Дәріс №1. Қазақстанның мұнай өнеркәсібі

Осы әлемді қазіргі адамдарға қажетті өнімдер шығаратын заводтар мен фабрикаларсыз көзге елестету мүмкін емес. Сонымен қатар сол кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың, өмірге ең қажетті өнімдерді шығаратынын желеу етіп, қоршаған ортаға салқын қарауы әдетке айналған. Бірақ, адамға ең қажеті – ол өмір сүреиін орта екенін ұмытпау керек. Сондықтан қазіргі нарық эконмикасы кезінде эконмикалық әдістермен, экономикалық рычагтар көмегімен қоршаған орта үшін күресу ең қолайлысы. Қазір біздің елімізде табиғатты пайдаланудың тиімді әрекетті механизмдерін жасау талпыныстары болып жатыр. Айтулы табыстарға да қол жеткіздік, бірақ бұл жұмысты жалғастыру керек.

Қолданыстағы табиғатты пайдалануды басқару механизмінің еі әлсіз звеносы табиғат қорын тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға кәсіпорындардың эконмикалық қызығушылығының жеткіліксіздігі болып табылады.Кәсіпорындардың жұмыс істеу тәжірибесі көрсететінде, қазіргі кезде табиғат қорларын тиімсіз пайдаланудан болатын зиян олардың шаруашылық қызметінің нәтижесіне маңызды әсер ете алмай отыр. Осындай жағдай табиғат қорларын тиімді пайдаланатын және экологиялық нормативтерді сақтайтын кәсіпорындар ұжымын марапаттауда да болып тұрады.

Табиғат қорғау және энергия сақтау қызметін ынталандыру шаралары жүйесінде табиғат қорын тиімді пайдалануды, қорғауды және қайта өндіруді қамтамасыз етуде кәсіпорын еңбек ұжымының материалдық қызығушылығын тікелей жоғарылатуға шарт жасайтын, өндіріске эконмикалық механизм әсерін жасау мен мақсатты пайдаланудың маңызы аса зор. Бұл механизм негізіне басқарудың экономикалық әдістері салынған, оның мағынасы қызығушылықты және қызығушылық арқылы басқаруға негізделген. Басқарудың экономикалық әдістерін пайдалану кезінде еңбек ұжымдарына, жекелеген жұмысшыларға, ал олар арқыла өндіріске әсер етумен, табиғатты қорғауды тиімді пайдалануды жеңілдету бойынша қойылған мақсаттарға жетуге жұмысшылардың күшін біріктіруге материалдық қызықтырушылық көмегімен мүмкіндік беретін, экономикалық жағдайды тікелей өзгерту іске асырылады. Эконмикалық әдістерге жоспарлау, шаруашылық есептеу және экономикалық қызықтырушылық кіреді. Бұл әдістер баға белгілеу, қаржыландыру, несиелеу, материалдық жазалау және көтермелеу, ұзақ уақыттық экономикалық нормативтер және т.с.с. кіретін экономикалық рычагтарды пайдалану арқылы өндіріске әсер етеді. Газды өндіру, тасымалдау және өңдеу кез-келген техногендік қызмет сияқты қоршаған ортаға кері әсер етеді.

Экологиялық бағалау (ЭБ) жүйесі, экологиялық саясатты ескерту құралы ретінде, іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде және көптеген халықаралық ұйымдарда мақсатты қызметтерінде пайдаланылады. Экологиялық бағалау, қызметтердің қоршаған ортаға кері салдарларын іске асыру кезінде айқындау мен түзетуге қарағанда, оларды ерте анықтау және болдырмау жеңіл және арзан деген принципке негізделген. Сонымен экологиялық бағалау жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға мүмкін болатын әсерін жан-жақты талдауға және осы талдау нәтижелерін экологиялық зиянды болдырмауға немесе жеңілдетуге пайдалануға жұмылдырылған.Бқл әдіс тұрақты даму концепциясы таралған сайын ерекше актуальды болады, өйткені ол әртүрлі қызметтің мақсаттарын қалыптастыру, жоспарлау және шешім қабылдау кезеңдерінде-ақ эконмикалық факторлармен қатар экологиялық факторларды да ескеруге мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаға межеленген шаруашылық және басқа қызметтердің әсерлерін бағалау – бұл межеленген шаруашылық қызметтің мүмкін болатын жағымсыз әсерлерін анықтауды, экологиялық салдарларын бағалауды, зиянды әсерлерін азайту немесе болдырмауды іске асыру жөніндегі экологиялық бағытталған басқару шешімдерін қабылдауға ықпал ететін процесс.

