Этникалық жанжалдың мәні мен сипатын түсіндіріңіз

этникалықтықтың әлеуметтік-тарихи табиғатын бірмәнділіктің көптүрлілігі деп түсінсек, онда этникалықтықтан мистикалық және құпиялық сыр-перделер ысырылып тасталынады. Мұндай жағдайда «халық жаны», «халықтың мінез-құлқы», тіпті «этникалық өздік сана» сияқты құбылыстар әлеуметтік тұрмыс әуенінің көпдауысты хоры түріндегі орындалуы болып шығады. Ал этникалық ерекшеліктерді әлеуметтік-жалпыламалықтың айырмашылық-тары ретінде қабылдаймыз. Алайда, олар топтық және жеке-даралық (субъективтік) ерекшеліктер этникалық өздік санада мүлдем өзгеріп шыға келеді. Этникалықтықты айырма-шылықтар түрінде қабылдау өз-өзінен түсінікті жәйт. Бұл – стереотиптік әдетке айналып қалатын жағдай. Себебі, этникалықтықты көбінесе төңіректе көрінетін әлдеқандай басқа топтарға байланыстыра қарап, қарама-қарсылықтар мағынасында түсіну кісілердің әдетінде бар нәрсе. Осындай қарап-қабылдаулардың тарихи негіздері неде? Ашығын айту және мойындау керек, олардың негізінде әрқайсымыздың санамызда белгілі бір этникалық топтың бөтен-бөгде қауым түрінде қабылдануы жатыр. Бұл – заңдылық. Ал, бәсеке-лестіктің негізін этнос мүшелері тарапынан өз тобын басқа бақталас нақтылы топтан немесе оның мүмкін болған экспансиясынан және қысымынан қорғауға немесе өздері күшті болған жағдайда бақталас топты кейбір кездерде жойып жіберуге деген ұмтылыс құрайды. Кез келген жағдайда қарама-қарсылық қатынастарына тартылған индивид өзінің әлеуметтік жағынан (әлеуметтік қана емес) өз этносы қанатының астында тұрып қана қорғалатынын түйсінеді, түсінеді. Ол өзінің қауіпсіздігін және мүмкін болған жетістіктерге қол жеткізуін тек өз тобы мүшелерімен өзара қатынаста болу арқылы ғана қамтамасыз ете аламын, – деп ойлайды[33].Субъектінің этникалық қатынастарының үш деңгейінің көріністері Ю.П.Платонов пен М.В.Харитонов тарапынан сипатталған. Олар мына ұғымдар арқылы белгіленеді: «өзіндік (өзі үшін болған) этникалықтық», «социумдық өзіндік этникалықтық», «мемлекеттік өзіндік этникалықтық»[34]. Өзіндік этникалықтық субъектілердің өмір бойғы іс-қызмет әрекеттерінде ұғынылмауы да мүмкін. Бірақ басқалармен қарым-қатынастарында, бұлардың этникалық жағынан бақталас еместігін танып білген жағдайда, субъектілер өздерінің жүріс-тұрысында этникалық иерархиялықтар мен этникалық экспектацияларды басшылыққа алады.«Социумдық этникалықтық» субъектінің тәртібін анықтайтын қарым-қатынастар жүйесімен сипатталады. Мұнда ол сол әлеуметтік қауымдастықтың этникалық стандартына сай келуге тырысады. Ал мұның өзі, өз кезегінде, субъектінің өмірлік бағдарымен байланысты болып, этникалық жағынан маңызды болған түрлі қалыптық іс-әрекеттер мен ой-сезімдерде көрінеді.Мұнда субъектінің диспозициясы (өзін ұстауы, бағыт алуы) жоғары деңгейдегі құндылықтық бағдарлармен сәйкес келеді. Бұл бағдарлар оның өзара әрекеттесуін әлеуметтік мақсатқа сай келу тұрғысынан ретке түсіріп отырады. Бұл әлеуметтік мақсатқа сай келушілік этникалық жағынан маңызды ортақ мақсаттарға жету жолындағы объективті заңдылықтардан туындайды. Осы деңгейде «мемлекеттік өзіндік этникалықтық» диспозиция да жүзеге келуі мүмкін. «Мемлекеттік өзіндік этникалықтық» субъектіні мемлекет немесе елдің жетекші этникалық тобымен сәйкестендіруімен сипатталады. Мысалы, шет елдерге шыққан Ресей тұрғынының нақты ұлтына қарамастан, олар «орыс» деп қабылданады. Бұл механизм американдықтардың тұрмысынан табылады, оның үстіне мұндай механизм АҚШ өкіметі тарапынан жасанды түрде үстемелетіп орнықтырылуда. Егер де тегі жағынан латынамерикандық, ағылшын немесе орыс болған кісілер АҚШ азаматтығын қабылдаса, олар кез келген елде «американдық» деп қабылдана береді. Жоғарыда аталған диспозициялық құрылымның иерархиясы субъектінің этникалық тұрғыдан жүріс-тұрысын реттейтін жүйе түрінде көрінеді.