Сімдіктің химиялық құрамы

Электролиздың микробты торшасы.

Өсімдіктің химиялық құрамы – өсімдік тұлғасын құратын органикалық және минералдық заттар. Өсімдік клеткасының химиялық құрамында су – 70%, белоктар – 15%, көмірсулар – 3%, амин қышқылдары – 0,4%, нуклеотидтер – 0,4%, липидтер – 2%, бейорганикалық заттар (Mg, Ca, Mn, Na, K, Fe, Zn, Cu, Mo) – 1,5%, ДНК – 0,5%, РНК – 0,8% болады. Клетканың құрамындағы су бос (95%) және байланыс түрінде (5%) кездеседі. Өсімдіктің химиялық құрамы өсімдік өскен жер жағдайына, жасына, сортына, тәуліктік, вегетац. мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Әдетте пісіп жетілген тұқымда құрғақ зат мөлшері көбірек болады. Өсімдіктегі макроэлементтердің (құрғақ заттар – азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір) мөлшері 0,01 – 5,0%-дай, ал микроэлементтердің (бор, молибден, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, фтор) мөлшері 0,001 – 0,00001%-дай болады. Өте аз мөлшерде ультрамикроэлементтер – рубидий, цезий, селен, кадмий, күміс, сынап, т.б., ал органикалық заттардан – көмірсу (қант, крахмал, клетчатка, глюкоза, фруктоза, сахароза, т.б.), белок, май болады. Өсімдіктің химиялық құрамындағы органик. заттар мөлшері өсімдік түріне қарай әр түрлі болады. Минералдық заттар тұз түрінде (NaCl, KCl, т.б.) кездеседі, олар клетканың осмостық қысымын және қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті бір қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Май және май тектес заттар өсімдік тұқымы өнген кезде негізгі энергет. зат ретінде пайдаланылады. Өсімдіктегі белок зат алмасу процесіне қатысып, осы процесті реттейді, ал ферменттер өсімдік тіршілігіндегі биол.-хим. реакциялардың жүруін тездетеді. Өсімдік құрамында түзілетін витаминдер мөлшері көп болмағанмен, олардың өсімдік тіршілігіне және жануарлар мен адам организміне маңызы зор. Өсімдіктің химиялық құрамын өзгертуде түрлі селекциялық, агротехниакалық, т.б. шаралар қолдана отырып, өсімдіктің майлылығы, қанттылығы, өнімділігі арттырылып, т.б. жаңа сорттар алынады.

Агроэкожүйенің негізгі базисі – топырақ және екпе дақылдар болып саналады, өйткені онда заттар өзгеріп, күн сәулесі энергиясы трансформацияланады. Өсімдіктердің фотосинтезі арқылы күн сәулесі энергиясын пайдаланып, синтезделген органикалық заттардан топырақ көп мөлшерде энергия алып жинақтайды, биология- лық айналым арқылы тірі организмдерге қажетті көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, калий, кальций т.б. биофильді элементтерді шоғырландырады.

Агроэкожүйеде жүретін физикалық-химиялық үдерістер табиғи фитоценоздарға қарағанда өзгеше. Өйткені мұнда антропогенді реттеу басым. Сонымен бірге, агроэкожүйеде екпе дақылдармен қатар өсімдіктердің жабайы түрлері де (мысалы, арамшөптер) өседі. Сондай-ақ жануарлар мен жәндіктер де кездеседі.

Топырақ адам өмірінде зор роль атқарады. Оның құнарлылығы, онда өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары адам баласының тамақ ресурсын өндіруде аса

маңызды, әрі ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын қайнар көзі. Өсімдіктер, жануарлар, су қорларымен қатар, топырақ қалпына келетін қорлар тобына жатады. Топырақ түзілу процесі және оның құнарлылығын арттыру ілімінің дамуы барысында К.Маркстің

«егер дұрыс пайдаланылған жағдайда топырақ құнарлылығы прогрессивтік бағытта

жақсарады» деген тұжырымдамасы кең көлемде мойындалған. Бірақ, табиғи жағдайда топырақтың түзілуі және құнарлылығының артуы өте көп уақытқа созылады. Мысалы,

20см тереңдікте жыртылатын топырақ қабатының түзілуі және құнарлылығының артуы үшін табиғи жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкес бұл процеске 100 жылдан 3-

7 мың жылға дейін уақыт керек екен.

