Тергеу эксперименті кезінде тексерілуі мүмкін

бiр фактiлердi қабылдау, жекелеген әрекеттердiң жасалу ықтималдылығы;

жекелеген әрекеттердiң жасалу мүмкіндігі;бiр оқиғаның болу ықтималдығы тексерiлуi;

болған оқиғаның ретi және iздердiң пайда болу тетiгi анықталуы үшін;

121.Сараптаманы тағайындау міндетті, егер іс бойынша ... анықтау қажет болса:

iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе олар күмән туғызғанда күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;

122. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар

сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға;

123. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде тиым салынады:

олардан мәліметтер алу мақсатында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде, алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға;

124. Сараптама объектілері болып:

Заттай дәлелдер, құжаттар;

адамның денесi мен психикалық ахуалы, мәйiттер;

жануарлар, сараптамалық үлгiлер, сондай-ақ қылмыстық iс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын мәлiметтер;

125. Қандай жағдайда қылмыстық процессті жүргізіп отырған орган сарапшыдан жауап алуға құқылы?

Егер сарапшының қорытындысы жеткiлiктi түрде айқын болмаса;

қосымша зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiндей олқылықтары болса;

сарапшы қолданған әдiстер мен терминдердi нақтылау қажет болса;

126. Үлгі ретінде алынуы мүмкін:

қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененiң сыртқы бетiнiң микроскопиялық қорытындылары, сiлекей, тер және басқа бөлiнiп шығатындар;

терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы;

қолжазба мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар;

127. Алдын ала тергеудi тоқтата тұрып,тергеуші кімге бұл жайлы жазбаша хабарлауға міндетті?

жәбiрленушiге немесе оның өкiлiне;

азаматтық талапкерге немесе оның өкіліне;

азаматтық жауапкерге немесе оның өкiліне;

128. Iстi қысқарту туралы және қысқарту негiздерi туралы тергеуші жазбаша кімдерге хабарлауға міндетті?

сезіктіге, айыпталушыға және олардың өкілдеріне;

Жәбiрленушiге немесе оның өкiлiне;

азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олрдың екілдеріне;

129. Айыпталушы мен қорғаушы iс материалдарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше томнан тұратын болса, қандай құқықтарға ие болады?

олардың кез келгенiн қайта қарауға;

кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға;

құжаттардың көшiрмесiн түсiрiп алуға, соның iшiнде техникалық құралдардың көмегiмен түсiрiп алуға;

130. айыптау қорытындысының сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде көрсетіледі....

айыптаудың мәнiсi;

қылмыс жасалған орын мен уақыт, оның әдiстерi, себептерi, салдары

жәбiрленушi туралы мәлiметтер;

131. Прокурордың айыптау қорытындысымен келiп түскен iс бойынша iс-әрекетi

өзiнiң қаулысымен айыптаудың жекелеген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетiн жеңiлiрек қылмыс туралы заңды қолдана отырып, қайта саралайды;

қылмыстық iстi толық көлемiнде немесе жекелеген айыпталушыларға қатысты тоқтатады;

өзiнiң қарарымен айыптау қорытындысымен келiсетiнiн бiлдiредi және айыпталушыны сотқа бередi;

132. Прокурордың айыптау қорытындысымен келiп түскен iс бойынша iс-әрекетi

қосымша тергеу жүргiзу немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшiн өзiнiң жазбаша нұсқауларымен бiрге iстi тергеушiге қайтарады;

жаңа айыптау қорытындысын жасайды;

қорғау куәларының тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға тиiстi адамдардың тiзiмiн толықтырады немесе қысқартады;

133. Прокурордың iс бойынша бұлтартпау шарасы туралы шешiмi

айыпталушыға бұрын таңдап алынған бұлтартпау шарасының күшін жою;

айыпталушыға бұрын таңдап алынған бұлтартпау шарасын өзгерту;

ондай бұлтартпау шарасы қолданылмаған болса, қамауға алудан немесе үйде қамауда ұстаудан басқа;

134. істің сотқа жіберілгендігі туралы хабарландыруға жатады?

айыпталушы;

жәбірленуші және оның өкілі

азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері;

135. анықтау барысында қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 117-бабына сәйкес қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар

қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi және іске қатысты өзге де мән жайлар;

қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасған тұлға;

қылмыс оқиғасы;

136. қандай жағдайда алдын ала тергеу міндетті болып табылады?