Халықтың пайда болуы мен тегінің бірлігі жөніндегі түсініктерді Г.В.Шелепов этникалық өзін-өзі танудың негізгі элементі деп есептейді. Этнология ғылымына мәлім болғанындай, әрқандай этникалық қауымның әлдеқандай басқа бір ілкі этникалық қауымдастықтан бөлініп шығуы – күрделі және ұзаққа созылатын процесс. Сонымен бірге араласып кетудің нәтижесінде этникалық қауымдардың кейбіреулері ыдырап кетеді және олардың орнын басқалар басады. Жаңа қауымдардың пайда болуына басқа этникалық топтардың да ықпалы болған. Халықтардың этникалық жағынан қалыптасуында моноэтникалыққа қарағанда полиэтникалықтың үлесі көбірек болған деген пікір қалыптасқан. Л.Н.Гумилевтің атап көрсеткеніндей, «мың жылдық толқу-толқындардың нәтижесінде халықтар тоқтаусыз араласып жатады. Сол себепті, әлдеқандай «таза» этностар және абсолюттік мағынадағы өзіне тәндік туралы сөз қозғаудың өзі артықша. Этностар әрдайым байланыстар нәтижесінде пайда болады. Әрқандай жаңадан пайда болған қауым ең кемінде екі байырғы қауымнан құралады. Шынында да, өмірде одан да көбірек құрамдас бөліктердің қатысуын көптеген тарихи мысалдардан көруге болады»[Халықтың тарихи дамуы барысында өзге этностардан қабылданып алынған мәдени және моральдық ерекшеліктер этникалық санадан жойылып, өшіп, ұмыт болып кетуі мүмкін. Сол себептен кісілердің этникалық өзіне тәндігін арғы ата-бабаларына ғана теліп келгендігін өте көптеген халықтардың этникалық тарихынан көруге болады. Бұл ретте діннің және аңыз-әпсанаға айналған сананың әсерін айтпай кетпеуге болмайды. Түптің түбінде этностың «ежелгі бабасы» «қасиеттілік» статусын иемдене бастайды. Мәселен, арабтар өздерінің пайда болуын Ибраћимнің ұлы Ысмайылмен байланыстырады: Ибраћимнің Хаджар есімді әйелі мен ұлы Ысмайыл сүргінге ұшырап шөл даладан бір-ақ шығады. Періште Жәбірейіл (ең бірінші періште) оларға Мекке төңірегінде зәмзәм бұлағына баратын жолды көрсетеді, сөйтіп олар тірі қалады-мыс.Көптеген халықтардың аңыз-әпсаналары – этнос және оның этникалық мәдениетінің Құдай тарапынан жаратылғандығын жария етеді. Халықтың Құдай тарапынан жаратылғандығы турасындағы идея оның мәдениетінің де тәңірлік сипатқа ие екендігі жөніндегі түсініктермен араласып кеткен. Осы негізде кісілердің өз халқының тегін, этникалық әулеттерін, өздерінің атақты қаћармандарын, олардың бейнелерін тарихтың қалың қойнауынан іздеп табуға деген талпынысымен бір қатарда олардың нақтылы орта мен бір жерде кәдуілгідей және әпсаналық тәрізде өмір сүргендігі жөнінде ерекше бір ілтипатпен, ыстық сезіммен сөз қозғайтыны рас. Мұндай естеліктермен бірге бөгделердің өздерінің этностық ата-бабаларына жасаған қыңыр-қиянат пен залалды істері туралы әңгімелер қоздап қатар жүреді.Жалпыға мәлім, көптеген елдерде ұлы оқиғалар түгілі, ұлы тұлғалардың, мысалы, жүрген, жерленген немесе тіпті түстеніп кеткен жерінің атаусыз қалмайтыны белгілі. Бірақ бұл ретте де тарихшы ғалым В.Б.Иорданскийдің атап көрсеткеніндей, тарихты аңыздандыру әдетке айналған. Нәтижесінде, «этнос» туралы түсініктер объективті фактілер мен шындықтан түбірімен алшақтап кетеді. Әсіресе, оның ішкі бірлігі мен тазалығы жөніндегі аңыздар бұл түсініктердің ең маңызды белгілерінің біріне айналып қалады