Сондықтан да топырақты үнемі күтіп ұстап, оның құнарлылығын жылдан жылға арттыру керек. Бұл келешек ұрпақтар үшін де маңызды. Топырақтың экологиялық қасиеттері: қоректік заттарды жинау қабілеті, яғни құнарлылығы, су сыйымдылығы, кеуектілігі, ылғал өткізгіштігі, ауа және жылу режимдері, т.б. оның механикалық құра- мымен, физикалық-химиялық қасиеттерімен тығыз байланысты.

Топырақ құнарлылығын арттыруда органикалық тыңайтқыштардың ролі өте зор. Олар: көң, сабан, өсімдіктердің тамыр және аңыздық қалдықтары, сидераттар, өндірістің залалсыз органикалық қалдықтары, т.б. Топырақтағы макро- және микроорганизмдердің тіршілік активтілігі енгізілген өсімдіктер мен жануарлар қал- дықтарынан құралған органикалық заттардың мөлшеріне және сапасына тікелей байланысты.

Топырақ құнарлылығын жақсарту жолдарын және жердің жыртылатын беткі қабатын тиімді пайдалану әдістерін зерттеп, іске асыратын агрономия ғылымының бір саласы – егіншілік.

Егіншілікте (агроэкожүйеде) заттар айналымына ең күшті әсер ететін шара – органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу. Тыңайтқыштар топырақ құрамына комплексті әсер етеді, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтермен толықтырады, топырақтың химиялық, агрохимиялық және физикалық қасиеттерін жақсартады, биологиялық активтілігін күшейтеді, топырақтың өзіндегі (құрамындағы)


қоректік заттардың жылжымалы, сіңімді түрге айналып, мобилизациялануын туындатады. Дұрыс технология бойынша оптималды мөлшерде енгізілген тыңайтқыштар дақылдар өнімділігін молайтып, топырақ құнарлылығының артуын туындатады.

Топырақ құрамында болатын түрлі минералды қосындылар мен күрделі органикалық заттар өсімдікпен қабылданып, кейін жануарларға өтеді. Биогеохимиялық түсінік бойынша, қоректік (трофикалық) тізбек арқылы, өсімдік пен жануарлардың күрделі органикалық заттары кейін (олар өлген соң) ыдырап, органикалық емес заттарға айналады және бұл үдеріс топырақта өтеді.

Ғаламшарда жалпы жылудың көтерілуі ауыл шаруашылығы өндірісіне де әсерін тигізуде. Ғалымдар мәліметі бойынша, Қазақстанда кейінгі кездері ауа райы +10С-қа көтерілді. Бұл елімізде агроэкологиялық жағдайды өзгертіп, қуаңшылық (аридизациялану) үдерісінің күшеюі мүмкін. Соның салдарынан органикалық заттар тез минералданып, топырақ қарашірігі (гумус) кеміп, қоректік заттар қоры азаяды, топырақтың механикалық құрамы да, ондағы микроорганизмдер тіршілігінің бағыты да өзгереді, топырақтың тұздану үдерісі күшейіп сортаңданады, шөлейттенеді. Топырақтану институтының мәліметі бойынша, еліміздің қара топырағында қарашірік

19-22% азайған, ал жыл сайынғы қара шіріндінің азаюы 0,8-1,0т/га.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, жыл сайын егістік жерден 2,5 млн.т қоректік заттар (элементтер) өніммен алынады. Оны қалпына келтіру үшін жыл сайын топыраққа 1,8 млн. т фосфорлы, 1,1 млн.т азотты және 0,4 млн.т калийлі тыңайтқыштардың әсерлі зат мөлшерінде егістіктерге берілуі керек.

Қазақстанда суармалы егіншілік негізінен шалғынды-батпақты және батпақты топыраққа орналасқан, кейінгі жылдары мелиорациялау жұмыстардың кең өріс алуына байланысты тақыр жерлер мен аллювийлі-шалғынды және кәдімгі сор топырақтарда игерілуде.

Суармалы егістіктердің экономикалық тиімділігі жоғары. Өйткені, біріншіден, ешқандай өнім бермейтін шөлейт аймақтағы тақыр жерлер, кәдімгі сор топырақтар игеріліп суарылса, ондай жағдайда өсірілген дақылдар табиғаттың қолайсыз құбылыстарына тәуелсіз болып, мол өнім береді, жұмсалған күрделі қаржы бірнеше жыл ішінде есесімен қайтарылады. Екіншіден, суармалы егіншілік аймақтарында күн радиациясы энергиясын көп керек ететін, халық шаруашылығына өте қажетті техникалық, дәнді және басқа дақылдар – мақта, қант қызылшасы, күріш, бидай, арпа, сұлы, бау-бақшалар, дәрілік шөптер және мал азығындық дақылдар өсіріліп, мол өнім алынады.

Қазақстанның Оңтүстігінде суармалы жерлер тиімді пайдаланылса, күріш, мақта және көкөністі көп өндіріп, бұл дақылдарды табысты деңгейге жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге мал шаруашылығы қажетті жемшөппен де толық қамтамасыз етіледі.

Бірақ, суармалы жерлерде күрделі мелиорациялық жұмыстар жүргізіп игеруге көп қаржы жұмсалады. Дегенмен Қазақстан жағдайында мақта егу үшін жұмсалған қаржы 3 жылда, қант қызылшасын егу үшін жұмсалған қаржы 4-5 жылда, күріш егуге жұмсалған қаржы 5-7 жылда, ал көкөніс пен мал азығындық егістерге жұмсалған қаржы 2-3 жылда өтеледі екен.

Бірақ, соңғы жылдары бүкіл Қазақстан егіншілігінде күрделі экологиялық жағдайларды ескермеу салдарынан суармалы егіншілік жағдайындағы ауыспалы егістерде топырақ құнарлылығы, оның ішінде қара шірінді 25-35% кемігендігі айқындалды. Себебі топырақтың агрохимиялық және агрофизикалық жағдайы нашар- лап, топырақ нығыздалған, эрозияға ұшырап, еліміздің көпшілік аймақтарының топы- рақ экологиясы бұзылған. Құнарлылығы төмендеген, ластанған жерлер көлемі


Республикамызда 85-90 млн. гектарға жетеді. Олардың құнарлылығын қалпына келтіру үшін әртүрлі құнарландыру (мелиорация, органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу, жоңышқа және түйежоңышқа дақылдарын ауыспалы егіске кеңінен енгізіп өсіру) шараларын қолдану қажет.

Ауыл шаруашылығында пайдаланылғанда топырақтағы қарашірінді мөлшері кемуінің азаюының негізгі себептері: өсімдік қалдықтарының азаюы, суармалы егістік жағдайында органикалық қалдықтардың тез шіріп, минералдануы, органикалық тыңайтқыштардың (көң, сидерат, т.б.) аз мөлшерде қолданылуы, су және жел эрозиясының әсері. Әртүрлі аймақтық-климаттық жағдайында тың және тыңайған жерлерді игеріп, егіншілікті мәдениеттендіру барысында қарашіріндінің топтық құрамының өзгеретіндігі анықталды.

Жерді мелиорациялау нәтижесінде Қазақстандық Арал өңірі күріш егіншілігі жедел дамыған аймаққа айналды. Күріш, ерте дәнді дақылдар және көпжылдық шөптер өсіріп жинаудың барлық үдерістерін механикаландыруға мүмкіндік беретін инженерлік жүйелер жасалынды. Осы жүйелер негізінде күріш пен басқа да дақылдар өсірудің жаңа аймақтары игерілді. Олар: Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Орталық (Қызылорда), Қазалы алқаптары.