Адамзат даму барысында барлық жаңа қорларды (атом және геотермальдық энергияларды, күн энергиясын, тасу және қайту гидроэнергияларын, жел және басқа дәстүрлі емес бастаулар энергияларын) пайдаланады. Бірақ, барлық экономика салаларын энергиямен қамтамасыз етуде басты рольде отын энергиясы ойнайды. Бұны отын-энергия балансының «кіріс бөлігі» айқын көрсетеді. Әлем шаруашылығының көптеген салаларын электр энергиясымен, бес миллиардтан асатын Жер тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету басты проблемаға айналды. Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) елдің бүкіл өндірісімен тығыз байланысқан.

ОЭК отынды өндіру мен өңдеудің (өндірістің отын саласын), электр энергиясын өндірудің, энергияны тасымалдау мен таратудың барлық процестерін қамтиды, машишажасау және металлургия өнімдерін пайдаланады. ОЭК-тің аймақтық дамуға әсері зор. Онымен жұмыссыздық және инфляция сияқты бүкіл Қазақстан азаматтарының әл-ауқатына әсер ететін проблемалар тікелей байланысқан.

Елдің отын өндірісіндегі ең маңызды салалары мына үшеуі: мұнай, газ және көмір, олардың ішінде мұнай ерекшеленеді. Мұнай өндірісі – ОЭК-тің құрамды бөлігі. Цивилизация мен технологияның қазіргі деңгейін мұнайдан алынатын арзан және көл-көсір энергиясыз елестету мүмкін емес. Мұнай сонымен қатар мұнай химиясы өндірісі, пластмасса, синтетикалық талшықтар және басқа көптеген органикалық құрылымдар жасауға шикізат болып табылады.

Мұнай өндірісі мұнай және мұнай-газ кенорындарын барлау, ұңғыманы бұрғылау, мұнай мен ілеспе газдарды өндіру, мұнайдың су тасымалдау көлігі кіретін ауыр индустрия саласы.

Мұнайбарлаудың мақсаты - өндірістік кендерді анықтау, геолого-экономикалық бағалау жұмысқа дайындау. Мұнайбарлау геологиялық, геофизикалық, геохимиялық және бұрғылау жұмыстары көмегімен жүргізіледі. Геологиялық барлау жұмыстары процесі екі кезеңнен тұрады: іздеу және барлау. Біріншісі үш кезеңнен тұрады: аймақтық геолого-геофизикалық жұмыстар, терең бұрғылау іздеуіне алаң дайындау және кен орынын іздеу. Екіншісі кен орынын пайдалануға дайындаумен аяқталады.

Кен орыны зертелу дәрежесі бойынша төрт топқа бөлінеді:

- А – толық жете барланған кенорны;

- В – алдан-ала барланған кенорны;

- С1 – нашар барланған кенорны;

- С2 – кенорны шекарасы анықталмаған.

А, В, С1 санаттары өндірістік қорға жатады.

Шикі мұнай жүздеген компоненттер кіретін, химиялық заттар қоспасы болып табылады. Химиялық құрамының күрделілігі мұнайдың пайда болуы жөніндегі біздің түсінігімізбен сәйкес келеді. Мұнайдың өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының органикалық қалдықтарына қзаұ уақыт жылулық, бактериологиялық және химиялық әсер ету нәтижесінде пайда болғаны дәлелденген. Сондықтан, мұнай ең кем дегенде, жартылай болса да ол пайда болған материалдардың күрделі химиялық табиғатына ие деп ойлауға болады. Мұнай құрамынығ 75% астамын көмірсутектер құрайды. Бұлардан басқа мұнайда ірі шамада күкірт, азот және оттегі болады: күкірт 4%-ға, азот 1% -ға дейін және оттегі одан сәл аз. Бұл қоспа заттар әдетте көмірсутек молекуласы құрамына кіреді.

Әртүрлі географиялық аудандарда өндірілген мұнайлардың негізгі ерекшеліктері химиялық құрамдарында емес, ал жекелеген компоненттерінің шамасында, соңғысы шикі мұнайдың химиялық және физикалық қасиеттеріне әсер етеді. Кейбір мұнай өнімдері түссіз, сондай-ақ кейбіреулері қара, кәріптас (янтарь), қоңыр және жасыл түсті болады. Кейбір мұнай өнімдерінің иісі эфир, скипидар және камфор иісіндей жағымды. Кейбірлерінде күкірт қатысуынан жағымсыз иістер шығады. Әртүрлі көмірсутектердің биологиялық және химиялық қасиеттері маңызды ерекшеленеді, сондықтан қоршаған ортаға компоненттер әсерлерін бағалауда белгіленген мұнай өнімдерінің құрамын білу қажет.

Әдебиет 2 нег. [14-24].

Бақылау сұрақтары:

1. Отын-энергетикалық кешен дегеніміз не?

2. Мұнай өндірісінің құрамына нелер кіреді?

3. Зерттелу дәрежесі бойынша кенорны қандай топтарға бөлінеді?

4. Шикі мұнай деген не және құрамы қандай?