Бұл баладағы апноэ ұстамалары қандай функциональды ерекшеліктерге байланысты?

А) Бронхтың дренаждық қызметінің жеткіліксіздігі

В) Кеуде клеткасы экскурсиясының әлсіздігі

С) Шырышты қабаттың ісінуге және гиперсекрецияға бейім болуы

D) Тыныс алу орталығының дұрыс қызметтік жетиспеушілігі

Е) Көкеттің әлсіз жиырылуы

 

Апталық баласы бар ана аймақтық дәрігерден баланы емізу туралы кеңес сұрады. Қыз баланың дені сау.

Бұл балада тыныс алу жиілігі минутына қанша болу қажет?

А) 40-50

В) 30-35

С) 25-30

D) 18-20

Е) 15-16

 

Аймақтық дәрігерге 1 жастағы ұл бала балабақшаға бару үшін тексерілуге келді. Баланың дамуы жасына сай. Ана сүтін емеді. Баланың дені сау.

Бұл жастағы баланың минутына тыныс алу жиілігі қандай болу керек?

А) 40-50

В) 30-35

С) 25-30

D) 18-20

Е) 15-16

 

Аймақтық педиатрдың қабылдауына 1,5 жастағы ұл баланы анасы алып келді. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: спастикалық дем алумен ұстама тәрізді жөтел, жиі құсумен аяқталады.

Бұл симптомдарға қарап қандай ауру туралы ойлауға болады?

А) Көмейдің жедел стенозы

В)Пневмония

С) Трахеит

D)Бронхоаденит

Е) Көкжөтел

 

Аймақтық дәрігерге 2 жастағы ұл баланы анасы алып келді. 2 аптадан бері ауырады, мазасыз, дене температурасы 37,20С. Терең ылғалды жөтел жиі байқалады, өкпесін тыңдағанда құрғақ және жайылмалы ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Аускультациялық зерттеуге қарап қандай ауру туралы ойлайсыз?

А) Көмейдің жедел стенозы

В) Бронхит

С) Пневмония

D) Плеврит

Е) Бронхоаденит

Дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл бала анасымен келді. Дәрігер тексеру барысында жедел пневмония ауруына күдіктенді. Бұл диагнозды қоюға не себеп болды?

А) Терең ұстама тәрізді жөтел

В) Ауыз төңірегіндегі цианоз

С) Өкпеде ұса көпіршікті ылғалды сырылдар

D) Дене температурасы 37,8 С

Е) Минутына 30 рет тыныс алу

 

Аймақтық дәрігерге 8 айлық баланы анасы алып келді. Терісінде және шырышты қабатта экссудативті-катаральді диатездің белгілері бар, жедел респираторлы инфекциямен ауырған. Аурудың 4 күнінен бастап балада «үрген» тәрізді өрескел жөтел, жалпы мазасыздық, ентігу, дем алу кезінде шулы тыныс, қырылды дауыс пайда болған.

Бұл симптомдар нені көрсетеді?

А) Круп синдромы

В)Туа бітті стридор

С) Көкжөтел ұстамасы

D) Бөгде зат түсу

Е) Жедел пневмония

 

Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. 3 күн бойы жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырады. Қаралған күні баланың жағдайы нашарлаған: мазасыз, дене температурасы 37,50С, «үрген» сияқты өрескел жөтел, бұғана үсті мен қабырға аралығының ішке кіруімен шулы тыныс алу, инспираторлық ентігу, тыныс алуы минутына 50 рет, мұрын-ауыз төңірегінде цианоз. Перкуссия кезінде өкпеде қорап тәрізді дыбыс. Аускультацияда өрескел тыныс шуы, қатаң сырылдар, біршама орнықпаған әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.

Осы клиникалық көріністерге қарап қандай патология туралы ойлайсыз?

А)Жедел пневмония

В)Жедел бронхит

С) Бронх демікпесі

D) Жедел стенозды ларинготрахеит

Е)Тыныс жолына бөгде зат түсу

 

Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. Бала обструктивті синдромды респираторлы-вирусты инфекциямен ауырған.

Кпебронхтық жүйенің қандай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері обструктивті синдромның дамуына әсер етті?

А) Тыныс алу бұлшықеттерінің жетілмеуі

В)Шырышты қабаттың васкуляризациясы

C) Бронх шырышты қабатының жыбыр эпителиінің толық дамымауы

D) Бронх шырышты қабатында көп қатарлы цилиндрлі эпителийдің болуы

Е)Көкеттің әлсіз жиырылуы

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 3 айлық ұл бала келді. 2 аптадан бері нәресте мазасыз, ұйқысы бұзылған, шошып оянады және тершең. Емшекті нашар емеді. Үлкен дәреті тұрақсыз. Қарағанда: терісі бозғылт, шүйде аймағының шашы түскен,тургоры төмендеген,үлкен еңбегінің жиегі батыңқы. Дәрігер нәрестеге рахит диагнозын қойған.

Нәрестеде рахиттің қай сатысы дамып жатыр?

А) Бастапқы

В) Асқыну

С)Өршу

D)Реконвалисценция

Е) Қалдықты өзгерістер

 

 

Айлық ұл бала аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Анасы баласының басының тез үлкейгеніне шағымданады, өйткені оған сатып алынған қалпақтың тар болып қалғанын айтады. Патронаждық мейірбикемен жүргізілген өлшеуде баланың бас айналымы - 43 см, кеуде шеңберінікі – 44 см.