Арал өңірінде күріш егіншілігі 1965-1966 жылдардан бастап қарқынды дамыды, ал 1975-1990 жылдары бұл бағалы дақыл жыл сайын 90-110 мың гектар көлемінде өсірілді. Осыған сәйкес, ауыспалы егістегі күріш үлесі 62,5 пайызға дейін жетті, ал кейбір шаруашылықтарда одан да жоғары болды. Осындай жағдайда бір танапта күріш дақылы қатарынан 3-5 жыл егілді. Бірақ, технология деңгейі жоғары болып, көп мөлшерде тыңайтқыштар берілгендіктен күріш егісінің дән өнімі Қызылорда облысы бойынша орташа 49-52ц/га деңгейіне дейін жетті. Егістіктен мұндай мол өнім алынған жағдайда күріш дақылы негізгі қоректік элементтерді (NPK) көп мөлшерде топырақтан алып сіңіреді. Яғни, ауыспалы егіс танаптарының топырақтарындағы минералды қоректік элементтер айналымы ажыратылып, олар дәнмен, сабанмен әкетіледі. Төмен қарай сүзілген сумен бірге шайылуы нәтижесінде топырақтың минералогиялық құрамы және қоректік заттардың тереңдік (вертикаль) бойынша орналасуы өзгереді. Сөйтіп топырақтағы жылжымалы фосфор, азот, калий мөлшерінің азайғаны байқалады.

Кейінгі, 1994-2004 жылдары Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде минералды тыңайтқыштар қолдану 1990 жылмен салыстырғанда 2,5-3,6 есе, ал органикалық тыңайтқыштар қолдану 360 есе азайды. Соның салдарынан қарашірінді (гумус) мөлшері тың жерлердегі 1,8-2,5% деңгейінен азайып, 0,8-1,1% мөлшеріне дейін, яғни

30-35% төмендеді.

Сонымен, инженерлі дайындалған суармалы жерлерді пайдалану барысында топырақтың физика-химиялық қасиеті нашарлауда, тұздану, сортаңдану үдеріс күшейе түсуде, ал бұл өз кезегінде қарашірінді және қоректік элементтер мөлшерін азайтып, топырақ құнарлылығын төмендетуде. Аталған жағымсыз үдерістер қарқынды (интен- сивті) дамуы кейінгі 10-15 жыл ішінде күшейе түсуде. Қаржы және материалдық ресурстар тапшылығы нәтижесінде суару және коллекторлық-дренаждық жүйелер жөнделмеген, атыз беті нашар тегістелгендіктен күріштің суару режимі бұзылуда, техникалар жетіспегендіктен агротехника шаралары қысқартылған режиммен (циклмен) жүргізілуде, ауыспалы егістегі ротация жүйесі сақталмайды, суармалы жер- лердің мелиоративтік жағдайы нашарлап, топырақтың тұздануы күшейе түсуде.

Осындай құнарсызданған, әсіресе тұзданып сорланған жерлерді игеру – күрделі үдеріс, бірақ экономикалық тұрғыдан пайдалы және қолайсыз агроэкологиялық жағдайларды өзгертіп жақсартады. Тәжірибе нәтижелеріне қарағанда, қайта тұзданған жерлерді қалпына келтіру үшін топыраққа күріш сабанынан дайындалған қарашірік


енгізіп, фитомелиорант түйежоңышқа, содан соң күріш өсіру керек. Микроорга- низмдер активтілігі күшеюі нәтижесінде, жаңа органикалық заттардың шіруі арқылы қарашірінді мөлшері және топырақтың биологиялық активтілігі артады, сілтілігі және тұздардың зиянды әсері азаяды. Яғни, мұндай жерлерді қалпына келтіру тәсілдерінің бірі – құнарсызданған, тұзданып, сортаңданған және сілтілі топырақтарда жақсы өсе- тін өсімдіктерді өсіру болып табылады. Ондай өсімдіктердің тамыр жүйесі жақсы дамыған, топырақтағы нашар еритін қосындыларды, әсіресе фосфор, кальций қосындыларын көбірек сіңіре алатын, сонымен бірге көп мөлшерде балауса биомасса және тұқым бере алатын болуы керек.

Қазақстанда соның ішінде Арал өңірі жағдайында өсірілетін дақылдар ішінде бұл топқа түйежоңышқа жатады. Түйежоңышқаның өсу дәуірі екі жылдық, топырақ құнарлылығын талғамайды, шайылған, қара шірінді (гумусы) аз, саздақ және тұзданып сор тартқан топырақтарда да өсе береді, қуаңшылыққа, қыс кезеңінің қолайсыз жағ- дайларына төзімді. Өйткені, бұл өсімдік екпе дақылдар қатарына басқалардың бәрінен кейін қосылғандықтан, өзінің биологиялық ерекшеліктері бойынша кез келген жерде өсе алатын жабайы өсімдіктерге, арам шөптерге жақындау.