53.Этносаралық жанжалдарды реттеудің ерекшеліктері мен принциптеріне тоқталыңыз және талдау жасаңыз. Қазіргі әлеуметтік шындықты гуманистік тұрғыдан қарастыру жалпы гуманизмнің мәнін түсінумен байла-нысты, оның негізінде гуманистік позиция және белгілі бір әлеу-меттік құбылыстар мен процестерге сай гуманистік қатынас қалыптасады. Ғаламдық сипат алатын көптеген әлеуметтік қай-шылықтар ғылыми-техникалық прогреспен байланысты. Сондық-тан осы процеске және оның болашағына деген гуманистік көз-қарастың сипатын анықтау да маңызды болып отыр. Қазақстанда бірнеше этностардың бірге өмір сүрінің зор әлеуметтік, саяси, адамгершіл-этикалық тәжірибесі жинақталып, көптеген этностардың рухани құндылықтарының жемісті алма-суы жүзеге асқан. Қазақстан халқының тарихи жадында этнос-аралық қатынастардың ерекше тәжірибесі бар. Әлемде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени қатынастардың ең күрделі, қарама-қайшы әрі нәзік қырларын этностардың ара-сындағы қатынастар құрайды және олар елдегі саяси ахуалға, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың жағдайына, мем-лекеттік-құқықтық институттардың тиімділігіне, мемлекеттік ұлт-тық саясатының пәрменділігіне негізделеді. Адамдардың мате-риалдық және рухани құндылықтармен, тәжірибемен, этностар-дың мәдени жетістіктермен, өмір сүру салттарымен, тұрмыстағы ерекшеліктермен өзара алмасуы этностардың қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асады. Сонымен бірге, этносаралық қатынас барысында өзара әрекет жасайтын халықтардың дәс­түрлі түсінігіндегі, көзқарасындағы, мүддесіндегі, дәстүрі мен құн-дылықтарындағы ерекшеліктер қақтығысы орын алады, сондық-тан ол арнайы моральдық, әлеуметтік-психологиялық, саяси-құқықтық реттеуді, тікелей этносаралық байланыс саласында тұлғаның мінез-құлқына әлеуметтік бақылау жүргізуді қажет етеді. Этносаралық қатынастардың жоғарғы мінез-құлықтық мәдениеті күнделікті этносааралық байланыстарды реттеудің ең маңызды факторы болып табылады. Бұл салада тиісті моральдық, саяси-құқықтық реттеу болмаса, этносаралық қарама-қайшылықтар этно-саралық қарсылыққа, жанжалға ұласып кетуі мүмкін. Қарым-қатынас жасау мәдениеті топтар мен тұлғалардың байланысы контексінде этносаралық өзара әрекеттердің қайшы-лықты жағдайында адамның мінез-құлқына әлеуметтік бақылау жүргізудің маңызды түрі болып табылады. Бұл тұста, қарым-қатынас мәдениетінің мәні оның төзімділікті этносаралық сұхбатқа бағытталған әртүрлі ұлттың адамын біріктіретін рухани және сая-си құндылықтарға, этномәдени дәстүрлер мен ұйғарымдарға негізделуінде. Қарым-қатынас мәдениеті ұлттық-мәдени дәстүрлерден тыс, өздігінен өмір сүрмейді. Ол аталған қоғамдастықтың жалпы мәдениеті контексінде жүзеге асады. Сонымен, ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті ұлттық мәдениеттердің бір бөлігі болып табылады. Қызметтік тұрғыда ол адами қарым-қатынастардың мәдениетімен байланысты. Ол белгілі бір дәуір мен белгілі бір қоғамға тән қасиеттермен сипатталады. Оның негізінде әр халықтың бейбіт, өркениетті қатар өмір сүру, достық қарым-қатынастың ғасырлар бойы жинаған тарихи тәжірибесі жатыр. Бұл тәжірибе дәстүрлерде бекіп, ортақ мүддені көздеп, қатар өмір сүруде жүзеге асады. