Особенности обучения предметам уровня основного среднего образования 1 страница

2.1 Образовательная область «Язык и литература»

Оқыту орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ тілі»

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім туралы» Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сәйкес мемлекеттік тілдің доминанттық рөлін күшейтуге келіп саяды.

«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын негізгі мектеп оқушыларына қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді. Атап айтқанда:

5-7- сыныптардағы Негізгі деңгей-А2.1.2 үш игерімді қамтиды:

- қалыптасу қарсаңындағы орташа игерім А 2.1 – 5-сынып;

- қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 – 6-сынып;

- қалыптасқан бастапқы игерім А2.1.2 – 7-сынып.

8-9-сыныптардағы Орта деңгей-А 2.+ екі игерімді қамтиды:

- қалыптасқан орташа игерім А 2.2 – 8-сынып;

- қалыптасқан толық игерім А 2.+ – 9-сынып.

Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердегі тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды. Соған орай, біріншіден, еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 1-11-сыныптары бойынша сараланды. Екіншіден, негізгі және орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды. Үшіншіден, негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді. Төртіншіден, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бойынша сараланды. Бесіншіден, әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша нақтыланып ұсынылды.

Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Осы мақсатты жүзеге асырудағы оқу пәнінің міндеттері:

- оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

- оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

- қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту:

- күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;

- оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

- оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Мектептің негізгі орта деңгейінде меңгерілетін тілдік және қатысымдық біліктер 2 деңгейге жіктеліп берілген. Білім деңгейлерін ішкі кезеңдерге бөлу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұны қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдарын басшылыққа ала іріктелген. Яғни:

- үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология сабақтастығы тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;

- оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді;

- пәнаралық байланыс ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және қосалқы ойды ажырата алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

- түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып табылады;

- оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді;

- шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

Білім берудің барлық деңгейлерінде «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылған: әлеуметтік-тұрмыстық ая; әлеуметтік-мәдени ая; оқу-еңбек аясы.

Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының қазақ тіліндегі сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады.

Оқушының мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қажеттілікті сезіндіру мұғалімнің оқу үдерісін тиімді де қызықты ұйымдастыруына байланысты. Тілді үйретуде баланың тұлғалық ерекшелігін ескерген жөн. Шығармашылық қабілеті жоғары оқушыларға әртүрлі тақырыптарда шығарма, әңгіме, реферат жазғызып, ізденімпаз, қызығушылығы жоғары оқушыға ақпарат құралдарынан материал жинап, пресс-конференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді. Сонымен қатар оңтайлы пайдаланылған дидактикалық, сюжеттік, рөлдік ойындар да оқушының өзін таныта алуына, сыныптастар пікірімен санасуына, шешен сөйлеу қабілетін үйренуіне және білімін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың ой-өрiсiн өсiрiп, оларға тiлдiң ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін ақпараттық технология ресурстарын, мультимедиалық құралдарды, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәні аптасына 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында әр сыныпта
102 сағатты, ал оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептердің 5-9-сыныптарында аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында әр сыныпта
68 сағатты құрайды.

Оқыту орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ әдебиеті»

Қазақ әдебиетіқазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту арқылы мемлекеттік тілді меңгерген, өзге ұлттар әдебиетін құрметтейтін, бойында елжандылық, адамгершілік сезімдері қалыптасқан тұлғаның дамуына ықпал ету көзделеді.

Пәнді оқыту мақсаты:

- қазақ әдебиетінің озық классикалық үлгілері арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және қазақ халқының рухани әлемін, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін бағалай алатын, танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.

Пәнді оқыту міндеттері:

- әдеби көркем туынды арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;

- қазақ халқының әдебиеті, тарихы, тілі, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру;

- көркем әдебиетті оқытуда шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

- оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;

- әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;

- қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін еркін орындау, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу.

Шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық мәдени құндылықтарды таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, білім мазмұнының сабақтастығы мен пәнаралық байланыс сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің білім мазмұнын іріктеудің өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі. Мұнда көркем шығармалар жүйелі, ықшамдалып берілуі қарастырылды. 5-9-сыныптарда ауыз әдебиеті, қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі ұлттық құндылықтар туралы түсініктер, ХІХ, ХХ ғасыр әдебиетінің өкілдері оқытылады. Әдебиеттiң теориялық мәселелерi, көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, көркем туындының стильдiк ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талданады.

6-сыныпта «Айтыс», «Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік», Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» шығармаларымен толықтырылды.

7-сыныпта Махамбеттің «Тарланым» өлеңі, З.Шашкиннің «Доктор Дарханов» романынан үзінді, Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді, Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесі енгізілді.

8-сыныпта Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңімен толықтырылды.

Оқыту орыс тіліндегі жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасының апталық жүктемесі 2 сағат. Сондықтан оқу бағдарламасы қазақ халқының ауыз әдебиетінің түрлері тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыс, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жыры, М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасы, тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет т.б. тақырыптарымен толықты. Бұл тақырыптар оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін білуге, құрметтеуге, елжандылыққа тәрбиелейтіні сөзсіз. Аталған тақырыптар оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушысының қабылдау, тілді білу деңгейлеріне сай жасалынған.

Бағдарламаның білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суретін, қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән беріледі. Қазақ әдебиетін оқыту арқылы оқушылардың өзіндік ой пікірін айтуға, шығармашылық жұмысқа тартуға жол ашады.

Оқытудағы мұндай әрекеттер оқушылардың осыған дейін меңгерген білім, дағдыларын жүйелей түсіп, оның кеңеюіне мүмкiндiк береді. Пәнді оқып-үйрену арқылы оқушылар әлеуметтiк өмiрге бейiмделiп, қоршаған орта, замана келбетiн түсiнуге қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдыларын игереді. Өзге ұлттың мәдениетiн, тiлiн құрметтеу, әдебиетiн терең сезіммен сүйе бiлуге үйрету де көзделеді. Оқушының жан-жақты білім алып, рухани өсуі мақсат етіледі.

Қазақ әдебиеті танымдық, тәрбиелiк қызмет атқаратындықтан, бұл бағдарламада көрсетiлген әдеби бiлiм мазмұны осыған дейінгі сыныптарда берiлген базалық бiлiмнiң табиғи жалғасы, бiртұтас құрамдас бөлiгі болып табылады. Яғни, қазақ әдебиетiн бiртұтас, жүйелi сипатта оқыту оқушылардың үйлесiмдi дамуына қызмет етеді.

Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді.

«Қазақ тілімен»: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді (неологизм) табуға бағыт беріледі. Сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады.

«Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне, тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады.

Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.

«Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу жүктемесінің көлемі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі.

5-қосымша:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат.

6-қосымша:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат.

Русский язык

Цель обучения русскому языкувоспитание творчески активной языковой личности путем формирования языковой, речевой, коммуникативной компетенций на основе: (1) освоения описательной и функциональной языковой системы, норм употребления средств разных уровней, активизации последних в продуктивной речевой деятельности, обогащения словарного запаса и синтаксического строя речи; (2) овладения законами построения связного высказывания, общей культурой общения, механизмами совершенствования речи и творческого использования языка.

Задачами обучения предмету является:

1) формирование представлений о системе русского языка (фонетика, лексика, состав слова и словообразование, морфология, синтаксис), правилах функционирования языковых средств в речи, норм русского литературного языка, обогащения словарного запаса и грамматического строя речи;

2) формирование и совершенствование орфографической, пунктуационной, стилистической грамотности, а также речевой культуры учащихся на основе освоения языка как системы сохранения и передачи культурных ценностей;

3) формирование умений создавать самостоятельные связные высказывания различных стилей, типов и жанров речи;

4) развитие умений успешного речевого общения в условиях межкультурной коммуникации;

5) развитие средствами языка духовно-нравственных качеств и патриотических чувств обучающихся;

6) формирование умений применять полученные знания в учебной, исследовательской и практической деятельности, навыков работы с информацией и различными информационными источниками, включая инновационные коммуникационные технологии.

Содержание учебного предмета «Русский язык» определяется в соотвествии с целью и задачами обучения, возрастными особенностями учащихся и реализацией практической направленности образования, личностного, системного, деятельностного, коммуникативного подходов к обучению русского языка.

Предметом обучения является современный русский литературный язык в его реальном функционировании в современных условиях полиэтнического Казахстана.

Материал представлен линейно-концентрическим способом и с учетом важнейших дидактических принципов: научности, доступности, единства обучения и воспитания, преемственности, последовательности, перспективности, межпредметных и внутрипредметных связей. В 5-9 классах изучаются сведения о языке как системе (фонетике и графике, лексике и фразеологии, морфемике и словообразовании, морфологии, синтаксисе), особенности функционирования языковых единиц в текстах различных типов, стилей, жанров с учетом этнокультурного компонента (сведения о национально-культурной специфике русского языка, о культуре русского, казахского народов и других народов, проживающих на территории нашей страны). В процессе обучения акцент сделан на развитие устной и письменной речи, повышение культуры общения, формирование речевого этикета. Особенностью программы является распределение материала по рубрикам «Для повторения», «Для изучения», «Для опережающего практического ознакомления», «Для развития речи».

В аспекте формирования функциональной грамотности школьников важным в обучении русскому языку является работа с текстом, непрерывное речевое общение в официальной/неофициальной обстановке, с коммуникантами разных статусов и возрастов, отстаивание своей позиции в жизненных ситуациях и выступление перед публикой, работа с необходимой информацией (поиск, обработка, анализ, классификация, систематизация, передача и др.), владение культурой речи и правилами культуры общения в условиях межкультурной коммуникации.

