Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

 

 

Апта

 

Тақырып атауы:Банкте.Грамматикалық тақырып: Стилистикалық тіл нормаларының өзіндік ерекшелігі

 

Тақырып мазмұны:

1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу.

2. ҚР банктер және банк қызметі туралы.

3. Сөйлесім: Банк қызметін тұтыну

Мақсаты:

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша:сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.

 

1-сабақ

Банктер мен банктен тыс мекемелердің

несиелерін есепке алу

Ғылыми стильдің ерекшелігі 1. Ой нақты, дәл, түсінікті, тұжырымды түрде беріледі. 2. Терминдер, тұрақты үлгідегі сөйлемдер, сөз тіркестері қолданылады. 3. Баяндауыш формалары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен немесе ырықсыз етістіктен жасалады.  


 

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу дегеніміз не?

2. Несиенің объективтік қажеттілігі немен байланысты?

3. Қандай пассивті шоттар пайдаланылады?

 

Сөздерді жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз

пайыз – процент

нысана – объект, цель

айқындайтын – выявляющий

қарыз – долг

шығын – расход

қалыптастыру – формировать

реттеледі – урегулируется

кіріс – доход

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми дәежесі бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие, неізінен, оны өтеу кабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі. Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісімшарт негізінде беріледі.

 

5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

6. Шығармашылық тапсырма.Ғылыми стильде қолданылатын етістік формаларымен мамандығыңызға сәйкес бірнеше сөйлем жазыңыз.

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

 

2-сабақ

Қазақстан Республикасындағы банктер

және банк қызметі туралы

Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Үндеудің мақсаты жұрттың санасына ықпал ету.


 

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ұлттық банк қандай банк?

2. Ұлттық Банктің функциялары қандай?

3. Ұлттық Банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары қай Заңмен белгіленеді?

 

Ой қозғау.

 

1. Қаржы жинайтын, ссуда беретін, ақша есебін жүргізетін мекеме қалай аталады?

2. Қазақстанда қандай банктер жұмыс істейді?

3. Банктің филиалдары бар ма?

4. Банктің клиенттері кімдер?

5. Банктер қандай қызмет атқарады?

 

Сөздерді жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз

мәртебе - статус

өкілеттілік - представительство

құзырет - полномочие

жәрдемдесу – оказать помощь

салымшылар - вкладчики

мүдде - интерес

астамы - более

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1. Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.

2. Ұлттық банк мемлекеттік орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіне жатады.

Ұлттық Банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттілігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» «Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді».

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктің реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталған.

3. Қазақстан Республикасының Заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар. Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады.

4. Шетелдер қатысушы банк – орналастырылған акцияларының үштен бірінен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерінің үштен бірінен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының иелігінде, меншігінде және\немесе басқаруында болатын Қазақстан Рсепубликасы резиденттерінің - заңды тұлғаларының

в) Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не осы бағыттың алты 6 (б)-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың қаражаттарына билік етушілер (сенім білдірілген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігінде, меншігінде және\немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.

 

5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

 

V. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

 

1. Банк дегеніміз не?

а) қаржы жинайтын мекеме

в) ссуда беретін мекеме

с) ақша есебін жүргізетін мекеме

д) мұқтаж адамдарға қарызға беретін мекеме

е) аталғандардың барлығы

 

2. Қазақстанда банктік жүйе неше деңгейлі?

а) 2 в) 3 с) 4 д) 5 е) 6

 

3. Банк қандай қызмет атқарады?

а) есеп-кассалық қызмет көрсетеді

в)несие береді

с)салымдар қабылдайды

д) ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырады

е) аталғандардың барлығы

 

4. Коммерциялық банктер негізінен кімге қызмет етеді?

а) мемлекетке в) қоғамға с) бірлестікке д) халыққа е) ұйымға

 

5. Қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын не?

 

а) мекеме в) банк с) сауда үйі д) мектеп е) сот үйі

 

2-тапсырма. Төмендегі сөздердің орысша аудармасын айтқызу.

 

Заңды тұлға, жеке тұлға, жеке адам, өнеркәсіп, мекеме, ұйым, банк жүйесі, банктік қызмет, ақша саясаты, салымдар, кепілдеме беру, несие беру.

 

12. «Банк арқылы ақша аудару» тақырыбында сұхбаттасыңыз. ақша, банк қызметі, жедел аудару, құн сөздерін пайдаланып, сұхбатты аяқтаңыз.

 

- Марат, сіз банктан несие алдыңыз ба?

- Иә, Жанат, _____________________ .

 

3-сабақ

Сөйлесім:

Жағдаяттық тапсырма:

Сіз Тұрғын үй жинақ банкінен төмен пайызбен несие алғыңыз келеді. Алайда сіздің айлық жалақыңыз жан басына шаққанда жетпейді. Банк сізден 30 % қаражат құюыңызды сұрайды. Сіз ол қаражатты қазіргі дағдарыс жағдайында ешкім бермейтінін білесіз. Сіздің іс-әрекетіңіз.

 

2. Банк қызметінтұтыну

https://www.youtube.com/watch?v=e0QrVIkbIsE