Төтенше жағдайда халықты басқару және ұйымдастыру бойынша негізгі заңдар және заңдылықтар

Тіршілік қауіпсіздігі түсінігіне сипаттама беріңіз.

«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттерді адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді. -Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді. -Оқыту міндеттері:бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету; *өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету; *студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту; *зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың *зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру. Табиғи сипаттағы ТЖ- дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.Апат- бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты шаруашылық объекті- лерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш /жойқын/ әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мем- лекеттік шаралардың жиыны.Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдала- нылатын ғимарат, жәй және басқа да құрылыстар.

Төтенше жағдайда халықты басқару және ұйымдастыру бойынша негізгі заңдар және заңдылықтар

Төтенше жағдай-адамдардың қаза табуына әкеп соғатын , олардың денсаулығына қоршаған орта және шаруашылық обьекттеріне нұқсан келтіретін, материалдық шығындарға алып келетін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аймақта туындайтын жағдай.

3. ТЖ байланысты халыққа төнетін негізгі қауіптердің себептері

Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін . Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиып қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады. Дегенмен ең бастысы адамның бұндай жағдайдағы істейтін өз іс әрекеті. Біріншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың аптап ыстық дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың бәрінің маңызы өте зор. Шешім қабылдағанда мына қажеттіліктерді қатты ескеру қажет. -Дәргерлік көмек көрсетеді -Сыртқы дүниемен байланыс орнатуға қам жасады -Баспана ұйымдастыруды -Су мен тағам табуды -Айналаны бағдарлап, зерттеп, жүретін бағытты анықтап алу керек.