Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары

1.Меншік экономикалық категория ретінде.

“Меншік” ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде түрде

адаммен, қоғамман бірге пайда болды. Алғашқы рет меншік ұғымы жермен байланыстырылды. Сондықтан

да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайына қатынасын

байқатады.

Өткен дәуірдегі экономикалық ой меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадам

жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисті Франсуа Кенэ “Экономикалық

кесте” деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі ролінің басымдығын көрсетеді және

еңбекшінің егін шаруашылығында басымдығын қолдап, оны барлық байлық пен әл-ауқаттың қайнар көзі

деп санаған.

Меншіктің пайда болу табиғатына өз үлесін классикалық экономикалық ғылым өкілдері: Петти,

Рикардо және Смит қосты. Олар алғашқы рет қоғамның жалдамалы жұмысшы және жер иеленуші болып

жіктелуін негіздеді.

Француз экономисті Пьер Жозеф Прудон меншікке көзқарасын өзінің “Кедейліктің философиясы”

еңбегінде баяндаған. Онда ол ұсақ жеке меншікті қолдап, ал капиталистік меншікті сынаған.

К.Маркстың тұжырымдауы бойынша меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен

санасына тәуелсіз өмір сүреді. Меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену қатынасы және

материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес –

құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды.

Меншік теориясына батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері американ экономисттері

Рональд Коуз және Армен Алчиан өз үлестерін қосты. Олардың ойынша меншіктің кешенді құқықтарына

төмендегілер жатады:

- иелену құқығы;

- пайдалану құқығы;

- басқару құқығы;

- табыс алу құқығы;

- егеменділік құқығы;

- қауіпсіздік құқығы;

- мұрагерге беру құқығы;

- мерзімсіздік құқығы;

- қоршаған ортаға зиян келтірмеу құқығы;

- жауапкершілік құқығы;

- бұзылған құқық шараларын қалпына келтіру құқығы.

Жоғарыда қарастырылған тұжырымдамаларға сәйкес меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны

анықталады.

Меншіктің экономикалық мазмұны бойынша меншік –бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани

игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық

қатынастар жиынтығы.

Меншіктің құқықтық мазмұны бойынша меншік – бұл барлық азаматтарға міндеттелетін мемлекетпен

анықталатын құқықтық нормалар мен заңдарда бекітілетін мүліктік қатынастар жиынтығы.

Меншіктің құқықтық мазмұны меншіктің құқықтары арқылы іске асырылады.

Меншік құқығы:

Иемдену – бұл белгілі бір заттардың адамдардың иелігінде болуы, ол заңмен қорғалады.

Пайдалану – бұл белгілі бір затты адамдардың өз қажеттілігіне тиімді пайдалануы (егін егу, өсіру, жалға

беру, табыс алу).

Билік ету – бұл белгілі бір затқа деген құқығын өзгерту. (сату, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту).

Меншіктің кез-келген экономикалық қатынастарда субъект және объект түсініктері орын алады.

Меншік қатынастарын жан-жақты 3 негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу арқылы

қарастырылады:

1) Кім (қандай шаруашылық субъектісі) өндіріс факторларын иемденеді?

2) Қандай экономикалық байланыстар заттардың тиімді пайдалануын қарастырады?

3) Кімге шаруашылық жүргізуден табыс түседі?

Меншіктің қатынастар жүйесі:

- мүлікті иемдену

- мүлікті пайдалану

- мүліктен табыс алу

Меншік субъектілері:

- жеке тұлға (азамат)

- заңды тұлға (фирма, кәсіпорын, бірлестік, кооператив, серіктестік, ұйымдар)

- мемлекет және жергілікті басқару органдары

Меншік объектілері:

- қозғалмайтын мүлік (жер, қазбалы байлықтар, су қоймалары, орман, ғимарат, құрылыстар)

- қозғалатын мүлік (ақша, құнды қағаздар)

- интелектуалдық меншік нәтижелері (тауар белгісі, сауда маркасы, фирмалық атау).

Нарықтық экономика жағдайында жекешелендіру термині кең тараған. Жекешелендіру дегеніміз -

бұл мемлекеттік меншіктің ақылы немесе ақысыз жеке меншікке берілуі.

Жекешелендіруге қарсы процесс – бұл ұлттандыру (национализация), яғни жеке меншік

объектілерінің (жер, кәсіпорын, көлік, банк) мемлекеттік меншікке көшірілуі.

Денационализация – бұл ұлттандырылған мүліктің бұрынғы иелеріне мемлекетпен қайтарылуы.

Эстония, Латвия, Литва елдерінде кең тараған.

Жекешелендіруді жүргізу формалары:

1. аукционнан кәсіпорындарды сату

2. конкурс арқылы сату

3. акционерлендіру жолымен сату.

Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- жеке меншік – иемдену, пайдалану, билік ету құқықтарының жеке тұлғада (жанұяда) болуды

қарастыратын меншік формасы

- ұжымдық меншік - өндіріс өнімдері мен құрал-жабдықтарын иемдену, пайдалану және билік ету

құқықтарын коллектив іске асыратын экономикалық қатынастар жүйесі (акционерлік, кооперативтік,

серіктестік)

- Мемлекеттік меншік – мемлекеттік билік өкілдері меншік оъектілерін иемдену, пайдалану және билік

етуді қарастыратын қатынастар жүйесі.

Мемлекеттік меншік:

1. республикалық (жер, су, өсімдік, әуе, жануар әлемі)

2. облыстық, аудандық, жергілікті (тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, мәдениет және денсаулық

сақтау, білім беру, жергілікті бюджет қоры)

Мемлекет иелігінен алу - өндірісті мемлекеттік - директивтік реттеуден нарықтық механизмдер негізінде

реттеуге көшу процесі.

Нәтижелері:

1. қоғамдық меншік азаяды, жеке меншік басым болады

2. мемлекеттің ролі өзгереді

3. мемлекеттік сатып алу кең тарайды.

4. сыртқы экономикалық байланыстарға мемлекеттік монополия жойылады.

3. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік меншікті жүзеге асыру тәсілі

ретінде.

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады.

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына

ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам

белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен

тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-

әрекеттері.

Кәсіпкерліктің белгілері:

 шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі

 экономикалық мүдделілігі

 шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі

 белсенді ізденуі

 жаңалықтығы

Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық

ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық,

инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың

жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге

қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.

2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу

мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек,

капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.

3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау

инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен

байланысты мәселелерді шешеді.

4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап ,

қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін

тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе

акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі

қажет.

1. Экономикалық жағдайлар:оған: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан

түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс

орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін

мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

2. Әлеуметтік жағдайлар: кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар

сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар

сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы

мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы

тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.

3. Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың

болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді

қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

4.Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысандары.

Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық

кәсіпкерлік жатады.

 Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.

 Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді

қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық

кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.

 Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып

табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық

банктер және қор биржалары жатады.

 Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды

жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.

 Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін

алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.

 Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін

кәсіпкерлік.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық

кәсіпкерліктер жатады.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.

Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.

Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс

алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:

1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.

2. Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық

мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге

барады және жауап береді.

Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға

құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік

қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық

акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны

басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.

Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:

1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең

тараған формасы.

2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.

Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,

экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент

айырбастау жөнінде келісім.

6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.