Музыкалық іс әрекеттер арқылы көру қабілеті бұзылған балалардың мүмкіндігін жетілдіріу

 

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеумен айналысатын тәжірибеден өткен көптеген мекемелер үшін «ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл жерде мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық тудырады. Қазіргі таңда мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Мұндай ілгерілеу процестері мүгедек балаларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен сипатталады.Бұл процестер төңірегінде арнайы білім беру саласының мамандары үшін де мүмкіндігі шектеулі тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу, оны қоғамға араластыруда жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бала дамуындағы психофизикалық дамудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды да жан-жақты дамыту мен қалыптастыру, оларға мүмкіндігінше дұрыс тәрбие берудің қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденген. Дамуында кемшілігі бар балалар категориясындағы көру қабілетінен айырылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жеке ерекшеліктерін ескерсек, олардың бойындағы кемшіліктерді компенсациялауда есту қызметі арқылы, сипап сезу , дәм сезу, иіс сезу арқылы кеңістікті бағдарлау қабілеті қалыптасып, сезіне алу мүмкіндіктері туады. Көру кемістігі бар балалардың ішкі дүниесінде заттың кейіпін құрауда, затты қашықтықтан қабылдауға мүмкіндік беретін естудің орны маңызды. Дыбысты қашықтан қабыдай алу - ерекше құндылық. Есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының қызметі көру анализаторларының орнын басады. Жалпы алғанда, соқырлар үшін есту қабілетінің маңызы ерекше. Ол заттардың өзара қатынасынан шыққан дыбысты белгі ретінде алдын ала пайдалануға мүмкіндік береді. Дыбыс затқа байланысты және қимылға байланысты белгіге айналғанда көру қабілеті бұзылғандардың әлеуметтік ортадағы ісі дәл, анық болады [51-56]. Дыбысты қашықтықтан қабылдау кеңістікті бағдарлауға, уақыттың қатысын анықтауға мүмкіндік береді және жаңа заттың пайда болғаны туралы, қозғалысты іс-әрекеттің өзгергені туралы алдын-ала белгі береді. Көретін жандарға қарағанда көру қабілеті бұзылғандардың өмірінде және іс-әрекетінде естудің маңызы өте жоғары. Дауыс ырғағы интонациясына, қатты немесе жәй сөйлеуіне қарап, соқырлар адамдарды тани алады, оның көңіл-күйің, мінезін, қоршаған ортаға көзқарасын, адамның психикалық хал-ақуалын анық біледі. Тифлопсихология тарихында Д.Дидро, Клейн, Н.Дюфо «Соқырлардың есту қабілетінің артуы, жоғалған көру қабілетінің өтемі болып табылады» - деп атап көрсеткен. Күнделікті тәжірибемізде көріп жүргендей есту арқылы кеңістікті бағдарлау соқырлардың дыбысты, шуды, дыбыс шығарып тұрған жерді, дыбыс толқындарының бағытын ажырата білуді талап етеді. Сондықтан да түрлі іс-әрекетті орындау барысында есту қабілетін жиі пайдаланатындардың есту сезімталдығы арта түседі.Жалпы психологияда сезінудің, қабылдаудың, елестетудің үш түрі бар: тілдік, музыкалық және шу. Көру қабілеті бұзылған балалардың дамыған фонематикалық есту, көретіндер секілді, сауаттылықты меңгерудің негізгі көзі болып табылады. Сауаттылық сөздің дыбыстық құрамын елестету мен музыкалық ырғақты есту, тек оқыту үрдісінде ғана қалыптасады. Балалардың музыкалық ырғақты сезіну қабілетін, арнайы мектеп бағдарламасына енген музыка және түзету ритмика сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып қалыптастыруға болады.Ұлы ойшыл Аристотельдің былай дегені белгілі: «Ырғақ пен әуенде әрқашан өмір шындығы болады. Онда адамдардың қаһары мен көркемділігі, ерлігі мен байсалдығы және оларға тән барлық қайшылықтар, сонымен бірге адамдардың мінез-құлықтары да бейнеленеді. Мұны әдетте өз тәжірибемізден де байқауымызға болады. Біз ырғақ пен әуенді тыңдағанымызда көңіл – күйіміз өзгеріп сала береді». Көру қабілеті бұзылған тұлғалардың музыкаға әуестену, әннің ырғағын ұшқыр сезіммен қабылдау қабілеттері жақсы қалыптасқан. Түзету ритмика сабақтарында музыка арқылы балалардың қозғалыс кемшіліктерін түзетуге, кеңістікте бағдарлай білуге, олардың бойында қимыл икемділігі мен музыкалық сезім ырғағын қалыптастыруға мүмкіндік туғызамыз. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін шешуде түрлі театралдық іс-әрекеттер, ертегі хикаялар, арнайы этюдтар, би жаттығулар, музыкалық ойындар ойнау, ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыканың ырғағына сай үйлесімді қимылдар жасау, балалардың музыка жанрын ажырата білуге, шығармашылық тәртібінің жаңа үлгілерін меңгеруге және оларды табиғи өмірлік жағдайларын өзгертуіне себеп болады [78-85]. Арнайы мектептегі түзету римика сабағы арқылы оқушыларды тәрбиелеуде мұғалімнің алдына музыкалық түрлі іс-әрекеттердің көмегімен оқушының сезімін ояту, музыканың жұмбақ сырын сезім арқылы саналы түсінуге дағдыландыру, музыкалық тапсырмаларды орындау қабілетін қалыптастыру міндеттері тұрады. Аталған міндеттерді шешуде әрбір баланың психологиясын, психикалық процестерін (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, сезу, түйсік, сөйлеу, қабілет) жасқа сай дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін анық білу қажет. Көру қабілеті төмен бала психикасының дамуына қажетті жағдай туғыза отырып, баланың эмоциялық-танымдық қабілеттерін дамыту мен қалыптастыруда жоғарыда атап өткен психикалық процестерден басқа, музыкалық ырғақтық сезіну қабілетінің мүмкіндіктерін, ортада қол-қимыл қозғалысындағы үйлесімділікті, дәлдікті, дене мен қолдың қозғалысқа түсуіндегі анықтықты қалыптастыру ұйымдастырылып отырады. Балаларға сабақ сапалы да әсерлі болу үшін алуан түрлі тақырыптар алынып, тақырыпқа сай әдіс-тәсілдер қолданылып, өзгертіліп отырады. Тақырыбы: «Күзгі әуендер», «Көктем келбеті», «Ертегілер әлемі», «Ою-өрнек сыры». Табиғаттың сұлу көрінісін, әсем әуенін, құбылысын балалар ортада сазды әуен ырғағымен қимыл-қозғалыстарын мәнерлі көрсетіп, табиғат туралы өлен-сөздің мағынасын ашып, музыкалық-дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы ритмикалық суреттемені, қағыс жаттығуларды орындап, айналаға деген сүйіспеншіліктерін, көңіл-күйлерін сабақ үрдісінде игеріп, көрсетіп жатады. Музыкалық іс-әрекеттер барысында: - психикалық процестер дамиды: есту, есте сақтау қабілеті, зейіні, қабылдауы, елестету қабілеті, ойлау операциялары ынталанады; - көру, есту анализаторлары тілдік-қимылдық кинестетикалық қимылдары дамиды; - сөздік қоры, тілдің сауаттылығы, дыбысты дұрыс айтуы, сөйлеу дағдылары, тілдің әуендік-интонациялық жағы, тілдің мәнерлілігі белсене түседі және артады; - ұсақ маторикасы, координациясы, қимылдардың ауысуы, мақсаттылығы артады; - эмоционалдық-еркіндік саласы дамиды; - ұжымдық сезімі, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімі, адамгершілік қасиеттері, тәжірибесі қалыптасады; - шығармашылық және ізденіс белсенділігі артады; - қарым -қатынас іс-әрекеті эмоционалдық және әлеуметтік бейімділігі дамиды; Эстетикалық тәрбие өнер құралдары, яғни музыкада – дыбыс, суретте – бояу, әдебиетте сөз арқылы көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өмірдегі шындық пен әсемдікті сезіну қабілетінің дамуына ықпал жасайды [12-18] Эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрын сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың шығармашылығы күн санап кеңйе түседі. Сонымен қатар эстетикалық рухани-тәрбиенің ішінде өнерге үлкен зейін аударып оны қоғам дамуымен тығыз байланыста қарастырады. Адам сезімі тым ұшқыр, шегі жоқ. Сол ұщқыр сезімді бейнелеп, жеткізуге тек музыканың ғана құдіреті жете алады. Музыка - сезім тілі. «Оқыған сайын оқудың керектігін сезінесін» дегендей, музыканың тұнығын бойлаған сайын оның сан-салалы, тіпті ғажайып сырлы құдіретін сезіне бастайсын. Музыка тек адам жанына ғана әсер беріп қоймай, тіршілік әлемінің барлығына да әсер ететіндігі белгілі. Музыканың өсімдіктер клеткаларымен жануарларға адам таңданарлықтай әсер етулері сияқты қызықты деректері көп-ақ. Мұны дүние жүзінің көптеген ғалымдары дәлелдеп отыр. Сондықтан музыканың адам жанына беретін әсерінде шек болмауы керек. Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып қана қоймай, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіреді, әрі жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке, тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды. Музыкалық материалдарды игеру үстінде оқушыларға үйлесімділік жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педогогикалық тәсілдер қажет. Мектебімізде оқушыларды шығармашылық тәрбиелеу ісі жақсы қолға алынған. Музыка, хореография және бейнелеу өнері бойынша үйірмелер жұмысы істеп, шәкірттеріміздің ойын ұштап, қиялын қанаттандырып, сезімталдық қабілетін, байқмапаздығын арттырып келеді. Б.Теплов: «Шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық мәдениеттіліктің ірге тасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді» -деп көрсеткендей, ұл-қыздарымыздың өнерлерін шыңдауға жағдай жасау үшін қалалаық, облыстық, республикалық деңгейінде түрлі мәдени және шығармашылық байқауларының ұйытқысы болып келеміз. Шығармашылық фестивальдың мақсаты: даму мүмкіндугу шектеулі талантты балаларды анықтау және дамыту әрбір қатысушының жеке шығармашылық әлеуетінің қалыптасуына және ашылуына көмек , қолдау көрсету, арнайы білім беру, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы балалар ұжымдары шығармаларының көркемдік деңгейін арттыру. Осындай шығармашылық байқауларда мүмкіндігі шектеулі балаларымыздың үмітін үкілі етіп, сан қырлы таланттарын өнер сахнасында ашуға көптеген мүмкіндіктер жасалып келеді. Хореография өнері шәкірттеріміздің сүйіспеншілікпен айналысатын ісіне айналды; әншілік-сергектікті, жинақы, ұстамдылықты талап ететін өнер. Жас таланттарымыздың ізденісін, ынта әсерін арттыруға ықпал етіп, шығармашылыққа ойын ұштап, қиялын қанаттандырып, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырғанда ғана өнерге, білімге құштар, рухы биік, дарынды тұлғаларды көрсете аларымыз сөзсіз. Сөзімізге дәлел мектебіміздің бірнеше түлектері, Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «өнер» факультетінде, атап айтсақ : Ерғалиева Жамиля – «вокал» Байдувалиева Мира-«хореграфия» Рзагалиев Амандык – «режиссура» Мсангалиева Бибинур – «музыка және педагогика» Башаев Рурслан – «Құрманғазы» атындағы қобыз аспабы бөлімінде оқып, қазіргі таңда білімін шыңдауда. Ахметова Гүлзада – музыкалық колледжің хореография бөлімінде білімдерін кеңейтіп, қоғамға пайдалы жоғары сатылы азамат, азаматшалар болып өнер жолын шыңдап келеді. Педагог Л,Выгоцкийдің сөзімен айтқанда балалар шығармашылығының құндылығын нәтижиден емес, процестің өзінен көру қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығына ұқыптылықпен қарап, шығармашылыққа деген ұмтылыстарына шек қоймай, оларды шеберлікпен бағдарлай отырып,балалардың табиғи қабілеттерін жүйелі әрі дәйекті зерттеп, арнаулы жаттығуларды, әдістерді қолдана отырып толықтыра, арттыра түсуіміз қажет. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға көмек көрсетілуі тиіс, бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. «Өнерлі өрге жүзер» деп дана халқымыз бекер айтпаса белгілі.Өнер қашан да қамқорлықты және асқан жауапкершілікпен жанашырлықты қажет етеді. Ендеше мүмкіндігі шектеулі балаларды мейілінше шығармашылық жолға жетер жан-жақты дамып кемелденуіне жағдай жасап. Таным-талғамдық қызығуын жетілдіріп, қоғамға пайдалы, жоғарғы сатылы тұлғаларды тәрбиелеу жолында еңбектене берейік.  

 

 

 

 

2.3.Көру қабілеті бұзылған балаларды бейнелеу өнері сабақтарында сурет салуға үйрету барысында көмекші құралдарды қолдану Бейнелеу өнері сабақтарында көру қабілеті бұзылған балаларды сурет салуға үйрету барысында тек қана жалпы білім беру принциптерін, әдістері мен тәсілдерін қолданып қана қоюға болмайды.Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктерін, қиындықтарын ескеру қажет. Олай болмаған жағдайда балалардың сурет салу, ақпаратты қабылдау, талдау қабілеттері нашар дамиды. Көру қабілеті бұзылған балаларда сурет салу дағдыларын қалыптастыруға қажетті көру және қозғалыс қабілеттерінің өзара байланыстары нашар болып келеді. Графикалық қозғалыстарды бақылау деңгейі төмен болғандықтан, сурет салу кезіндегі қолдың қозғалысының дәлдігі, жылдамдығы да кемиді. Осыған байланысты суреттің сапасы да нашарлайды. Мұндай жағдайда көру қабілеті бұзылған балалардың сурет салуға деген қызығушылығы төмендейді немесе тіпті сурет салудан бас тартулары да мүмкін. Осыған байланысты көру қабілеті бұзылған балаларды сурет салуға үйрету барысында көмекші құралдарды қолдану қажеттілігі туындайды. Үлгімен сурет салу, нұсқа мен пішін бойынша қоршап сызу-бұлар сурет салу дағдыларының сапасын жақсартатын тиімді көмекші құралдар болып табылады. Үлгімен сурет салу, нұсқа мен пішін бойынша қоршап сызу процесінде бұйымның сыртқы сызықтарының кескіні бұйым құрылысының бейнеленуінің нақты, анық болып шығуына мүмкіндік береді. Балалар түзу, сынық, үзік-үзік, толқын сияқты түрлі сызықтардың құрылымын ұғынып, жете түсіне бастайды, әр түрлі сызықтар салуға үйренеді. Үлгілер бойынша сурет салуға жаттығу көздің көру қызметінің қатысуынсыз қалып құрайтын қозғалыстардың дамуы негізінде жатқан балалардың түйсіну-қозғалыс сезімдерін қалыптастыруына мүмкіндік береді. Әр түрлі пішінді үлгілер бойынша сурет салған кезде сол бір қозғалыстарды бірнеше рет қайталауы қол икемділігін дамытады, бейнелерді елестетуін қамтамасыз ететін қозғалыс дағдыларын автоматтандырады. Балалар сурет салу дағдыларын нашар меңгергенде және сурет салу сапасын көзбен көру арқылы талдай алмағанда көзге ауыртпалық түседі. Бейнелеу іс-әрекеттерінің автоматтандырылуы көзге түсетін ауыртпалықты бірнеше есе азайтады. Үлгідегі бейнелеулерді бояу, жіңішке сызықпен сызу суреттің сапасын жақсартады, балалардың сурет салу дағдылары сенімдірек, айқынырақ болып қалыптасады. Сонымен қатар, үлгіні бояу барысында балалар қалып бойынша бояуға, бейнелеудегі қалып тудырушы қозғалыстарды қайталауға үйренеді. Әсіресе сурет салу дағдылары нашар балалар үшін мұндай көмекші құралдармен жұмыс өте қажет [25-35]. Үлгі бойынша көшіріп сурет салу, нұсқа мен пішін бойынша қоршап сызу үнемі қолданылмайды. Бірақ сурет салуға үйренудің бастапқы кезеңдерінде үлгілерді қолдану көздері нашар көретін балалар үшін көру қабілетінің кемшіліктерін жеңудің тиімді көмекші құралы болып табылады. Бейнелеу дағдылары қалыптасқан балалар өздігінен сурет салуға талпынады.