Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші : Имангалиева Р.С. 24.12.2014ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Сиқырлы қағаздар

Тақырыбы : Кәмпит

Мақсаты : Әр түрлі тәтті кәмпиттер туралы балалардың білімдерін толықтыру. Әр түрлі шаршы қағазды бүктеу арқылы кәмпит жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.

Қостілділік құрам :

 

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту Шаттық шеңбер: Амансыңба, асыл күн! Амансыңба , асыл жер! Амансыңба, көк аспан! Амансыңба жан досым! Жылуыма жылу қос , міне менің қолым Достар бірге жүреміз, Бірге ойнап күлеміз , біздер қандаймыз!   Балалар шеңбер бойынша тұрады.
Ұйымдас тыру – іздену 1 Жұмбақ шешу: түрлі- түсті қағаздан сырты, Іші тәтті, Бұл не? Д/О: "кімге не керек?"     Үлгі көрсету: Кәмпит Жасалу жолдарын түсіндіру     Сергіту сәті: «Поезд» Поезд жүріп барады Дөңгелектер қағады Бұл поездың ішінде Балалар кетіп барады Чу-чу-чу-чу-чу Паравоз кетіп барады, Алыс-алыс жерлерге. Балалар алып барады, Міне мынау аялдама   «Шеберханада»   Көрме: «Тәтті кәмпиттер»   Балалар жұмбақтарды шешеді Кәмпит   Суретке қарап кімге не керек ажыратып айтады. Азық- түлік түрлерін ажыратады.   Тыңдайды, түсінеді. Естеріне сақтайды     Сергіту жаттығуын орындайды.   Балалар үлгі бойынша кәмпитті қағаздан бүктеп жасайды   Балалар өз жұмыстарын бағалайды.  
Рефлек сивті -түзету   Асханадағы ереже. Ө. Ақыпбеков Сорпа, көже, кеспені іш, Сорпылдатпай, еппен іш, Алып жәймен алдыңа, Үгітпей же наныңды да. Асты шашпай- төкпей іш, Алақ- жұлақ етпей іш, Жаман әдет білгенге, Шәйді «Ыстық» үрлеме. Келген асты алдыңа Тауысып іш, қалдырам.       Асханадағы ереджені қосылып айтып жаттап алады.

 

Күтілетін нәтиже :

Білу керек:Тәтті кондитерлік тағам туралы білу

Қандай түсініктерді игереді :Әр түрлі тәтті кәмпиттер туралы балалардың білімдерін толықтыру.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері :Әр түрлі шаршы қағазды бүктеу арқылы кәмпит жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Тәрбиеші: Имангалиева Р.С 21.2015ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : сиқырлы қағаздар

Тақырыбы : Балапан

Мақсаты: Үй құстары және олардың балапандары жайлы білімдерін толықтыру.Сары түсті шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеуді меңгерту, балапан жасауды үйрету.Қызыл түсті қағаздан қосымша бөліктерін жасап құрастыруды үйрету. Көркемдік талғамдарын қалыптастыру, шығармашылық қиялдарын дамыту.Қол қимылдарын жетілдіру, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қостілділік құрам :

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту Психожаттығу: " Қуыр- қуыр- қуырмаш" Балалар шеңберге жиналып өлең жолдары бойынша саусақтарына жаттығу жасап көңіл- күйлерін көтереді.
Ұйымдас тыру – іздену Д/О: "Ойлан тап!" Жүргенде байпаң, Тұрғанда маңғаз. Өзі сондай паң, Бұл қандай құс? Д/О: "Үй құстарын ажырат"   "Біз шеберміз" балапанды бүктеу әдістерін түсіндіру.     Сергіту сәт: Шеп-шеп, шеп-шеп , шөжелерім, Сары алтындай балапаным. Тез жетіңдер, жем беремін, Дәнге толы алақаным.     «Шеберханада»   Көрме: Балапандар   Шұбар тауық Шұбар тауық мүлдем, Жолатпайды барса. Ұясында жүрген, Балапаны қанша. Балапанын тауық, Қызғанады жаман. Қанатымен жауып, Санатпайды маған.     Қаз Суреттен үй құстарын олардың балапандарын ажыратып атап топтастырады. Сипаттайды.   Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды.   Өлең жолдарын айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді.     Өз беттерімен жұмыс жасайды.     Көрмеге өз жұмыстарын қойып, бағалайды.     Өлеңді қайталап жаттап алады.
Рефлек сивті –түзету   Қ/О: "Қаздар, қаздар га-га-га"   Ойын ойнап көңіл- күйлерін көтереді.    

 

Күтілетін нәтиже :балапанжасай білу

Білу керек: Үй құстары және олардың балапандары жайлы білімдерін толықтыру.

Қандай түсініктерді игереді :Сары түсті шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеуді меңгерту, балапан жасауды үйрету.Қызыл түсті қағаздан қосымша бөліктерін жасап құрастыруды үйрету.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Көркемдік талғамдарын қалыптастыру, шығармашылық қиялдарын дамыту.Қол қимылдарын жетілдіру, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта