Шетел (ағылшын) тілі

Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту курсы қарапайым меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұнын және түрін анықтау және әлеммен, баланың өмірлік тәжірибесімен байланыстыру қажет.

Бастауыш білім деңгейіндегі шет тілін оқытудың мақсаттары төменгі сынып оқушысы тұлғасының қалыптасуынан және оның тұтастай дамуынан, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуынан, нақты бір тақырыптық минимум шеңберіндегі сөйлеу ниетін іске асыру үшін төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерінің дамуынан тұрады.

Оқыту мақсаттарының объективті көрінісі ретінде оқыту міндеттері төмендегі әрекеттер арқылы іске асырылады:

- шет тілінде сөйлейтін/жазатын адамдармен өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілі туралы түсінік қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәтіндер арқылы жаңаны танып білу;

- төменгі сынып оқушыларының лингвистикалық ой-өрістерін кеңейту; төменгі сынып оқушыларына қолжетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық түсініктерді меңгеру;

- болашақта психологиялық кедергіні жеңу үшін жаңа тілдік әлемге төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік-психологиялық бейімделуін және шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз ету;

- тілдік материалдарды игеру барысында, қарым-қатынастың модельденетін жағдайына қатысу үдерісінде, рольдік ойындарда төменгі сынып оқушысының тұлғалық сапасын, оның түсінігін, ойын және қиялын дамыту;

- шет тілін пайдалану арқылы, үйрететін ойындар, оқу қойылымдары процестерінде балалардың эмоционалдық саласын дамыту;

- отбасылық, тұрмыстық, оқу қарым-қатынасы іспеттес ойындар ойнаған сәттерде түрлі рөлдерде шет тілінде ойнау үшін жаңа әлеуметтік тәжірибеге төменгі сынып оқушыларын қосу;

- оқушыға рухани-адамгершілік тәрбие беру;

- танымдық қабілетін дамыту, оқу-әдістемелік жинақтың түрлі құрамдас бөліктерімен үйлестірілген түрдегі жұмыс жасауды игеру (оқулық, жұмыс дәптері, аудиоқосымша және т.с.с.), топта жұмыс істей білу;

- оқушылардың жеке, жүйелік-қызметтік және коммуникативтік әмбебап оқу әрекеттері жүйесін меңгеру арқылы өз оқу қызметін ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру.

Шынайы қарым-қатынас жағдайына ағылшын тілін меңгеру үдерісін жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде тәрбиелік оқу, белсенділік принципі, көрнекілік принципі, жүйелілік және дәйектілік принципі, игеру беріктігі принципі, қолжетімділік принципі, даралану принциптері сияқты дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды.

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарлы нәтижесіне қол жеткізу үшін оқу үдерісін жоспарлау кезінде де, оқу материалын азайту кезінде де іске асырылатын келесі әдістемелік принциптерді жетекшілікке алу қажет: оқытудың коммуникативтік принципі, материалдың оқиғалық-тақырыптық ұсынылуы принципі, функционалдық принцип, кешендік принципі, саралаушылық принципі, концентризм принципі.

Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар – белсенді лексика және белсенді грамматикалық материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлік құралдары – лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары микрожүйесінің нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.

Кешендік принципі ағылшын тілі бойынша тілдік емес (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалының өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта – аудиолау және сөйлету (ауызша алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2-жартыжылдықтан басталады), аудиолау, сөйлету, оқу және жазу – 2-4-сыныптан бастап жүзеге асырылады.

Саралаушылық принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлінген бір мәтіндегі жаңа сөздердің функционалдық-семантикалық берілу тәсілдерін, көрнекілік құралдарына арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуіндегі жаңа сөздерді белсендіруді (белгілі бір тақырыптық кеңістік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз ететін жүйе ретінде бекуі тиіс. Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқиғалы пайдалану тәсілдерімен, сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату (екінші деңгейлі мүшелермен), екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру тәсілдерімен сипатталады.

Концентризм принципі бастауыш мектепте оқушыларға ағылшын тілін оқыту кезінде әр сыныпқа арналған белгілі бір минимумдар арқылы жүзеге асырылады: тақырыптық және оқиғалық минимумдар, сөйлеу интенциялары минимумы, лексикалық және грамматикалық минимумдар, диалогтық және монологтық минимумдар. Бұған қоса әрбір сыныпқа арналған тақырыптық минимум мазмұны сабақтастық принципі есебінен құрылған.

Бастапқы кезеңде бала дамуының деңгейіне сәйкес басты назарда үйрену пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын) орын алады. Оқу және жазуды 2-сыныптан бастап оқыту қажет, себебі дыбыс арқылы қабылданады, сөйлеу арқылы түсініледі, сөйлеу арқылы жазылады.

Тілдік білімді спираль түріндегі алға жылжу түрінде беру қажет.

Аудиолауға үйрету төменгі сынып оқушыларының оқу және даму деңгейі, қызығушылықтары мен қажеттіліктері есебінде, мысалы қысқа ертегілер, шағын әңгімелер, жануарларды сипаттау, атаулы оқиғалар және т.с.с. жүзеге асырылуы тиіс. Мәтіннің дыбысталу ұзақтығы 1 минутқа дейін, қайталау саны – 2-3рет.

Өз ойын айтуға үйрету диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді: этикеттік сипатта диалог, сұрақ-диалог, оқиғаға араластыру диалогы, пікір алмасу диалогтарын жүргізу қабілетін арттыру.

Білім берудің осы деңгейінде монологтық сөйлеуді дамыту нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде қарапайым ой айту қабілетін қалыптастыруға бағытталған: өзі туралы, отбасы мүшелері, достары туралы, өз елінің жануарлары мен өсімдіктер әлемі туралы (жұмыс күні, жұмыс түрі, мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру.

Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазу; өз киіміндегі, шоколад және кәмпит сыртындағы т.с.с. ағылшын жазуларын оқу.

Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта орындалады, алайда жазу түсінігіне карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады.

«Шет тілі» пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай, эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысы табиғатына сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлеріне (ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық және т.с.с.) өзге тілдік сөйлеу қызметін қосуға және бастауыш мектепте оқытылатын пәндермен әртүрлі байланыс орнатуға, және ықпалдастырылған болып табылатын жалпыоқу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

1-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатын құрайды, жылына – 33 сағат. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.

Математика» білім саласы

Математика

Пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.

Оқытудың міндеттері:

- тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;

- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;

- оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;

- оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;

- стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;

- баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;

- қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.

Математиканы оқыту ерекшелігі:

Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде білім, білік, іс-әрекет, дағды қалыптасады.

Білім берудің бастауыш деңгейінде «Математика» пәнiнен берілетін базалық білім мазмұны: теріс емес бүтін сандар арифметикасы; алгебра элементтері; геометрия элементтері деп аталатын үш тараудан тұрады.

Пәнді игертуде 1000000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.

1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі, 2013 жылғы пән бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6 сағаттық мөлшермен жаңа «10-нан 20-ға дейінгі сандар» тақырыбы енгізілген. Сонымен қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын «100-ге дейінгі сандар» тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.

2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың басындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімді жетілдіру мен жүйелеуді мақсаттайды.

2 сынып оқушыларына «Көбейту мен бөлу амалдары» тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген. Бөлінген сағат көлемі оқушылардың тақырыпты толық игеруіне септігін тигізеді.

3-сынып оқушыларына «Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары», «1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту», «Шамалар арасындағы тәуелділік», «100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері», «Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем», «1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері» тақырыптары меңгертіледі.
3-сынып оқушылары көбейту мен бөлу кестесін жатқа білулері қажет.

4-сыныптағы пән мазмұнында айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Бастауыш білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.

Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.

1-4 - сыныптардағы «Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.

Тақырыптық бақылау жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады.

Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.

1-4 – сыныптарға арналған «Математика» пәнінен бақылау жұмыстарының тоқсандар бойынша саны (2-кесте) ұсынылады:

 

2-кесте – 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары

1 - сынып
  1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
Бақылау жұмысы
Өздік жұмысы
Барлығы:
2 - сынып
  1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
Бақылау жұмысы
Өздік жұмысы
Барлығы:
3 - сынып
  1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
Бақылау жұмысы
Өздік жұмысы
Барлығы:
4 - сынып
  1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
Бақылау жұмысы
Өздік жұмысы
Тестік тапсырмалар - -
Барлығы:

 

Математика пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.