В процессе обучения русскому языку необходимо использовать различные формы коллективной и индивидуальной работы, обсуждение проблемных вопросов, решение лингвистических задач, выполнение разных развивающих языковых заданий, самостоятельная творческая работа и др. С целью развития умений самостоятельно рассуждать, доказывать собственную точку зрения на уроках следует обучать написанию эссе.

При изучении любого языкового явления необходимо опираться на его семантическую характеристику и функциональные особенности, что способствует развитию у учащихся чувства языка, потребности совершенствовать свою речь. Для совершенствования коммуникативных навыков и развития чувства языка важно проводить работу с синонимами, антонимами на разных языковых уровнях, стилистический и жанровый анализ текстов, редактирование текста, стилистическую и жанровую трансформацию текста и др.

При повышении уровня орфографической и пунктуационной грамотности обучающихся следует уделять большее внимание внутрипредметным связям (морфемика, словообразование, лексика и этимология), формированию умения распознавать разнообразные синтаксические структуры в тексте и применять полученные знания на практике, в продуктивной речевой деятельности.

Для более глубокого изучения предмета «Русский язык» учащимся можно предложить дополнительные корректировочные курсы по орфографии, пунктуации и культуре речи.

Количество часов по русскому языку составляет: в 5, 6, 7,8 классах ­–
3 часа в неделю, общее количество в год – по 102 часа в каждом классе; в
9 классе – 2 часа в неделю, общее количество в год – по 68 часов.

Всего на изучение курса в 5 классе выделено 102 ч., из них 20 ч.– развитие речи. Письменные, контрольные работы и тестирования: 5 диктантов
(1 стартовый, далее по одному в четверть); 2 изложения (по одному в полугодие); 2 сочинения (по одному в полугодие); 2 контрольные работы (по одной в полугодие); 2 тестирования (по одному в полугодие; по усмотрению учителя на тестирование возможно отводить 20-25 минут урока после повторения). Объем контрольных диктантов – 90-110 слов, с грамматическим заданием – на 10-20 слов меньше (в зависимости от сложности и объема грамматического задания). Объем текста для подробного изложения –
100-150 слов, для сжатого изложения, итоговых, контрольных изложений – на 30-60 слов больше. Объем классных сочинений – 0,5-1,0 страницы.

На изучение курса в 6 классе выделено 102 ч., из них 20 ч. – развитие речи. Письменные, контрольные работы и тестирования: 5 диктантов (1 стартовый, далее по одному в четверть); 3 изложения (2 в первом полугодии, 1 – во втором полугодии); 3 сочинения (1 в первом полугодии, 2 – во втором полугодии);
3 контрольные работы (1 – в первом полугодии, 2 – во втором полугодии);
3 тестирования (2 – в первом полугодии, 1 – во втором полугодии; по усмотрению учителя на тестирование возможно отводить 20-25 минут урока после повторения). Объем контрольных диктантов – 110-120 130 слов, с грамматическим заданием – на 10-20 слов меньше (в зависимости от сложности и объема грамматического задания). Объем текста для подробного изложения – 150-200 слов, для сжатого изложения, итоговых, контрольных изложений – на 30-60 слов больше. Объем классных сочинений – 1,0-1,5 страницы.

На изучение курса в 7 классе выделено 102 ч., из них 20 ч. – развитие речи. Письменные, контрольные работы и тестирования: 5 диктантов (1 стартовый, далее по одному в четверть); 3 изложения (2 в первом полугодии, 1 – во втором полугодии); 3 сочинения (1 в первом полугодии, 2 – во втором полугодии);
3 контрольные работы (1 – в первом полугодии, 2 – во втором полугодии);
3 тестирования (2 – в первом полугодии, 1 – во втором полугодии; по усмотрению учителя на тестирование возможно отводить 20-25 минут урока после повторения). Объем контрольных диктантов – 120-140 слов, с грамматическим заданием – на 10-20 слов меньше (в зависимости от сложности и объема грамматического задания). Объем текста для подробного изложения – 200-250 слов, для сжатого изложения, итоговых, контрольных и экзаменационных изложений – на 30-60 слов больше. Объем классных сочинений – 1,5-2,0 страницы.

На изучение курса в 8 классе выделено 102 ч., из них 20 ч. – развитие речи. Письменные, контрольные работы и тестирования: 5 диктантов (1 стартовый, далее по одному в четверть); 3 изложения (2 в первом полугодии, 1 – во втором полугодии); 3 сочинения (1 в первом полугодии, 2 – во втором полугодии);
2 контрольные работы (по 1 в полугодие); 3 тестирования (1 – в первом полугодии, 2 – во втором полугодии; по усмотрению учителя на тестирование возможно отводить 20-25 минут урока после повторения). Объем контрольных диктантов – 140-150 слов, с грамматическим заданием – на 10-20 слов меньше (в зависимости от сложности и объема грамматического задания). Объем текста для подробного изложения – 250-350 слов, для сжатого изложения, итоговых, контрольных изложений – на 30-60 слов. Объем классных сочинений –
2,0-2,5 страницы.