Сурет 1.1 Ақпараттық және коммутациялық желілер

Логикалық арна – бұл мәліметтерді бір жүйеден екінші жүйеге жіберу жолы. Логикалық арнаны физикалық арна мен коммутация жіптері арқылы қойылған маршрут ретінде бейнелеуге болады. Желіде ақпарат объект арасындағы алмасу процедурасының мәліметтер блоктарымен беріледі. Бұл процедура мәліметтерді беру протоколы деп аталады.

Протокол – екі немесе бірнеше құрылымдар арасындағы ақпарат алмасу процедурасы мен формат орнатуының ережелер жиыны. Желіні жүктеу трафик деп аталатын параметрлермен сипатталады. Трафик – бұл мәліметтерді жіберу желісіндегі хабарлама ағымы.

Архитектура желісі желінің негізгі элементтерін анықтайды, оның жалпы логиялық ұйымын, техникалық қамтамасыз ету, программалық ұйымын құлыпқа салу жүйесін қамтамасыз етеді.

Басты компьютер мәлімет беру мультиплексоры арқылы терминалмен өзара байланысады. Бас компьютерлі желі архитектураға қарапайым мысал – жүйелі желі архитектурасы.

Біррангілі архитектура – бұл ақпараттық желі концепциясы, мұнда оның ресурстары барлық жүйеге бейімделген. Берілген архитектура өзіндегі жүйелер тең құқылы болуымен сипатталады. Біррангілі желіге кішігірім желілер жатады, онда кез-келген жұмыс станциясы бір уақытта жұмыс станциясы мен файлдық серверлердің функциясын орындай алады. Біррангілі ЛВС те дискілі кеңістік және файлдар кез-келген компьютерде ортақ болуы мүмкін. Ресурс ортақ болуы үшін желілі біррангілі операциялық жүйенің жойылған қатынастың жұмысын қолдана отырып, оны ортақ қолдануға беру керек. Мәліметтерді қорғау арналарына байланысты басқа қолданушылар файлдарды олар құрыла салысымен қолдануына болады. Біррангілі ЛВС кішігірім жұмыс топтары үшін ғана ыңғайлы.

Біррангілі ЛВС орнатуға арналған желілер ішінде ең жеңіл және арзан түрі болып табылады. Олар компьютерде желілі карта мен желілі желілі ұстаушыдан басқа тек Windows 95 немесе Windows for Workgroups операциялық жүйесін талап етеді. Компьютердің байланысуы кезінде қолданушылар ресурстар мен ақпараттарды ортақ қолдануға мүмкіндік береді. Біррангілі желілер келесі мүмкіндіктерге ие: олар орнату мен бағыттауда жеңіл, жекелеген ДК ерекшеленген серверден тәуелсіз, қолданушылар өздерінің ресурстарын бақылай алады, бағасы мен жеңіл эксплуатация, минимум құрылғы және программалық қамтама, администратор болуы міндетті емес, оннан аспайтын қолданушысы бар желілерге дұрыс келеді.

Біррангілі архитектураның мәселесі компьютердің желіден ажыратылуы болып табылады. Бұндай жағдайда желіден олар ұсынған сервис түрлері жоғалады. Желілік қауіпсізділікті бір уақытта тек бір ресурсқа қолдануға болады және қолданушы қанша желілі ресурс бар сонша парольды есте ұстауы керек. Бөлетін ресурсқа қатынауға мүмкіндік алу кезінде компьютерді жасалу санының төмендеуі сезіледі. Біррангілі желінің кемшілігі орталықтандырылған администраторлаудың болмауы. Біррангілі архитектураны қолдану сол желіде терминал архитектурасы – бас компьютер немесе клиент-сервер архитектурасын қолдануға мүмкіндік береді.

Клиент-сервер архитектурасы – (client-server architecture) бұл ақпарат желі концепциясы, мұнда оның ресурстарының негізгі бөлімі өзінің клиентіне қызмет көрсететін серверлерде бейімделген (2.1сурет). Қарастырылып отырған архитектура компоненттердің екі типін анықтайды: серверлер және клиенттер.

Сервер – бұл желінің басқа объектілерге олардың сұранысы бойынша сервис ұсынатын объект. Сервер – бұл клиент қызмет көрсету процесі.

Сервер клиенттің тапсырмасымен жұмыс істейді және олардың орындалуымен басқарады. Әр тапсырманы орындап болған соң, сервер тапсырманы берген клиентке алынған нәтижені жібереді.

Клиент-сервер архитектурасында сервисті функция әр қилы қолданбалы программалар комплексімен бейнеленеді.

Белгіленген операциялар көмегімен сервисті функцияны шақыратын процесс клиент деп аталады. Ол программа немесе қолданушы болуы мүмкін.

2.2 суретте клиент – сервер архитектурасы сервистер мазмұны келтірілген.

Клиенттер – бұл жұмыс станциялары, олар сервер ресурстарын қолданады және ыңғайлы қолданушы интерфейсін ұсынады. Қолданушы интерфейстері бұл қолданылатын желі немесе жүйемен өзара қатынасы туралы процедура.

Клиент ой тастаушы болып табылады және электронды почтаны немесе басқа да сервердің сервистерін қолданады. Бұл процесте клиент қызмет көрсету түрін сұрайды, сеанс орнатады, өзіне керекті нәтижелерді алады және жұмыстың аяқталуын хабарлайды.