ДЕРМАТОЛОГИЯДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КОМПЕТЕНЦИЯСЫ

ПСОРИАЗ

! 1 Қабыршақты темiреткiге тән бөртпенi атаңыз:

* түйіншек

* жарылу

* төмпешiк

* көпіршік

* күлдiреуiк

! 2 Псориаздық бөртпелердiң ең жиi орналасатын жерiн атаңыз:

* бет

* аяқ-қолдың алдынғы бетi

* аяқ-қолдың жазылма бетi

* шырышты қабық

* табан

! 3 Дәрігерге 25 жасар науқас 1 апта бұрын бастың шашты бөлігінде аяқ-қолдың сыртқы бетінде және денесінде пайда болған ұсақ ашық қызыл түсті ақ күміс түсті қабыршықтардан жабылған бөртпелерге шағымданды, ауырғанына 3 жыл. Рецидив қыста. Сіздің диагнозыңыз:

* қызыл жазық теміреткі

* псориаз

* Жибердің қызғылт теміреткісі

* атопиялық дерматит

* екіншілік мерез

! 4 Дәрігерге 25 жасар науқас 1 апта бұрын бастың шашты бөлігінде аяқ-қолдың сыртқы бетінде және денесінде пайда болған ұсақ ашық қызыл түсті ақ күміс түсті қабыршықтардан жабылған бөртпелерге шағымданды, ауырғанына 3 жыл. Рецидив қыста. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдістерді жүргізу керек:

* псориаздық үштік белгісі

* Никольский белгісі

* Бальзер сынамасы белгісі

* Ядоссон сынамасы

* Бенье-Мешерский белгісі

! 5 Қабыршақты темiреткiге тән бөртпенi атаңыз:

* төмпешік

* көпіршік

* түйiншек

* түйін

* күлдіреуік

! 6 50 жасар науқас 10 жылдан берi созылмалы терi ауруымен аурады. Жылда күзде-қыста ауру қайта қозып отырады. Қарағанда аяқ-қолының жазылма бетiнде,әсiресе шынтағы мен тiзесiнде,қывзғылт түстi,дөңгелек ,бетiнде күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер мен табақшалар орналасқан.Түйiншектердiң көлемi 0,2-см-ден 1,5-2,0 см аралығында. Бөртпелердi тырнағанда үш белгi-стеарин дағы, терминалдық қабықша, нүкте тәрiздi қан( қан шығы) ағу байқалады. Сiздiң диагнозыңыз:

* қызыл жазық темiреткi

* Жибердiң қызғылт темiреткiсi

* дискоидтық қызыл жегi

* псориаз

* диффуздық нейродермит

! 7 Науқас адамның терiсiнде көптеген қызғылт түстi, тарының дәнiнен тиынның көлемiндей, күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер пайда болған. Сiздiң диагноз туралы пiкiрiңiз:

* қызыл жазық темiреткi

* псориаз

* кебектi темiреткi

* мерез

* диффуздық нейродермит

! 8 Аяқ-қолдың жазылма бетiнде ашық қызыл,көлемi 2-3 мм, күмiс қабыршақты түйiншектер шыққан.Қабыршақтар оңай түседi. Стеарин дағы,терминалдық қабықша, қан шығы белгiлерi бар.Диагнозы қандай ?

* шектеулi нейродермит

* қызғылт темiреткi

* псориаз

* қызыл жазық темiреткi

* Дюринг дерматозы.

! 9 Псориаздық бөртпелердiң жиi орналасатын жерiн атаңыз:

* аяқ-қолдың бүгiлме бетi

* бетте

* шынтақ пен тiзеде

* табанда

* ірі қатпарларда

! 10 32 жасар науқастың аяқ-қолының,басының,кеудесiнiң терiсiне көптеген iрi сiңбелi,қызыл-көкшiл түстi.шеттерi ирек-ирек, сау терiден анық шектелген,бетi қабыршақты табақшалар шыққан.Зақым ошақтары аздап қышиды.Ауру көбiнесе қыста қозады.Диагнозын анықтау үшiн қосымша қандай зерттеу жасау керек

* серологиялық зерттеу

* зақым ошағына май жағып қарау (Уикхем торын көру үшiн)

* белгiлер үштiгiн анықтау (стеарин дағы,терминалдық қабықшы, қан шығы)

* зақым ошағынан алынған материалды микроскоппен қарау

* гистологиялық зерттеу

! 11 Псориаздың үдемелі сатысына тән белгіні көрсет:

