ызмет нәтижелерін бағалау

«Даму» Қорының 2011–2015 жж. арналған Даму жоспарының қызмет тиiмдiлiгiнiң стратегиялық және операциялық негiзгi көрсеткiштерi (бұдан әрi – ҚТК) бойынша 2014 жылы келесi нәтижелерге қол жеткiзiлген.

1.«Даму әлеуетiне ие шағын және орта кәсiпкерлiктiң (бұдан әрi – ШОК) барлық субъектiлерiн қаржыландыру қолжетiмдiлiгiмен қамтамасыз ету арқылы белсендi әрекет етушi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны мен жұмыс орындарының санын арттыруға септiгiн тигiзу» стратегиялық бағыты шеңберiнде:

2014 жылы қаржылық және қаржысыз қолдау көрсетiлген ШОБ субъектiлерiнiң саны 39 408 адам құраған (жоспардан 167%), бұл оқыту және кеңес беру бағдарламалары шеңберiнде ШОБ субъектiлерiне көрсетiлетiн қолдаулар саны бойынша жоспардың асыра орындалуымен байланысты. Осы орайда қаражаттарды уағдаластырып орналастыру, сыйақы мөлшерлемелерiн қаражаттандыру және несиелердi кепiлдендiру бағдарламаларын iске асыру есебiнен қаржылық қолдау көлемi 295 418 млн. теңгенi құраған (жоспардан 122%).

Көрсеткiштiң артуы 2014 жылы Республикалық бюджеттен жобаларды қаражаттандыруға бөлiнген қаражаттар сомасының өсуi, сондай-ақ «Даму-Өңiрлер 3» Өңiрлiк кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы мен Әйелдер кәсiпкерлiгiн кiшiгiрiм несиелендiру бағдарламасын iске асыруға қаражаттардың бөлiнуi есебiнен орын алған. «Даму» Қоры бағдарламаларының әлеуметтiк бағдарлануының да маңызы зор. 2014 жылдың нәтижелерi бойынша жеке кәсiпкерлiк секторындағы қаржылық қолдау есебiнен 14 901 жұмыс орны құрылды (жоспардан 126%). «Әрекет етушi ШОК субъектiлерiнiң қолдаумен қамтылу үлесi» ҚТК бойынша жоспардың асыра орындалуы оқыту және кеңес беру түрiнде қолдау көрсетiлген ШОБ субъектiлерiнiң артуы есебiнен орын алған. «Қаражаттарды уағдаластырып орналастыру бағдарламалары шеңберiнде ЖКС қаржыландырудың кезеңдегi жалпы сомасы» ҚТК бойынша орындалу жоспардан 15%-ға артық. Бұл Азиялық Даму Банкi қаражаттары есебiнен ШОБ субъектiлерiн қаржыландыру бағдарламалары шеңберiнде ЕДБ-дiң кәсiпкерлердi белсендi қаржыландыруымен, сондай-ақ «Даму-Өңiрлер 3» бағдарламасының iске асы-рылуына қаражат бөлiнуiмен байланысты.

Нақты дерек бойынша, 2014 жылы қаражаттарды уағда-ластырып орналастыру бағдарламалары шеңберiнде қаржыландырудың жалпы сомасы 104 766 млн. теңгеге (жоспардан 115%) 2 159 кәсiпкер (жоспардан 146%) қаржыландырылды (қосымша 1).

Қарызгерлер саны бойынша жоспардың асыра орындалуы көбiне Қазақстанның өңiрлерiнде серiктес-банктермен несиелердiң көлемi азырақ, бiрақ саны көбiрек болып берiлуiмен байланысты. «Қормен кiшiгiрiм несиелендiруге берiлген қаражаттардың жалпы сомасы» ҚТК бойынша орындаудың жоспардан асуы Әйелдер кәсiпкерлiгiн кiшiгiрiм несиелендiру бағдарламаларын iске асыруға бөлiнген қаражаттардың түсуiмен байланысты.

«БЖК 2020» қаржылық құралдарымен қамтылған несиелiк портфельдiң жалпы сомасы» ҚТК бойынша орындаудың жоспардан асуы 2014 жылы Республикалық бюджеттен жобаларды қаражаттандыруға бөлiнген қаражаттар сомасының өсуiмен байланысты (2012 жылы –9 824 млн. теңге, 2013 жылы – 25 505 млн. теңге) .

2. «Экономиканың шикiзатсыз секторларында кәсiпкерлiктi дамытуға септiгiн тигiзу» стратегиялық бағыты шеңберiнде:

2014 жылы «Даму» Қоры дағдарыстан кейiнгi кезеңде ШОК секторын әртараптандыру бойынша қойылған мiн-деттердi iске асыруын және шикiзатсыз секторлардағы кәсiпкерлiктi дамытуға септiгiн тигiзуiн жалғастырды.

