Сурет. Өнімділігі 500кг/сағ. пресс

Біздің өнеркәсіпте шығарылатын, өнімділіктің әр түрлі екі тығыздағыштардың негізгі конструктивті ерекшеліктерін келтірейік. Бір тығыздағыш дөңгелек матрицалармен жұмыс істейді және қысқа бұйымдармен қалыптайды, екінші дөңгелек немесе төртбұрышты матрицаға ие бола алады.

ЛПШ 500 тығыздағышы (1.6 сурет). Өнімділігі 500 кг/сағ. Негізгі түйіндері: өлшегіш қондырғы, қосқышы бар, үш камералы қамырараластырғыш қосқышы бар тығыздағыш шнек, ауыстыру үшін механизмі бар, дөңгелек матрицаларға арналған тығыздағыш головка және үрлейтін қондырғы. Барлық аталған түйіндер металл станинада орнатылған.

Өлшегіщ қондырғы бір қуыс валда орнатылған шнекті ұн торлағыш және черепакты су дозаторларынан тұрады. Ұнды өлшеу шнек дозаторының үздікті айналымдарының жиілігін өзгерту арқылы іске асырылады. Судв өлшеу реттегішті айналдыру көмегімен дозатор ыдыстардағы деңгейді өзгерту және хропатты механизм көмегімен валды айналу жиілігін өзгерту арқылы іске асады. Дозатор қамырараластырғыштың жоғарғы камерасының валынан берілудің тізбекті турі арқылы іске қосылады.

Қамырараластырғыш тығыздағыш шнектің көлденең осі бойымен орналасқан үш камера түрінде болады. бірінші камерада интенсивті алдын ала илеу және роторлы вакуумды затвор арқылы қалақшалар көмегімен екінші және үшінші камераға қамырдың берілуі іске асады. Бірінші камерада қосқышпен жалғанған торлы қақпақ болады.Екінші және үшінші камерлар өзара қалып қозғалысы бағыты бойымен терезе арқылы жалғанған. Екі камераның да қақпақтары да органикалық шыныдан жасалған. Бұл илеу процестік бақылауға мүмкіндік береді. Қақпақтар да қосқышпен жалғанған. Қамырараластырғыштың валдарының қосылуы электроқозғалтқыштан кленоремелді беріліс, редуктро және тізбекті беріліс жүйесі арқылы жүргізледі. Тығыздаушы корпус тұтас болаттан құбырдан орындалған, оның шеттерінде тығыздаушы головкалар мен тығыздаушы шнектің редукторын бекіту үшін екі фланец орнатылған. Тығыздаушы корпустың головкаға жақын жерде, ең үлкен қысым аумағында диаметрі 230 цилиндр түрінде орындалған салқындатқыш қаптамасы бар. Тығыздаушы корпустың қарама қарсы жағында қамырараластырғаштың үшінші камерасынан қамырды беру үшін өлшемі 210*100мм тесік орналасқан.

Тығыздаушы корпустың барлық ұзындыққа, ішкі жағында қимасы 0,8*1,0 мм аксиолды орналасқан жырамалар бар. Тығыздаушы шнек ұшында үш кірісті белгі бар. Бір кірсті белгі болып келеді. Шнек ұзындығы бойынша үзілуі 180 мм ден болатын екі аймақ бар. Шнек ст 45 болатынан жасалға, және хромдалған. Шнек электрқозғалтқыштан кномероменді беріліс және үш сатылы, екі жылдамдықты редуктор арқылы қозғалысқа келтіреді.

Күнбез тәрізді формалы, тұтас, бір дөңгелек матрицаға арналған тығыздағыш головка матрицалармен кескіштермен ауыстыру механизмі мен және үрлейтін қондырғымен жабдықталған. Головка корпусына оны қосу кезінде жылытатын қондырғы орнатылған.

Матрицаларды ауыстыру механизмі матрицаларды орнату және алу үшін жөнделген бағыттаушы электрқозғалтқыш, редуктор, траверсалмен жалғанған екі тартқыш валдан тұрады. Траверса жүрісінің өлшемі мекн орнатылатын матрицаның орнатылуы екі шеткі ажыратқыштармен реттеледі. Матрицаларды ауыстыру механизмінің қосылуы матрицалардың төменгі жазықтығына қатысты кескіш пышақтардың орнатылуына жалғанған: тек қажетті жабдыққа төмен түсірілген пышақтарда матрица ауыстыру механизмінің электрқозғалтқышын қосуға болады.

Үрлешіш қондырғы электроқозғалтқышы бар центрден тепкіш желдеткіш және дөңгелек тесіктері бар сақинасынан тұрады. Сақинасының желдеткішпен ауа желдету арқылы шығып, шикі макарон бұйымдарын үрлейді.

Құбырлар жүйесі төрт матрицадан тұрады: ыстық, суық су үшін, су төгу үшін және вакуумды қондырғы үшін. Суық су қамыр илеу үшін дозаторға және салқындату үшін тығыздаушы корпустың қаптамасына ыстық су қамыр илеу үшін дозаторға беріледі. Төгу сызығына дозаторға қолданылмаған артық су және тығыздалу корпус қаптамасынан су ағады. Тығыздаушының электроаппаратурасы жеке шкафта, тығыздауышқа жақын жерде еденде орналасады. Тығыздағышты басқару қызмет көрсету алаңында орналасқан басқару пультімен іске асырылады.

ЛПШ 1000 тығыздағышы өнімділігі 1000 кг сағат келесі түйіндерден тұрады: өлшегіш қондырғы, қамырараластырғыштар, вакуумды қамырараластырғыштар және вакуумы затвор механизмін жеке қосқыштары бар екі тығыздағыш корпустар. Арналуына байланысты тығыздағышқа байланысты дөңгелек матрицаға арналған екі тығыздағыш головкалармен және оларды ауыстыру механизмімен үрлегіш қондырғымен және головка үшін кесу механизмімен немесе екі төртбұрышты матрица үшін тубус пен және оларды ауыстыру механизммен, үрлегіш қондырғысымен бірге жасалады. Өлшегіш қондырға өнімділікті 500 км сағ болатын тығыздағыштар қондырғыларына ұқсас.