өздерiнiң дене немесе ақыл-ой кемiстiктерiне байланысты өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы;

кәмелетке толмағандар туралы қылмыстық істер

сол әрекеттерді жасады деп күдіктелетін тұлға анықталмаса

137. қылмыстық iстердi тергеу кезiнде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

алдын ала тергеу органдарынан келiп түскен қылмыстық iстi сотқа жiбере отырып, iстi мәнiсi бойынша қарау үшiн айыпталушыны сотқа тапсырады;

анықтау жүргізіліп жатқан қылмыстық істі алдын ала тергеуге жіберу;

анықтау органы басшысымен қабылданған айыптау хаттамасының күшін жойып,қылмыстық іс жүргізу Кодексінде белгіленген негіздер бойынша анықтауды тоқтату;

138. Қылмыстық істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар мән- жайлар:

Сезіктіні көрсету

Сараптама қорытынды

Заттай дәлелдемелер

139. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады

фактілердің заңды түрде алынуы

әрекет немесе әрекетсіздік туралы деректер

кінәлілік немесе кінәсіздік туралы деректер

 

140. Дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер:

оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;

 

іс – жүргізу іс- әрекетіне қарсылық білдіруге жататын адамның қатысу байланысты

дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы арқылы

 

141. Қылмыстық істің құжаттарына кірмесе қандай деректер кінәлаудың негізіне жатпайды:

 

тергеу және сот әрекеттерініңхаттамасы және өзге де құжаттар

сезіктінің, кінәлінің, жәбірленушінің және куәгердің көрсетілуі

маманның сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер

 

142. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән- жайларды анықтаңыз

қылмысқа жасауға әсер еткен мән- жайлар

Орын алған қылмыстың кезектілігі

қылмыстың келтірілген залалының сипаты мен көлемі

143. Қандай мән- жайлар дәлелдеусіз –ақ бекітіледі

зерттеу тәсілінің заманауи ғылымда, техникада, мәдениетте жалпыға ортақ қолданылу тәртібінің дұрыстығы

тұлғаның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі

соттың шешімімен заңдық күшіне енген мән- жайлар

144 Сезіктінің көрсетуі- бұл:

олардың жазбаша немесе ауызша нысандағы жауабы

алдын ала тергеудегі не тану процесіндегі деректердің ақпараты

оған қарсы келтірген күмән тудыратын себерптер

145. Кінәлінің көрсетуі- бұл:

оларға жазбаша немесе ауызша нысандағы хабарлануының ақпараты

алдын ала тергеу немесе процестегі тану кезіндегі ақпарат

оның кінәлігі бойынша көрсету

146. Жәбірленушінің көрсетуі – бұл:

оған хабарланғандығы туралы жазбаша немесе ауызша нысандағы анықтама

алдын ала тергеу немесе процестегі тану кезіндегі ақпарат

күдіктімен, сезіктімен, өзге де жәбірленушілермен, куәгермен өзара қатынасы туралы деректер

147. Қандай мән- жайларда куәгерден сұрау алынады:

кінәлі мен жәбірленушінің жеке басы туралы

кінәлі мен жәбірленушінің өзара қатынасы туралы

өзге куәгерлердің өзара қатынасы туралы

148.Заттай дәлелдемелер –бұл:

қылмыстың қаруы болды дегенге негіз болатын заттар

өзінде қылмыстың іздерін сақтаған заттар

қылмыстың құралдарын атқарған заттар мен құжаттар

149.Дәлелдеменің қасиетіне не жатпайды:

объективтілік;

негізділік

құқық қабілеттілік

150. Құжаттарға кіретіні:

тергеу тексерудің құжаттары

комьпютерлік ақпаратты құрайтын құжаттар

дыбыс- видео жазбалары, кино, фото түсірімдері

151.Дәлеледеу тұрады:

жинақтаудан

зерттеуден

дәлелдерді зерттеуден және оларды бағалау

152. Қандай жолмен қорғауды жүзеге асыру үшін қорғаушы дәлелдемелерді жинайды:

мекемеден анықтама не сипаттама өзге де құжаттарды талап ету

сот сараптамасын өндірісі негізінде келісім иниуиативасы

қылмыстық іске қатысты ақпараттарды иеленген тұлғаның сұрауға келісуі

153.Дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер: