Оқу жоспарынан көшірме

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК

КЕШЕН

 

5В020300-тарих мамандығы үшін

 

 

Қарағанды 2012


Құрастырғандар: Қ.С. Өскембаев т.ғ.к., доцент

М.С. Амрина, т.ғ.к., аға оқытушы

Н.Б. Смағұлов тарих магистрі, аға оқытушы

 

 

Қазақстан Республикасының саяси тарихының оқу-әдістемелік кешені несие технологиясы бойынша оқытылатын ІІІ-ші курс студенттеріне арналған. Бұл оқу әдістемелік кешенде курстың бағдарламасы, дәріс тезистері, барлық түрдегі сабақтардың жоспарлары, оларға қажетті әдістемелік ұсыныстар мен әдебиеттер енгізілген.

 

Қазақстан Республикасының саяси тарихы пәні бойынша тарих факультетінің студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен /Дайын. Қ.С. Өскембаев, М.С. Амрина, Н.Б. Смағұлов–Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. - 83 б.

Арағанды мемлекеттік университеті, 2012.


ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

 

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Өскембаев Қанат Садуақасұлы- Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының т.ғ.к., доцент;

Амрина Минар Сапарқызы-Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының аға оқытушысы.

Смағұлов Нұртас Бірлікұлы - Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі

 

Пән туралы мәліметтер

Пән атауы:«Қазақстан Республикасының саяси тарихы»

Өткізу орны. №3 оқу корпусы.

Несие саны – 2

 

Оқу жоспарынан көшірме

 

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр Несиелер Дәріслар Семинарлар СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
күндізгі 4-жыл емтихан
сырттай 2-жыл 6+24   емтихан

 

1.3 Пререквизиттері:

Университеттік «Қазақстан Республикасының саяси тарихы» курсын меңгеру үшін студент:

- Орта мектеп бағдарламасы көлемінде нақты материалдарды білуі;

- деректі құжаттардың фрагменттерімен жұмыс істеуге деген бейімділігі;

-тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстылығын айқындай алатын қабілеттілігі керек.

 

1.4 Постреквизиттері:

«Қазақстанның осы заманғы тарихы» курсын оқу барысындағы білімдарлық келесі пәндерді игеруге қолданылады және тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік береді:

- Құқық және мемлекет тарихы

- Қазақстан экономикасының тарихы

- Әлеуметтану

- Мәдениеттану

- Саясаттану

- Философия

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны.Берілген курстың негізгі мақсаты жоғарғы оқу орын студенттерінің Қазақстан Республикасының егемендік алған 1991 жылдан кейінгі әлеуметтік-экономикалық, саяси – мәдени өмірін тереңдете оқып игеруіне жәрдем жасау.

Қазақстанда егеменді мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды. Біздің ойымыз артымыздан ерген жас буынға Республика тарихында басталған жаңа кезеңмен тереңірек таныстыру.

Саяси салада күшті президенттік республика құруға, кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, кәсіби Үкімет құруға бағыт ұсталды. Республиканың жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жергілікті өзін өзі басқару заңы негізінде облыстарда, қалаларда, аудандарда атқарушы өкімет билігіне реформа жасалды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Біздің мемлекетімізді жүзден аса ел таныды. Олардың көбімен елшілік және өкіметтік дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси сенім прициптері негізінде өзара тиімді достық қатынасты сақтау сондай-ақ барлық басқа мемлекеттермен әділеттік және халықаралық серіктестік негізінде кең байланыстарды дамыту болып табылады. Қазақстан территориясында орналасқан ядролық қарулар келісімдік үрдістер шеңберінде жойылып республикамыз ядролық қарусыз мемлекет дәрежесін алды.

1995 жылы 30 тамызда Республика көлемінде өткен референдумда құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, экономикалық, мәдени және ғылыми- техникалық прогресс жолмен алға баса беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтармен бостандықтары атап көрсетілген. Сөйтіп Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.

Бүгінде ҚР-ның ішкі саясатындағы жаңа перспективалық бағыттар анықталды. Оның басты мақсаты Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел-ауқатының артуы. Ол Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің» студенттері алдындағы «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты дәрісі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге талпыныс жасаған мемлекетіміздің, болашақта жастарға көп үміт артуы заңды құбылыс.