Дәріс №4. Ұлттық мәдени орталықтар және Ассамблея

Ұлттық мәдени орталықтар және оның қызметі. Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтар Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 1989 жылғы 14 сәуірдегі “Қоғамдық ұйымдардың құрылу тәртібі мен қызметі туралы” жарғысы негізінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, оған қосымша 1995 ж. 14 шілдеде “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аймақтық органдарында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі жөніндегі ережелер”, 1996 ж. 30 мамырда “Қазақстан Респуб­ли­касындағы қоғамдық ұйымдар туралы” заңдар қабылданды.

Жоғарыда аталған конституциялық-құқықтық базалар негізінде ұлттық мәдени қайта өрлеу үрдісі басталды. Тек 1994—1996 жылдары республикалық және аймақтық, ұлттық мәдени орталықтардың 27-сі қоғамдық ұйым ретінде заңдық статусқа ие болды. Олардың әрқайсысының облыстық құрылымдарда бөлімшелері бар. Ұлттық мәдени орталықтар қызметінің негізгі бағыттары және нәтижелері мынандай: ұлттық мәдени орталықтар білім беру ісін шешуге қатысады, бірінші сатыдағы ұлттық мектептердің дамуына мұрындық болуда.

Тұрмыс-тіршілігі, мұрат-мақсаты ежелден тұрандықтармен, алаш жұртымен біте қайнасқан әзірбайжандар қазақ елінің егемендігін нығайту, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін биіктету жолында табанды күрес жүргізіп келеді. 1992 ж. негізі қаланған “Тұран” мәдени орталығы мүшелерінің өз ұлттық мәдениетінің барынша өркен жаюы үшін сіңірген еңбегі орасан зор. Армян өкілдерінің үлкен тобы ұзақ жылдардан бері Қазақстанда тұрып еңбек етуде. Олардың мәдени орталықтары 1991 ж. құрылған. Қазақстандағы дүнген мәдени орталықтары бұл халықтың мәдениетін өркендетуге қамқорлық жасап, жастардың ана тілінде сусындауына айрықша назар аударып отыр. Корей театры жұмыс істеп, теледидар арқылы корей тілінде “Коре сарам” хабарлары беріліп тұрады.

Түріктердің “Түркия” қоғамы Қазақстан халықтарының арасындағы ұлттық татулықты саяси тұрақтылықтың негізі деп түсінеді. Түрік тілін оқытатын 46 мектеп жұмыс істейді. Күрділердің “Якбун” мәдени ассоциациясы, “Барбанк” қауымдастығы жұмыс істейді. “Идель” — башқұрт пен татарлардың қоғамдық мәдени орталығы түркі халықтарының ынтымағын нығайтуда. Сонымен қатар, Қазақстанда неміс, поляк, грек, өзбек, шешен, ингуш және т.б. ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. Қазақстандағы орыстардың қауымдастығы “Здрава” да өз қызметін жалғастыруда.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы. Республика Президенті z:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылын мерекелеу қарсаңында Қазақстан халықтарының форумын өткізу жөнінде ұсыныс жасады. 1992 ж. желтоқсанда Алматы қаласында өткен алқалы кеңесте әр түрлі этностық топтардың өздерін біртұтас Қазақстан халқы ретінде сезінетіндігі айқындалды. Осылайша, жаңа қоғамдық институт-Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізі салынды.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы 1995 ж. 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен құрылды. Ол-биүкіметтік, бисаяси, еліміздің президенті жанындағы кеңесші орган, өз қызметін Конституцияға, Ассамблея туралы ережеге сәйкес жүргізеді. Ассамблея туралы ережеде оның мүшелерінің тең құқықтығы, жариялылық, демократия сияқты идеялар көрініс тапқан. Мемлекеттік органдар мен аймақтың өзін-өзі басқару органдарымен, халықаралық және өзге мемлекеттік органдармен тығыз байланыс жасау принциптері басшылыққа алынған. Республика жұртшылығының еркі бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағалығына z:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев ұсынылды. Жаңа органның сандық құрамы жергілікті кіші ассамблеяларға тең бөлінген кандидаттардан тұрды. Ассамблея құрамына 320-дан астам адам енді.

