Кәсіпорын туралы ақпарат

Мазмұны

 

Кіріспе ..............................................................................................................

Кәсiпорын туралы ақпарат...............................................................................

1. Эскизді жоба

1.1. Модельдің сыртқы сипаттамасы

2. Материалды таңдау және негіздеу

2.1. Негізгі, астарлы және желімдеу маталарды таңдау

2.2. Тігін жібін таңдау

2.3. Фурнитура таңдау

3. Техникалық жоба

3.1. Бұйымның негізгі сызбасы және модельдеу конструкциясы

3.2. Бұйымның сызбасын макет әдісімен тексеру

4. Технологиялық бөлім

4.1. Өңдеу әдістерін және құрал-жабдықтарды таңдау

4.2. Түйінді өңдеу тәртібі

4.3. Түйінді өңдеу

4.4. Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігі

 

Қорытынды

Графикалық бөлім Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары. Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).

1 т жуылғанжүналуүшін 2 т жуылмағанжүн, ал 1 т мақтаталшығыналуүшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады. Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады.

Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады,бұл ретте шамамен сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы жүктемелігі 30-40%-ды құрайтын ескірген жабдықтармен жарақталған.Саланы дамытудың жалпы үрдісі ел өнеркәсібі көлеміндегі оның үлесінің төмендеуімен сипатталады,бұл жұмыс орындарының қысқаруына,ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тықсыруына әкеледі,бұл апатты сипат алды.Жеңіл өнеркәсіп технологиялық жағынан аграрлық сектормен барыншы байланысты екенін ескерсек,оның дамуы елеулі түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға ықпал ететін болды,осының арқасында ел ішіндегі төлем қабілеті сұранысы мен ішкі нарықтық сыйымдылығы артады.Жеңіл өнеркәсіптегі ахуалды сипаттайтын созылмалы дағдарыс өндірісі көлемінің құлдырауымен жалғасады.Тек 2005-2009 жылдар кезеңінде республика өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі 2,2%-дан 0,8%-ға төмендеді,бұл ретте ішкі жалпы өнімдегі өнеркәсіп үлесі.

 

Кәсіпорын туралы ақпарат

 

Akka style ательесі 2014-ші жылдың қыркүйек айының 23-і күні ашылды.Ательенің директоры жаста болса өте білгір,қиялы ұшқыр,білікті дизайнер-Абуова Ақбала.Бұл ателье ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан 5 маусымаралық коллекция,балаларға арналған коллекция,оған қоса сан түрлі тапсырыстар қабылдап үлгерді.Республикааралық сайыстарда да белсенділік танытуда.Қазіргі уақытта 4 адам жұмыс жасау үстінде.Жұмысшыларының әрқайсысы өз мамандықтарының білгірі.Бұл ательенің ерекшелігі-әр адамға жеке-жеке көңіл бөлінеді,дизайнер әр тапсырысқа кеңес беріп,өз үлесін қосады.Бұйымды тігуде сапалы маталар қолданылады.

Жазғы маусым болғандықтан тапсырыс берушілер сапалы әрі жеңіл маталарды таңдайды.Бешпет,шалбарды көбіне көгілдір,қоңыр,шымқай күрең мәуіті,барқыт,бедерлі жібек маталардан тігіледі.Мақпалдан шалбар,қыз-келіншектердің киімі тігілді.Торғын,пайы,шағи,дүрия,бәтес,сусыма,лейлек,атлас,сұпы,шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.

 

 

Эскизді жоба

 

 



ROOT"]."/cgi-bin/footer.php"; ?>