру керек. Елді мекендер алыс болған немесе өзінің түрған жерін білмеген жағдайда жақсы көрінетін жерде қомақты лагерь жасау үсынылады.
Жазғы уақытта түщы судың едәуір қорысыз тірі қалу мүмкін емес! Жазда шөлде үзақ уақыт болу үшін күн көзін қалқалайтын жерге күрке жасау, авариялық дабылдар орнату, суды пленкалық бу конденсаторларының көмегімен алумен түщы суды тәулік бойы бақылау, бақытсыздық белгісін беру қажет.
Түнде шөлде жарық дабылы анық көрінеді (шам, от, жарық).
Күндіз мүлдем жүруге болмайды! Түнде тек қысқа қашықтыққа жүруге болады.
Шөлде адам дененің кебуінен, ыстық пен күннің өтуінен, улы жыландар мен өрмекші тектестердің шағуынан қаза болуы мүмкін. Тетенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері — орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала — бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
— Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с).
— Көлік жүйесіндегі апаттар.
— Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайда-лану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салда-рынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері — улы, тез түтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жүмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.
Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақта-маушылыгына, жүмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.
Міне, осылар жүмыс орнындағы апатқа, жарылыс-тарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радио-активті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио заводында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына үшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдык станцияда ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мүндай жағдай Атырау химия, мүнай айыру заводтарында да болып түратындығы ықтимал.
Апаттың тағы бір өте қауіптілігі — күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол түрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, қүстар және т.б. өміріне өте қауіпті.
Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.
1. Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарга тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалган заттар, обьектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, қүрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бүйым-дар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар
зардап шегеді.
2. Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар: — ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сүйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны. — жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі. Жарылыстардан қирау, обьектілердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақат-тануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нэтиже-сінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғүрылым жарылыстың қуаты күшті болса, соғүрылым оның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және эколо-гияға әкелетін зияны зор болады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші обьектілерді қорғаудың негізгі принциптері.

Табиғи және техкогендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудьң негізгі принциптері мыналар:
— жариялылық және халық пен ұйымдарды болжа-нып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шара-лар туралы хабардар ету;
— егер ұйымдар мен азаматтардың қызметі ықтимал қауіп туғызатын болса, оның қатер төндіру және зиян келтіру деңгейін алдын ала анықтау, халықты қорға-ныс әдістеріне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;
— төтенше жағдайларды жою жөніндегі құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
— Қазақстан Республикасы аумағындағы белгілі бір жерлерде болғанда өздері душар болуы мумкін қатер туралы және қажетті қауіпсіздік. шаралары туралы ха-бардар болуға;
— Азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жургізуші объектілерді тетенше жағдайлардан және олар тигізетін зардаптардан қорғау мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен жергілікгі өзін-өзі басқару органдарына тікелей жүгінуге, жеке және үжымдық ундеулер жолдауға;
— тетенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоніндегі шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға ар-налған басқа да мүлікті пайдалануға;
— төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға;

Қазақстан Респупликасы азаматтарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

— Қззақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды,. қоршаған орта мен шаруашылық жүргізуші объектілерді олардан қорғау салаеындағы заңдарын сақтауғә;
— төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқ-тыруы мүмкін авария, зілзала және апат жайында тиісті органдарды хабардар етуге;
— тұрмыста, күнделікті еңбек және шаруашылық қызметінде қауіпсіздік шараларын сақтауға төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қаушсіздік талаптарыньң бұзылуына жол бермеуге;
— азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағ-
дайлардың пайда болу қаупі төнген немесе олар пайда болған кезде жүріп-тұрудың белгіленген ережелері мен іс-қимыл тәртібін білуге, негізгі қорғану әдістерін, зар-дап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсе-ту тәсілдерін, қорғанудың ұжымдық және жеке-дара құралдарын пайдалану ережелерін оқып-үйренуге, өздерінің осы білімі мен практикалық дағдыларын ұдайы жетілдіріп отыруға;
— төтенше жағдайларды жою жөнінде өткізілетін оқу-жаттытуларға қатысуға, халықты, қоршаған. орта-ны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау қүралдарына үқыпты қарауға міндетті.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарының табиғи және тежногендік сипаттағы төтөнше жағдайлар саласындағы өкілеттігі
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақтағы табиғи және техкогендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады
Жергілікті өкілді Органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында
— жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар бас-шыларының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы есептерін тың-дайды;
— төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі жергілікті қорлар, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-тулік, медициналық жәнебасқа ресурстардың жергілікті қорларьш құру туралы шешім-дер» қабылдайды;
— төтенше жағдайлар пайда болған кезде қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың ал-дын алу мен оларды жою жөнінде міндетті ережелер қабылдауға құқылы, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделеді. Мідетті ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуге тиіс және дереу күшіне енеді.
Жергілікті атқарушы органдар табиғи және техно-гендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
— төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
— мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, тетен-ше жағдайлардың пайда болуына өкеп соққан авария-ны, зілззла мек апа.тты тергеуге қатысады, лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйьшдарды белгіленген төртіппен жауапқа тартады;
— төтенш.е жағдайларды обьектілік және жергілікті төтендіе жағдайларға жатқызады, сол тетенше жағдай-лардың таралу ауқьшы мек аймақтарын анықтайды;
— халықты жәке ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, тетеише жағдайлардын алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;
— тетеипіе жағдайлардың алдын әлу мек оларды жою жөншдегі шараларды жергілікті қорлардан қар-жыландыруды жүзеге асырады, материалдық-техника-лық, азық-түлік, медицикалық және басқа ресурстар-дың жергілікті қорларын қүрьш пайдаланады;
— төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдәр-дың материалдық-техникалық ресурстарын жүмьтлды-рады;
— төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обьектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді:

— төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар меи азаматтардың шар-уашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті өзін-өзі басқару орындарының табиғи және техногекдік сипаттағы төтенше жағдайлардьщ алдын алу мен олар-ды жою ісіне қатысуына жол беріледі, бұл халықтың жергілікті мәні бар мөселелерді дербес шешуін қамта-масыз етеді. Жергілікті езін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі тәртібін заңда белгілен-ген шектерде азаматтардың өздері анықтайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жа-тады:
— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақы-лау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
— төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихат-тау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.