ІІІ. ТЕМІРЖОЛДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ

 

Біздің елде теміржолды техникалық пайдалану бүкіл теміржол кӛлігінің дамуында ӛзгертіліп және жаңарып әңделіп отырды. Теміржолды техникалық пайдалану жағдайы, ережелері немесе талаптары ӛзіне авариясыз жұмыстарды тасымалдау кезінде, шарттардың әзгеру кезінде және теміржолға жаңа техника мен процесстік технологияның енуіне байланысты, сонымен қатар арнайы қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату кезінде оның техникалық құрылғыларының ӛзгеруіне алып келді.

Көп жылдық уақыт кезеңінде жұмыс нәтижелерін саралауда қозғалыс қауіпсіздігін бұзу кезеңінде оны анықтауда, осындай немесе басқадай талаптардың, ережелердің және нормалардың теміржолды техникалық пайдалану ережелеріне жаңа басылымда өзгертіліп өңделді.

Теміржолда техникалық эксплуатациялық және еңбек қорғауда теміржол кӛлігі туралы тексеру органдары нұсқаулар және басқа да жалпы танымды нұсқаулар, ал жеке бӛлімдер мен басқарылымдарда, теміржолдарда – нұсқаулық пен кӛрсеткіште теміржолда және бӛлімдердің жұмысын анықтауда жаңадан нұсқаулар қолданылады. Олардың ең бастылары болып: - Қазақстан Республикасының теміржолда пойыздар жүрісі мен маневр жұмыстарының нұсқаулығы (ЦД 790); - Қазақстан Республикасының теміржол кӛлігі сигнализациясының нұсқаулығы (ЦРБ 757); - ӛндірісте жолдық жұмыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулығы (ЦП 485); - СОБ техникалық құрылғыларын қолдану нұсқаулығы (ЦШ720) және т.б.

Техникалық эксплуатациялық ережесімен қатар әртүрлі техникаға, технологияға, қауіпті факторлардың санын азайтуда және біруақытта нормаларды үлкен дәрежесіне дейін жеткізу, сонымен қоса құрылымда талаптар мен ережелерді қосуды қажет етеді. Осы мақсатпен құжаттар дайындау кезінде (станцияның техникалық жарлық актысы (ТЖА), жеке жұмыс түрлерінің жергілікті нұсқаулары және т.б.), сәйкесінше берілген объектінің оның техникамен жабдықталған сәйкесінше технологиялық жұмыстар қарастырылады.

Бірақта, ережелерді дамыту қажеттілігінде жұмыста техникалық эксплуатациялық ереженің алатын орны ерекше. Сондықтан, техникалық эксплуатациялық ережені білу әрбір теміржолшының міндеті. 1.1 - суретте техникалық эксплуатациялық ережесі қабылдаған ең басты бағыттары келтірілген. Техникалық эксплуатациялық ереже бес бӛлімді қамтиды: 1. Жалпы пайдалану жағдайы. 2. Құрылыстар мен құрылғылар.

Теміржолды техникалық пайдалану талаптарының бҧзылуына жауапкершілік

Теміржолды техникалық пайдалану ережесінің 1.2 бӛлімінде: әрбір жұмыскер пойыз қозғалысымен байланысты ӛзінің ортасында ережені және қозғалыс қауіпсіздігінің міндеттемесіне жауапты. Техникалық эксплуатациялық ереженің теміржол кӛлігінің жұмыскерлері сәйкесінше бӛлімшенің басқарушылары орындалуына бақылау жүргізіледі. 10 Ереженің бұзылуына теміржол кӛлігінің жұмыскерлері жауапты сәйкесінше Қазақстан Республикасының заңына байланысты жауапқа тартылады.

Теміржолды техникалық пайдалану ережесінің 2.1 бӛлімінде, яғни «Құрылыс және теміржолдарының құрылғылары» ӛзгертілген жағдайда құралу қажет. Түзетулер енгізбеген және ұзақ уақытты теміржол құрылысы мен құрылғысына байланысты олардың құрамына жауапты болу қажет. Теміржол құрылысы мен құрылғысының құрамына жауапты жұмыскерлер болып табылады, яғни қызмет кӛрсетуші және ӛнеркәсіптің басқарушысы құрылыс және құрылғыларда бірге жүргізеді.

Теміржол техникалық пайдалану ережесі сонымен қатар маневрлік жұмыста қауіпсіздікті ұйымдастыру, пойыздарды дұрыс құрастыру және олардың жӛнелтуге дайындығын және т.б. қамтамасыз етеді. (1.2 - сурет) 1.2 – сурет – Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жауапкершілік және арақатынас әрекеттер 11 Тағайындалған ереженің бұзылуына және жұмыс ретіне сонымен қатар Қазақстан Республикасының теміржол кӛлігінде жұмыскер тәртібінің жағдайына байланысты жауапты.