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы күрделі, ұзаққа созылған үдеріс және ол қоғам өміріне өздігінен кірі-гіп, адамдар мінез-құлқында механикалық түрде жүзеге аспайды. Адамзатқа ортақ құндылықтар мен нормалар ұлтаралық қатынастарды реттеудің негізгі факторы болып табылады. Түзу, әдепті, төзімді қарым-қатынастан шүбәсіз нақтылыққа айналуы тиіс. Ол үшін тұрғындарды, ең алдымен, жас буынды үйретудің, білім беру мен тәрбиелеудің барлық сатыларында тиімді жұмыс атқару қажет. Тарихи тәжірибе мен әлемдегі қазіргі жағдай ұлтаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік шындықты гуманистік рухани-тәжірибелік тұрғыда өзгертуді талап етеді. Бәріміз де этносаралық қарым-қатынастардың гуманизациясы қажетті әлеуметтік мұқтаждыққа айналғанын және оның сұхбат пен төзімділік қағидаларына негізделіп, құрылуын мойындаймыз. Сондай-ақ, қоғамдағы әлеу­меттік-саяси, экономикалық тұтастықты және қоғамдық келісімді сақтап қалу үшін, ең алдымен, қоғамдық дамудың қазіргі талаптарына сай қоғамдық институттардың бірінші кезекте, гуманизм мен төзімділік қағидаларына негізделген білім беру институтының қызмет етуінің жаңа үлгісін жасау керек. Білім беру жүйесі арқылы жастардың өмірдің бағыт-бағдарының қалыптасу үдерісіне ықпал етуге болады. Білім беру жүйесі ұлтаралық қатынастарды реттеу тетігі саналады, өйткені жастар қоғамдық дамудың әлеуеті бо-лып табылады. Жастардың моральдық-адамгершілік жағдайы қоғамның дамығандығының нақты белгісі болады.Адамгершілік, руханият, төзімділік, бейбітшілік, ізгілік, әділ-дік, өзара түсіністік, өзара құрмет - ұлтына, нәсілі мен дініне қарамастан, барша адам үшін сөзсіз маңызды тегеурінді та-лаптар. Бұл негіздегі ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті адамның ұлттық ар-намысына тікелей немесе жанама түрде қысым жасаудың, кемсітушіліктің, құқық теңсіздігінің, этникалық негізде зорлықтың кез келген түрін қабылдамауды білдіреді. Ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы гуманизм этника-лық тамырлары мен нәсілдік ерекшеліктеріне қарамастан адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркін дамып, өз қабілеттерін көрсету құқықтарының шартсыздығын мойындауды талап етеді. Гуманистік ұлттық саясатты жүргізу дегеніміз - ұлтаралық қарым-қатынастарды барлық интернационалдық өзара әре-кетке қатысушылардың мүдделерін ескеріп, реттеу деген сөз. Этноұлттық саясаттың гуманистік стратегиясы жалпы адами басымдылықтарды, құндылықтарды, рухани бастауларды жүйе-лі жүзеге асыруды, қазіргі саяси және экономикалық пайдадан гөрі, адамгершілік стимулдардың басымдылығын білдіреді. Қоғамдық-саяси, ұлтаралық қарым-қатынастардың гуманистік құнды-лықтары мен дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасып, қазіргі маңызды құқықтық құжаттар мен саяси декларациялар-да (Б¥¥ жарғысы, ЕҚЫҰ құжаттары және т.б.) бекітілген. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасында жүзеге асқан. Мәселе оларды ұлтаралық өзара әрекеттер мен қарым-қатынастардың барлық деңгейінде нақты саяси және құқықтық тәжірибеде жүйелі әрі мүлтіксіз жүзеге асыруға байланысты. Тәуелсіздік жағдайында алынған тәжірибе этникалық императивтердің ел ішінде немесе басқа елдермен байланыста орын-далмауы мүмкін емес белгілі бір шарттарды қоятынын көрсетіп отыр. Сондықтан Қазақстанда, негізінен, жағымды бағытта дамып отырған ұлтаралық өзара әрекеттерді реттеудің белгілі бір үлгісі жасалған. Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, жарияланған ұлттық саясаттың бағыты мен оны жүзеге асырудың нақты тетік­тері арасында, этносаралық бірігудің мінсіз нормативті үлгісі мен этносаралық өзара әрекеттің қайшылықты, көбінесе, жанжалды сипаты арасында белгілі бір алшақтық бар. Мұның бәрі кейбір жағдайда ұлтшыл және шовинистік уәждерді бүркемелеудің, өзін басқа этникалық қоғамдастықтардың өкілдерінен ерек санап, тіпті, артық көру сезімін туғызудың құралы ретінде отансүйгіштік құндылықтардың қабылдануына әсерін тигізеді. Қазіргі Қазақстан - тарихи-мәдени мұрасы бай жас, амбициясы зор мемлекет ретінде алдына биік әрі бекзат мақсаттарды қоя-ды және оларға қол жеткізуге