ІV. МАНЕВРЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ

 

Станциялық жолдардағы маневрлер тек бір ғана қызметкердің нұсқауымен — станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе паркі бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчерінің нұсқауымен жүргізілуі тиіс. Маневрлерді басқару жөніндегі міндеттерді бөлісу жөнінде станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Маневрлік жұмыстағы нұсқаулар берудің негізгі құралы радиобайланыс, ал қажетті жағдайларда — екі жақты парктік байланыс құрылғылары болуы тиіс. Маневрлік жұмыста сигналдарды қол сигнал беру аспаптарымен беруге рұқсат етіледі.

Маневрлерді жүргізуші локомотив, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисі радиобайланыс, екі жақты парктік байланыс құралдарымен немесе қол сигнал беру аспаптарымен берілетін сигнал бойынша маневрлерді басқарушының жеке өзінің нұсқауын алмайынша, оған локомотивті немесе арнайы жылжымалы құрамды орнынан қозғалтуына тыйым салынады. Маневрлерді басқарушының нұсқауынан немесе сигнал беруінен басқа, орталықтандырылған маневрлік маршруттардың стрелкаларына шығардан бұрын машинист маневрлі бағдаршамның рұқсат беруші көрсетуінің бар екеніне көз жеткізуі тиіс, ал орталықтандырылмаған стрелкаларға шығарда — стрелкалық қосын кезекшісінен (жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары бойынша) стрелкалардың маневрлік қозғалыстарға әзірлігі жөнінде сигналын немесе хабарламасын алуы тиіс.

Маневрлік бағдаршамдар жоқ кезінде орталықтандырылған стрелкаларға шығардан бұрын машинист станция бойынша кезекшіден (жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары бойынша немесе маневрлерді басқарушы арқылы жіберілген) стрелкалардың маневрлік қозғалыстарға әзірлігі жөнінде хабарлама алуы тиіс.

Стрелкалары мен сигналдарының электрі орталықтандыруы бар станцияларда стрелкалардың орталықтан басқарылуы жергіліктіге тапсырылған жағдайларында стрелкаларға шығу өзіне осы стрелкаларды ауыстыру міндеті жүктелген қызметкердің нұсқауы немесе сигналы бойынша рұқсат етіледі. Радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс құрылғыларын маневрлік жұмыста пайдалану жөніндегі негізгі ережелер Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған.

Маневрлердің жүргізілу жылдамдығы төмендегі шамалардан жоғары болмауы тиіс: - 60 км/сағ — бос жолдармен жеке локомотивтер немесе артынан қосылған және сынап тексерілген автотежегіштері бар вагондары тіркелген локомо- тивтер жүріп өткенде; - 40 км /сағ — артына вагондары тіркелген локомотив қозғалысы кезінде, сондай-ақ жеке арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бос жолдармен жүріп өткенде; 56 - 25 км/сағ — вагондарды алда ұстап бос жолдармен қозғалыс кезінде, сондай-ақ қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездардың қозғалысы кезінде; - 15 км/сағ — адамдар отырған вагондармен қозғалыс кезінде, сондай-ақ 4- ші, 5-ші және 6-шы дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі бар габариттен тыс жүктермен қозғалыс кезінде; - 5 км/сағ — түртіп итеру маневрлері кезінде, дөңесасты паркінде вагон ағытпасының басқа ағытпаға таяған кезінде; - 3 км/сағ - локомотивтің (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға таяған кезінде. Жылжымалы құрамның жылдамдығы таразының құрылымына байланысты станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Вагондардың сұрыптау дөңістерінде дөңестік бағдаршамдардың әртүрлі сигналдары кезінде тарқатылу жылдамдығы, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақтанымдылығын қамтамасыз ететін жағдайды дөңестердің техникалық жарақтандырылуына және жергілікті жағдайларға байланысты тасымалдау бөлімшелерінің басшылары белгілейді. Түртіп итеру маневрлері және теміржолдармен жүк тасымалдау ережелерінде және қауіпті жүктерді теміржолдармен тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген категориялардағы жүгі бар вагондарды, тоңазытқыштық вагондарды және секцияларды сұрыптау дөңестерінен тарқату ерекше сақтылықпен және поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс бойынша нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс.

Басты жолдардағы немесе оларды кесіп өтетін, сондай-ақ шығу стрелкаларының сыртына шығумен жүргізілетін маневрлерге әр жағдайда маневрлер жүргізілетін жолдар мен стрелкаларға кіреберісті қоршайтын тиісті кіру бағдаршамдары жабық кезінде тек станция кезекшісінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.

Құрамның станцияның шегін тыс аралыққа шығуымен жүргізілетін маневрлерді біржолды және теріс жолмен қосжолды телімдерде поезд диспетчері мен көшілес станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және машинистке берілетін белгіленген рұқсаттамасыз жүргізуге тыйым салынады. Құрамның қосжолды телімдерде дұрыс жол бойынша станция шегінен шығарылып жүргізілетін маневрлеріне станция кезекшісінің ауызша рұқсатымен поезд диспетчерінің келісімі бойынша жол беріледі. Кіру бағдаршамының діңгегінде станция өсінің жағына қарайтын арнайы маневрлік бағдаршамы бар станцияларда маневр жасаушы құрамның станция шегінің сыртына шығуы аталған бағдаршамның сигналы бойынша жүргізіледі. Жылжымалы құрамның аралыққа және поездар жүріп өтетін маршруттарға шығып кетуінің қаупін тудыратын еңістерде орналасқан станциялық жолдардағы маневрлер локомотивтің еңіс жағынан қойылуы мен вагондардың автотежегіштерін қосу және сынап тексеруімен жүргізіледі.

Локомотивті еңіс жағынан қою мүмкін болмаған жағдайда, мұндай жолдардағы маневрлер шегіндіріп тоқтату арқылы жүргізілуі, ал вагондардың автотежегіштері іске қосулы және сынап тексерілген болуы тиіс.