Көмекші құралдардың қолданылуы нәтижесінде балалар сурет сала алатындықтарына іштей сенімді бола бастайды, жұмысты сапалы орындауға тырысады және бұйымдарды айқын, дәл бейнелеуге ұмтылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар бейнелеу дағдыларының әлі де болса толық қалыптаспауына байланысты суреттерінде затты айнытпай бейнелей алмайды [59-67]. Сурет салған кезде қоршап сызуды қолдану техникалық икемділіктерді , мақсатты қозғалыстарды дамытады. Үлгі бойынша сурет салуда қозғалыстарды ұғына қайталау бейнелеулерді еркін елестетуге ықпал етеді. Осындай жаттығулардың арқасында көздері нашар көретін балалар сурет салу әрекетін жақсы игереді. Алынған қалыптарды бірнеше рет қайталай келе, бала бірте-бірте өзінің қалауы бойынша сурет салуға дағдыланады. Балалардың өздігінен сурет салуға деген белсенділігі артады. Балалар өз беттерінше сурет салған кезде педагог маманға тап осы суретті бұрынырақта үлгінің көмегімен қалай салғандықтарын естеріне салып отыруға болады. Сурет салу кезінде баланың тәжірибесіне байланысты тапсырмаларды орындату көздері нашар көретін балалардың белсенділігін арттырады, өздігінше сурет салу дағдыларын дамытады. Айналдырып сызу арқылы бұйымдарды суреттеп салу амалын игеру және бұйымдардың негізгі қалыптарын бейнелеу барысында көздері нашар көретін балалардың өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері артады. Сурет салуға, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы осылай пайда болады. Бастапқы кездерде үлгі бойынша жұмыстану әдістерін меңгерту тиімді. Бұйымның құрылысын және оның бейнелеу амалын білуде балалар бойында сенімділік пайда болғаннан кейін, олар үлгі бойынша және қоршап сызу арқылы сурет салудан бас тартқаны тәжірибеден көрінгені анық. Соған қоса үлгілер бойынша қарапайым бұйымдардың көптеген түрлерін суретпен салу барысында қолды жаттықтыру еркін бейнелеу әрекеттерін игеруге мүмкіндік береді. Суреттерді бояп салу – мынадай тұтас дағдылар қатарынан және тиісті қалып тудырушы қозғалыстардан құралған: ырғақтылық, бұйымның қалыбы бойынша еркін серпу, жеңіл, артық күш салусыз суреттерді өңдеу қозғалысы, пішіннің шегіндегі қолдардың еркін тоқтауы, бұйымның қалыбымен жіңішке сызықтарды елестету, реңктерді құру үшін бояу кезінде басу күшін реттеу. Бұл барлық іс-әрекеттер үлгі бойынша бояу жағдайларында оңай қалыптасады, себебі көздің көруі мен қолдың қозғалысы әлі нашар өзара әрекеттескенде , үлгіні бояу мен жіңішке сызу қалыпты сақтауға оң ықпал етеді. Сондай жағдайда балалардың қозғалыстары сенімдірек, нақтырақ болады. Сонымен бірге үлгі бойынша бояу балаларды бұйымның қалыбымен бояп салуға, бірнеше рет қалыптудырушы қозғалыстарды қайталауға үйретеді. Балалар бейнелеу дағдыларын әлі нашар меңгерген кезеңде мұның бәрі маңызды [14-16].

