Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 4 страница

Ұлттық банк қандай банк?

Ұлттық Банктің функциялары қандай?

Ұлттық Банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары қай Заңмен белгіленеді?

1. Қаржы жинайтын, ссуда беретін, ақша есебін жүргізетін мекеме қалай аталады?

2. Қазақстанда қандай банктер жұмыс істейді?

3. Банктің филиалдары бар ма?

4. Банктің клиенттері кімдер?

5. Банктер қандай қызмет атқарады?

1. Іссапар куәлігі қай кезде беріледі?

2. Іссапар куәлігі қайда тіркеледі?

3. Шетелге іссапарға 2 айдан көп уақытқа баратын қызметкер не жасауы керек?

1. Нұрсұлтан Назарбаевті кім күтіп алды?

2. Мемлекет басшысы шейх әл-Нахаянға не үшін «Алтын Қыран» орденін тапсырды?

3. Финляндия Парламентінің спикерімен кездесуде әңгіме не жөнінде болды?

1 Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар немен байланысты?

2. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі неге бағытталды?

1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар қанша % көбейтілді?

2. Бұл шаралар неге әсер етті?

 

Емтихан сұрақтары

1.Іскерлік әлемі.

2. Экономика.

3.Отандық бизнес.

4.Іскерлік кездесулер.

5.Келіссөз.

6.Мәміле.

7.Компаниялар.

8.Фирма жарғысы.

9.Директорлар кеңесі.

10.Экономика.

11.Бизнесте.

12.Салық комитетінде

13.Банкте.

14.Іссапарда.

15.Компаниялар, әкімдер есебі.

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ

БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Апта

Тақырып атауы: Іскерлік әлемі. Грамматикалық тақырып: Экономикалық терминология негіздері.

Тақырып мазмұны:

1. Абу Дабидегі іскерлік кездесулер.

2. Бюджет.

3. Шоғырландырылған бюджет

Мақсаты:

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша:сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.

1-сабақ

АБУ ДАБИДЕГІ ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУЛЕР

ІСКЕРЛІК: АДАМДАРМЕН СӨЙЛЕСУ ӨНЕРІ  

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кім Халдун әл-Мубаракпен келіссөздер өткізді?

2. Кездесуде Д.Ердебай «Mubadala Development Company PJSC» компаниясының басшылығын немен таныстырды?

3. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нені дамытуға келісті?

Тт


2. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.

-Ісіне мығым  
Іске мұрындық болды  
–Ісмер адам  

 

– Ісі өнді  
–Істес болды  
–Істің көзін білді  

 

 


- жұмыстың орындалу тетігін, жүйесін тапты.

- қолының ебі бар, шебер адам.

- қызметтес, кәсіптес болды.

-жұмысы жақсы бітті, шаруасы ілгеріледі.

-шаруасын тындырымды істейтін адам.

-бар жұмысқа бастаушы болды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Экономикалық терминдерді түсіндіру кезінде біздер ең алдымен ана тіліміздің өз мүмкіндігін, төл байлығын, оның ішінде жалпы халықтық сөздерді, кәсіби сөздерді, мақал-мәтелдерді сарқа пайдаланғанымыз жөн.
3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

  Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай Әбу Дабидің «Mubadala» мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компаниясының бас атқарушы директоры Халдун әл-Мубаракпен келіссөздер өткізді.

Кездесуде Д.Ердебай «Mubadala Development Company PJSC» компаниясының басшылығын «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының қызметімен таныстырып, қордың мақсаттары және халықаралық озық тәжірибелерге сай басты бағыттар бойынша қордың қызметін реформалауды көздейтін трансформация үдерісі туралы әңгімелеп берді.

Халдун әл-Мубарак, өз кезегінде, «Мубадала» компаниясы экономикалық әр тараптандырылған көлемді коммерциялық жобалар қоржынын басқару мен дамытуға көңіл бөлетінін айтты. Компания жобаларды дербес түрде немесе халықаралық жетекші мекемелермен серіктестік құру арқылы іске асыратынын жеткізді. Компанияның коммерциялық стратегиясының берік негізі ірі қаржы табысын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді капиталды қажет ететін инвестициялар болып табылады. «Мубадала» компаниясы әлемнің 20-дан астам елінде құны 61 млрд. доллардан асатын халықаралық және аймақтық инвестициялық жобаларды басқарады.

Кездесу соңында Халдун әл-Мубарак Қазақстанның жоғары инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Дубай қаласында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Д.Ердебай «Dubai Holding» Халықаралық инвестициялық холдингілік компаниясының бас директоры Фадел әл-Алимен кездесу өткізіп, мемлекеттік даму институттарының қызметіне қолдау көрсету мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қарастырды.

Кездесуде Д.Ердебай сұхбаттасушыға Қазақстан Үкіметінің экономиканы индустрияландыру бағытындағы бастамалары туралы ақпарат берді. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының негізгі аспектілерін жан-жақты баяндап, шикізаттық емес және экспортқа бағытталған өндірістер туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға келісті. Кездесулерге Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Қайрат Лама Шариф қатысты.

