D) Балам бірінші сыныпқа барды

E) Заттарды бір-бірлеп кіргізіңдер.

 

98. Заттың дәмін білдіретін сөзді белгілеңіз.

A) ақ

B) тәтті

C) сұйық

D) салқын

E) ыстық

 

99. Заттың көлемін білдіретін сөзді белгілеңіз.

A) кең

B) қара

C) әдемі

D) ыстық

E) қызыл

 

100. Сөйлемнің бірінші бөлігін көрсетіңіз.

... іссапарға кетеміз.

A) Біз екеуміз

B) Орынбасарлар

C) Сен бастықпен

D) Ол бөлім бастығы

E) Ол орынбасары

 

101. Сөйлемді толықтырыңыз.

... театрға шақырамын.

A) біз

B) сізді

C) менен

D) сенімен

E) оған

 

102. Сөйлемді толықтырыңыз.

... менің жақын досым.

A) Бұлар

B) Осыған

C) Ол адам

D) Соның өзі

E) Ол туралы

 

103. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мен ... кеше сөйлестім.

A) мұны

B) сендер

C) онымен

D) мыналарда

E) бізбен

104. Қашан? сұрағына жауап беретін сөйлемді табыңыз

A) Жылдық есепті тапсырдым.

B) Құжаттарды хатшыға апардым.

C) Түске дейін жиналыста болдым.

D) Іссапарда бірнеше күн боламын.

E) Әйгілі жазушымен кездесу болды.

 

105. Сөйлемді толықтырыңыз.

Сұрағы бар сөйлемді табыңыз.

A) Жұмысқа ерте келдім

B) Құжаттар дайын болды

C) Кабинетіме жаңа жиһаз әкелді

D) Жиналыста қанша адам болды

E) Дөңгелек үстел қызықты өтті

 

106. Заттың қимылын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бүгін күн суық.

B) Биыл қыстай қар көп.

C) Далада жаңбыр жауып тұр.

D) Жаз бойы ауа райы тамаша!

E) Бүгінгі күн керемет!

 

107. Етістігі бар сөйлемді табыңыз.

A) Жол жүру ережелері.

B) Жазда саяхатқа барамын.

C) Маған іссапар куәлігі керек.

D) Бұл – менің алғашқы сапарым.

E) Бұл – менің алғашқы жеңісім.

 

108. Өткен шақты табыңыз.

A) Концерт кеш басталады.

B) Отбасыммен киноға бардым.

C) Театрда тамаша спектакль болады.

D) Кинотеатрға күрделі жөндеу қажет.

E) Ертең жолдасыммен концертке барамын.

 

109. Өткен іс-әрекетті білдіретін қатарды табыңыз.

A) Білімім жоғары.

B) Бүгін менің туған күнім.

C) Әкімдікте жұмыс істедім.

D) Оның еңбек өтілі − жиырма жыл.

E) Биыл мен үшін соңғы оқу жылы.

 

110. Болымсыз іс-әрекетті табыңыз.

A) Пошташы хат әкелді.

B) Бастық бүгін келмейді.

C) Ол мені жақсы таниды.

D) Хатшы факс қабылдайды.

E) Орынбасар басқа қалаға кетті.

 

111. Орындалмаған іс-әрекетті табыңыз.

A) Құстар ұшып кетті.

B) Жаңбыр жиі жауады.

C) Өзенде су әлі қатпады.

D) Ағаштардың жапырақтары сарғайды.

E) Күзде күн суық болды.

 

112. Дәл қазір орындалып жатқан іс-әрекетті табыңыз.

A) кешке барады

B) ертең келеді

C) келе жатырмын

D) қазір айтпаймын

E) кеше келді

 

113. Осы сәтте өтіп жатқан әрекетті білдіретін сөйлемді табыңыз.

A) Ертең ауылға кетемін.

B) Ол іссапарға бара жатыр.

C) Сен досыңмен ертең кездес.

D) Біз бүгін мұражайды араладық.

E) Кеше мен досыммен кездестім.

 

114. Осы сәтте орындалмайтын әрекетті табыңыз.

A) Пойыз әлі жүрген жоқ.

B) Темір жолдан өтпеңіздер.

C) Пойыздың жүру кестесі бар.

D) Анықтама бюросына барамын.

E) Орталық залға барып отырдым.

 

115. Болымсыз іс-әрекетті білдіретін сөзді табыңыз.

A) барды

B) келеді

C) айтады

D) келмеді

E) сөйледі

 

116. Сөйлемді толықтырыңыз.

Пойыз тағы біраз ... деп ойлады.

A) барды

B) келеді

C) тұрады

D) қалдым

E) жүрмей

 

117. Орындалмайтын іс-әрекетті білдіретін сөйлемді табыңыз.

A) Студент тамаша биледі.

B) Гитараны қолына алды.

C) Музыканы жәй қоймады.

D) Ол домбырада жақсы ойнайды.

E) Әнді керемет айтады.

 

118. -ты жалғауымен жасалатын сөзді көрсетіңіз.

A) кітап

B) қалам

C) дәптер

D) өшіргіш

E) тақта

 

119. -ға қосымшасы жалғанатын сөзді белгілеңіз.

A) Қызылорда

B) Шығыс

C) Шымкент

D) Батыс

E) Солтүстік

 

120. -дің жалғауы жалғанатын сөзді табыңыз.

A) үй... терезесі

B) қыз... суреті

C) базар... бағасы

D) Жанар... оқулығы

E) айна... беті

 

121. Жалғауды дұрыс жалғаңыз.

A) Жанаттың әкесі

B) Мұраттің сабағы

C) Беріктың кеңесі

D) Қарлығаштің жұмысы

E) Қайраттің үйі

 

122. Көптік жалғаудың жалғаулары:

A) -лар, .лер

B) -ға, ге

C) -ма, ме

D) -сы, сі

E) –ды, ді

 

123. Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

A) студенттер

B) университетке

C) Алматыдан

D) кітапханаға

E) дәрісханадан

 

124. Жіктік жалғаудың жалғаулары:

A) -пын, пін

B) -дар, дер

C) -са, се

D) -ша, ше

E) –да, де

 

125. Бірге жазылатын сөзді белгілеңіз.

A) бой жеткен

B) қыз бала

C) жас жігіт

D) ұл бала

E) сары жігіт

 

126. Екі сөздің бірігуінен жасалған сөзді табыңыз.

A) қонақжай

B) жеміс

C) жидек

D) тағамдары

E) сусындар

 

127. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.

A) биік биік

B) көк бұлт

C) ашық күн

D) таза ауа

E) ашық аспан

 

128. Асты сызылған сөздің екінші жартысын табыңыз.

Демалыс күндері жиі - ... қыдырамын.

A) жиі

B) бірде

C) кейде

D) үнемі

E) бірде

 

129. Қысқарған сөзі бар сөйлемді табыңыз.