Мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс Кодексінің негізгі ережелері

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі:

1. Жалпы ережелер; 2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары; 3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы; 4. Көпшілік алдында сөйлеу; 5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы бөлімдерінен тұрады.

1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары Кодекс талаптарының орындалуын, Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметшілер:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

3) қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге;

4) мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

5) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға міндетті.

 

 

28.ҚР-ғы атқарушы билік органдарының сызбасы. Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б ҚР Үкіметі министірліктер мен агенттіктерден турады. МЫНАНЫ СЫЗБА ЕТІП СЫЗЫҢДАР ӨЗДЕРІҢ, СИМАЙДЫ МЫНДА!!!!!!!!!!!!

Әдiлет министрлігі

Байланыс және ақпарат министрлігі

Бiлiм және ғылым министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Iшкi iстер министрлігі

Көлiк және коммуникациялар министрлігі

Қаржы министрлігі

Қорғаныс министрлігі

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Мәдениет министрлігі

Мұнай және газ министрлігі

Сыртқы iстер министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі

Экономикалық даму және сауда министрлігі

Агенттіктер:

Бәсекелестікті қорғау агенттігін (Монополияға қарсы агенттік

Дін істері агенттігі

Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Статистика жөнiндегi агенттiк

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Ұлттық ғарыш агенттігі

 

29.ҚР-ғы заң шығарушы билік органдарының жүйесі. Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. ҚР заң шығарушы органы ПАрламент б.т.

Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.