әлемдегі қаржылық-экономикалық жаһандық дағдарыс та кедергі бола алмайды. Қазақстанның ұлттық идеясының рухани-адамгершілік негізіне адамның жаңа дүниетанымының және практикалық өмірінің қалыптасуындағы негіз ретінде гуманизм алынуы тиіс. Бірте-бірте Қазақстан өзінің даму жолына түсуде, сонымен қа-тар, өзінің біртектілігі мен тұтастығын сақтай отырып, сол жолмен жүру қабілетін де қалыптастырып келеді. Бұл үдерісте азаматтар-дың отансүйгіштігі ерекше маңызға ие болғандықтан, аталған құбылыс ғылыми-зерттеу міндеттердің санатына қосылу тиіс. Мұндай ұстаным бірқатар маңызды жайттарға негізделеді, олар: біріншіден, Қазақстанның тәуелсіз және егемен мем-лекет мәртебесін иеленуі мен оның халықаралық саясат пен құқықтың белсенді субъектісіне айналуы; екіншіден, елдің әлеу-меттік-экономикалық және саяси жаңғыруының, адам өмірінің демократиялық негіздерінің нығаюы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері; үшіншіден, нығайып келе жатқан жаңа қоғамдық қатынастарды, қоғамдық, жеке саналарға ықпал ету тұрғысынан өмірлік мәні бар құнды-лықтардың өзгеруін, біздіңше, адами болмыстың, ең алдымен, адами тұлғаның өзіндік рухани-адамгершіл жетілдіруінің терең қабаттарын әлеуметтік-мәдени әрі тұлғалық аспектіде қозғайтын отаншылдық идеологиясы мен мәдениетінің мазмұнын әлеу-меттік-философиялық тұрғыда саралау қажеттілігі; төртіншіден, қазіргі геосаяси жағдайдың сипаты мен жаһандану үдерісімен байланысты болуы мүмкін салдары. Осыған орай, Отан-Атаме-кеннің жаңа бейнесінің қалыптасуымен және оның нығайып, әрбір Қазақстан азаматының жасампаз қызметіне түрткі бола-тын қайнарға айналуымен байланысты мәселелер кешені өзекті болмақ. Бесіншіден, ел өмірінің қазіргі қарқыны қоятын талаптар мен аталмыш мәселе бойынша теориялық-әдіснамалық жұмыстардың, тұрғындардың, әсіресе, жастардың патриоттық әлеуметтенуіне қатысты әлеуметтік-мәдени үдерістердің арасында сәйкестіктің болмауы. Әлеуметтік шындықты құндылықты тұрғыда құраудың мүлдем жаңа жүйесін қалыптастырып отырған Қазақстан тұрақтандырудың жүйелі әрі тиімді тетігіне объективті түрде зәру және ондай тетік өзінің әлеуметтік-этникалық және рухани-мәдени өзіндік ерекшелігінің, өзінің жеке-дара бейне-сінің шайылып, жойылуына, олардың абстрактілі баршаға ор-тақ құндылықтық категорияларға айырбастауға қарсы тұруы тиіс. Мұндай мағынада патриотизм мәселесі көп этникалық, көп конфессиялық, демократиялық тұрғыда ұйымдасқан қоғамның арқауы ретінде, оны нәсіліне, ұлтына, дініне, кез келген ерекшелігіне қарамай, ортақ құндылықтық өлшемдер мен өмір-дің өзіндік мәндерін табу мақсатында ел азаматтарын біріктіруге қабілетті конструкцияның анықтамасымен байланысты болып шығады. Қоғамның тарихи-мәдени дәстүрлері бізге гуманистік дүние-танымды, адам мен оның қазіргі қоғамдағы орны туралы жаңа тұ-жырымдаманы жасауға мүмкіндік береді. Біздің пікірімізше, ондай дүниетанымда зор жасампаз бастау бар және ол адамға әлеуметтік өзгерістер ағысында тұрақтылық теңгерімін табуға мүмкіндік беретін маңызды құндылықтық бағдар болып табылады. Қазіргі жаһанданған әлемде ең қауіпті нәрсе қазіргі өмір сүріп жатқан адамдардың, әсіресе, жастардың ұлттық-мәдени мұрадан мақсатты түрде ажырату, буындар арасындағы байланыстарды үзіп, ежелден қалыптасқан бейімделу және өзін-өзі тану тетіктері мен өлшемдерді бұзу. Ол үшін әртүрлі құралдар қолданылуда: таза алдау мен олардың санасы мен мінез-құлқына арсыз әсер етуден бастап, өмірлік мәні бар құндылықтар бағанын өзгертуді талап ететін өктем шарттарды қою (үрейлендіретін тәсілдер арқылы экономикалық, саяси өктемдік жүргізу)...

54. Жанжалды басқару әдістері және шешу жолдарына атаңыз және талдау жасаңыз. Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістеріБәрімізге белгілі болғандай, пайда болған жанжалдың алдында кез келген, керек десеңіз оның жақсы қызмет етуіне қатысатын ұйымда әлеуметтік шиеленіс болады. Әлеуметтік шиеленіс ереже бойынша, тербеледі, бірақ дұрыс ұжымда ол норма деңгейінде болады. Өз кезегінде қайшылықты дамуда шиеленіс шекарадан асып кетеді және ұжымды бұзатын аса шиеленіскен жәйт болады.Әлеуметтік шиеленістің дамуындағы негізгі кезең ретінде жетеуін бөліп көрсетуге болады. Бұлар:1) әлеуметтік шиеленістің жағдайлық деңгейі - норма;2) әлі сирек ұғынылған шиеленістің латентті(жасырын) сатысы;3) шиеленістің күшеюі және қарама-қарсы жаққа талаптарды өңдеу;4) шиеленістің сыни сатысы және күрделі жанжалға өтуі (күтпеген оқиға);5) жарылыс, жағдайдың жылдамдатылған дамуы;6) кульминация;7) жағдайлық деңгейге дейін құлау.Қалай болғанда да, жанжал уақытпен ауысатын жанжалдылықтың деңгейі ретінде түсінілетін әлеуметтік шиеленістен өсіп шығады. Осылайша, әлеуметтік шиеленіс бір-бірімен өзара байланысқан әлеуметтік факторлардың нәтижесі болады. Олар: қанағатсыздық, оның бұқаралығы және пайда болу әдістері.Ереже бойынша, әлеуметтік жанжалдың күрделілігі, адамдардың жоғары эмоционалды жағдайында; жергілікті жанжалдардың жиілігінен; кінәліні іздеу және адамдар девиациясында орын алуымен көрініс береді. Адамдардың қанағаттанбаушылығының көріну формасы, әсіресе өнеркәсіпті жанжалда мынадай болуы мүмкін: а) бірнеше адамның сұхбаттары (сыбырлау), “асханалық сұхбат” деп аталады;b) өндірістік жиналыстар мен мәжілістерде белгілі бір талаптармен сөз сөйлеу;c) бірнеше адамның жұмыстан тіпті қыр көрсетіп кетуі;d) саботаж (тапсырманың ұжым бойынша орындалмауы);e) ұжымдық аштық жариялау;f) демонстрация және митинг;g) бүлікшілік (құрал жабдықтарды, ғимараттарды бұзу, өртеу және деликвентті сипаттағы басқа қылықтар);h) ереуіл.Әдетте әлеуметтік жанжал төрт сатыға бөлінеді:1) алдынғы жанжалды;2) жанжалды;3) жанжалды шешу сатысы;4) жанжалдан кейінгі жағдай.Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек.Екінші кезең, әдетте жанжалдасушы жақтарды қозғалысқа, сонымен қатар, олардың қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерін жете түсінуге әкелетін күтпеген оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл кезеңде жанжал жасырыннан ашық түріне айналады және жанжалдық жүріс-тұрыстың әр түрлі формасында көрінеді.Жанжалдық жүріс-тұрыс - бұл қарама-қарсы жақтардың олардың мақсаттары мен ниеттерін тура немесе жанама түрде қоршауға бағытталған әрекет.Дәл осындай жүріс-тұрыс жанжалдың дамуының екінші, негізгі кезеңін сипаттайды. Бұл кезеңде тек жанжалдасушы жақтардың мақсаттарын жете түсіну ғана қажетті емес, сонымен бірге бірінші сатының өзінде-ақ басталатын күреске психологиялық нұсқауды қалыптастыруды жалғастыру қажет.Екінші сатыдағы жанжал өте күрделі формаларды қабылдайды, екі жақ жағымды өзара қатынас орнату бойынша бұрынғы барлық келісімдерді бұзуға тырысады. Екі жақтың өшпенділігі психологиялық түрде дұшпанын іздеуге бекітіледі. Сонымен, жанжалдық әрекет ұрыс-керісті жылдам ушықтырады, ал ол өз кезегінде адамның ауытқу жүріс-тұрысын ынталандырады. Оның белгісі - оппоненттер позициясына, олар тарапынан қорқынышты бейтараптығына шабуыл. Осымен қоса, бұл сатыда бір уақытта әлеуметтік топтардағы өзгеріс есебінен құндылықтарды қайта бағалау болып жатады. Сонымен, жағдайға байланысты оппоненттердің тиімді өзара әрекеттесу жолын таңдау сатысы - үшінші саты шабуыл жасайды.Бұл сатыда жанжалды шешу кезінде екі жақтың келісім жолымен татуласуы болады. Мұндай татуласу егер екі жақ жанжалды жалғастырғаннан гөрі бейбітшілікке жету әлдеқайда тиімдірек деген сенімге келгенде мүмкін.Тәжірибе көрсеткендей, болған жанжалда, оған қатысушылар арасындағы коммуникативті байланыс бұзылса, онда тиімді шешуге жету ортадағы дәлдалсыз мүмкін емес. Делдалдар жанжалды ынтымақтастыққа, ал “соғыстың күйін” - “азаматтық бейбітшілікке” айналдыру керек.Өмірде әр түрлі делдалдар болады. Делдалдар “аралық сот” тәрізді болуы мүмкін, олар тәуелсіз, өйткені ол үшін ең бастысы - заң. Келісімдердің осы типі үшін оның қатысушыларына еркін отыратын төрт бұрышты үстөл тән.Делдалдың екінші түрі “ойнаушы бапкер” сияқты көрінеді. Ол үшін дөңгелек үстөл тән. Жанжалға қатусушылардың талапты қалай шешетіні үлкен психологиялық мән береді. Сонымен психологиялық шеттеу жеңіп шығады. Әрине, делдалдардың басқа типтері де бар.Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады.1. Бірінші саты - дайындық, жанжалға “диагноз” қою керек болғанда, оның типін, күрделілік дейгейін анықтау керек, тереңдігі мен себебін көрсету керек. Сонымен бірге жанжалды басу үшін, ресурстарды зерттеу керек, жанжалға билік, БАҚ сияқты сыртқы факторлардың әсерін бағалау қажет. Әрі қарай жанжалды шешудің бірнеше нұсқаларын жасап, оларды шешу салдарын болжау қажет, жеңістің немесе жеңілістің бағасын анықтап, содан кейін келісімге дайындалу керек. Келісімнің мақсаты істің қиялы емес, берлігі болуы тиіс.2. Екінші саты - келісімдердің өзі. Ол ұзақ болуы мүмкін. Міндеттер келесіден тұрады:1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де;2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау;3) Басым проблемаға назар аудару;4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру;5) Қатысушылардың әрқайсысы өзінің пікірін айта алуы үшін және қорытынды құжаттарды дайындауға қатыса алуы үшін өзінің дәлелдері мен ұсыныстарын ынталандыру.3. Үшінші сатыда делдалға қатысушының жанжалды жағдайдан шығуын іске асыру қажет. Ол үшін:1) қатысушылар келісіммен қанағаттанғандарын айтып білдіру қажет және ол туралы бір-біріне хабарлау керек;2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек;3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет;4) қарсыластық ынтымақтастыққа айналу үшін қабылданған шешімдермен бақылауға қатысу керек.Жанжалды шешу процесін олардың қатысушыларының стратегияларынсыз түсіну мүмкін емес. Сондықтан стратегиялар қатарын қолданады. Бірінші - “страус” стратегиясы - жанжалдың бар болуын мойындамау. “Страус” қабілетті болатын ең үлкен нәрсе ол - “иә, жанжал бар” деп айту. Бірақ өзі оны шешу үшін ештеңе істемейді.“Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады. Мұндай жағдайда жанжалды шешудің жиі жалғасы болмайды.“Қаршыға” стратегиясы қарсыласын міндетті түрде жеңуге ұйғарады. “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді.“Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі - келісім процесінің өзі. Сондықтан көну жеңіліс ретінде емес, проблеманың шешімі ретінде қабылданады.Жанжалдарды реттеуде үлкен мәнге оның салдары, қорытынды сатысы ие. Бірақ оған әрине қарама-қайшылықтарды тұтастай жою күші және кез келген күресті тоқтату іске кірісуі тиіс.Жанжалдың салдары әр түрлі объективті және субъективті факторларға, әсіресе жанжалды реттеуде айырмашылықтарды жеңу әдісіне тәуелді. Оқиға жағымды дамыған кезде, шығармашылық еңбек пен демалысқа дәлденуге мүмкіндік беретін, бұрынғы жанжалдасқан жақтарға сыйлы қатынас қалыптасады.

 

55. Жанжалдың жалпы теориясы: жанжал түсінігі, объектісі мен пәнін түсіндіріңіз. “Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді. Философияда жанжал - бір-бірін жоққа шығару немесе қарама-қайшылықты шешу сәтіне қол жеткізе отырып, ондағы қарама-қарсылықтардың соңғы дамуының сатысы мен формасын бейнелейтін категория; ал бихеовиоризмде - организмнің сыйспайтын жауабын шақыратын стимулдар әрекетінің нәтижесі; ал психологиялық талдауда - тұлғаның құрама элементтері арасындағы қарама-қайшылық (мысалы, Ид, Эго және Супер-Эго арасында).“Жанжал” сөзінің әлемнің әр түрлі елдерінде ірге табуы кездейсоқ нәрсе емес. Әлемдік тәжірибелер мен тарих көрсеткендей ешқандай ел (өркениет), әлеуметтік қауымдастық немесе әлеуметтік топ өзінің дамуында жанжал күйіне соқтықпай өтті деу мүмкін емес. Тұлғалық деңгейде де ешқашан жанжалға түспеген адам табылмайды, өйткені адамдар жасы, ақыл-ой қабілеттері, мүдделері, қабілеттіліктері бойынша әр түрлі. Гераклиттің пікірінше, тек адамдар ғана емес құдайлар да, ғарышта қарама-қайшылықта өмір сүреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Өйткені әрбір өркениетте көптеген қоғамдық партиялар, топтар, әлеуметтік институттар мен элитарлар қызмет етеді. Олардың кез келген әрекеті адамдар мүдделерінің қандай да бір дәрежесін жанап өтеді. Жанжал біреулерге қуаныш, екіншілерге түсінбестікті, үшіншілеріне - қайғы алып келеді. Жанжал мәселесі б.