Басқа дақылдарға қарағанда, түйежоңышқа өзінің тармақталып, тереңге бойлап өскен тамырлары арқылы төменгі қабаттардағы керекті қоректік элементтерді, әсіресе кальцийді, фосфорды, топырақтағы нашар еритін қосындыларды ерітіп, қоректік зат- тарды жоғарғы қабаттарға шығарады, тамырындағы түйнек бактериялар арқылы ауадағы азотты көбірек сіңіреді. Сөйтіп, топырақты органикалық заттармен және азотпен байытады.

Күріш ауыспалы егісінде, басқа да тәлімі және суармалы жерлерде егіншілікті

биологияландыру және экологияландыру төмендегідей технологияларға негізделген:

1) ғылыми негізделген ауыспалы егісті игеру;

2) ауыспалы егіс танаптарында көп жылдық шөптер (жоңышқа, түйежоңышқа)

егістері көлемін ұлғайту;

3) органикалық тыңайтқыштар орнына сидеральды дақылдарды (мысалы, түйежоңышқа) кеңінен пайдалану;

4) егіншілікті биологияландыру барысында экологиялық тұрғыдан қауіпсіз гербицидтер, басқа да химиялық препараттар пайдалану;

5) мол өнімді аудандастырылған сорттар өсіру, сорт алмастыру және жаңарту;

6) топырақты жел, су эрозиясынан сақтау жүйелерін енгізіп, дұрыс пайдалану. Ауыспалы егісте күріш дақылы 2 жыл қатарынан егілгеннен кейін құрғақта

өсетін басқа дақылдармен алмастырылып отырылуы қажет. Егер күріш бір жерде 3-5 жыл немесе одан да көп жыл үздіксіз егілсе, ол танаптарда күрмек, шиін, доңызқоға секілді арамшөптер көбейеді. Сонымен бірге топырақта ауа-қорек-су режимдері

өзгереді, соған сәйкес топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды, қарашірінді

қоректік заттар мөлшері жылдан жылға азая береді.

Атап айтқанда, Арал өңірінде ұзақ жылдар (1965-2010 жж.) бойы күріш өсірілуі әсерінен аймақтағы күріш егілген суармалы жерлерде жер асты суларының деңгейі көтеріліп, минералдануы артты, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы нашарлап, топырақтың тұздануы күшейе түсуде. Қазақстанның басқа да суармалы жерлерінде дренаждық жүйенің нашар жұмыс істеуі және жер асты суының көтерілуі нәтижесінде қайталап тұздану үдерісі күшейген.

Қазіргі кезеңде (01.01.2004 жж.) жағдайы жақсы деп бағаланатын суармалы жерлер көлемі 72,9 мың гектар, қанағаттанарлық – 79,3 мың гектар, жағдайы қанағаттанарлық емес, нашар – 62,7 мың га, оның ішінде топырағы тұзданған жерлер –

24,8 мың га, жер асты сулары деңгейінің тым көтерілуі және тұздануы нәтижесінде құнарсызданған жерлер – 22,5 мың гектар.