Бұл жағдайлармен жұмыскерлермен басқарушылардың айтылған ой- пікіріне және административтік мінездемесіне жаза қолдану, яғни жұмыстан босату және керек жағдайда соттық тексерулер жүргізу және жауапкершілікке жауапты ету міндеттері анықталады.

Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының болуын қорытындылау: жалпы жағдайларда орындаушы бұзушылыққа жауапты және жұмыс ережесіне сәйкес оның дәрежесіне байланысты орындаушы ғана емес, сонымен қоса олардың басқарушысы жауапты болады. Теміржол кӛлігінде, қауіп-қатер жоғарылаған аймақтарда мынадай принциптер әрекет етеді: ешбір жұмыс ережесінде тағайындалған бұзушылық және техникалық құрылғылардың өзгерту құрамына шегіну тексеруінсіз қалмауы қажет, сәйкесінше құқық бұзушыларға арнайы шаралар қолдану қажет

Пойыздық және маневрлік жөмыстарда қауіпсіздікпен қамтамасыз ету көрсеткіштері Әртүрлі уақыт шегінде теміржол жұмысында әртүрлі критерийлерімен ерекшеленеді.

Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы шайқалуларға, апаттарға, жарамсыз болуына пойыздық және маневрлік және ҚҚБ нәтижесінен қозғалыс қауіпсіздігінің дәрежесін анықтайтын көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады: абсолюттық және қатыстық.

Біріншіге мыналар жатады: - жалпы қирау саны (сонымен қатар жолаушы пойыздарымен); жалпы апат саны (сонымен қатар жолаушы пойыздарымен); жолаушы пойыздарында жылжымалы құрамның рельстен тайып түсу саны; пойыздық және маневрлік жұмыстарда жарамсыз болу жағдай саны (сонымен қоса ерекшеліктері); адамдардың (барлығы) қаза табуы, оның ішінде жолаушылар; адамдардың (барлығы) жаралануы, оның ішінде жолаушылар; вагондардың зақымдануы, оның ішінде инвентарлықтан алынып тасталғандар, локомотивтердің инвентарлықтан алынып тастауға дейінгі дәрежесінің зақымдалуы; сағат ішінде қозғалыстың толықтай тоқталуы.

ҚҚБ-ның ең басты және қосымша себептерін анықтау сонымен қатар олардың нақты кіналанушылары жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері: - себеп бойынша; - теміржол бойынша – АҚ ҰК «ҚТЖ» филиалдары; - шаруашылықтармен; - жыл мезгілдерімен; - апта күнімен, тәулік, ауысым уақытымен; - қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себепкер жұмыскерлерімен, олардың жұмыс дәрежесімен жасына байланысты өлшектенеді және анықталады.

Екінші топқа мынадай көрсеткіштер жатады: сапалық көрсеткіштер қорытынды шығару кезіндегі, мысалы, өп жыл, ай уақытындағы бірдей атаулардың болуы. Сонымен қоса бірдей жағдайдың қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етіледі басқарылады (дәрежесі өседі) ҚҚ 14 бұзылу кезінде оның түрі мен себебіне қатысты т.б. тенденциясында өзгеріс санында көрініс табуы мүмкін. Бұл көсеткіштер пайыз түрінде көрсетіледі.

Осымен қатар қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу саны саналады, яғни пойыздардың қирауы, апат, жұмыс кезіндегі жарамсыз болу жағдайы. Бұлар қорытынды шығару кезіндегі жұмыс көеміне жатқызылады.

Мысалы: - жалпы қирау саны, 100 млн. пойыздың километрдегі жүктік және жолаушылар қозғалысы; - жүктік пойыздардың қирау саны, 100 млн. пойыздық километрдегі жүктік қозғалыс. - жүктік пойыздардың қирау саны, 1000 млрд. тонна-километр бруттодағы жүктік қозғалысы; - жолаушы пойыздардың қирау саны, 1 млрд. пойыздық километрдегі жолаушылар қозғалысы; - жолаушы пойыздың қирау саны, 1 млн. жөелтілген жолаушылар пойыздары; - жұмыста жарамсыз болу жағдайлар саны, 10 млн. пойыздық - километрдегі жүктік және жолаушылар қозғалысы және бірқатар басқа да көрсеткіштер.

Құрама поездармен жұмыс істейтін локомотив бригадалары, сондай-ақ маневрлік жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген кондукторлар мен құрастырушы бригадалар техникалық-жарлық актісінде көрсетілген станциядағы маневрлік жұмыс жүргізу тәртібін білуі тиіс. Техникалық-жарлық актісінде көрсетілген маневрлік жұмыстардың шарттарымен локомотивтік және құрастырушы бригадалар мен кондукторларды таныстыру тәртібін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы белгілейді.