Казакстандагы жер силкинисине кауипти аймактар

Ќазаќстанда сейсмикалыќ ќауіптіАлматы, Ќызылорда, Шыѓыс-Ќазаќстан, Мањѓыстау, Жамбыл, Оњт‰стік Ќазаќстан облыстары.Жер сілкінісініњ жойќын к‰ші оныњ єсерінен болатын апаттар кӨпшілікке мєлім. Өйткені Ќазаќстанныњ 450 мыњ шаршы км. аумаѓында жер сілкіну ќауіпі бар. Б±л аймаќта 6 млн-ан астам халыќ т±рады, 27 ќала, 400-ден астам елді мекендер бар.Жер сілкінуді алдын ала болжау ±заќ мерзімді (жылдар), орташа мерзімді (айлар), ќысќа мерзімді (к‰ндер, саѓаттар), ш±ѓыл мерзімді болып бӨлінеді.Жер сілкіну алдында кездесетін єр т‰рлі ескерту белгісін зерттеп жер сілкінуін алдын ала болжауѓа болады. Қазақстан жерінде болған жерсілкіністері туралы алғашқы деректер өте ерте кезден басталады. Алайда ғылыми тұрғыда жерсілкінуін зерттеу (тек қана Қазақстанда емес, бүкіл Орта Азия бойынша) ХІХ ғасырдың соңғы жылдары мен ХХ ғасырдың бастапқы жылдары арасында ғана басталды. Бұл деректер сол кездегі ірі қалалар мен елді мекендерде болған күшті сілкіністердің жер бетіндегі әсері туралы мәліметтерден тұратын еді (мәселен, Верный, Жаркент, Лепсі және т.б. қалалар). Мұндай деректер мен тарихи мәліметтер орыстың белгілі ғалым-геологы және саяхатшысы И.В. Мушкетовтың атымен тығыз байланысты. Оның 1887 жылы 9 маусымда Верный қаласы маңында болған 9-10 баллдық жерсілкінісі туралы жинаған және сол кездері басып шығарған еңбектері тек қана Орта Азия емес, бүкіл Ресей жерінде сейсмология ғылымының дамуына көрнекті үлес қосып, осы уақытқа дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
Қазақстан жерінде ең бірінші жерсілкінісін тіркейтін сейсмикалық қондырғы Верный қаласында 1905 жылы орнатылса, 1914 жылы арнайы сейсмикалық станция ашылған. Дегенмен бұл аталған қондырғылардың жұмысынан үзілісі көп болып, онан алынған мағлұматтардың сапасы нашар болды (олардан алынған деректер бүгінде сақталмаған). Тек қана 1927 жылдан бастап Түрксибстрой басқармасының қолдауымен Алматы қаласында сейсмикалық станцияның жұмысы жандандырылып, бақылау жұмыстары жүргізіле бастады. Сонымен, сейсмология саласындағы арнайы зерттеу жұмыстары Қазақстанда 1927 жылы Алматы қаласындағы сейсмикалық станцияның жаңадан жұмыс істеуінен басталды деп айтуға болады.
1951-1961 жылдар аралығында жерсілкіну құпиясын толық зертеу саласында Солтүстік Тянь-Шань мен Жонғар таулы аймақтарында сейсмикалық байқау жүйесін жетілдіру үшін жаңадан Іле (1951ж.), Күрметті (1951ж.), Шелек (1951ж.), Фабричная (1953ж.), Талғар (1960ж.), Қызылағаш (1961ж.) сейсмикалық станциялары ашылды. 1969 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы жанынан Сейсмология бөлімі ал, 1976 жылдан бастап Сейсмология институты ашылып көптеген жаңа сейсмикалық станциялар іске қосылды. Осы кезден бастап Қазақстанның оңтүстік бөлігі түгел бақылауға алынды. Дегенмен, әлі де болса республикамыздың бірқатар сейсмикалық аймақтары, атап айтқанда, Қазақстанның батыс, орталық, солтүстік және шығыс аймақтары сейсмикалық бақылаудан тыс қалып отыр. Әсіресе кейінгі жылдары елімізде орын алып отырған экономикалық дағдарыс сейсмология саласына да өз зиянын тигізіп отыр. Мысалы, кезінде іргелі ғылымды зертеуге арналып ашылған Сейсмология институты қазір ЖШС деңгейінде қалып отыр.

Жер силкинисин багалау

Жер сілкінуінің магнитудасы- сілкіністің мөшерін (шамасын) анықтайтын салыстырмалық энергетикалық өлшем. Ол сілкініс ошағынан Бөлініп шыққан энергия мөлшеріне тікелей байланысты. Ч. Рихтердің бастапқы аныұтамасы бойынша магнитуда дегеніміз сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта стандартты сейсмографпен тіркелген сейсмикалық толқынның ең үлкен амплитуда шегінің (милиметрдің мыңнан бір бөлігі) сандық логорафимінетең: Мұнда А-стандартты Сейсмографпен белгілі бір қашықтықта тіркелген толқын амплитудасының шегі, - стандартты сейсмографпен сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта тіркелген амплитудасының шегі ( 0,001мм-ге тең).1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64 (оның авторларының бас әріптері алынған) деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды. 1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. 2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. 3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. 4 балл. Елеулі жер сілкінісі. 5 балл. Ұйқыдан оянып кету. 6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. 7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. 8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. 9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. 10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі. 11 балл. Апат. 12 балл. Жер бедерінің озгеруі.14 Радиоэкологиялық биогеоценоздардың радиоактивті заттармен ластануы ағзалардың мекен ету ортасындағы жаңа абиотикалық фактор болып саналады. Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.№ 1 радиациядан қорғаушы дәрі-дәрмек - цистамин. Малина түсті екі пенал. Сәулелену қаупі кезінде пайдалану керек