Ветеринариялық – санитариялық сараптау

 

Мен тәжірбиеде құс, қсімдік балық, ара шаруашылығы пәні бойынша «Дария», « Коммунальный» және т.б. базарларда машықтандыру тәжірбиеден өттім. Өткен базарларда мал еттімен құс етін жіне балық еттін зертедім.

Тәжірибие өту барысында зертханаларда құс етін, олардың өнімдерімен, балық өнімдерін зерттедім. Құс етін зерттеместен бұрын сынамалар тіркеу журналына құжатағы мәліметті тіркейміз. Одан кейін құс етіне биохимиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргіздім. Зерттеу жұмыстарымның барлығы 7702.1-74 МемСТ талаптары бойынша жүргізілді. Сынаманы ең алдымен сезімдік зерттеп, өнімнің түріне, түсіне, иісіне, тығыздығын, сорпаның иісімен мөлдірлігіне қарап, тексеріс жүргіздім. Зертханалық зерттеу барысында Несслер реактиві мен майдың қышқыл санын анықтадым. Несслер реактивін анықтау үшін оған өнімнен 1мл көлемде сынама дайындап алып, оған он тамшы Несслер реактивін қостым. Нәтижесінде құс етінің балауса екендігін көрсетті. Республикалық ветеринариялық зертханада құс жұмыртқаларын КМАФАМ, БГКП және сальмонеллезге тексердік.

Құс өнімі – жұмыртқаны базарлардағы ветеринариялық – санитариялық зертханаларында зерттедім. Жұмыртқа өнімдерін зертханаға қағаз корабымен әкелінеді. Жұмыртқаға өнімдерін зерттемес бұрын құжаттарын тексеріп, арнайы тіркеу журналына тіркедім. Одан соң оларға сезімдік және зертханалық зерттеулер жүргіздім. Зерттеу жұмыстарын арнайы аспап – овоскоптың көмегімен жүргіздім. Зерттеу барысында келіп түскен жұмыртқа балауса еш ақаусыз екендігін көрсетті.

Құс өнімінен басқа азар зертханасына балық және балық өнімдері де келіп түседі. Бірінші сезімдік зерттеу жүргізіледі. Ол сыртқы түріне, иісіне түсіне қараймыз. Желбезегімен қабыршық түріне қарадым. Сезімдік зерттеу барысында балықтың сыртқы түрі, иісі, түссі қалыпты өзіне тән. Келіп түскен балықтан әр келген балықтан сынама алып описторхозға арқа жота бұлшық етінен ішкі ағзасын легелезге, көзін- диплостомоз, желбезегін – дактилогироз, гирдактелез, бауырын – дифиллоботриоз ауруларына тексердім.

Балықтарда ең көп кездесетін ауру описторхоз ауруы. Балықты O.felineus метацеркарийлерін жұқтыруға арналған санитарлық-гельминтологиялық зерттеулер жүргізуге және описторхозды дифференциалды диагностикалауға компрессионды және жасанды асқазан сөлінде қорыту әдістері қолданылады. Бұл аурумен ауырған балықтарды адамдарға жеуге болмайды. Описторхоз табылған жағдайда сол әкеләнген балықты жойылады. Балықты O.felineus метацеркарийлерін жұқтыруға арналған санитарлық-гельминтологиялық зерттеулер жүргізуге және описторхозды дифференциалды диагностикалауға компрессионды және жасанды асқазан сөлінде қорыту әдістері қолданылады.

Балық пен балық өнімдерін тасымалдауға және өткізуге мал дәрігерлік-санитарлық сараптамасы жүргізілгізіледі және бірге жүретін құжаттар болады, олар анықтама пен мал дәрігерлік зертхананың сараптама актісі болғанда ғана жіберіледі.

Зертханада балды СМ 19792-2001 «Табиғи бал» ережелеріне сай жүргізіледі. Зерттеуге 200гр көлемінде сынама алынды. Ең бірінші балға сезімді кзерттеулер жүргіземіз. Бал хош иісті, тәтті дәмді, ақшыл сары түсті, кристалданбаған. Ылғалдылығы, жалғандылығы храхмал қосылғандығын анықтадым.

Мен осы пән бойынша білген білімімді тәжірбие жүзінде тұйқтап толықтырдым.

3.Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық – санитариялық бақылау.

 

Мен бұл пәнен Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық инспекциясында, Есіл аудандық аумақтық инспекцияда тәжірбие өттім.

Аумқтық инспекцияда Солтүстік Қазақстан облысындағы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде болп құжаттармен атқаратын жұмыстарымен таныстым. Жалпы бөлім тамақ өнімдері мен орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі бөлімі деп аталады. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты – біздің елге және біздің елден шығатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету, жәнеде ешқандай ауру таралмауын қадағалау.

Тамақ өнімдері мен орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі бөлімі ( «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жэне қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, жэне «Ветеринария туралы», «Тамақ қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, ветеринария саласьшдағы өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Бөлімнің құрылымы жэне штаттық саны аумақтық инспекцияның штат санының белгіленген лимит шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітіліп отырады.

Орналастыру тізбесі жэне шекаралық ветеринариялық бекеттерде қызмет көрсету аймағы, аумақтық инспекцияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау жэне қадағалау комитетінің бұйрығымен бекітіліп. таратылады. Бөлімнің өзінің мемлекеттік тілде жазылған бланкілері, белгІленген үлгідегі сәйкес мөртабаны жэне арнайы журналы бар.

Бөлім қызметшілерінің, олардың құзіретіне қатысты мемлекеттік ветеринариялық бақылау саласындағы мәселелер жөнінде талаптары мен нұсқауларын барлық жеке жэне заңды тұлғалар үшІн орындау міндетті.

Бұл бөлімде 4 мамн жұмыс атқарады.

1) Бөлім бастығы.

2) бас маман –мемветсанинспектор- 3 адам.

Бақылауға жататын жүктер ішкі тасымалдау жэне мемлекеттік шекара арқылы рұқсатнама бекеттерінде экспорттық, импорттық транзиттік орын ауыстыру кезінде ветеринариялық заңнамалар талаптарының сақталуы үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың экзотикалық және жұқпалы қоздырғыштарының жұғуы мен таралуынан Қазақстан Республикасының аумағын қорғау бойынша ветеринариялық шараларды орындау үшін бақылау жэне қадағалауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген өзге қызметтерін атқарады.

Бұл бөлімде шет елге шығарылатын, басқа мемлекеттерден түсетін жүктерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу;

ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамалар талаптарының анықталған бұзылушылығын жоюға арналған, орындау үшін міндеттер беруге; ветеринария заңнамаларының талаптарына жауап бермейтін бақылауға жататын жүктерді тасымалдаға тиым салу; бақылауға жататын импорттық жүктердің, олардың ветеринариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу үшін, немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамаға бағыттау үшін белгІленген тэртіпте сынама байқауын жүргізу. сәйкес нормативтік құқықтық актілермён көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бақылауға жататын транзит жүктерді түсіру, жүк тиеуге тиым салу, тасымалдауды тоқтатуға. Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген талаптар және ветеринариялық-санитариялық ережелер бүзылуына кінәлІ жауапты тұлғаларға хаттама жасау.Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринариялық қүжаттар беру жұмыстарымен таныстым. Барлық жұмыстарды ветеринариялық заң бойынша жүргізіліп отырады, негізгі жұмыстары импорт, экспортқа рұқсат беру, есептік нөмір, 1, 2, 3, 4-ші формадағы ветеринариялық сертификат беру

Мен бұл бөлімде тасымалдау барысында және ветеринария саласында қолданатын заңдар мен,сондай-ақ техникалық регламенттермен, қаулылармен таныстым

Сонымен қатар, ветеринариялық сертификаттың әр түрлі формасын толтыруды және сертификатты алу үшін өтініш жазуды үйрендім. Ветеринариялық сертификатты беру туралы өтініш толтыру барысы мен олардың формалары және ветеринариялық заңдар, қаулылар, техникалық регламенттер барысы тіркемеде көрсетілген. Өтініш экспортқа шығарар алдында 3 күн бұрын жазылады да, өтінішті жазылған күні бөлім мамандарымен бірге қарастырып, ветеринариялық сертификат бердім.

Темір жол, авто, әуе, су көліктерімен тасымалданатын жануарлар, жануар текті өнімдер мен шикізаттарға ветеринарлық бақылау жүргізуге жөнелтілетін жүк пен оның орнын ветеринарлық-санитарлық жағдайын сипаттайтын ветеринарлық жолдама құжаттарымен таныстым.

Бұл құжаттарға мыналар жатады:

- ветеринарлық анықтамалар

- ветеринарлық сертификаттар (1,2,3, нысанды)

- ветеринарлық - санитарлық тұжырымдама

Ветеринарлық сертификатта мына мәліметтер көрсетіледі:

1. ветеринариялық сертификатты берген шекарадағы ветеринариялық бақылау бекетінің аталуы;

2. жүктің аталуы және мөлшері;

3. жүктің шыққан жері және неден өндірілгені;

4. ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның енгізуге (шығаруға) берген рұқсат номері мен коды және импортер елдердің ветеринариялық органдарының жүкті енгізуге (шығаруға) берген рұқсат номері мен коды;

5. жүктің маршруты, апаратын жері (транзит елдер мен мемлекеттік шекараны кесіп өтетін бекеті көрсетіледі);

6. жүк алушы елдің ветеринариялық талабына сай жүктің шыққан жерінің жануарлар ауруынан қолайлығын;

7. жүкті карантинделуі туралы мәлімет;

8. жануарларға арналған жем-шөп және оларды күтуде пайдаланатын құрал-саймандар туралы мәлімет;

9. ветеринариялық сертификат берген ветеринариялық инспектордың аты-жөні, қызметі;

10. ветеринариялық сертификаттың берілген айы, күні. Сертификаттардың түбіртектері шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлімшелерінің басшыларында және олардың облыстық уәкілдерінде 3 жылға дейін сақталуы қажет.

Биологиялық қауіпсіздік бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 «Мемлекетгік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені эзірлеу жэне бекіту жөніндегі қағидаға» сәйкес жэне оны орындау мақсатында әзірленді жэне бекітілді. Биологиялық қауіпсіздік бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау жэне қадағалау комитетінІң Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Биологиялық қауіпсіздік бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңын, өзге де нормативтік кұқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылыгы министрлігінің Ветеринариялық бақылау жэне кадағалау комитетінің СолтүстІк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 4. Бөлімнің қүрылымы, штат саны аумакдық инспекцияньщ штатгық лимиті негізінде белгіленген тэртІппен ҚР АШМ ВБжҚК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы бастығының бұйрығымен бекітіледі.

Бөлім: 1) бөлім бастығы - 1;

2) бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор - 5 адамнан түрады.

Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен қүқықтары

. Міндеті: реттелетін салада мемлекетгік саясагты, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды қамтамасыз ету. Функциялары: 1) Ветеринария саласындагы мемлекеттік саясатты, стратегиялық жоспарларды, мемлекетгік жэне өзге бағдарламалар мен жобаларды қамтамасыз ету;

2) Ветеринариялық-санитариялық бақылау жэне қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын іске асырады;

3) Ғылыми-техникалық жобаларды іске асырады: жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу жэне диагностика жүргізу бойынша бағдарламалары; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

4) Ветеринариялық-санитариялық бақылау жэне қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды іске асырады;

5) Ветеринариялық-санитариялық шаралар бойынша Кеден одағының Келісімін жэне соны орындау үшін қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді іске асыруға қатысады;

6. Міндеті: реттелетін салада ветеринариялық-санитариялық бақылау жэне қадағалауды,

Функциялары:

1) Ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын орындау бойынша жеке және занды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының экімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес істерді қарап, әкімшілік құқық бүзушылықтар туралы хаттамалар, нұсқамалар беріп, экімшілік жаза қолданады;

3) Ветеринарияльщ шараларды ұйымдастырып, олардың орындалуын бақылайды;

4) Ветеринария саласында айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға зияндарының алдын-алу және жою шараларын ұйымдастырды;

5) Жануарлар ауруларына эпизоотиялық мониторинг жүргізеді, пайда болған жағдайда ауру ошақгарын тексереді;

6) Жануарлар ауруларының пайда болу жэне таралу жағдайлары мен себептерін анықтайды;

7) Ұйымдардағы ветеринария саласьшда пайдаланылатын жануарлардың ауру қоздырғыштарының штамдарьшың қолданылуына, тасымалдануына (әкелінуіне), сақталуына жэне жойылуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;

8) Ветеринариялық есеп және есептілікті жүргізу және оны ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тэртіпте ұсыну;

9) Бюджеттік бағдарлама бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың сақталуына, тасымалдануына (жөнелтілуі) жэне пайдалануына бақылау жасайды;

10) Жануарларды өсіру, сату, өңдеу, сақтау және дайындауды (сою), мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын жүзеге асыратын, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азық қоспаларын сату, сақтау жэне өндіру жөніндегі ұйымдар мен ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;

11) Жануарларды өсіру, сату, өңдеу, сақтау және дайындауды (сою), мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын жүзеге асыратын, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азық қоспаларын сату, сақтау жэне өндіру жөніндегі мекемелердің өндіріс объектісін пайдалануға берілуін қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияға қатысады;

12) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жэне қадағалау нысандарының қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асырады;

13) Техникалық регламенттерде көрсетілген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жэне қадағалауды жүзеге асырады;

14) Жануарларды өсіру, сату, өңдеу, сақтау және дайындауды (сою), мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын жүзеге асыратын, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азык қоспаларын сату, сақтау жэне өндіру жөніндегі үйымдарға есептік нөмір беруді жүзеге асырады функциялары жүргізіледі.

Осы пән бойынша мен машықтануда құжаттармен танысып толтыруды үйрендім.