Тек нерв жасушаларында кездесетін органеллалары?

a. +базофильді зат пен нейрофибриллалар

b. митохондриялар мен тонофибриллалар

c. Гольджи кешені мен миофибриллалар

d. лизосомалар мен қалдық денешіктер

e. жасуша орталығы мен митохондриялар

252. Нерв жасушаларындағы хроматофильді субстанциясы – бұл:

a. митохондриялардың жиынтығы

b. лизосомалар жиынтығы

c. Гольджи кешенінің қапшықтарының жиынтығы

d. түйіршіксіз эндоплазмалық тордың түтікшелерінің жиынтығы

e. +бос рибосомалар, полисомалар мен түйіршікті эндоплазмалық тор

253. Нерв жасушалардың цитоплазмасындағы нейрофибриллалары болып:

a. плазмолемманың қатпарлары

b. түйіршіксіз эндоплазмалық торының түтікшелері

c. талшықты коллаген белоктары

d. +күміспен өңделген нейрофиламенттер мен нейротубулалар

e. Гольджи кешенінің элементтері

254. Нерв жасушасының нерв импульсін өткізетін құрылымы қайсы:

a. түйіршіксіз эндоплазмалық торы

b. түйіршікті эндоплазмалық торы

c. микротүтікшелері

d. Гольджи кешенінің қапшықтары

e. +плазмолеммасы

 

255. Нерв жасушасындағы медиаторлардың синтезіне қатысатын құрылымы:

a. жасуша орталығы

b. лизосомалары

c. +түйіршікті эндоплазмалық торы

d. түйіршіксіз эндоплазмалық торы

e. митохондриясы

256. Миелинсіз нерв талшықтарында нерв импульсі қандай жылдамдықпен жүреді:

a. 100 – 200 м/с

b. 50 – 40 м/с

c. +1 – 2 м/с

d. 150 – 200 м/с

e. 200 – 250 м/с

257. Миелинді нерв талшықтарында нерв импульсі қандай жылдамдықпен жүреді:

a. 10 – 15 м/с

b. 2 – 10 м/с

c. 1 – 2 м/с

d. +5 – 120 м/с

e. 20 – 25 м/с

258. Миелинді нерв талшығының құрамында болатын:

a. нейролеммоциттер тізбегінен түзілген бір біліктік цилиндр

b. нейролеммоциттер тізбегінен түзілген 10-20 біліктік цилиндрлер

c. екі біліктік цилиндр мен миелинді қабат

d. +бір біліктік цилиндр, миелинді қабат пен нейролемма

e. бес біліктік цилиндр мен нейролемма

259. Миелинді нерв талшығының құрылысына не тән:

a. +бір біліктік цилиндр, миелинді қабат пен нейролемма

b. екі біліктік цилиндр мен миелинді қабат

c. нейролеммоциттер тізбегінен түзілген 10-20 біліктік цилиндрлер

d. бес біліктік цилиндр мен нейролемма

e. 100-ден аса біліктік цилиндрлері болады

260. Нерв талшығының миелинді қабатын спираль түрінде қоршайтын мезаксонның құрамында мыналардың қайсысы болады:

a. талшықты астроциттер

b. протоплазмалық астроциттер

c. +олигодендроглиоциттер

d. микроглия

e. эпендимоциттер

261. Нерв талшығының біліктік цилиндрлері болып табылатыны:

a. +нейроциттердің аксоны немесе дендриті

b. талшықты астроциттердің өсінділері

c. протоплазмалы астроциттердің өсінділері

d. олигодендроглиоциттердің тізбегі

e. микроглияның өсінділері

262. Бағаналы қан жасушасынан нейроглияның қай жасушасы пайда болады:

a. эпендимоциттері

b. талшықты астроциттері

c. протоплазмалық астроциттері

d. +микроглия

e. олигодендроглиоциттері

263. Нейроглия жасушаларының қайсының фагоцитоздық қабілеті белсенді:

a. эпендимоциттердің

b. талшықты астроциттердің

c. протоплазмалық астроциттердің

d. олигодендроглиоциттердің

e. +микроглияның

264. Мононуклеарлы фагоциттердің жүйесіне қатысатын, нейроглияның қай жасушасы:

a. талшықты астроциттері

b. протоплазмалық астроциттері

c. эпендимоциттері

d. олигодендроглиоциттері

e. +микроглия

265. Ми қарыншалары мен жұлын өзегін тыстайтын, нейроглияның қай жасушасы:

a. олигодендроглиоциттері

b. талшықты астроциттері

c. протоплазмалық астроциттері

d. +эпендимоциттері

e. микроглия

266. Жұлын өзегін тыстайтын эпендимоциттердің пішіні:

a. шар тәрізді

b. пирамида тәрізді

c. +цилиндр тәрізді

d. жұлдыз пішіндес

e. жалпақ

267. Орталық нерв жүйесінің тек сұр затында кездесетін, денесінен жуан әрі қысқа өсінділері шығып, бұлар екінші рет тағы тармақталатын нейроглияның қай жасушасы:

a. олигодендроглиоциттері

b. эпендимоциттері

c. +протоплазмалық астроциттері

d. талшықты астроциттері

e. микроглия

268. Көбінесе жұлын мен бас мийының ақ затында кездесетін, денесінен көптеген ұзын, әрі жіңішке өсінділері шығатын, нейроглияның жасушасын табыңыз:

a. олигодендроглиоциттер

b. эпендимоциттер

c. протоплазмалық астроциттер

d. +талшықты астроциттер

e. микроглия

269. Нерв талшықтарының миелинді қабығын түзуге қатысатын нейроглияның жасушасы қайсы:

a. протоплазмалық астроциттері

b. талшықты астроциттері

c. микроглия

d. +леммоциттері

e. эпендимоциттері

270. Нерв талшықтарының Шванн қабығы мына жасушалардың қайсысының цитоплазмасы мен ядроларынан түзіледі:

a. микроглия жасушаларынан

b. талшықты астроциттерден

c. +леммоциттерден

d. протоплазмалық астроциттерден

e. эпендимоциттерден

271. Микросуретте мультиполярлы нейроциттің денесі мен өсіндісін қоршаған глиоциттер көрінеді. Осы глиоциттің түрін табыңыз:

a. протоплазмалық астроцит

b. талшықты астроцит

c. микроглия

d. +леммоцит

e. эпендимоцит

272. Шеткі нерв жүйесінде нейрондардың денесіндегі сыртқы қабықтарын түзетін, глиоциттердің түрін табыңыз:

a. микроглия

b. талшықты астроциттер

c. протоплазмалық астроциттер

d. эпендимоциттер

e. +мантийлі глиоциттер

273. Химиялық синапстарда нерв импульсін нерв жасушалары бір-біріне мыналардың қайсысының көмегі арқылы өткізіп отырады:

a. кальций иондары

b. натрий иондары

c. +нейромедиаторлар

d. калий иондары

e. фосфор иондары

274. Нерв импульсі тежелетін синапсты табыңыз:

a. аксо- соматикалық

b. аксо-дендритті

c. +аксо-аксональды

d. сома-сомалық

e. дендро-дендритті

275. Химиялық синапстың пресинаптикалық полюсінде мыналардың қайсысының жиналуымен ерекшеленеді:

a. лизосомалардың

b. Гольджи кешенінің көпіршіктерінің

c. микротүтікшелердің

d. +пресинаптикалық көпіршіктері мен митохондриялардың

e. түйіршіксіз эндоплазмалық торының элементтерінің

276. Нейромедиаторларды қабылдайтын, рецепторлары бар химиялық синапстің құрылымы қайсы:

a. пресинаптикалық мембранасы

b. синаптикалық қуысы

c. +постсинаптикалық мембранасы

d. нейрофиламенттері

e. пресинаптикалық көпіршіктері

277. Нерв импульсі өткізуге қатысатын мына заттардың қайсы:

a. кальций иондары

b. натрий иондары

c. +ацетилхолин, норадреналин

d. калий иондары

e. фосфор иондары

278. Эффекторлы нерв ұштары болып табылатыны:

a. +аксоқозғалтқыш синапс

b. механорецепторлар

c. барорецепторлар

d. хеморецепторлар

e. бұлшық ет жіпшелері

Нейральді - қозғалтқыш синапстың құрамында нерв жасушасының өсіндісі көрінеді. Осы өсіндісі морфологиялық жіктелуге байланысты қандай нейронның қай өсіндісі болып табылады?

a. +мультиполярлы нейроциттің аксоны

b. псевдоуниполярлы нейроциттің аксоны

c. мультиполярлы нейроциттің дендриті

d. псевдоуниполярлы нейроциттің дендриті

e. униполярлы нейроциттің аксоны