2014 жылы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн әртараптандыру шеңберiнде қаржыландыру жобаларының өткен жылмен салыстырғандағы өсуi 6,3% құраған. «ЖИИДМБ шеңберiнде басым салаларда iске асырылатын жобаларды қаржыландыруға бағытталған қаражаттар үлесi», ҚТК бойынша жоспардың асыра орындалуы 21%. Жоспарлы көрсеткiштердiң асыра орындалуы экономиканың басым салаларында iске асырылатын жобалардың белсендi қаржыландырылуымен байланысты.

2014 жылы қаражаттандырылған ШОБ жобаларының саны 1 455 бiрлiктi құраған, жоспардың жете орындалмауы 2014 жылы «БЖК 2020» бойынша қаражаттандыруға бөлiнген бюджеттiк қаражаттардың тапшылығымен және жаңа шарттарды жасаудың уақытша тоқтатылуымен байланысты (қосымша 2).

2014 жылы берiлген жедел-кепiлдердiң өсуi есебiнен Қордың кепiлдiгiмен банктермен қаржыландырылған ШОБ жобалары санының ұлғаюы орын алған. 2014 жылы Қордың қаржылық бағдарламалары шеңберiнде қаржыландырылған өнеркәсiптiк жобаларының кезеңдегi үлесiнiң өңдеу өнеркәсiбiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау бойынша Қордың бағдарламаларын iске асыру есебiнен жоспарлы көрсеткiшпен салыстырғанда ұлғаюы байқалады.

Қордың қаржылық бағдарламалары бойынша қолдау тапқан жаңа инвестициялық жобалар санының артуына байланысты, «Iшкi өндiрiстi кеңейтуге және жетiлдiруге бағытталған қаражаттар үлесi» ҚТК бойынша жоспарлы көрсеткiштiң асуы байқалады.

3. «ШОБ субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту» стратегиялық бағыты шеңберiнде:

Қордың ШОБ-ке қаржылық емес қолдау көрсету және оқыту бойынша бағдарламаларымен қамтылған кәсiпкерлер мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықтың саны 2014 жылы 50 939 адамға жеткен. «Қордың оқыту және кеңес беру бойынша бағдарламаларына қатысушылардың жалпы санындағы әрекет етушi кәсiпкерлердiң үлесi» ҚТК бойынша асыра орындау 100% құрайды. Жоспарлы көрсеткiштердiң асыра орындалуы кәсiпкерлер мен тұрғындардың кәсiпкерлер құзыреттiлiгi орталықтарына кеңес алуға белсендi жүгiнуi есебiнен орын алған (кесте 3).

 

 

Кесте 3. ШОБ субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту

ҚТК атауы  
жоспар дерек %орынд
ШОБ субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту
Қордың ШОБ-ке қаржылық емес қолдау көрсету бойынша бағдарламаларымен қамтылған кәсiпкерлер мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халықтың кезең iшiндегi саны ед 28 052 30 556 21 000 50 939 243%
Қордың оқыту және кеңес беру бойынша бағдарламаларына қатысушылардың жалпы санындағы әрекет етушi кәсiпкерлердiң үлесi % 51% 59,90% 35% 70% 200%

Аржы нәтижелері

Қаржы-шаруашылық қызметтiң негiзгi параметрлерi, кiрiс пен шығыс болжамы Қордың Директорлар Кеңесi-мен бекiтiлген 2011–2015 жылдарға арналған Қордың даму жоспарында қарастырылады. 2014 жылғы қаржылық қызметiнiң нәтижесiнде жоспарлы көрсеткiштер 2 541 млн. теңге бола тұра, Қор 3 488 млн. теңге көлемiнде таза кiрiс көрген. Жоспарланған таза пайда көрсеткiшiнiң орындалуы 137% құраған.

Негiзгi және негiзгi емес қызметтен түсетiн табыс жоспарлы 14 670 млн. теңге барысында 13 490 млн. теңгенi құраған. Табыс бойынша жоспардың орындалуы 92% құраған. Табыстардың азаюы негiзгi қызметтен түсетiн табыстардың төмендеуiмен байланысты.

Бұл жағдай Тұрақтандыру бағдарламалары бойынша бөлiнген қаражаттар көлемiнiң жоспарлы төмендеуiмен және олардың 2015 жылдың соңына қарай жабылуымен байланысты. Сонымен қатар, Азиялық даму банкiнiң 2014 және 2015 жылдардағы 2-шi және 3-шi транштарының несиелiк қаражаттары есебiнен уағдаластырып тарту бағдарламалары бойынша ЕДБ-мен бөлiнген қаражаттар көлемiн ұлғайту жоспарланып отыр. Қордың жалпы шығыны 2014 жылы жоспарлы 11 493 млн. теңге барысында 8 872 млн. теңгенi құрады. Шығын үнемi 2 620 млн. теңгенi немесе шамамен 23%-ды құрады.

