Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару: өзара қатынасы мен әрекеттесу механизмі

Л-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

   

 

«6М051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

АЛМАТЫ 2014

МАЗМҰНЫ

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

«6М051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты – мамандықтың базалық пәндері бойынша жоғары дайындық деңгейіне ие бакалавриат түлектерін таңдау болып табылады.

Түсу емтиханының негізгі міндеттері:

· «мемлекеттік және жергілікті басқару» бағыты бойынша негізгі пәндерге қатысты талапкердің теориялық білімінің тереңдігін анықтау;

· талапкердің ғылыми зерттеу жүмысына деген дағдысының деңгейін анықтау;

· арнайы әдебиеттер мен ғылыми әдебиеттерге сүйену қабілетінің деңгейін анықтау;

· ойлау мәдениетін игеру және қолдану деңгейін, және ойлау нәтижесін тиімді ұсыну деңгейін анықтау;

· мамандану саласы бойынша мақсат қою және оның негізгі міндеттерін анықтай білу қабілетін тексеру;

· мамандыққа сай арнайы терминология мен лексиканы игеру және қолдану деңгейін анықтау.

Қабылдау емтиханының нысаны – жазбаша. Емтихан тапсырушылар өз жауаптарын жазбаша жауап парақтарына жазады, ол өз кезегінде емтихан комиссиясымен шифрланған түрде тексеріледі.

Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

 

Ғылыми – педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша магистратура бағдарламаларын игеруге үміткерлер үшін білімнің алдыңғы минималды деңгейі жоғары базалық білім (бакалавриат) немесе арнайы жоғары білім.

5В050700 - Менеджмент

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В050600 - Экономика

5В050800 – Есеп и аудит

5В050900 - Қаржы

5В051100 - Маркетинг

Магистратураға түсу тәртібін жоғары білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асырушы ұйымның бағдарламаға қабылдау Типтік тәртібі бекітеді.

Емтихан тақырыптарының тізімі

Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың құрылымы төменде берілген тақырыптардан ерекшеленеді.

Мемлекеттік басқару теориясы» пәні

Мемлекеттік басқарудың теориялық астары

Басқару жəне оның қоғамдағы ролі. Басқарушылық ықпалдың мәні. Басқарудың сан қырлылығы. Басқару ғылымының анықтамасы, пəні, объектісі мен əдістері. Мемлекеттік басқарудың әволюциясы мен басқару мектептері. Басқару үрдісінде ескерілетін табиғат пен қоғам заңдары. Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдері. Басқарудағы дамудың əлеуметтік-экономикалық заңдары. Мемлекеттік басқарудың ерекшелігі.

 

Басқарудағы жүйелік әдіс, басқару функциясы мен құрылымы.

Жүйелер мен олардың құрылымдарын анықтау. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық жүйелік-мақсатты моделі. Нәтижелік пен тиімділікті басқару.

Функция мәні, мағынасы және жіктелуі. Басқарудың ұйымдық құрылымы және олардың түрлері. Мемлекеттің экономикалық функциясы.

 

Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекет пен қоғамның өзара əрекеттесуі

Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары. Мемлекеттің қоғамдық функциялары жəне мемлекеттік басқарудың түрлері.

Мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың əлеуметтік механизмі. Мемлекеттік басқаруда мүдделерді білдіру. Əкімшілік-мемлекеттік мекемелердегі бюрократия мен бюрократияшылдық. Мемлекеттік-əкімшілік аядағы шиеленістер (конфликтілер).

Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары.

Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары. Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың əдістемелік негіздері. Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру технологиясы. Мемлекеттік шешімдерді қабылдау үрдісіндегі талдау.

Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару: өзара қатынасы мен әрекеттесу механизмі.

Мемлекеттік билік түсінігі. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару арақатынасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік жүйесінің тұтастығы. Мемлекеттік басқару мемлекеттік билік көзі ретінде.