(«Егемен-ақпарат»)

4. Түсініктеме

ӘЛ-АУҚАТ – хал-жағдай, тұрмыс. ТАРАП – белгілі бір жақ, тұс. ТАРТЫМДЫЛЫҚ – көңіл аударатын, қызықты, сүйкімді болу.

5. Мәтінге тапсырма:

1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) озық, келіссөз, отбасы, күйеу бала.

В) озық, ынтымақтастық, келіссөз, қор.

С) көрші, қамқорлық, ағайын, ықылас.

D) отау, шаңырақ, қазақ халқы, келіссөз.

 

2. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Құтты көрші.

В) ынтымақтастық кездесу.

С) Қазақы орта.

D) Әл-ауқат қор.

 

3. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

КімХалдун әл-Мубаракпен келіссөздер өткізді?

А) Арман Дүйсенов.

В) Дәурен Сәрсекеев.

С) Дәурен Ердебай.

D) Арман Ердебай.

 

4. Мәтіннің соңғы азатжолындағы негізгі ойды анықтаңыз.

А) Татулық – жеңіске әкеледі.

В) Кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты.

С) Көшіп келгендер жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болады.

D) Тараптар өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға келісті.

 

5. Мәтіннің екінші азатжолына тақырып қойыңыз.

А) Сыйластық төрі.

В) Қонақжайлық қасиет.

С) Қор қызметі.

D) Қасиетті бағалау.

6. Шығармашылық диктант. Мәтіндегі экономикалық терминдерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.

7. Бейнетаспаны көріп, түйіндеме жазыңыз: https://www.youtube.com/watch?v=5J1fKExNPwE

8. «ынтымақтастық», «қор» сөздерінің шығу тарихымен таныс болып, «келіс» сөзінің шығу төркініне болжам жасап көріңіз
Ынтымақтастық – тату-тәттілік, ұйымшылдық. Қор – 1. Белгілі бір мақсат үшін жиналған ақша қаражаты. 2. Мол жиналған қазына, байлық.


 

9. Іскерлік кездесуге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

 

Еңбек шаһар түзетеді,.. Өмір үйретеді
Еңбек ширатады,... көптің түбі - мереке
Еңбек түбі – береке, ... Еңбексіздік оны жүдетеді
Еңбек қылмай ер оңбас,.. Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық
Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,... Ерлік елдікке жеткізер
Еңбек ерлікке жеткізер, ... Бірлік қылмай ел оңбас
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады. Мысалы, қасқыр – ит-құс т.б.
11. Келісім, іскерлікке байланысты тыйым сөздердің мағынасын тауып, нақты мысалдар арқылы мағынасын талдап көрсетіңіз

 
     

12. Журналистің сұрақтарына жауап беріп, сұхбатты жалғастырыңыз.

- Сәлеметсіз бе, Бауыржан ағай!

- Қалқам, сәлеметсіз бе? Жағдайыңыз қалай?

________________________________________________________.

 

 

14. Жағдаяттық тапсырманы оқи отырып, өз ойыңызды мақал-мәтел арқылы дәлелдеп, аяқтаңыз. Осындай жағдайдан шығудың бірнеше жолдарын көрсетіңіз.

1. Іскерлік келіссөздердің нәтижесі жақсы болу үшін қандай шара қолданылатынын айтыңыз;

2. Келіссөз басталғанда қолданылатын сөз орамдарын айтыңыз.

 

 

2-сабақ

БЮДЖЕТ

Теңге – тиыннан құралады.


 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығындары неден тұрады?

2. Көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар не арқылы жүзеге асырылады?

3. Үкіметтік қарыз алу саясаты неге сәйкес жүргізіледі?

 

Тт


2. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.

-Ақша салды  
–Ақша сауды  


 

 

–Қарбаласты жүріс  
–Қарызын өтеді  
–Қарық болды  


- борышын қайтарды, міндетін атқарды

- аАқша аударды

- жарып қалды, молшылыққа кенелді, мәз болды

-қысылшаң, асығыс жүріс

-ақша жаратты, жұмсады

 

мына сөздермен сөз тіркесін құрыңыз, мысалы: жоғары пайыз.

шоғырландырылған - аккумулированный

шығыстар - расходы

жүзеге асырылады - реализуется

нысаналы - объектное

қаржыландыру - финансирование

қалыптастыру -формирование

кепілдендірілген - залоговый

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.

  Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығындары жергілікті бюджеттердің, республикалық бюджеттің шығындарынан және Ұлттық қордың шығыстарынан тұрады. Көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге

асырылады, сол уақытта Ұлттық қордан республикалық бюджетке ҚР Президенті айқындайтын мақсаттарға нысаналы трансферттерді қаржыландыру жүзеге асырылады.

Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына кепілдендірілген борышты ескере отырып, үкіметтік борышты 50-70-пайыздық қатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, сондай-ақ облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

4. Түсініктеме

БЮДЖЕТ – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. «Бюджет» деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған «ақшалы сөмке», «былғары қапшық» дегенді білдіреді.  

5. Мәтінге тапсырма:

1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) шығын, бюджет, жергілікті бюджет, күйеу бала.

В) бюджет, қасиетті, шығын, республикалық бюджет.

С) шығын, бюджет, нарық, жергілікті бюджет.

D) бюджет, шаңырақ, нарық, шығын.

 

2. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Ұлттық қор шығыстары.

В) Жергілікті шығын.

С) Қазақы орта.

D) Кішкентай мемлекет.

 

3. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Бюджетаралық қатынастар немен реттеледі?

А) Ағайын арасындағы татулықты ұстап отырумен.

В) Ұлттық қордағы шығыстармен.

С) облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен.

D) Міндетті ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырумен.

 

4. Мәтіннің соңғы азатжолындағы негізгі ойды анықтаңыз.

А) Трансферттер мен бюджеттік кредиттер нормативтерімен реттеледі.

В) Кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты.

С) Көшіп келгендер жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болады.

D) бюджетаралық қатынастар кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

5. Мәтіннің екінші азатжолына тақырып қойыңыз.

А) Сыйластық төрі.

В) Үкіметтік қарыз алу саясаты.

С) Кредит алу ережесі.

D) Қасиетті бағалау.

6. Шығармашылық диктант. Берілген терминдермен сөйлемдер құрыңыз: шығын, қор, бюджет, кіріс, пайыз, борыш, кепілдендірілген, қаржыландыру

9. Қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

 

Алыс-беріс қолынан,... тоймасқа берме
Алып алтау болмаған,... шығарып қояр жолынан
Толмасқа құйма,... кіресі кірмейді
Шығасы шықпай,... Бергенді тастама
Бермегенге қақсама,... жеп жетеу болмайды
11. Қаражатқа байланысты тыйым сөздердің мағынасын тауып, нақты мысалдар арқылы мағынасын талдап көрсетіңіз  
     

.

 

12. Журналистің сұрақтарына жауап беріп, сұхбатты жалғастырыңыз.

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе!

- Қазақстанның іскерлік әлемі қалыптасқан ба?

- ________________________________________________________.

 

14. Жағдаяттық тапсырманы оқи отырып, өз ойыңызды мақал-мәтел арқылы дәлелдеп, аяқтаңыз. Осындай жағдайдан шығудың бірнеше жолдарын көрсетіңіз.

1. Алматы қаласының 2016 жылға бюджеті анықталған, бірақ бюджеттен тыс іс-шара өткізуге қаражат табу керек.

2. «Жол картасы 2030» бағдарламасы бойынша балабақша салынған, балабақшаның ары қарай қызметіне бюджеттен бөлінген қаражатты жеткізу.

 

3-сабақ

7. Бейнетаспаны көріп, түйіндеме жазыңыз:Сеул: қазақ-кәріс іскерлік кеңесінің отырысы

https://www.youtube.com/watch?v=1f-h39nQXnA

Бейнефильм бойынша тапсырмалар.

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

 

Апта

 

Тақырып атауы: Экономика. Грамматикалық тақырып: Экономикалық терминдердің жасалуы.

Тақырып мазмұны:

1. Экономика.

2. Халықаралық экономикалық интеграция

3. Сөйлесім: Экономикалық ресурстар.

 

Мақсаты:

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша:сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.

 

1 –САБАҚ

ЭКОНОМИКА

Шаруа түбі – кеңес, сауда түбі - егес

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Экономика» терминін кім енгізген?

2. Экономикалық ресурстар қалай бөлінеді?

3. Ресурстар жиынтығының ішінде әрбір фактордың өз несі бар?

 

Сөздерді жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз

енгізген - внедренный

ойшылдар - мыслители

тұтастық - цельность

құрамдастары – части (составляющие)

өлшенетін - измеряемый

ұдайы - постоянно

құлдырау - спад

жағдаятты - ситуативный

2. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жиі қолданылатын экономикалық терминдер қатарына қазақтың байырғы сөздері: мұра, несие, тауар, сауда, шығын, бәсеке т.б. жататыны байқалды.

    Экономика ғылымы өзінің даму барысында тарихи ұзақ жолдан өтті. «Экономика» терминін сонау ежелгі грецияда философ Ксенофонт енгізген. Термин гректің екі сөзінен тұрады «ойкос»-үй шаруашылық, «номос»-заң. Экономика ғылымы қоғамның

экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған ойшылдардың, әр түрлі мектептердің бағыттар мен ағымдардың еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан және дамыған.

Қазіргі кезеңде экономиканы зертеу де микроэкономика және макроэкономика.

Макроэкономика-экономиканы тұтастық деп немесе оның негізгі құрамдастары деп зерттейтін экономикалық теорияның бөлімі.

Макроэкономика үрдістер өлшенетін және бағаланатын экономикалық индикаторлар үшін ұдайы тұрасыздық, олардың өсулері мен құлдырауларының оқтын-оқтын ауысулары және керісінше болулары оларға тән сипат.