* елек белгiсi

* псориаздық үштiк

* ысқы белгісі

* қабықша-қабыршақ

* Кебнер белгісі

! 12 Псориаздың мүгедектікке әкелетін түріне тән клиникалық белгіні көрсет:

* қарапайым

* жалқықты

* интертригинозды

* артропатиялық

* фолликулярлы

! 13 Псориаздың тұрақты сатысына тән белгіні көрсет:

* Кебнер белгісі

* Никольский белгісі

* қабыршығы бар табақша

* жаңа түйіншектердің шығуы

* қышу

! 14 42 жастағы адам 10 жылдан берi терi ауруымен ауырады. Бөртпелер шынтағында, тiзесiнде, басында, ал қыста бөртпелер кеудесiнiң, аяқ-қолының терiсiне жайылып кетедi. Басында,кеудесiнде, аяқ-қолында өте көп түйiншектер мен табақшалар орналасқан. Түсi ашық қызыл, анық шектеулi,бетiнде күмiстей қабыршақтары бар. Аздап қышиды. Сiздiң болжамды диагнозыңыз:

* қызыл жазық темiреткі

* псориаз

* себореялық экзема

* нейродермит

* аллергиялық дерматит

! 15 45 жастағы адам терiсiне бөр тпелердiң шыққанына шағымданады.

Аяқ-қолының жазылма бетiнде, кеудесiнде милиарлық, лентикулярлық,ашық қызғылт түстi,шетiне қарай өсуге бейiм, Кебнердiң изоморфтық реакцияс ымен,үштiк белгiсiмен түйiншектер шыққан.5жыл болған ауырғанына,ауруы көбiнесе қыста қозады. Сiздiң болжамды диагнозыңыз

* жайылмалы псориаз,тұрақты сатысы, қыстық түрi

* қызыл жазық темiреткiрiң үдемелi сатысы

* псориазға ұқсас мерездiк түйiншектер

* диффуздық нейродермит

* жайылмалы псориаз,үдемелi сатысы, қыстық түрi

! 16 Псориаздың жергiлiктi емiне қолданылады:

* эритромицин майы

* салицил майы

* низорал майы

*33 % күкiрт майы

* цинк пастасы

! 17 Псориаздағы стеарин дағы белгiсi байланысты:

* паракератозбен

* гиперкератозбен

* акантозбен

* папилломатозбен

* вегетациямен

! 18 Псориаздық үштiк белгiсiне не жатады:

* стеарин дағы

* Бенье белгісі

* ысқы белгiсi

* фолликулярлы гипенкератоз

* «әйел өкшесі» белгісі

!19 Псориаздың жиі кездесетіе клиникалық түрі:

* кәдiмгi

* атрофиялық

* iрiңдi

* артропатиялық

* вегетациялық

! 20 Псориазға тән гистологиялық белгісі:

* паракератоз

* гранулематоз

* спонгиоз

* вакуольдық дегенерация

* баллондық дегенерация

! 21 Псориазға тән дермадағы өзгерiс:

* жасушалық сiңбе

* папилломатоз

* тамырлардың тарылуы

* гранулема

* сему

! 22 Кәдiмгi псориаздың клиникалық түрiне жатпайтынан атаңыз:

* тамшы тәрiздi

* табақшалық

* жалқықтық

* эритродермиялық

* атрофиялық

! 23 Псориазық үштiк белгiсiне жатады:

* тамшалы қан шығу

* тас көше

* алма қойырпағы

* Уикхем торы

* әйел өкшесі

! 24 Псориаздың даму сатылары:

* созылмалы

* үдемелi

* жедел

* аралас

* анықталмаған

ТЕРІ ТУБЕРКУЛЕЗ

! 25 Микобактерианың тіршілікке қабілеттілігі таза дақылда қай кездерде сақталмайды:

* өте төмен температурада

* 1-5 минут 80 С-ға дейін қыздырғанда

* 5 минут қайнатқанда

* 30 минут тікелей күн сәулесінің әсерінен

* 60 минут қайнатқанда

! 26 Тері туберкулездің қай түрімен жиі ерлер ауырады:

* тығыздалған Базен эритемасы

* скрофулодерма

* сүйел тәрізді туберкулез

* жедел миллиарлы туберкулез

* барлық түрі

! 27 Тері туберкулездің қай түрімен жиі әйелдер ауырады:

