Кабельдердің конструктивті орындалуы

А) Кабель — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған откізгіш немесе өткізгіштер тобы. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. Кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады. Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен (1-суретте) қапталады. кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады. Пластмасса оқшауламасы бар кабельдердің қаптамасы әр түрлі поливинилхлоридтерден, ал резина оқшауламасы бар кабельде – резинадан жасалады. Қаптаманы мех. зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен (бронмен) орайды. Бронды қабат ретінде қалыңд. 0,3 – 0,8 мм болат лента пайдаланылады. Кабель керу күшінің әсеріне шыдау үшін сыртына диам. 1,4 – 6 мм мырышталған болат сым оралады. Жоғары кернеулі күш кабелі тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (2-сурет). Жоғары қысымды Кабельдің оқшауланған тармақтары 15 – 20 ат. қысымдағы маймен толтырылған болат құбырға орналастырылады. Қазақстанда кабель өнімдерін жасаумен “Қазэнергокабель” акционерлік қоғамы шұғылданады (1999). Оның өндірістік қуаты жылына АВВГ, ВВГ күштік кабельін өндіру – 850 км; АКВВГ, КВВГ балқымалық кабельін өндіру – 600 км; АПВ, АППВ қондырғылау кабельін өндіру – 2800 км; А, АС жалаңаш сым өндіру – 500 тн; МФ, МТ-2 троллей сымын өндіру – 200 тн.

Б) Кабель желілері әуе сым желілеріне қарағанда күрделі жолмен жасалады, түсті металдары көп болады, сонымен катар олар жөндеу жұмыстарына көп уақыт бөлуді және квалификациясы жоғары жұмыскерлер болуын талап етеді. Сондықтан да кабель желілерін әуе желілерін қолдануға болмайтын жағдайларда, мысалы: қалаларда, кәсіпорындар аймағында, ауқымы үлкен су қоймасы арқылы және де (жасырын) көрінбейтін етіп жүргізуді қажет ететін жерлерде қолданады. Кабель желілерінің артықшылықтары:

а)атмосфералық әсерлерге ұшырамайтындығы, мысалы: жел, мұз қату,
жай түсу арқылы зақымдау т.б.

б)кабель трассасының бейтаныс адамдарға көрінбей және қол тигізбестей
болып орналасуы;

Кабель желілерінің кемшіліктері:

а) әуе сым желілерімен салыстырғанда кабель тораптарын салу көп уақытты қажет етпейді;

б)кабель торабын жүргізу және монтаждау - бұл күрделі жұмыс,
сондықтан оған квалификациясы жоғары жұмыскерлер қажет;

в)зақымданған жерін аныктауға және оны түзетуге көп уақыт кетеді.
Кез келген кабель желісі тізбектері келесі басты элементтерден тұрады:
а) электр энергиясын таратушы кабель;

б)бір тізбекте орналасқан жекелеген кабельдерді бір-бірімен жалғайтын
жалғаушы муфталар;

в) кабельдің ұштарында орналасатын муфталар (заделки);

г)бекітуші муфталар (стопорные муфты), олар кабель тізбегінің тік
орналасқан учаскесінде кабель майы ағып кетпес үшін қолданылады;

д)май толтырылған кабельдерден құрылған электр тізбегі үшін қажетті
коректендіруші аппараттар және майдың қысымын қадағалап хабар беруші
жүйе;

е)кабель ғимараттары (кабельдік коллекторлар, туннельдер, каналдар,
шахталар, құдықтар, қоректендіруші орындар).

Үш желілі кернеуі 10кв дейінгі кабельдер сыртында қағаз оқшауламасы бар секторлы желілерден тұрады. Қағаз оқшауламаға қою, арнайы сұйық сіңдіріледі, ал кабельдің сыртқы бөлігі қорғасын немесе алюминий қабықшамен (оболочкамен) қапталады. Әрбір мыстан немесе алюминийден жасалынған сектор формалы желілерге бірнеше қабат етіп оқшаулама орайды. Оқшаулама ретінде арнайы сұйық сіндірілген кабельдік кағаздан жасалынған ленталар қолданылады. Осылай оқшауламаланған желілерді бір-бірімен орайды, ал желілер арасындағы бос кеңістікті сульфат қағазынан жасаған жгуттармен (арқаншалармен) толтырады. Сонан соң желілердің сыртына жалпы белдеулік оқшаулама орайды.

Желілер арасында орналасқан арқанша (жгут) кабель сұйығының оның
ұзындығы бойымен қозғалуына кедергі жасайды, осыған байланысты
кабельдің қызмет ету мерзімін ұзартады, сонымен қатар кабель
изоляцияның электрлік беріктігін күшейтеді.

Кернеулігі 20-35кВ үш желілі кабельдер жеке корғасындалған
желілерден тұрады (2.5 сурет). Кабельдің желілері - 1 қағаз
оқшауламамен - 2 капталған. Осы экранның арқасында электр өрісі бірқалыпты болып тұрады, ал кабельдің оқшауламасы тиімді пайдаланылады. Қорғасындалған желілердің арасындағы куыстар арнайы сұйық сіндірілген кабельдік өрмемен - 3 толтырылады, үш желілер бір-бірімен өріліп оралады, оларды тұтастырып тұру үшін матадан жасалынған лентамен немесе кабельдік өрмемен - 6 қаптайды және оның сыртынан броня - 7 оралады. Оқшауламаның сыртында қағаз оқшауламамен жасалынған кабықша – 4 орналасқан. Броня коррозияға қарсы сыртқы жағынан ерітілген сағыз сіңдірілген кабельдік өрмемен – 8 қорғалады.

Кернеуі 110 және 220 кВ айнымалы тоқ желілері үшін қолданылатын кабельдер газбен немесе маймен толтырылады. Көбінесе төменгі, орташа және жоғары қысымды май толтырылған кабельдер қолданылады.