Ассамблея қызметін төмендегідей міндеттер мен мақсаттарға сәйкес жүргізуге тиіс болды:

· Республикадағы оқиғалар мен саяси жағдайларға баға беріп, қоғамдағы топтасуды қамтамасыз ететін практикалық ұсыныстар әзірлеу;

· Қазақстан азаматтарының нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік тегіне қарамастан олардың құқы мен бостандығының кепілі ретінде Республика Президентінің қызметіне қолдау жасау;

· Елдегі ұлттық келісім мен саяси тұрақтылықтың сақталуына ықпал ету, әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту;

· Әр түрлі ұлт өкілдерінің рухани-мәдени жағынан қайта өркендеуі мен дамуына, мемлекет жүзеге асырып отырған ұлттық саясатта сан алуан ұлт мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету;

Қоғамдағы қайсыбір әлеуметтік қайшылықтарды шешу үшін келісім жолдарын іздестіру.

Ассамблеяның 1995 ж. маусымда өткен сессиясында Республика Президенті “Өткенді саралау және қоғамды одан әрі демократиялық реформалау” деген баяндамасында елдің жаңа ата заңын қабылдау қажеттігін негіздеп, жаңа Негізгі Заңның жобасының басты прин­циптері мен баптарын сессияның қарауына ұсынды. Ассамблея елбасының жобасын қолдап, мемлекет басшысына Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде референдум өткізуге ұсыныс білдірді. 1996 ж. сәуірде Алматыда Ассамблея мүшелерінің үшінші сессиясы өтті. Оның жұмысына Ассамблеяның 326 мүшесінің 314-і қатысты. 1997 ж. мамыр айында Ақмолада Қазақстан халықтарының екінші құрылтайы, ал желтоқсан айында Ассамблеяның ІV сессиясы өтті. Сессияда 1997 жылдың жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы боп жариялануына байланысты істелінетін шаралар сөз болды.

Тоталитаризмнің құрбандарына Ақмолада ескерткіш тұрғызылып, Қазақстанға жер аударылған халықтар хақында кітап жарық көрді. Бұған ұлттық-мәдени орталықтар, тарихшылар, мұражай қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар жұмыла атсалысты. Халықтарды демографиялық апатқа ұшыратқан, ұлттың таңдаулы өкілдерінің тарихи тағдырына өлшеусіз зиян келтірген кеңестік тоталитаризм озбырлығы Қазақстан халықтарына зор қасірет әкелді. Сондықтан 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбан-дарын еске алу жылы деп жариялау туралы елбасының жарлығы қоғам тарапынан зор қолдауға ие болды.

Ассамблея кеңесінің шешімімен оның республикалық қоры құрылды. Бұл қор ұлттық-мәдени орталықтарға қаржы және ұйымдық көмек көрсетуге арналған. Оның филиалдары барлық облыстарда жұмыс істейді. Осы қордың республикалық мәдени орталықтарға қаржылай көмегі нәтижесінде қазақстандық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Левон Мирзоян мен Мағазы Масанчидің есімімен байланысты мерейтойлар атап өтілді. Ассамблея Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 50 жылдық мерекесін, славян мәдениеті мен жазуының 1100 жылдығын, “Манас” эпосының мың жылдығын, z:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansabay.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansabay.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansabay.htmАбай мен Жамбылдың 150 жылдық торқалы тойларын әзірлеп, өткізуге белсене қатысты.

Ассамблея-“Ақиқат” және “Мысль” республикалық журналдарының тең құрылтайшысы. Ассамблея облыс әкімдері жанындағы шағын ассамблеялармен тығыз іс-қимыл жасай отырып, ұлттық диаспоралар туралы кең-байтақ материал жинақтады. Ассамблеяның атқарушы хатшылығының күшімен “Ортақ үйіміздегі бейбіт өмір мен келісім”, “Қазақстан халықтары Ассамблеясы — 1995 жыл” деген жинақтар жарық көрді. Астанадағы Л.Гумилев атындағы университет ассамблеяның ғылыми орталығы болып есептеледі. Республикадағы әр түрлі ұлт өкілдерін толғандыратын мәселелер осы орталықта ғылыми шешімін табуда.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 6, 12, 16, 17, 21, 29, 31.