* тығыздалған Базен эритемасы

* скрофулодерма

* сүйел тәрізді туберкулез

* жедел миллиарлы туберкулез

* барлық түрі

! 28 Туберкулездік жегіге тән белгілерді ата:

* Поспелов белгісі

* Кебнер белгісі

* Пинкус белгісі

* Асбо-Хансен белгісі

* әйел өкшесі белгісі

! 29 Колликвативті туберкулезде түйіндер:

* тығыз

* жұмсақ

* эластикалық

* қамыр тәрізді

* қатты

! 30 Колликвативті туберкулездің жиі орналасатын жері:

* жақ асты лимфа түйіні

* қолтық асты лимфа түйіні

* шаптың лимфа түйіні

* тізе асты лимфа түйіні

* пубертаттық лимфа түйіндері

! 31 Туберкулездік жегіне тән басталу:

* ерте бала жаста

* боз бала

* орта жаста

* қартайғанда

* жас өспірімдерде

! 32 Жара колликвативті туберкулезде:

* жегі тығыз қайырылған

* жиегі иректелген

* түбі қызыл, жылтыр, таза

* түбі сарғыш түсті, грануляциямен жабылған

* белдеу тәрізді жиегі бар жара

! 33 Келесі клиникалық белгісі болғанда қай дерматоз туралы ойлауға болады: зақымдалу ошағы мұрында орналасқан, шектеулі, көпшіл-қызыл сарғыш түстес, көлемі түйреуіш басындай, беті тегіс, консистенциясы жұмсақ қамыр тәрізі бөртпе түрінде байқалады. Зондпен тексергенде, жеңіл тіннің терңіне түсіп кетеді. Сіздің диагнозыңыз:

* үшіншілік мерез

* лейшманиоз

* қызыл жегі

* туберкулездік жегі

* розацеа

! 34 Туберкулездік жегіде кездесетін белгілерді ата

* Никольский белгісі

* терминалды қабық белгісі

* ысқы белгісі

* алма қойыртпағы белгісі

* Кебнер белгісі

! 35 Туберкулездік жегіне тән морфологиялық бөртпелер:

* түйіншек

* төмпешік

* вегетация

* эрозия

* көпіршік

! 36 Науқастың оң жақ бетінде көлемі ұсақ бұршақтай, сарғыш-қызыл түсті, бір-бірімен қосылған, консистенциясы жұмсақ төмпешіктер бар. Диаскопия арқылы "алма қойыртпағы" белгісі анықталды. Бұрынғы бөртплердің орнында жұқа, тегіс, ұсақ қабырға жиналатын тыртықтар (мыжылған темекі қағазы белгісі). Диагнозды қойыңыз:

* төмпешікті сифилид

* лейшманиоз

* лепра

* туберкулездік жегі

* дискоидттық қызыл жегі

ЖАЛПЫ ДЕРМАТОЛОГИЯ

! 37 Қандай қабат эпидермиске жатпайды:

* тікінекті

* дәнді

* жылтыр

* мүйізді

* торлы

! 38 Гиперкератоз – бүл қандай қабаттың қалындауы:

* базальды

* тікінекті

* дәнді

* мүйізді

* торлы

! 39 Папуланың пайда болуы механизмі:

* инфекциялық гранулема

* акантоз

* спогиоз

* баллондық дегенерация

* акантолиз

! 40 Бірінші дәрежелі бөртпелерге жатпайды:

* дақ

* эрозия

* түйін

* төмпешік

* күлдіреуік

! 41 Эпидермистін қай қабатта ДНҚ мен РНҚ-ның ең көп саны:

* мүйізді

* жылтыр

* базальды

* тікінекті

* дәнді

! 42 Гранулема қандай бірінші дәрежелі бөртпеге тән:

* төмпешік

* күлдіреуік

* түйіншек

* дақ

* көпіршік

 

КОЛЛАГЕНОЗДАР

! 43 Клиникаға (қабылдауға) бетіндегі және мойнындағы қызыл дақтарға шағымданып 40 жастағы қойшы қаралды. Анамнезінде өкпенің қабынуы, гастрит ауруы. Жанұясында мұндай аурумен ешкім ауырмаған. Өзін былтырдың көктемінен бері аурумын деп санайды. Қарап тексергенде: маңдайында, құлақ жарғағында және мойнында қою қызыл түсті, дөңгелектенген, диаметрі 3см-ге жуық эритематозды ошақтар орналасқан. Олардың беті алғанда - қатты ауыратын, тығыз орналасқан қабыршақтармен жабылған. Дақтардың ортасында айқын тыртықты атрофия көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:

* қызыл жегі

* қызғылт безеулер

* склеродермия

* қарапайым безеулер

* себориялық экзема

! 44 Шектелген склеродермияның клиникалық сатыларын атаңыз:

* лихенизация

* тыртықты атрофия

* жаралану

* вегетация

* гипотрофиялы

! 45 Ошақтың склеродермияның негізгі клиникалық түрлерін көрсет:

* типті, атипті, атрофиялық

* эрозивті, жаралы, атрофиясыз

* табақшалы, сызықты, тамшы тәрізді

* центробежді, дискоидты, терең

* индуративті, атрофиялық, жалқықты

! 46 19 жастағы науқас 2 жылдан бері тері ауруымен ауырған. Ауруы созылмалы, көктемде, жазда қозып кетеді. Текесрегенде: мойынның бүйір жағында 3 ошақ анықталды, көлемі 1-5 см, дөңгелек және пішіні дұрыс емес. Ошата эритема, қабыршықтар, ортасында-атрофия. Ошақтың шеті және одан да азда шеткерірек телеангиэктазия. Сіздің диагнозыңыз:

* қызғылт безеу

* қабыршықты теміреткі

* дискоидты қызыл жегі

* аллергиялық дерматит

* туберкуллездік жегі

! 47 Дискоидты қызыл жегіге тән алғашқы белгі:

* түйіншікті инфильтрация

* вегетация

* сулану

* эритема

* фолликулярлы іріңдік

! 48 Қызыл жегіде Бенье-Мещерский белгісін тудыратын патогистологиялық өзгеріс:

* акантолизис

* фолликулярлы гиперкератоз

* грануллез

* акантоз

* паракератоз

! 49 Диффузды склеродермияның ең алғашқы белгісі болып табылады:

* бұлшық еттегі ауру сезімі

* буындардың ауруы

* терінің ісінуі

* Рейно феномені

* дорба тәрізді ауыз

! 50 Жүйелі склеродермия кезінде ішкі мүшелердің қайсысы жиі зақымданады:

* буындар

* өкпе

* өңеш

* бауыр

* көк бауыр

 

ДЕРМАТОЛОГИЯДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КОМПЕТЕНЦИЯСЫ

! 51 Әскер қатарынан босатуға рұқсат беретін дерматозды ата:

* псориаз

* ұшық

* экзема

* қотыр

* аллергиялық дерматит

! 52 Әскер қатарынан босатуға рұқсат беретін дерматозды ата:

* іріңдіктер

* микоздар

* экзема

* қызыл жегі

* қызыл жазық теміреткі

! 53 Әскер қатарынан босатуға рұқсат беретін дерматозды ата:

* Жибердің қызғылт теміреткісі

* токсидермия

* склеродермия

* түйінді эритема

* Пазини-Перинидің идиопатиялық атрофиясы

! 54 Псориаздың қай клиникалық түрімен ауыратын науқас мүгедектік алады:

* қарапайым псориаз

* алақан-табан псориазы

* тамшы тәрізді псориаз

* жалқақты псориаз

* артропатиялық псориаз

! 55 Қай дерматозбен ауыратын науқас мүгедектік алады:

* жүйелі қызыл жегі

* аллергиялық дерматит

* сызықты склеродермия

* дискойдты қызыл жегі

* қарапайым псориаз

! 56 Міндетті түрде тегін ем алатын дерматозды ата:

* псориаз

* экзема

* тері туберкулезі

* соз

* склеродермия

! 57 Қай дерматозбен ауыратын науқас жұмыс жағыдайын өзгертуге құқылы:

* псориаз

* атопиялық дерматит

* экзема

* тері туберкулезі

* қызыл жегі

! 58 Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас ауруханада емделуі тиіс:

* дерматологиялық бөлім

* ревмотологиялық бөлім

* жалпы хирургия бөлімі

* жалпы терапия бөлімі

* неврология бөлімі

! 59 Қандай дерматозбен ауыратын науқас дерматология диспансерінде есепке алады:

* аллергиялық дерматит

* іріңді аурулар

* псориаз

* вирусты дерматоздар

* қызыл жазық теміреткі

! 60 Жедел хабарлама СЭС-ке келтірілген аурулардың біреуінен басқасына жіберіледі:

* қотыр

* қызыл жегі

* микоздар

* тері туберкулезі

* биттеу