Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары

 

Мен осы пән бойынша тәжірибелік машықтанудан «Дария», «Тайга», «Привокзальный», «Океан» базарларында, ҚР АШМ «Ветеринарлық бақылау және Қадағалау комитетінің Петропавл қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ, Ветеринарлық емханада өттім. Сауда орталықтарының ветеринариялық зертханаларында келіп түсетін әр түлік малдарын алдын ала індеттанулық ауруларға қарап шықтым. Жылқылардың басын – маңқаға, сиыр басын – цистицеркозға, тілін, аузының ішкі қуыстарын аусылға тән белгілерінің бар жоқтығына тексердім. Нәтижесінде тәжірибеден өткен уақыт аралығында ұша бастарынан мұндай ауруларға тән белгілер табылмады.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау қызметінің негізгі мақсаты ветеринария саласында ҚР заңнамасының талаптарының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысандарының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігіне сәйкестігін қамтамасыз ету, жануарлардың денсаулығын қорғау, оның ішінде жануарлар мен адамдар үшін ортақ аурулардан, тамақ өнімдері мен жануарлардан алынатын шикізаттардың қауіпсіздігін, облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қолайлылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың індеттік жағдаймен тынстық. 2014 жылғы 1 қыркүйектегі деректерде мал мен құс саны облыс бойынша барлығы 339 831 мың . Оның ішінде Петропавл қаласы бойынша 689 мың бас болғанын анықтадым.

Ал 2015 жылы 1 наурызға Жамбыл аудан бойынша iрi қара мал саны 20,9 мың басты құрады немесе былтырғы жылдың деңгейiнен 105,9%, шошқа 6,0 мың бас — 105,1%, жылқы 6,1 мың бас — 103,5%, қой және ешкi 28,1 мың бас — 104,2%, құстар 99,3 мың бас немесе былтырғы жылдың деңгейiнен 107,4% дейін өсенін көруге болады.

Облыста көптеген ветеринариялық шаралар жүргізіліп отырады.Ең алдымен ол үшін жылдық план құрып сол бойынша жұмыс атқарады. Жыл басынан бастап IҚМ (классикалық) бруцеллезiне 260,7 мың бас, IҚМ төлдеріне бруцеллезiне 44,9 мың бас немесе 99%-ы тексерiлдi, тексеру нәтижелерi бойынша оң нәтиже көрсеткен 574 бас анықталды. IҚМ туберкулезiне 313,7 мың бас немесе 100% тексерiлдi, оң нәтиже көрсеткен 26 бас анықталды. Оң нәтиже көрсеткен барлық мал басы еттi қайта өңдеу кәсiпорындарына тапсырылды.

ҰҚМ бруцеллезiне 218,5 мың бас немесе 100% тексерiлдi, оң нәтиже көрсеткен 30 бас анықталып, барлығы жойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы «Белое Агро» ЖШС-не АҚШ-нан импортталған саны 196 бас асыл тұқымды ірі қара малын карантиннен өткізу уақытында, «Республикалық ветеринариялық зертханасы» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында иммуноферментті талдау әдісімен қан сынамаларына серологиялық зерттеулер жүргізу кезінде блютангқа оң жақты нәтиже берген 35 бас анықталды.

Облыста аса қауіпті арулардың алдын алу үшін ветеринариялық шаралар, соның ішінде вакцинациялау, дезифекция жұмыстарынжүргізіп отырады. 2015 жылы ірі қара мал, қой, жылқы сібір жарасына, ит мысық ірі қара мал құтырығына вакцинация жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ветеринарлық зертханада бактериология, серология, вирусология бөлімдерінде көптеген инфекциялық ауруларды лейкоз, құтырық, құс тұмауы, энцефалопатия, қой шешегі, трихомоноз, сальмонеллез, туберкулез, сібір жарасы, кампилобактериоз, пастереллез, листериоз, хламидиоз, бруцеллез ауруларына тексерумен айналысады, көбіне зертханаға бруцеллез, туберкулез, пастереллез, қарасанға тексеруге қан сарысулары мен патологиялық материалдар келіп түседі. Осы ауруларды балау әдістерін меңгердім және қан сарысуларын қабылдап, бруцеллезгетексеріп көрдім.

Республикалық ветеринариялық зертханада Жамбыл ауданынан серология бөліміне келіп түскен қан сарысуын ИФА әдісімен бруцеллезге зертедім. нәтижесі қан сарысуында бруцеллез жок екенін көрсетті.

Бактериология бөлімінде себінділер жасап, зерттеу жұмысына қажетті қоректік орталарды дайындау барысын уйреніп, өзім ет-пептонды агар ортасын дайындап, теріні сібір жарасына прецепитация реакциясы арқылы зерттедім. Зерттеу нәтижесі сібір жарасының жоқтығын көрсетті.

Ветеринариялық станциядан мен Есіл ауданындағы жеке меншік және арнайы шаруашылықтардағы мал бастарына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуді үйрендім. Онда мен ірі қара малдардың күре тамырынан қан алуды, туберкулиндеу және паспорт беру, сырға салуға, станция мамандарына көмектестім. Қан алу алдында жануарларды арнайы ағашқа байлап, бекітіп, жануарлардың иелерінен паспортын сұрап, оларды тіркеп отырдық. Қанды алатын жерді, яғни күре тамырдың ⅔ бөлігін спиртпен өңдеп, Вакутаймер құралының көмегімен алдым.

Одан соң сыртына нөмерілеп, опиське жануар иесінің аты-жөнін, ИНН нөмерін, жануар түрі, жынысы, түсі, жасы және басқа да мәліметтерді тіркеп , иесінің қолын қойғыздым.. Паспортқа қан алу, туберулиндеу және басқа да мәлеметтерді тіркедім.

Ветеринариялық станцияда ветеринариялық препараттар бар. Солардың төмендегідей вакциналар да қолданылады.

1) Эмурленген пастерелезге қарсы вакцина: 12 ай сақталу қажет, ірі қара малға 3,0 мл-ден,ұсақ қара малға 2,0 мл-ден қолдану керек.

2) Поливалентті лептоспирозға қарсы вакцина: ірі қара мал, түйе, жфлқыға жасқа дейін 4 мл-ден, жастан кейін 7 мл қолдану керек, ұсақ қара мал жасқа дейін3 мл, жастан кейін 5 мл қолданады.

3) Ньюкасл аруына қарсы ла-сота штамынан дайындалған құрғақ вакцина.

4) Құтырық ауруына қарсы RAKSHARAB вакцинасы. 36 ай. сақталу қажет, жасы 3 айдан асқан жануарлар үшін бұлшықет арасына немесе тері астына 1 мл қолданады.

5) сібір жарасына СТИ-55 штамынан дайындалған вакцина қолданылады.

Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурылары пәні жайлы мен машықтанудан көптеген мәлеметтер жинап, теориялық білімімді тәжірбие жүзінде толықтырдым.