ОРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

 

«Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ (бұдан әрi – «Даму») Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 26.04.1997ж. № 665 «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы» Қаулысына сәйкес құрылды. 2001 жылға дейiн Қор Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау бойынша шаралар бағдарламасы бойынша мемлекеттiк бюджет қаражаттарын, сондай – ақ Еуропалық қайта құру және даму банкiнiң және Азия даму банкiнiң несиелiк желiлерi бойынша қаражаттарды есепке алу және бақылау жөнiнде агентiнiң қызметiн атқарып келдi. 2002 жылдан бастап Қор шағын бизнестi тiкелей өз қаражаттары есебiнен несиелендiре бастады.

«Даму» Қоры тарапынан «Шағын бизнес субъектiлерiн республикалық бюджет қаражаттары есебiнен несие-лендiру бағдарламасы» және «Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылды.

2005 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкiметiмен «ҚР-да шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту бойынша 2005–2007 жж. арналған жеделдетiлген шаралар бағдарламасы» қабылданды. Осы бағдарламаға сәйкес, 2005–2007 жж. аралығында Қор жобалық қаржыландыру және лизинг бағдарламасын, Қазақстандағы кiшiгiрiм несиелендiру жүйесiн дамыту, ШК субъектiлерiнiң екiншi деңгейлi банктерде (бұдан әрi – ЕДБ) алынатын несиелердi кепiлдендiру бағдарламаларын iске асыру арқылы шағын кәсiпкерлiкке қолдау көрсетiп отырды.

2006 ж. қыркүйек айынан бастап, «Даму» Қоры «Қазына» Тұрақты даму қоры» акционерлiк холдингiнiң құрамында жұмыс iстейдi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 22.05.2013 ж. № 571 «Даму иснтитуттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесiн оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту бойынша бiрқатар шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, «Даму» Қорының 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингi» АҚ-на (бұдан әрi – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) берiлдi. Бұл Қаулы шықпас бұрын, «Даму» Қорының 100% акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на (бұдан әрi – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) тиесiлi болып, 28.12.2011ж. берi Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң, ал 10.04.2013 ж. берi – Қазақстан Республикасының Өңiрлiк даму министрлiгiнiң сенiмдi басқаруында болған. Қазiргi кезде Қордың Жалғыз акционерi «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып табылады.

2007 ж. соңынан Қор Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Тұрақтандыру бағдарламасының қаражаттарын уағдаластырып орналастыру бойынша оператор қызметiн атқарады.

2010 ж. берi «Даму» Қоры кәсiпкерлердiң несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн қаражаттандыру және кәсiпкерлердiң банктер алдындағы несиелерiн кепiлдендiрудiң қаржы агентi болып табылады, сонымен қатар «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi – «БЖК 2020» бағдарламасы) шеңберiнде оқыту және кеңес беру бойынша оператор қызметiн атқарады. «Даму» Қорының филиалдары Қазақстанның барлық өңiрлерiнде жұмыс iстейдi, жергiлiктi кәсiпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергiлiктi атқарушы билiк органдарымен жұмыс жүргiзуде айтарлықтай тәжiрибе жинақтаған.

2012–2013 жылдары 17 Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, 27 моноқалаларда Кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары, 14 шағын Кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары құрылған.

ШОК дамытудың ұлттық институты ретiнде Қор серiктестерiмен ынтымақтаса отырып, кәсiпкерлерге қаржыландыру алуда, құзыретi мен басқарушылық дағдыларын арттыруда, тегiн консультациялық қолдау көрсетуде, сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау есебiнен шығындарды азайтуда септiгiн тигiзедi, ал жалпы алғанда, бұл ШОБ мен ел экономикасының дамуына, сондай-ақ халықтың әл-ауқатының жақсаруына жағдай жасайды.

Қордың бағдарламалары 2 топқа бөлiнедi.

Бiрiншiден, қаражаттарды ЕДБ мен Лизингiлiк компанияларда (бұдан әрi – ЛК) уағдаластырып орналастыру арқылы ШОК қаржыландыру көлемдерi мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға бағдарланған бағдарламалар.

Бұл тұста ең ауқымды жобалар Тұрақтандыру бағдарламасының үш траншы, «Даму - Өңiрлер» және «Даму - Өңiрлер 2» бағдарламасы, Жаңаөзен қ. ШОБ дамыту, шағын қалалардағы ШОБ қаржыландыру, әйелдер кәсiпкерлiгiн дамыту сияқты нүктелiк бағдарламалар, сондай-ақ кәсiпкерлiктi әртараптандыруға және оның индустриалдық-инновациялық дамуына бағдарланған Бағдарламалар болып табылады. Бұлардың арасында «БЖК 2020» бағдарламасы айрықшаланады – сыйақы мөлшерлемелерiн қаражаттандыру (1–3 бағыттар) және несиелердi кепiлдендiру (1 бағыт), «Даму-Өндiрiс» бағдарламасы және өңдеу өнеркәсiбiндегi лизингiлiк мәмiлелердi қаржыландыру.

Екiншiден, ШОБ субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыруға бағдарланған Бағдарламалар. Бұған «БЖК 2020» бағдарламасының «Кәсiпкерлiк әлеуеттi нығайту» 4-бағыты, Кәсiпкерлердiң құзыреттiлiк орталықтарын дамыту, Бизнес-портал, Саll-орталық және түрлi ақпараттық-талдамалық материалдарды басып шығару жатады.