 

ОРЫТЫНДЫ

Көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдау процесінің қалыптасқан деңгейі мен оның осы арқылы дүниеге деген көзқарасының арасындағы байланысты терең түсінуге көмектеседі. Кіші мектеп жасындағы көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдауының теориялық негізгі тарауы бойынша, көру мүмкіндігі нашардар мен олардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері және соқырлардың кеңістікте бағдарлануында қабылдаудың рөлі тақырыптары қарастырылды.

Бұл курстық жұмыста көру мүмкіндігі нашар балалардың түрлері мен категориялары және олардың пайда болу себептері жайлы айтылған. Сонымен қатар қабылдау мүмкіндіктерінің ерекшеліктері жазылған.

Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк түс беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады. Нашар көретіндерге арналған көрнекі оқулықтар балалардың елестетуін анықтауға және көзді сақтауға әсер етеді. Мұндай оқулықтарда суреттер, схемалар анық көрсетілген. Сабақ барысында әр түрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратты қолдану жақсы нәтижелерді береді.

Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктерін, психикалық қызметте қалыптасқан ақаулардың алғашқы әсерлерінен қозғалыс, әлеуметтік, оқу және басқа да білімдерді білу талап етіледі.

Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысының басты міндеті- еңбек тәрбиесіне үйрету болып табылады. Көру кемістгі белгілі бір мөлшерде балалардың еңбекке деген мүмкіншілігін және еңбек қабілеттілігін төмендетеді. Нашар көретін балаға өзін-өзі күту дағдысына байланысты тәжірибелік іс-әрекеттің әр түрлі түрлері тән. Еңбекке оқыту жүйесі тұлғаның жан-жақты дамуының ең басты құралы болып саналады .Еңбек нашар көретін балаға өзінділікті, жауапкершілікті, өмірге дайындықты тәрбиелеу құралы ретінде үлкен роль атқарады. Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу өзінің міндеттері мен мақсаттары бойынша педагогиканың жалпы принциптерімен сәйкес келеді. Тәрбиелеудің жалпы міндеті баланың дамуында бірінші және екінші ауытқуларды толықтыру мен түзетудегі арнайы міндеттермен сәйкстендiрiледi.

Басты мақсат –мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне көмектесу,жеке тұлғаның қасиеттерін жан-жақты дамыту.

 

Әдебиеттер тізімі :

1. Агавелян О.К. Социально – перцептивные особенности детей с нарушениями развития. Ч: 1999

2. Астапов В.М. ВВедение в дефектологию с основами нейро – и патопсихологии. М: 1997

3. Астапов В.М., Ю.В.Микадзе Обучение и воспитание детей группы риска: Хрестоматия / Сост.. М: 1996

4. Винарская Е.Н. Раннее речевое развитие ребенка и проблемы дефектоогии. М: 1987

5. Власенко И.Т. Особенности словесного мышления взрослых и детей с нарушениями речи. М: 1990

6. Воронова А.П. Нарушение зрительного гнозиса у дошкольников с речевой патологией / Дефектология. 1993 № 1

7. Выготский Л. С. Балалардың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер . А: 1999

8. Выготский Л.С. Проблемы дефектологии. М: 1995

9. Годфруа Ж. Что такое психология ? М: 1992

10. Григорьева Л.П., Сташевский С.В. Основные методы развития зрительного восприятия у детей с нарушением зрения. М: 1990