Жұмыстың орындалу тәртібі

Тапсырма 2. Электр тізбегінің (R және С) резистор және сыйымдылық элементтерінің жалғануында ток пен кернеудің өзгеруін зерттеу.

Берілген вариант тапсырмасына сәйкес (кесте-1) байланысты 5-ші суретте көрсетілген электрлік тізбекті жинаңыздар. Бірполярлы турабұрышты импульстарға реттелген арнайы формадағы кернеу көзіне қосыңыздар.

 

рис.5

1. Элементтердегі uС(t), uR(t) кернеулерін және кіріс кернеуі u(t) мен ток i(t) өзгерулерін бақылау үшін виртуалды V1, A1, V0 және виртуалды осциллограф аспаптарын қосыңыздар. Ол үшін осциллограф кірістерін V1, A1, V0 аспаптарына қосыңыздар, ал қалғандарын ажыратыңыздар. Қорек көзінің параметрлерін: амплитуда және турабұрышты импульстар жиілігін 1-ші кесте бойынша қойыңыздар

2. Осциллограф экранында u(t), i(t), uС(t) өзгерулерін көресіздер. Осы өзгерулерді қағазға түсіріңіздер және масштабын анықтап, көрсетіңіздер.

3. Вольтметр V0 аспабын R кедергісіне қосыңыз. Осциллограф кірістерін V1, A1, V0 аспаптарына қосыңыздар, ал қалғандарын ажыратыңыздар. u(t), i(t), uR(t) өзгерулерін сызыңыздар және әр өзгерудің масштабын көрсетіңіздер.

4. Кедергі шамасын өзгерте (үш рет) отырып, осциллограммадан i(t), uС(t), uR(t) өзгерулерін сызыңыздар. Ток және кернеу өзгерулерінің масштабтарын көрсетіңіздер.

5. Өтпелі удерісінің ұзақтығын және τ уақыт тұрақтысын өлшеңіздер.

6. Алынған осциллограммадан, тізбектегі резистор кедергісінің өзгеруі өтпелі үдерісінің ұзақтығына қалай әсер ететінін талдау. График бойынша түсіндіріңіз.

7. Эксперимент жасауды екіполярлы турабұрышты импульс кернеуімен қайта жасап көрсетіңіздер.

 

Нәтижелерді талдау:

1. R, L тізбегінің графигінен уақыт тұрақтысын анықтау. Ток және элементтердегі кернеудің бір уақыт тұрақтысымен өзгеретінін дәлелдеу.

2. Уақыт тұрақтысын есептеу және экспериментті шамамен салыстыру.

3. R, L тізбегіне сипаттамалық теңдеу құру, оның сипаттамалық түбірін р және уақыт тұрақтысын τ анықтау. p=-R/L, τ=L/R немесе τ=1/׀p׀

4. R, L тізбегінің ток және кернеуін есептеу.

5. R, С тізбегінің графигінен уақыт тұрақтысын анықтау. Ток және элементтердегі кернеудің бір уақыт тұрақтысымен өзгеретінін дәлелдеу.

, τ=1/׀p׀

6. Уақыт тұрақтысын есептеу және экспериментті шамамен салыстыру.

7. R, L тізбегіне сипаттамалық теңдеу құру, оның сипаттамалық түбірін р және уақыт тұрақтысын τ анықтау.

8. R, L тізбегінің өтпелі үдерісінің ток және кернеуін есептеу.

9. Нәтижелерді талдау және қорытынды жасау.

 

Қайталау сұрақтары:

1. Коммутацияны қалай түсінесіз?

2. Коммутацияның 1-ші және 2-ші заңдарын түсіндіріңіз?

3. Еріксіз және еркін токтар мен кернеулер дегенді қалай түсінесіз?

4. R,L тізбек үшін сипаттамалық теңдеу құрылады?

5. Индуктивті элементтегі кернеу мен токтың өзгеру заңы қандай?

6. R,C тізбек үшін сипаттамалық теңдеуді қалай құрастырамыз? Сипаттамалық теңдеудің түбір саны неге тең?

7. R,C тізбектегі ток пен кернеулердің өзгеру заңдылықтары қандай? Еріксіз токтың түріне не әсер етеді?

8. R,C тізбектің уақыт тұрақтысы қалай анықталады?

9. Тізбектің уақыт тұрақтысына және өшу коэффициентіне анықтама беріңіз?