Аталған қолайсыз жағдайларды өзгертіп жақсарту, топырақ құнарлылығын арттыру, күріш және басқа дәнді дақылдардан мол өнім алу үшін күріш ауыспалы егісін игеріп, көп жылдық шөптердің, әсіресе түйежоңышқаның егіс көлемін ұлғайту керек. Ал, көп жылдық шөптер (жоңышқа, түйежоңышқа) күріш ауыспалы егісі танаптарының топырағын органикалық қалдықтармен көп мөлшерде байытып қам- тамасыз етеді. Түйежоңышқаның және кәдімгі жоңышқаның тамыр жүйесінің шығарған заттары әсерінен топырақ микроорганизмдерінің тіршілік әрекеті күшейіп, топырақ құнарлылығын жақсартады. Бұл күріштің биологиялық өніммен (дән, сабан) әкетілген қоректік элементтерді «қайтару заңдылығын» сақтауға мүмкіндіктер туғызады. Яғни, күріш егісінен және басқа дақылдардан мол өнім алып, топырақ құнарлылығын, оның физикалық-химиялық жағдайын жылдан жылға жақсарту тек ауыспалы егісте іс жүзіне асады. Өйткені, ауыспалы егіс танаптарында өсірілген дақылдардың ішінде тек жоңышқа мен түйежоңышқа ғана өніммен шығарылатын және топырақта қалатын органикалық заттар бойынша оң баланс береді. Атап айтқанда, екі жылдық жоңышқадан кейін гектарына 10-12 тонна тамыр, сабақ, жапырақ қалдықтары қалса, үш жылдық жоңышқа немесе екі жылдық түйежо- ңышқадан кейін 13-18 тоннаға дейін органикалық заттар қалатыны анықталды. Ал, дәнді дақылдар, мысалы бидай гектарына небәрі 3,1-5,3 тонна қалдықтар қалдырады. Сондықтан, күріш ауыспалы егісінде алғы дақыл ретінде көп жылдық шөптердің (жоңышқа, түйежоңышқа) үлесі көбірек болғаны жөн.

Көп жылдық шөптер (әсіресе түйежоңышқа) егісі арамшөптер, аурулар мен зиянкестерді биологиялық әдіспен жоюда фитосанитарлық роль атқарады. Кейінгі жылдары гербицидтердің қымбаттауына байланысты күріш егістігінде олар аз қолданылуда. Нәтижесінде бүкіл Арал өңірі аймағы көлемінде, яғни, суармалы егіншілік жағдайында өте зиянды арам шөптер-түйнек тамырлы доңызқоға (доңызөлең), күрмек, шиін т.б. кеңінен таралып, егістікті ластауда.

Қызылорда облысында түйежоңышқаның егіс көлемін 15-20 мың гектарға жеткізіп, доңызқоға, күрмек пен шиін өскен танаптарда өсірілсе, бұл дақыл аталған арамшөптерді жойып құртуға әсері бар, әрі топырақ құнарлылығын арттырып, оның физика-химиялық қасиетін жақсартады. Нәтижесінде гербицид қолданбай-ақ, тыңайтқыштарды аз бергеннің өзінде де күріш егісінен біршама мол өнім алуға бола- ды. Атап айтқанда, тыңайтқыштар беріліп, жоңышқа шымына (қыртысына) өсірілген күріш егісінен алынған дән өнімі гектарына 66,8 центнер болды, оның аударма шымынан – 63,9ц/га, үшінші жылы егілгенде 56,1ц/га өнім алынды. Тыңайтқыш беріліп, күріш екі жылдық түйежоңышқадан кейін егілген жағдайда мол өнім (67,7;

61,9; 53,9ц/га) алынды. Алғы дақылы күздік және жаздық бидай немесе жүгері болған күріш егісінен тыңайтқыш берілгеннің өзінде де өнім төмендеді (54,8-56,2ц/га), екінші жылы бұл 48,2-50,4ц/га шамасында болды.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, ауыспалы егіс танаптарындағы тұзданып сортаңданған жерлерді қалпына келтіруде, өте зиянды арамшөптерді (доңызқоға, күрмек, шиін) агробиологиялық жолмен жоюда және күріш, ерте дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы), мақта, көкөніс егістігі өнімдерін арттыруда түйежоңышқа үлкен роль атқарады. Яғни, суармалы егіншілік жағдайында түйежоңышқаны аталған дақыл- дардың негізгі алғы дақылы ретінде өсіріп, тұзданып сортаңданған және зиянды арамшөптер басқан танаптарда орналастырып, ауыспалы егістердің жаңа үлгілеріне кең көлемде енгізген жөн.

