Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,доцент Р.К.Сулейменова

Коммуналдық гигиена және еңбек гигиена кафедрасы

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау»модульдік электив пәні бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған билет

Ситуациялық есеп №1

Аурухананың терапиялық бөлімінің 3 төсектік палатасында микроклиматтық жағдайына зерттеу жүргізгенде келесі мәліметтер алынды:

- қабырғаның күн жақ бетіне (сыртқы) орналастырылған термометр көрсеткіші 20,50С тең, қабырғаның қарама – қарсы бетіндегі көрсеткіш 220С тең, ішкі бүйір қабырға 21,5С тең.Барлық зерттеулер еденнен 1м биіктікте жүргізілген. Палатаның әр 1м биіктегенде көлденең температура ауытқуы 10С. Аспирационды психрометрмн өлшенген салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіші 20%. Палатаның ортасында ауа қозғалыс жылдамдығы -0,05м/с.

 

ТАПСЫРМА:

1. Осы жағдайға гигиеналық қорытынды беріңіз.

2. Микроклимат параметрлеріне зерттеу дұрыс жүргізілген бе?

3.Палатаның орташа температурасын бағалау үшін қандай көрсеткіштер аламыз?

 

 

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,доцент Р.К.Сулейменова

 

«Астана медицина университеті»АҚ

Коммуналдық гигиена және еңбек гигиена кафедрасы

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау»модульдік электив пәні бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған билет

Ситуациялық есеп № 2

Елді мекен мектептерінде 1-2 сынып оқушыларына УК-сәулесінің жетіспеушілігінде ЭУВ – 30 шамдарын қолдану арқылы алдын алу шарасын ұйымдастыру . Эритемді шам ағымы ЭУВ – 540 мэр. Әр сыныптың ауданы 52 м² биіктігі 3м. Балалардың ¼ биодоза алатындай эритемді шамдардың санын есептеңіз. (1биодоза алу үшін 5000 мэр сәуле ағымы қажет).

Тапсырма

1.УК-жетіспеушілігінің себебі(табиғи және жасанды)

2. Адамдардың сәулеленуіне қарсы көрсеткіштер. Биодоза түсінігі оны анықтау әдістері.

 

 

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,доцент Р.К.Сулейменова

 

«Астана медицина университеті»АҚ

Коммуналдық гигиена және еңбек гигиена кафедрасы

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау»модульдік электив пәні бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған билет

 

Ситуациялық есеп № 3

Автомобильдің аккумуляторын шығару цехының жұмысшыларына кезекті алдына алу медициналық тексеру жүргізілгенде 2 жұмысшы бастарының қақсап ауруына, тез шаршағыштыққа, бұлшық ет ауруына, қолдарының саусақтарының дірілдеуіне, бұлшық еттерінің тартылуына шағымданған. Анамнезіне қарағанда жұмысшылардың осы цехта жұмыс істегендеріне 10 жылдан асқан. Тексеру жүргізгенде тері жабындылары сұр түсті, шырышты қабаттары сұрланған. Алдынғы тіс жиегісінде шырышты қабаттарының түстерінде өзгерістер байқалға, түсі ақшылданған. Қол саусақтарының треморы байқалған. Қол бұлшық еттерін пальпациялағанда нерв жолдарында ауырсыну байқалған.

 

ТАПСЫРМА:

1. Қандай кәсіптік ауру деп ойлайсыз? Осы жағдайға байланысты мадициналық бөлімде қандай шаралар жүрізілу керек?

2. Улы заттардың адам ағзасына ену жолдарын айтыңыз.

3. Өнеркәсіпте қандай улы заттар ісерінен осындай жағдайлар тіркеледі.

 

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,доцент Р.К.Сулейменова

 

«Астана медицина университеті»АҚ

Коммуналдық гигиена және еңбек гигиена кафедрасы

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау»модульдік электив пәні бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған билет

Ситуациялық есеп №4

Балабақшада түскі асқа тамаққа қосымша ретінде қуырылған баклажан икрасы берілген(Краснодарлық жергілікті консерві заводында дайындалған). 7 сағаттан кейін 2 балада жүрек айну, құсу, іш ауруы, әлсіздік, жұтынудың қиындауы, көз қарашықтарының үлкейуі байқалған. Кейіннен қабақтарының түсуі, даусының қарлығуы, әлсіз дауыс симптомдары пайда болған. Дене температуралары қалыпта бірақ тахикардия байқалған. Балалар неврапотолог қабылдауында болып полиомелиттін бульбарды түрі және дифтериялық полиневрит диагнозымен неврологиялық бөлімге госпитализацияланған. Жүргізілген емдерге қарамастан екі балада қайтыс болды. 12-48 сағаттан кейн 5 балада осындай симптомдар пайда болғаннан кейн дәрігерлік комиссия құрылды, комиссия құрамына инфекционист, невропотолог, педиатр дәрігер кірді. Комиссия шешімімен тағамдық уланудың микробты түрі диагнозы қойылды. Барлық науқастанған балалар түскі асқа бир консерві банкіден алынған баклажан икрасын қабылдаған. Қойылған диагноздан кейн соңғы бес баланы құтқарылды.

ТАПСЫРМА

1. Берілген анамнездер мен клиниканы пайдаланып тағамдық улану жағдайына талдау жасаңыз.

2. Диагнозды түсіндіріңіз және толық анықтау үшін тағы қандай зертханалық зерттеулер жүргізу керек.

3.Осындай этиологиялық уланулардың нақты алдын алу шаралары мен біріншілік көмегін атаңыз.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,доцент Р.К.Сулейменова

«Астана медицина университеті»АҚ