Азақстан Республикасының ақша жүйесі туралы заңы

Осы заң ресми ақша өлшемін қамтитын ақша айналысын ұйымдастырудың құқылық негіздері мен түрлерін, тиын соғу мен ақша белгілері эмиссиясы тәртібін, ақша айналысын ұйымдастыру мен реттеуді белгілейді

1- бап. Ақша өлшемі, ақша белгісі.

Қазақстан Республикасының ақша өлшемі (ұлттық валютасы) теңге болып табылады. Теңге 100 тиыннан тұрады.

Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгілері банкноттар мен тиындардан тұрады.

Банкноттар мен тиындар номиналының құрылымын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейді.

2-бап. Ақша айналысы.

Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы тауар айналысы, қызмет көрсету және түрлі төлемдер жасау процесіндегі нақты төленетін және нақты төленбейтін ақша қозғалысын қамтиды.

2- бап. Банкноттар мен тиындарды қабылдауға қойылатын талаптар. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айналысқа шығарған банкноттар мен тиындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, төлемдердің барлық түрлері, сондай-ақ есеп-шоттарға, салымдарға, кредитивтерге есептеу үшін және аударылымдар үшін өз бағасы бойынша қабылдануға міндетті.

3- бап. Ақша белгілерін қолдан жасағаны (жалған ақша шығарушылық) үшін жауаптылық. Банкноттар мен тиындарды қолдан жасауға және заңсыз дайындауға кінәлі адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қудаланады.

4- бап. Банкноттар мен тиындарды шығару.

Қазақстан Республикасы аумағында нақты ақша қаражатын шығаруды, оның айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алынып тасталуын нақты төленбейтін эквивалент ала отырып, банкілерге банкноттар мен тиындарды сату түрінде тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.

5- бап. Банкноттар мен тиындардың дайындалуы және сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың тұтынуға қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, нақты ақша қаражатын инкассациялау тәртібін белгілейді.

6- бап. Банкноттар мен тиындардың сипаттамасы.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың номиналдық құрамы мен тиісті дизайны болуға тиіс.

Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.

7- бап. Банкноттар мен тиындардың дизайны.

Банкноттар мен тиындардың дизайнын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітеді. Банкноттар мен тиындардың бекітілген дизайны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің меншігі болып табылады және авторлық құқықтардың пайдаланылуын қорғауды жүзеге асырады, ол құқықтар осы Заңмен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы»заңмен бекітіледі.

8- бап. Ақша өлшемін қамтамасыз ету.

Банкноттар мен тиындар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі боолып табылады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің алтын-валюта резервтерімен қамтамасыз етілуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарынада кемінде айына бір рет хабар жариялап отырады.

9- бап. Ақша өлшемін ауыстыру құқығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде болады. Ақша өлшемінің қолданылу тәртібін, мерзімі мен ережелерін белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.

10- бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру. Қолданылып келген банкноттар мен тиындардың төлемділігін анықтау мен оларды ауыстыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейді және ол баспасөзде жарияланады.

11- бап. Төлем қаражаты.

Қазақстан Республикасындағ бірден-бір төлем қаражаты теңге болып табылады. ҚР-дағы нақты адамдар мен заңды ұйымдардың ішкі есеп айырысу үшін өзге төлем қаражатын пайдалануға құқығы жоқ, бұған «Валюталық реттеу туралы ҚР-сы Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкінің арнаулы лицензиясы бар адамдар қосылмайды».

13- бап. Есеп айырысу. Қазақстан Республикасының аумағында есеп айырысу ҚР-ң валютасымен жүзеге асырылады, бұған ҚР-ң Заң құжаттарында көзделген реттер кірмейді. ҚР-сы аумағында есеп айырысу нақты төленетін және нақты төленбейтін төлемдер түрінде жүзеге асырылады.

14- бап. Нақты төлемей есеп айырысу түрі. Нақты төлемей есеп айырысу түрі қолданылып жүрген заңдарға сәкес ҚР-ң Ұлттық банкі белгілейтін ережелермен белгіленеді. ҚР-сы аумағында нақты төлемей есеп айырысу үшін пайдаланылатын төлем құжаттарының- төлем тапсырмаларының, вексельдердің, чектердің және басқаларының үлгілерін ҚР-ң Ұлттық банкі бекітеді.

15- бап. Нақты есеп айырысу. Заңды ұйымдар арасындағы, сондай-ақ заңды ұйымдар мен нақты адамдар арасындағы нақты ақшамен есеп айырысу. ҚР-ң Ұлттық банкі белгілейтін ережелермен жүзеге асырылады.

16- бап. Ақша айналысын реттеу. ҚР-да ақша айналысын реттеу. ҚР-ң Ұлттық банкі туралы» ҚР-ң заңына және ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады.