Р-ғы сот билігі органдарының жүйесі

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Конституцияның 55-бабының 3)-тармақшасында белгіленген жағдайда, — Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Блок

Басқару» категориясының мәні және оның қоғамдағы ролі

Мемлекеттік басқарудың спецификасы мен мәні

Мемлекеттік құрылыс формалары

Мемлекеттің қоғамдық функциялары

Мемлекеттік басқарудың объективті негіздері

Мемлекеттік басқару функциялары

Мемлекеттің экономикалық функциялары

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы

Мемлекеттік басқару қағидалары

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің критерийлері

Р мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуының құқықтық және экономикалық негіздері

Мемлекеттік басқарудың негізгі көрсеткіштері

Мемлекеттік басқарудағы заңдылық және тәртіп

Мемлекеттің негізгі сипаттары мен типологиясы

Блок

Мемлекеттік билік түсінігі

Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралы ретінде

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі формалары мен әдістері

Р аймақтық басқару ерекшеліктері

Жергілікті басқарудың даму тарихы, муниципалдық менеджменттің әлемдік модельдері

Орталық және аймақтық басқару органдары: жауапкершіліктің бөлінуі мен өзара әрекет ету қағидалары

Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қарым-қатынасы мен ұйымдастырушылық негіздері

Р жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару дамуының экономикалық механизмі

Р мемлекеттік органдарының түрлері

Мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы билік пен оның органдарының ролі

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік

Экономика саласындағы мемлекеттік басқару

Мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының мазмұны

Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі

Мемлекеттік басқару субъектілерінің жіктелуі

Блок

Р Конституциясы және оның негізгі ережелері

Оғам дамуындағы мемлекеттің ұйымдық-функционалдық құрылымының ролі» тақырыбында эссе жазыңыз

Р-ғы нормативтік-құқықтық актілердің жіктелуі