э.д. V - ІV ғасырларда өмір сүрген Платон мен Аристотель сияқты ежелгі атақты ғалымдарды да толғандырған. Олар: адам өзінің табиғаты бойынша - қоғамдық тірі организм және адамда қалыптасқан қоғамдық бастама оған басқа адамдармен серіктестік болуына мүмкіндік береді деп санаған. Сонымен бірге олар адамдардың өшпенділікке, қастандыққа, зорлыққа бейім екенін естен шығарған жоқ. Аристотельдің пікірінше, тартыстың себептері - әлеуметтік теңсіздік және бөлімдерге бөліну, біреулерді тым жоғары көтеру немесе біреулерді кемсіту. Жанжалды болдырмас үшін Қайта өркендеу дәуіріне дейін, ұзақ уақыт бойы дәстүрлі қоғамда жабайы, дөрекі түрінде ұжымның діни идеялары қолдау тапты. “Жақсылық” сыйлап, адамды құдай жасаған деген библиялық ойлар таратылды. Алғашқы күнә адаммен жасалынғандықтан, ол міндетті түрде жердегі өмірде “жамандыққа” кездеседі. Феодалдық жағдайларда ұжымның христиандық идеясы тұлғаны басу үшін күшті тетік жасаған. Алайда орта ғасырдағы (VІІ - XVІ ғ.ғ.) жеке даралық идеялары тәртіпсіздіктерді, бүлік пен қан төгісті соғыстарды өткір сынға алған Томас Мор, Френсис Бекон, Эразм Роттердамский т.б. сияқты әр түрлі бағыттағы ғалымдардың еңбектерінде кеңінен дәлелдене бастады. Олар қоғам дамуының факторы ретінде адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді жақтады. Біршама басқа көзқарасты Томас Гоббс және Джон Локк ұстанды. Олар әлеуметтік жүйенің дамуын бағалағанда басымдықты қоғамға емес тұлғаға беру керек, өйткені адамдар бір-бірімен қоғамдық байланыста болғандықтан бір-біріне дұшпан ретінде немесе дос ретінде шығады. Индивидтердің барлық талаптарын қанағаттандыру мүмкін болмағандықтан қоғамда жанжалдық жағдай пайда болады. Бірақ жанжалды адамдардың табиғи ерекшеліктері көмегімен емес, қатаң шара қолдану жолымен - “қоғамдық келісімді” бұзғаны үшін жазалау немесе қорқыту жолымен шешу керек деп санайды. “Ағарту” ғасыры (XVІІІ) жанжалдардың табиғатына қатысты көзқарастарға (кейде қарама-қайшы) іс жүзінде маңызды өзгерістер әкелмеді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана жанжалдар социология, тарих, психология және құқықпен қатар арнайы зерттеу пәндер қатарына ұсынылды. Конфликтология ғылымының ғылыми негіздері бірінші кезекте Чарльз Дарвин, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм, т.б. сияқты атақты ғалымдармен жасалынды. К.Маркс жанжалдың қайнар көзін адамдардың өздерінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болатын күресінен көрді. Мәселенің қойылуына сәйкес қоғам экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сияқты әлеуметті кіші жүйелерден тұратын тұтастай интегралды жүйе ретінде көрінеді. Олардың барлығы бір-бірінен объективті тәуелділікте және келісімде болады. Ең маңызды рөлді негізі жеке меншікке қатысты белгілі бір факторымен материалдық өндіріс болып табылатын экономикалық кіші жүйе алады. Әлеуметтік жүйенің өзгеруі үдемелі қоғамдық дамудың алдындағы кезеңінде жинақталған, қарама-қайшылықтарды шешу нәтижелері ретінде оның басқа күйге ауысуын білдіреді. Басты жанжал “тарихтың сүйреушісі” таптық күрес болып табылады. К.Маркс пен оның ізбасарларына қарағанда Э.Дюркгейм қоғам өміріндегі шешуші рөлді материалдық емес, рухани салаға жатқызды. Оның пікірінше адамның шынайы жүріс-тұрысына әсер ететін нормалардың нақтылы жиынтығы өнегелілік жанжалды реттеу қасиетіне ие Басқа атақты неміс ғалымы Г.Зиммель, жанжал алауыздықтың бір түрі болса да, сол мезетте адамдарды біріктіретін және қоғамды тұрақтандыратын біріктіруші күш болып алға шығады деп санады. Конфликтологияның қалыптасуына П.Лавров, Н.Михайловский, М.Бакунин, П,Кропоткин, П.Ткачев, М.Ковалевский т.б. орыс ғалымдары да өз үлесін қосты. Оның ішінде, П.Лавров пен Н.Михайловский өрлеудің қозғаушы және тиісінше өлшеуі тұлғасы оның өзіне теңдес кооперациясындағы жан-жақты дамуы деп санады. Қақтығыстың обьектісі,танымы қол жетпейтін болып және оны қақтығысқа түсушілердің бәрі иемденуге ұмтылған кезде нағыз күшіне ие болады.Әртүрлі жағдайларға байланысты қақтығыстың шынайы обьектісін адамдар кейде жасырады.Қақтығыстың субьектісінсіз обьект болмайды,керісінше обьект қақтығысқа қатысушылар мүдделерімен үнемі байланыста және ол мүдделер қайшылықта болып келеді.Қақтығыстың обьектісі болғандағана қақтығыс туындайды.