Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

 

Тәрбиеші: Имангалиева Р.С 15.10.2014ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Сиқырлы қағаздар

Тақырыбы : Сәнді үй

Мақсаты: сәнді үй ертегісін айта отырып ертегі кейіпкерлеріне әдемі үй жасауға үйрету.Үй құрлысы жайлы түсінік беру, шаршы қағазды бірнеше бүктеу арқылы бүктеу тәсілін меңгерту. Қол қимылдарын жетілдіру, шеберлікке баулу.

Қостілділік құрам :

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. Қайырлы таң балалар ! Балалар шеңберге жиналып бір- біріне өлең жолдарын айтып көңіл- күйлерін көтереді.
Ұйымдас тыру – іздену   «Сәнді үй» ертегі     Д/О: «Кім қайда тұрады»   Д/О: "Ойлан тап!" Жанұялар тұрағы, Көп адамдар тұрады.   Д/О: «Үй құрастыр»   "Біз шеберміз" Үйдің жасалу жолдарын түсіндіру. Сергіту сәт: : «Би билегі келеді, Бірақ қалай білмеймін Бір оңға , бір солға Биеле, биле тағы да...»   «Шеберханада»   Көрме: «Әдемі үйлер»   Ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.   Ертегі кейіпкерлерін пішіндеріне байланысты үйлеріне орналастырады. Үй     Балалар пішіндерден үй құрастырады.   Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды.     Өлең жолдарын айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді.     Өз беттерімен жұмыс жасайды.     Әдемі үйлерді көрмеге қойып өз жұмыстарыа баға береді.
Рефлек сивті –түзету     Жақсы жобаны мадақтау. Жұлдызшалар беріп мадақтайды.     Жұлдызшалара алып риза болады

 

 

Күтілетін нәтиже :Үйжасай білу

Білу керек:сәнді үй ертегісін айта отырып ертегі кейіпкерлеріне әдемі үй жасауға үйрету

Қандай түсініктерді игереді :квадрат қағазды бірнеше бүктеу арқылы бүктеу тәсілін меңгерту.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Көркемдік талғамдарын меңгерту..

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

 

Тәрбиеші: Имангалиева Р 08.10.2014ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Сиқырлы қағаздар

Тақырыбы : Саңырауқұлақ

Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы түсіктерін толықтыру, саңырауқұлақтың түрлерімен таныстыру .шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеуді меңгерту, саңырауқұлақ жасауды үйрету. Қол қимылдарын жетілдіру.

Остілділік құрам : Саңырауқұлақ-Грибы

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту Психожаттығу:     Балалар шеңберге жиналып жануарларды бейнелеп көрсетеді көңіл- күйлерін көтереді.
Ұйымдас тыру – іздену   Д/О: "Саңырауқұлақтар"   Д/О: "Жеуге жарамды саңырауқұлақтарды жина"   "Біз шеберміз" Қазды бүктеу әдістерін түсіндіру.   Сергіту сәт: Сергіту сәті: Ал, санайық санамақ, Мынау- мынау қарап -ақ, Барлығы содан басталмақ. Бас бармағым- біреу, балаң үйрек-екеу Ортаң терек- үшеу, Шылдыр шүмек- төртеу. Кішкене бөбек- бесеу. Оң қолымда саусақ нешеу?     «Шеберханада»   Көрме: Саңырауқұлақтар   Саңырауқұлақтар түрлерімен танысып, жеуге болатын, болмайтын улы саңырауқұлақтарды еске сақтайды, ажыратады.   Суреттен жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ажыратып себетке жинайды.   Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды.   Өлең жолдарын айта отырып саусақ жаттығуларын жасайды.   Өз беттерімен жұмыс жасайды.     Көрмеге өз жұмыстарын қойып, бағалайды.
Рефлек сивті –түзету     Ж/О: "Тығылған саңырауқұлақтарды жина"     Бөлменің ішіне тығылған саңырауқұлақтарды тауып жинайды. кім көп жинайды сол жеңіске жетеді. .

 

Күтілетін нәтиже : саңырауқұлақжасай білу

Білу керек: Өсімдіктер жайлы білімдерін толықтыру.

Қандай түсініктерді игереді :шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеуді меңгерту, саңырауқұлақ жасау түсініктерін игерту.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Қол қимылдарын жетілдіру.

Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

 

Тәрбиеші: Имангалиева Р 22.10.2014ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Сиқырлы қағаздар

Тақырыбы : Алма

Мақсаты: Жемістер туралы балалардың түсініктерін толықтыру, шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеу арқылы алма және оның жапырағын жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.