Қордың жеке капиталы 01.01.2015 ж. жағдайына қарай 80 070 млн. теңге құраған. Жеке капиталының 2,4 млрд.теңге көлемiнде ұлғаюына 3,48 млрд.теңге көлемiнде таза пайда алынуы әсер еткен.

УБҚ-дың орташа безбенделген табыстылығы 6,16% құрайды. Қаржы активтерi бойынша сыйақының орташа безбенделген мөлшерлемесi – 7,3%. Қаржы мiндеттемелерi бойынша сыйақының орташа безбенделген мөлшерлемесi – 5,2% (кесте 4).

 

Кесте 4. Қызмет табыстылығының көрсеткiштерi

Атауы
жоспар дерек %орынд
ROA, активтердiң табыстылығы 1,80% 1,90% 1,50% 2,10% 141%
ROE, капиталдың табыстылығы 7,50% 4,50% 3,30% 4,40% 132%
Қызметiнiң табыстылығы 29,90% 35,50% 22,10% 39,30% 178%
Таза табыс, мың теңге 3 461 820 3 456 204 2 541 599 3 488 006 137%
Nimargin 26,90% 27,80% 19,20% 30,80% 160%

 

2014 жылы оң таза табыстың алынуына байланысты, қызмет табыстылығы көрсеткiштерiнiң жоспары асыра орындалғандығы байқалады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жүргізілген зерттеулерге негізделе отырып, келесі қорытындыларды шығаруға болады.

Жүгізілген талдау негізінде келесілер анықталды:

· 2014 жылы ШОК субъектiлерiнiң саны 1 542мың бiрл. жеткен, ал олардың елiмiздегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жалпы санындағы үлесi 95,1% деңгейiнде бағаланады.

· Соңғы үш жылда Қазақстанның ЖIӨ-i нақты көрiнiсте тұрақты өсудi көрсетедi. Мәселен, 2012 жылы 7,5%-ға ұлғаюы нәтижесiнде, ЖIӨ 27 301млрд. теңге құраған. 2013 жылы ЖIӨ 5%-ға өскен, бұл 30 073млрд. теңге деңгейiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. 2014 жылы ЖIӨ 6%-ға артып, 33 521млрд. теңге құрады.

· Жылдың соңына қарай, «БЖК 2020» бағдарламасы шеңберiнде 2011 жылдан берi iске асырылып келе жатқан «Бизнес-Кеңесшi» жобасы шеңберiндегi тыңдаушылардың саны 52 065адамды құраған.

· «Бизнес-Кеңесшi-II» жобасы – 1 327кәсiпкер. «Жас кәсiпкер мектебi» жобасы – 632тыңдармын. «ШОБ топ-менеджментiн оқыту» жобасы – 420 кәсiпкер. «Iскерлiк байланыстар» жобасы – 544кәсiпкер.

· Қаражаттарды уағдаластырып орналастыру, сыйақы мөлшерлемелерiн қаражаттандыру және несиелердi кепiлдендiру бағдарламаларын iске асыру есебiнен қаржылық қолдау көлемi 295 418млн. теңгенi құраған (жоспардан 122%).

Бүгінгі таңда ШОК субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және ха-лықты кәсiпкерлiкке тарту алғы қатардағы мақсаттардың бірі болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшiн қойылатын негiзгi мiндеттер:

• «БЖК 2020» бағдарламасы шеңберiнде оқыту және кеңес беру бойынша оператор қызметiн са-палы атқару;

• ШОБ субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа ақпараттық-талдамалық және кеңес беру қызметтерiн қашықтан көрсету құралдарын ендiру;

• Қазақстанның барлық өңiрлерiнде кәсiпкерлерге қаржылық емес қолдау инфрақұрылымын дамыту;

• ШОК секторының дамуына тұрақты талдамалық зерттеулер өткiзу және мониторингiлеу.

Сонымен қатар «Даму» Қоры қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатын-да келесi мiндеттер орындалуы тиiс:

• корпоративтiк басқаруды жетiлдiру;

• тиiмдi кадрлық саясат жүргiзу;

• кәсiпкерлер, мемлекеттiк органдар, ұлттық даму институттары мен басқа ұйымдар арасында «бiрыңғай терезе» және байланыстырушы буын қызметiн орындап, өңiрлiк дамыту;

• активтердi тиiмдi басқару.