Ызмет көрсету және басқа да әрекеттер-азаматтық құқық объектілері ретінде

Негізгі ұғымдар:Мүліктік және мүліктік емес игіліктер,бағалы қағаздар, мүліктік емес өзіндік құқықтар, Жылжитын мүлік, жылжымайтын мүлік қызмет көрсету.

1. Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтық құқықтың субъектілері үнемі өзара әр түрлі қарым-қатынастарда түсуге мәжбүр болады. Субъектілер арасында қалыптасқан нағыз нақты қатынастар сан түрлі болады және құқықтармен міндеттердің негізінде олар құқықтың қатынастар нысанына ие болады. Қоғамдық қатынастардың құқықтардың түрлі салалардың нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарды тауар ақша айналымы салаларында қалыптасатын қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық қатынастардың нормаларын реттейтін объектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың мынандай түрлері болады.

1. мүліктік қатынастар

2. мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастар

3. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар

Мүліктік және мүліктік емес қатынастарға азаматтық құқықтық реттеу. Мұндай қатынастармен қатысушыларға құқықтармен міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықтық қатынастарда қатысушылардың субъективтік құқықтармен субъективтік міндеттерді оның мазмұнын құрайды. Субъективтік міндет дегеніміз – бұл міндетті тұлғаның байқалуға тиісті мінез құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқықтың берілген тұлғаның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету мүмкіндігінен немесе міндетті тұлғадан белгілі бір әрекеттер жасауды таоап ету мүмкіндігімен көрінеді.

2.Жеке индивидтерді жеке тұлғалар деп атайды. Қызметінің мақсытына қарай заңды тұлғалар

1. заңды тұлғалар

2. коммерциялық

3. коммерциялық емес

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар комерциялық ұйымдарға жатады.

Комерциялық емес ұйымдар табыс табуды өзге мақсаттар үшін құрылады. Мысалы: діни бірлестіктердің негізі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады.

Құқықтық қатынастардың объектілері жөнінде әр түрлі заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілерінің негізгі түрлері азаматтық кодекстің 115 бабында аталған. Мұнда олар мүліктік және мүліктік емес игіліктермен құқықтар азаматтық құқықтық объектілері бола алады. (115-бап 1 тармағы).

 

3.Мүліктік игіліктермен құқықтарға (мүлікке: заттар, ақша, шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық, интелектуалдық) қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, бұйымды дараландырудың өзге де мүліктік құқықтармен басқа да мүлік жатады. Азаматтық кодекстің 117 бабының II тармағына сәйкес жеке мүліктік емес игіліктермен қоса жеке адамдардың өмірі, денсаулығы, қадыр-қасиеті, абырой,игі атақ, ккерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпиямен отбасы құпиялары, есім алу құқығы, автор болу құқығы шығарма қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктермен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілеріннің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.

3.Азаматтар мен заңды тұлғаларының басқа тарапқа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол бермейді (АК-тің 8-бабының 3-5-тармақтары). Осы талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады.

Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы жөніндегі ережеде маңызды. Тауарлар, қызметтер және ақша Қазақстан Республикасыеың барлық аумағында еркін қозғалыста болады. Қазақстан Республикасындағы не заң шығарушының, не атқару билігінің тауарлар мен қызметтердің қозғалысын шектеуге хақылары жоқ. Еркін қозғалысқа тек заңмен ғана тыйым салуға болады.

4. Моральдық зиян ақшалай түрде өндіріледі. Моральдық зиянның көлемін анықтау кезінде жәбірленушінің шеккен рухани зардабын субъективті баға ретінде ескереді. Сондай-ақ жәбірленушінің рухани денсаулығына байланысты зардап шегуінің дәрежесін анықтайтын объективті мәліметтер де ескеріледі: өмірлік маңызы бар жағдайларға қастандық жасау объектісі (өмірі, денсаулы-

ғы, абыройы, ар-намысы, еркіндігі, үйіне ешкім тиіспейтіндігі және т.б.); құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары (жақын туысқанын өлтіру, денеге жарақат салу, сол арқылы мүгедек ету, еркінен айыру, жұмыссыз қалдыру немесе баспанасыздыққа душар ету және т.б.); адамды мазақ қылатын жалған мәліметтер тарату сипаты мен жүйесі; жәбірленушінің өмірлік хал-ахуалы (тұрмыстық, отбасылық, қызметтік, материалдық, денсаулық жағдайлары, жасы және басқалары); басқа да назар аударуға тұратын жайыттар.

 

Дәріс. Мәмілелер

 

1. Мәміленің түсінігі және оның белгілері.

2. Мәміленің жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.

Негізгі ұғымдар:біржақты мәмілелер мен шарттар, биржалық мәмілелер, мәмілелерді тіркеу, жарамсыз мәмілелер мен жарамсыздықтың салдары, мәмілелер жарамсыздығының негіздері

1. Азаматтық заңдар тұрғысынан алғанда, кәсіпкерлік қызмет – банктік немесе биржалық операциялар, сауда және де тағы басқа әрекеттер жасалғанына қарамастан-әртүрлі мәмілелер жасау деп ұғынылуы мүмкін. Мәміле – бұл азаматтық айналымда ең көп тараған заңды фактілер болып саналады.

