Азақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу процесстерінің саяси тарихы

XIV-XV ғ.ғ. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы саяси,әлеуметтік-экономикалық, саяси процесстер. XV ғ. 30-50 ж.ж. өзбек хандығындағы тарихи жағдай. Біртұтас мемлекет - Қазақ хандығының қалыптасу тарихи, саяси алғы шарттары. Қазақ халқының қалыптасуы. Шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениеті. әлеуметтік құрылымы, топтар мен категориялар. Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы хан билігі. Орталықтанған қазақ мемлекеттігінің

нығаюы. Қазақ хандарының тарихи ролі, ішкі және сыртқы саясаттары: Керей, Хак-Назар, Тәуекел, Қасым, Абылқайыр, Тәуке хан. Абылай хан, оның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы ролі. Мемлекеттік қайраткер ретіндегі оның мұраттары мен принциптері.

Далалық демократия (көшпенділер демократиясы), оның ерекшеліктері. "Жеті жарғы", оның ережелері, маңызы. Билер институты және оның әлеуметтік-саяси мәні мен маңызы.

Азақтың дәстүрлі рухани мәдениеті, оның дүние танымдық, әлеуметтік-саяси мазмұны

Қазақ фольклоры, батырлық дастандар, халықтық ертегілер, айтыстардың әлеуметтік-саяси аспектілері. Шешендік (ораторлық) дәстүрі. Би-шешендер: Төле-би, Қазбек-би, Айтеке-би т.б. Олардың әлеуметтік, саяси идеяларының мәні.

Тарихи, әдеби шығармалардағы қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу тарихының мәселелері. Асан Қайғы. Мырза Мухаммед Хайдар Дулатидың "Тарихи-и-Рашидиі", Қадырғали Косым ұлының "Жами-ат тауарихы", Утемиш Хажының "Шынғыс намесі", Хан Абылғазының (1603-1664 жж.) "Шаджара-ий тюркі" ("Түріктер генеалогиясы") қазақ хандығының құрылу тарихы, оның мәселелері туралы.

Хандық дәуірдегі Қазақтың ауызша және жазба әдебиетіндегі еркіндік, отанды қорғау идеялары

Жыраулар - Қазтұған, Досмамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Тәттіқара және Үмбетей шығармаларының саяси және идеологиялық аспектілері. Қазақ ақындары мен жырлаулардың XVII ғ. аяғы - XVIII бірінші жартысында Қазақстанның саяси өмірі мен тарихи оқиғаларындағы орны мен рөлі. Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768 жж.). Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 жж.), оның қазақ халқының жонғарларға қарсы күресіндегі ролі. Бұқар Қалқаманұлы қоғамдық-саяси қайраткер, әрі ойшыл. Қожаберген жырау, оның "Елимай" атты жоқтау өлеңімен дастанының маңызы.

Қазақстанның ресейге қосылуы және отарлануы кезіндегі саяси идеялар, ағымдар мен қозғалыстар Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі ұлт-азаттық күресі, оның

Себептері мен идеологиясы

Қазақстанның Ресейге қосылуы. Оның алғышарттары. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі саяси ағымдар. Абылқайыр хан және оның ролі. Ресей империясының отарлау саясаты және оның салдарлары. Көшпелі шаруашылық жүйесі дағдарысының асқынуы. Қазақ қоғамының экономикалық өмірі мен саяси құрылымындағы өзгерістер. Қазақстанда хандықтың жойылуы. Қазақ өлкесін басқарудың жаңа жүйесінің ендірілуі. Ұлт-азаттық қозғалыстар: 1) Сырым Датов бастаған көтеріліс (1783-1797 ж.ж.); 2) Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс (1836-1838 ж.ж.); 3) Хан Кенесары Қасымов бастған халық-азаттық күрес (1837-1847 ж.ж.); 4) Ж. Нұрмұхамедов бастаған көтеріліс. Себептері мен мәні. Әлеуметтік- саяси мотивтері мен принциптері.

ХІХ ғ. Қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік, бостандық идеялары және отарлық саясатты сынау

Махамбет Өтемісов (1804-1846 ж.ж.), оның 1836-1838 ж.ж. халық-азаттық көтерілістегі ролі. Өтемісов өз халқының еркіндігі мен тәуелсіздігінің жыршысы. Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881 ж.ж.), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898 ж.ж.), Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871 ж.ж.). "Наурызбай-Қаншайым" поэмасы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты және тағдыры туралы. Қазақстандағы Ресейдің отарлау саясатымен байланысты өзгерістерге әдебиеттегі сыни көзқарас. "Зар заман" ағымы деп аталған топтың ақындары: Дулат Бабатайұлы (1802-1974 ж.ж.), оның "өсиет-намесі", Шортанбай Канайұлы (1818 -1881 ж.ж.), Мұрат Мөнкеұлы (1843-1906 ж.ж.), Әбубәкір Кердері Шошанұлы (1858-1963 ж.ж.). Олардың әлеуметтік-саяси әуендері

мен идеялары.

Азақстандағы ағартушылық қозғалыс, оның әлеуметтік-саяси мәні

Және идеялары

Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылығы. Шоқан Уалиханов (1835-1865 ж.ж.) қазақ ағартушылығының негізін қалаушы. Уалиханов еңбектеріндегі саясат пен құқық мәселелері. Ш. Уалиханов сот реформасы және қазақ қоғамының мәселелері туралы. Ы. Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.), оның прогресстік әлеуметтік-саяси

идеяларды дамытуы. Ы. Алтынсариннің запискалары. Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.), оның философиялық, әлеуметтік-саяси ілімі. Абайдың қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, адамгершілігі жақтарын сынауы. Құнанбаев шығармаларындағы әлеуметтік, адамгершілік мәселелері. Абайдың қазақ халқының келешегі, оның мәселелері, қоғамдық қатынастарын жетілдіру т.б. туралы көзқарасы.