Р-ғы сот билігі органдарының жүйесі

 

 

24.Мемлекеттік басқарудағы жариялылық және оның іске асырылуы.Жариялылық - мемлекеттік және басқа да институттардың іс-әрекеттерінің ашықтығы, ақпараттың кең таралуы, ұйымдар, мекемелер мен лауазымды тұлғалардың азаматтарға ашықтығы, қоғамдық пікірді анықтау және есептеу, қабылданған шешімдерді жариялау.Сот ісін жүргізу барысында қолданылатын барлық заңнама актілерінің басты құндылығы адам және оның құқықтары мен бостандығы болып табылатын демократиялық мемлекеттің конституциялық принциптерін сабақтастыра іске асыруға бағытталған. Осыған байланысты соттарға жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол бермеуге, барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттеледі.Сот отырысындағы жариялылықтың негізгі мақсаты - процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуын, сот шешімінің көпшілікке жариялануын, тараптардың процеске қатысушы басқа адамдардан түскен шағымдармен танысуын және олар туралы хабардар болуын, соттың кез келген сатысында істің қаралатын уақыты мен орны туралы және қабылданған сот актілерінің орындалуы туралы құлағдар болуды қамтамасыз ету болып табылады. Жариялылықтың өзі судьялар мен бүкіл сот жүйесінің ашықтығы мен көрнекілігін білдіреді.Жариялылық сондай-ақ заңда көрсетілген жағдайларды сақтай отырып сот отырысы кезінде тікелей хабар жүргізуді, киноға және суретке түсіруді және бейнетаспаға жазып алуды көздейді.Азаматтық іс жүргізуде жариялылықты шектеу мемлекеттік құпияны қорғау және Конституцияның 18-бабында көзделген әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына, салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ заңда тікелей көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін болады.

 

25.Мемлекеттік рәміздердің идеологиялық мағынасы Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бөлігі бола, елдің рухани дамуына, идеалдық-адамгершілік мәдениетіне және тәуелсіз идеясының дамуына әкеледі. Мемлекеттік рәміздерді өзінің Отанына қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауына бағытталған.

Рәміздер Қазақстан қоғамының үлгісі ретінде дүниежүзілік түпмәтінде қалыптастырған. Қазақстанда жаңа мемлекеттік рәміздерінің индивидуалдық жаңғарту процесі болып жатыр. Бұл заңдылықтын керектігі, мемлекеттік рәміздердің ресми жариялану тарихының тұруы адам санасының қалыптасыуына тән. Рәміздер Егемендік Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттің идеологиясын, оның тарихи дамуын, ойланумен философиясының негізгі бағыттарын айқындайды. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев белгіленгендей «Барлық уақытың және барлық халықтың мемлекеттік рәміздері мемлекеттің тәуелсіздігі мен шоғырлану негіздемесі болған. Бізде шамалы, идеалы елтаңба, ту және әнуран бар». Мемлекеттік рәміздердін құрметтелуі конституциялық нормалардың маңызды қатарына жатады. 2007 жылдың 4 шілдесінен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңында айтылған, оның территориясында тұрған, барлық тұлғалар, ту, Елтаңба, әнуранды құрметтеуге міндетті. Ту әр мемлекеттің рәміздерінің бірі, оның бірқалыптылық пен егемендігін көрсететін. Мемлекеттік ту өзінде ұстайтын ағаш дұрыс геометриялық матаны жабдықталған, көгілдер түсті ортасында күнін көзі мен күн сәулелері астында – бүркіт бейнеленген. Күннін көзі ұлттық ою сатылас орналысқан. Күннін көзі, оның сәулелері, бүркіт және ұлттық ою-алтын түсті суреттелген.

Елтаңбатану дәстүрі бойынша әр түс өзінің мағынасын бейнелейді. Сонымен, алтын билікті, күштілікті, байлықты, бірқалыптастылықты, біліктілікті, үмітті, әділеттілікті, ізгілікті, рақымшылықты, адамдылықты білдіреді. Көгілдір түс адамдылықты, мақсаттылықты, мінсіздікті білдіреді. Сонымен қатар, бұл түс аспан мен ауаға лайықты.

Ескі заманнан ту еліміздің халқын бірігу және нақты сауаттылық жүйесінің функциясын атқарады.

Елтаңба әлем бойынша тыналған маңызды мемлекеттік символ. «Елтаңба» термині неміс тілінен «мұра» немесе «өнілі» деген мағынаны білдіреді және айрықша мемлекеттік белгі болып табылады. Тарих бойынша, Қазақстан территориясында мекендеген сақ тайпасы өзінді ерекше белгімен рәміздеген – «төтеммен» сонымен «тамға» деген мағынаны алды. Алғашында бұл термин түрік қағанатымен қолданылған.

Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік елтаңбасыоралым форма түрінде және көгілдер түсті шанырақ, одан шығатын уық күн көзінің сәулелері түрінде таралатынын белгеленген. Оң және сол жағында мифтік қанатты тұлпарлар бейнеленген. Үсті жағында бес бұрышты жұлдыз, ал астынғы жағында «Қазақстан» атауы жазылып тұр.

Шанырақ, киіз үйдің негізгі бөлімі, форма бойынша аспан күмбезі сияқты, адамдардың санасында өмірлік маңызды элементінің бірі болып табылады. Сонымен, шанырақ өзінді далалық уақыт - күн қозғалыс жылдамдылығының көрсеткіші, себебі шанырақтын белгілері бойынша күннің уақытын білуге болады.

Республика елтаңбасының шанырақ бейнесі – біздің ортақ үйіміздің бейнесі, Қазақстанда мекендейтін, ортақ халықтың Отаны. Әр адамның бахыты өзіндік ырысынан, шанырақтың біріктілігі уықтардың күдерлігіне байланысты болады.Мемлекеттің болашағы,азаматтардың бірлік пен татулық,орта береке ортақ үйге күшін салады.

Мифтік қанатты тұлпарлардың бейнесі-тұлпар күштілік пен қайраттылық мағынасын береді.Қанаттар Қазақстаның көпхалықтық мемлекеттін күштілік пен даму арманың белгісі.Олар таза ойды және қарқынды,қоғамдағы табиғат пен әлемдік цивилизациялы үйлесімдігіне,жоғарғы мақсатқа және дамуына жету болады.

Бесбұрышты жұлдыз-өмір бойы әкелеттін,күштілік пен жарық дүниенін белгісі.Ол нақты жарықтың «Таң жұлдызы» деген мағынада.

Әнұран-еліміздің азаматтарының әлеуметтік-саяси консилидациясы мен этностық мәдениет идентификациясының маңызды мәнін білдіретің дыбыстық рәміз.

«Гимн» өзіндік термин «gimneo» грек сөзінен шыққан, «салтанатты ән» деген мағынада. Қазақстан Республикасының негізгі әнұраны «Менің Қазақстаным» атты отаншыл ән халықта кең тараған болып кетті.Халықтың әні болып кеткен,ән,халықтың дастаны ретінде қабылданды.Жалдықтар бойы әні Шәмші Қалдаяқовтың және сөзі Жұмакен Нажимеденовтың халықта өте әйгілі болды.Президент Н.Ә Назарбаев –Қазақстан әнұранының бірлесен авторы,оның сөздері нақты қазіргі уақытпен қосты.

Жалпы мемлекеттік рәміздер жас егеменді мемлекет пен тарихи дәстүр түрінде белгіленген.Бұл кен тараған мемлекеттік міндет,өз елінің әулиетті рәміздерін жастарды құрметтеуге ,жоғарғы адам құндылықтар үйлесімдігіне,көпұлттық республиканың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына шақырады.Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу,оларды дұрыс түсінуге және мән беруге бағытталған.Мемлекеттік рәміздерінің тарихын және мәнін білуі халық тарихы туралы біліктілігі,жастардың азаматтық көз қарасын көтереді.

17. Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының аймақ дамуындағы рөлін анықтаңыз.Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;

Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:

1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;

3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан хал­қына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.

Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі бас­қарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек . Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен муниципалды басқарудың әлем мойындаған құндылықтарынан тұратыны белгілі. Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет.

Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаруды енгізу Қазақстанның бірнеше халықаралық саяси институттарға және үдерістерге қатысуына, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне, ЕҚЫҰ-ны басқару мақсаттарымызға және Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыруымызға қызмет етуге тиіс.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының екі ерекшелігіне тоқталсам деймін. Біріншіден, онда халықтың әл-ау­қатын жақсарту мәселесі нақтылы цифрлармен дәйектелген. Әсіресе, ана мен баланы әлеуметтік жағынан қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Екіншіден, Жолдауда жергілікті өкілетті органдардың жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына ризашылық сезімімізді білдіреміз. Бұл өзі еліміздегі саяси реформаны жүзеге асырудың заңды жалғасы деп білеміз. “Мәскеу бірден орнаған жоқ” деген қанатты сөз бар ғой. Сол секілді саяси реформаны жүзеге асыру әсіре науқаншылдықты, асығып, аптығуды көтермейді. Ол үшін, ең алдымен, тәжірибе жинақтауымыз керек. Мәселен, өткен жылы аудандық, қалалық деңгейдегі әкімдерді депутаттар корпусы ар­қылы сайлау басталды. Әкімдердің мәслихатта, депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті бюджетті бекітіп, оны қадағалап отыру мәслихаттың құзырында. Міне, енді жергілікті мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр .

Елбасы айтқан қандай міндет пен тапсырма да еліміздің дәулеті мен Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт, тату-тәтті өмірін орнатуды мақсат тұтады. Ал оны жүзеге асыруда биліктің жергілікті органдарының тиімділігін, халықтың өзі сайлап қоятын мәслихаттардың рөлін арттыру керек. Ол орталықсыздандырусыз жүзеге аспайды. Мәжілісте сөз алған сенаторлар, Сенат жанындағы Жергілікті өкілетті органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің мүшелері қоғамды демократияландырудың бір жолы – орталықсыздандыру мен жергілікті өзін өзін басқарудың өзекті мәселелерін ортаға салды.