Мәміле деген не?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекісінің 147- бабына сай азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерімәмілелер деп танылады.

Осы негізде мәміле келесі белгілермен сипатталады:

а) мәміле – бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін жасаған әрекет негізінде пайда болған ерікті сыртқы қызмет актісі.

ә) мәміле — субъектінің өз еркімен жасаған актісі.

Болашақ еріктілік актісі болып, мәміле – ерік пен ерік білдіру үйлестігін көрсетеді.

Ерік «маған не керек?», ал ерік білдіру «бұл үшін мен не жасауым керек?» деген сұрақтарға жауап береді. (Мысалы: мен өзімді алдын-ала аурудан сақтау немесе қартайған шағымда өзімді қамтамасыз ету үшін алдағы өмірімді сақтандыру мәмілесін жасаймын. Сонымен ерік дегеніміз мәмілені жасау барысындағы азаматтың тілеуі, ықыласы. Бірақ та мәміле үшін тек ерік білдіру жеткіліксіз. Сонымен қатар, ерікті басқа бөгде адамдарға да жария ету қажет.

Ерік білдіру деп – адамның ішкі шешімін сыртқа шығарып, білдіру тәсілдерін айтамыз.

Ерік білдіру – заңды салдар туғызатын мәміленің маңызды элементі болып табылады. Бұл мәміленің оқиғадан ерекшелігі, яғни оқиға тұлғаның еркіне тәуелді болмайтын жағдайлар. Мәмілелер тек ерік білдіру арқылы ғана емес, сонымен бірге мүлікті беру арқылы салдар туғызады. Мысалға сыйға тарту шарты сыға беруші мен сыйға алушының ерік білдіруінен және сыйды алушыға затты беру әрекетінен туындайды.

Мына келесі тәсілдер бойынша мәміле жасау кезінде ішкі ерік білдіру айқындалады:

Тікелей ерік білдіру – мәмілеге қатысушының ерікті түрде әрекет жасау пиғылын басқаларға жазбаша немесе ауызша түрде жеткізу. Мысалы: хат жазу, қолхат жазып беру, сенімхат беру, ауызша келісім беру.

Жанама ерік білдіру – бул мәміле жасауға бел байлаған тұлғаның әрекетінен мәміле жасауға ниет білдіргенін растайтын әрекеттер жасауынан білінеді. Бұл әрекеттер конклюденттік (пиғылына немесе осы мәмілені жасауға ерік білдіруіне сәйкес әрекеттер) деп аталады. Газдалған суды сататын автомат арқылы жасалған мәміленің өзі тұлғаның мәміле жасауға қатысу ниетін білдіреді. Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 151- бабының 2 тармағына сай, конклюденттік әрекеттер жасау арқылы мәмілелер жасауға заңда көрсетілген жағдайларда немесе бұл туралы тараптардың арасында арнайы келісім болған жағдай ғана жол берілед

2) Үндемеу арқылы ерік білдіру мәміле жасауға ерік білдірудің заңмен жол берілетін тәсілі деп танылады. Бірақ Бұл үшін заңда үндемей қалушылықтың «иә» не «жок» дегеннің белгілі бір мағына беретінін көрсетуі қажет.

В) мәміле заңға қайшы келмейтін субъектінің – ерікті әрекеті болып саналады.

Мәміленің заңдылығы – мәмілеге қатысатын тұлғалардың қалауы болып табылатын, заңдармен осы мәміле үшін белгіленген, мәмілеге қатысушылар осы мәмілеге қатысқанда көздеген құқықтық салдар туындататын заңды фактілердің қасиеттеріне ие болуын білдіреді.

Мәміле заңға сәйкестігімен құқық бұзушылықтан (деликтіден)- заңға қайшы және құқықты бұзған тұлға ойламаған және олай болуын қаламаған құқықтық салдар туындататын ерікті әрекеттер қатарына жатуымен ерекшеленеді.

Мәміле азаматтық құқықтар мен міндеттер

2.«Мәміле» деген түсініктің өзі өз бойына 4 элементті жинақтайды . Біріншіден – бұл мәмілеге қатысатын тұлғалардың өзі. Екіншіден – бұл субъективтік (ерік және ерік білдіру) жағы. Үшіншіден – нысаны. Төртіншіден – мазмұны. Мәміленің бір элементінің кем болуы оның жарамсыздығьша әкеп соғады. Сонымен мәміленің жарамдылығының қамтамасыз ететін жағдайларға төмендегілер жатады:

1.Мәмілені әрекетке қабілетті тұлғаның жасай алуы.

2. Тұлғаның ерік білдіруінің оның еркіне сәйкес келуі.

3. Мәміленің нысанының заңмен белгіленген нысанға сәйкес болуы.

4. Мәміленің мазмұнының заңға қайшы келмеуі, яғни бұл жерде мәміленің мазмұны заң талаптарынан ауытқымауы тиіс.