Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы және патологиясы

 

04_01_04_

$$$001

Босанғаннан кейінгі кезең қашан басталады?

A) нәресте туылған сәттен бастап 6-8 аптаға созылады

B) бала жолдасы айдалып шыққаннан басталып, 24 сағатқа созылады

C) бала жолдасы бөлініп шыққаннан кейін басталып, 6-8 аптаға созылады

D) нәресте туылғаннан басталады және әйелдің қалған өмірінің барлығына жалғасады

E) нәресте туылғаннан басталады және 1 айға созылады

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}=1

{Оқулық} = (Чернуха Е.А.Родовой блок:Руководстов для врачей/Е.А.Чернуха-3-е издание, перераб.Испр. и доп.-М.:Триада-Х, 2005ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_04_

$$$002

Мына клиникалық бейне босанғаннан кейінгі кезеңнің қай күніне сай келеді: жатыр түбінің тұру биіктігі қасағадан 9-11 см жоғары тұр, жыныс жолдарынан бөлінетін бөліндінің сипаты сірлі-қан араласқан?

А) бірден босанғаннан кейінгі күнге

В) босанғаннан кейінгі 4 –ші күнге

С) босанғаннан кейінгі алғашқы 3 күнге

D) босанғаннан кейінгі екі аптаға

Е) босанғаннан кейінгі кезеңнің бәріне

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Чернуха Е.А.Родовой блок:Руководстов для врачей/Е.А.Чернуха-3-е издание, перераб.Испр. и доп.-М.:Триада-Х, 2005ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_04_

$$$003

Босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің патологиясын келесі клиникалық бейнеге қарап анықтаңыз: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, АҚ 100/70, PS=98 соққы минутына, тері жабыны кәдімгі түсте, жыныс жолдарынан біркелкі қанды бөліністер, 300 мл жетті және жалғасуда. Босану жолдарын қараған кезде – жыртылулар жоқ, бала жолдасы да бүтін, қабықтары түгел. Жатырды сыртқы сипалау кезінде жатыр жақсы жиырылып, көп ұзамай қайтадан босаңсиды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

А) әйел қанының ұйыту жүйесінің бұзылуы

В) жатыр қуысында плацента тіні қалдығының қалып қоюы

С) физиологиялық қан кету, сондықтан патологиялық жағдай клиникасы жоқ

D) жатыр гипотониясы және қан кету

Е) жатыр атониясы және қан кету

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Чернуха Е.А.Родовой блок:Руководстов для врачей/Е.А.Чернуха-3-е издание, перераб.Испр. и доп.-М.:Триада-Х, 2005ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_04_

$$$004

Жыныс еріндерінің жыртылуымен асқынған босанудан кейінгі 4 тәулікте, сыртқы жыныс еріндері мен аралықтың ауырсынуы мен ашуының пайда болуына шағымданды. Қарау кезінде: жараның беткейі қызарған, тіндері ісінген, іріңді бөліністер бар. Жара жеңіл қанталайды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

А) босанғаннан кейінгі метроэндометрит

В) жыртылуды тіккеннен кейінгі тігістің іріңдеуі

С) босанғаннан кейінгі ойық жара

D) іріңді кольпит

Е) бартолин безінің абсцессі

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Чернуха Е.А.Родовой блок:Руководстов для врачей/Е.А.Чернуха-3-е издание, перераб.Испр. и доп.-М.:Триада-Х, 2005ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_04_

$$$005

Босанған әйел, шұғыл түрде жасалған кесар тілігі операциясынан 2 тәуліктен кейін, алғашында ішінің төменгі бөлігінің қатты ауырсынуына, содан кейін оның іштің барлық бөлігіне жайылуына, лоқсуға, құсуға, ішінің кебуі және үлкен дәретінің тежелуіне шағымданады. Терісі бозғылт сұр түсті, бет келбеті бұрыштанып, түрі қиналғандықты көрсетіп тұр, еріндері мен тілі құрғақ. Дене қызуы 38 °С , тамыр соғысы минутына 120 соққы. Іші кепкен пальпация кезінде ауырсынады, алдыңғы іш қабырғасындағы бұлшық еттері кернелген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ішек перистальтикасы бірден әлсіреген. Лейкоциттер деңгейі - 17,5*10 , Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 39 мм сағ. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

А) Босанғаннан кейінгі метроэндометрит

В) Босанғаннан кейінгі перитонит

С) Операциядан кейінгі жараның инфицирленуі

D) Қанның шашыранды ұйю синдромы

Е) Септикалық шок

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Чернуха Е.А.Родовой блок:Руководстов для врачей/Е.А.Чернуха-3-е издание, перераб.Испр. и доп.-М.:Триада-Х, 2005ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_04_

$$$006

24 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейінгі 4 күн. 3 – ші тәуліктің соңына қарай дене қызуы 37,3 °С дейін жоғарылады, жалпы әлсіздік, бас ауруы, аралық пен қынап аймағының ашуы пайда болды. Жатыр түбі 3 көлденең саусаққа кіндіктен төмен, жатыры тығыз, ауырсынусыз. Аралықтағы жара беткейіндегі тігіс іріңді жабынмен жабылған, айналасындағы тіндер қызарған, ісінген, пальпациялау кезінде ауырсынады. Ең ықтимал диагноз және тактикасы қайсысы?

A) босанғаннан кейінгі метроэндометрит, антибактериалді терапия.

B) аралықтағы тігістің іріңдеуі, тігісті алып тастап жараны тазалау, антибактериалді терапия.

C) аралықтағы тігістің іріңдеуі, антибактериалді терапия

D) босанғаннан кейінгі ойық жара, жараны тазалау, антибактериалді терапия

E) бартолин безінің абсцессі, абсцессті жарып, дренирлеу.

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Чернуха Е.А.Родовой блок:Руководстов для врачей/Е.А.Чернуха-3-е издание, перераб.Испр. и доп.-М.:Триада-Х, 2005ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14