Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А) бронх демікпесі

B) ошақты пневмония

C) крупозды пневмония

D) созылмалы бронхит

E) жедел бронхит

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 3жасар ұл бала анасымен келді. Анасының айтуынша: 2 күн бұрын дене қызуының жоғарлаған, мазасызданған, екінші күні құрғақ жөтел басталып, мукалтин бергеннен кейін аздап ылғалданған. Қарап тексергенде: терісі боз,ылгалды, өкпенің барлық аймағында үлкен және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенде: өкпенің түбір төңірегінің симметриялы қоюланғаны байқалады. Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

А) жедел ағымды бронхит

B) созылмалы бронхит

С) крупозды пневмония

D) ошақты пневмония

Е) жедел пневмония

 

Аймақтық дәрігерге 8 айлық баланы анасы алып келді Шағымдары: екі күн дене қызуы 38С-қа көтерілген, кіші дәретке жиі отырады және мазасызнады, анасының байқауы таңертенгі зәрі лайланған. Қарағанда: интоксикация белгілері айқын, терісі боз, нәрестенің қабақтары ісіңкі, кіші дәретке ауырсынумен отырады. ЖҚА: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, ЭТЖ – 15 мм/сағ. ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия.

Аймақтық дәрігер қандай диагноз қойды?

А) жедел цистит

В) жедел гломерулонефрит

С) жедел пиелонефрит

D) созылмалы пиелонефрит

Е) созылмалы гломерулонефрит

Аурахананың қабылдау бөліміне 1.5 жасар ұл бала аймақтық педиатрдың жолдаумен келді. Шағымдары: жөтеледі, ентігеді, үш күн бойы дене қызуы көтерілген. Қарағанда: интоксикация белгілері айқын, ентігеді, дене қызуы 38,50С, өкпенің оң жақ жауырынның астында ылғалды ұсақ колибрлы сырылдар естіледі.

Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А) жедел бронхит

В) созылмалы бронхит

С) жедел пневмония

D) созылмалы пневмония

Е) бронх демікпесі

Емхананың дәрігер қабылдауына 12 айлық ұл бала анасымен келді. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, үлкен еңбегі жабылмаған, маңдай мен төбе сүйектері бұдырланған, қабырға «таспихтері» пальпацияланады, кұс көкірек, іші ұлкен, О-тәрізді аяғы қисайған.

Дәрігер қандай болжам диагноз қойды?

А) рахит

В) паратрофия

С) паратрофия

D) гипотрофия

Е) Гипостатура

Емхананың дәрігер қабылдауына 15 айлық ұл бала анасымен келді. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, үлкен еңбегі жабылмаған, маңдай мен төбе сүйектері бұдырланған, қабырға «таспихтері» пальпацияланады, кұс көкірек, іші ұлкен, О-тәрізді аяғы қисайған. Дәрігер мешел ауруы диагнозын қойды.

Нәрестеде рахиттің қай сатысы дамып жатыр?

А) бастапқы

В) асқыну

С) өршу

D) реконвалисценция

Е) қалдықты өзгерістері

Емханаға дәрігер қабылдауына 11 жастағы қыз бала келді. Шағымдары: қуық маңы ашиды, кіші дәретті жиі және ауырсынумен келеді. Анасының айтуы бойынша 4 күн бұрын, көліктің бұзылуына байланысты, жолда қатты тоңып қалған. Дәрігер қарағанда: интоксикация белгілері жоқ, дизуриялық белгілердің салдарынан жағдайы орташа ауырлықта, терісі боз, Пастернацкий симптомы теріс. Зерттеу нәтижесінде лейкоцитурия анықталды.

Дәрігердің қойған диагнозы:

А) жедел гломерулонефрит

В) жедел цистит

С) созылмалы пиелонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

Е) жедел пиелонефрит

Аурухананың қабылдау бөліміне 13 жасар қыз баланы анасы алып келді . Науқас дене қызуының көтерілгеніне, бел аймағының ауырсынуына, тәбеттің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, жиі кіші дәретке баруына шағымданады. Анамнезінде: ауру соңғы 1 аптада басталған, белінің оң жағы ауырсынған, жиі кіші дәретке барған. Тексергенде: интоксикация (терінің бозаруы, көкшіл тартуы), су-электролиттік бұзылыс белгілері (ісіну таңертеңгі уақытта, диурездің азаюы), ауырсыну және зәрлік синдромы анықталды. Дәрігердің диагнозы ?

А) жедел гломерулонефрит

В) жедел пиелонефрит

С) жедел цистит

D) жедел бүйрек жетіспеушілігі

Е) созылмалы пиелонефрит

Жасар қыз баланы анасы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне алып келді. Науқас жалпы әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, енжарлыққа, тәбетінің төмендеуіне, тез шаршағыштыққа, тізе буындарының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде: іріңді баспамен ауырған 2 аптадан кейін аяғының буындары ауырған. Қарағанда: тері жамылғылары боз, тахикардия байқалады, жүрегінде систолды шу естіледі, тізе буындары ісінбеген.