Биологиялық ерекшеліктеріне және көптеген жақсы шаруашылық қасиеттері мен белгілеріне байланысты түйежоңышқаның өсімдік шаруашылығына және күріш егіншілігіне керектілігі, маңыздылығы төмендегідей:


- түйежоңышқа мол өнімді жемшөптік дақыл, құрамындағы сіңімді белок және басқа да қоректік заттар мөлшері бойынша кәдімгі жоңышқамен және беде өсімдіктерімен деңгейлес;

- күріш, жаздық дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы), мақта, көкөніс дақылдары және жүгері үшін жақсы алғы дақыл;

- қарашірінді (гумус) мөлшері аз, құнарсыз, тұзданып сорланған жерлерді қалпына келтіруде, арамшөптерді жоюда фитомелиорант және сидераттық дақыл ретінде мүмкіндігі зор;

- көптеген ауыспалы егістерге (күріш, мақта, бидай, көкөніс, т.б.) енгізуге қолайлы екі жылдық өсімдік, танаптарды жаздың бірінші жартысында босатады;

- топырақтағы зиянды жәндіктерден тазартады, тамыр шіру ауруын қоздыратын

және басқа да ауру қоздырғыш микроорганизмдердің өсіп-дамуын тежейді;

- тамырындағы түйнек бактериялар арқылы атмосфералық азотты сіңіріп, топырақта биологиялық азот мөлшерін көбейтеді (150-180кг/га);

- топырақта көп мөлшерде (12-15т/га) органикалық заттар жинақтайды, бұл 18-

20т/га көң енгізгенмен тең;

- топырақ құнарлылығын талғамайды, қарашірінді мөлшері аз, құнарсыз, сазды, тұзданып сорланған топырақтарда өсе береді, өндірістік орындарда, карьерлерде ластанған жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) үшін өсіруге болады;

- ең жақсы және көп мөлшерде бал беретін өсімдіктер қатарына жатады;

- түйежоңышқа қуаңшылыққа, суыққа, қыс айларындағы қолайсыз жағдайларға төзімді, көп мөлшерде тұқым береді.

Түйежоңышқа енгізілген ауыспалы егістерде күріш, мақта, көкөніс және басқа дәнді дақылдардан мол өнім алынып, жалпы дән өнімі артады. Сонымен бірге сіңімді белок мөлшері көп жемшөп алынады, топырақты органикалық заттармен байытып, қарашірінді (гумус) және басқа да қоректік заттар (элементтер) мөлшерін арттырады. Атмосфералық азотты сіңіріп, топырақтағы биологиялық азот мөлшерін көбейтуі нәтижесінде күріш және басқа дәнді дақылдар егісіне аз мөлшерде тыңайтқыштар берілуі арқылы «экологиялық таза» астық өнімі алынады.

Түйежоңышқаның осындай жақсы қасиеттеріне қарамастан республикамыздың көптеген ауыспалы егістеріне және Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісіне баяу енгізілуде.

Табиғаттағы фосфор және биогенді заттар айналымы
designed by Péter Puklus for Prezi
Фосфор элементі
Фосфор
– бейметалл, активтілігі орташа, сыртқы орбиталінда 5é бар , оның 3é жұптаспаған, сондықтан ол -3, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Оның бірнеше аллотртопиялық түр өзгерістері бар: ақ және қызыл

Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.

Мазмұны

· 1 Кейбір металдар

· 2 Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына жатады:

· 3 Металдардың химиялық қасиеттері

o 3.1 Жай заттармен:

o 3.2 Күрделі заттармен:

· 4 Металдарды алу әдістері

o 4.1 Металлургия

· 5 Металл аққыштығы

· 6 Металдардың активтілік қатары

· 7 Металл ақша

· 8 Металл беріктігі

· 9 Металдар коррозиясы

· 10 Металл құралымдар

· 11 Дереккөздер

Кейбір металдар

Осмий

Алюминий

1. Сілтілік металдар:

o Литий

o Натрий

o Калий

o Рубидий

o Цезий

o Франций

2. Сітілік-жер металдар:

o Магний

o Кальций

o Стронций

o Барий

o Радий

3. Амфотерлі (екідайлы) металдар:

o Алюминий

o Галлий

o Қорғасын

o Қалайы

o Бериллий

o Мырыш

4. Бағалы металдар:

o Рутений

o Родий

o Палладий

o Осмий

o Иридий

o Платина

Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына жатады:

· Al (8,1%)

· Fe (4,65%)

· Ca (3,6%)

· Na (2,64%)

· K (2,5%)

· Mg (2,1%)

· Tі (0,57%)

· Mn (0,1%)

· Ba (0,05%)

· Sr (0,03%)

· Қалғандары (0,1365%)